Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған сабақ жоспары: Тотықтыру-тотықсыздану процестері (Химия)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «Алматы сән және дизайн колледжі»

Алматы қаласы білім басқармасы

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Г. Уябаева

20___жыл

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтің сабақ жоспары

ТАҚЫРЫП 8. ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ ПРОЦЕСТЕРІ.

(сабақтың тақырыбы)

Модульдің/пәннің атауы Химия

Құрастырған(дар) :
Умербекова Насихат Черизатовна
Құрастырған(дар) ::
Умербекова Насихат Черизатовна: (Оқытушының тегі және инициалы, қолы)

Пәндік-циклдік комиссия отырысында қаралды және мақұлданды, хаттама № 20 жыл

Төраға

(Тегі және инициалы, қолы)

Г. Кушерова

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Күні:

Курс, тобы:

Сабақ түрі: аралас

2. МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ

2. 1 Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі

  1. -Маңызды тотықтырғыштар мен анықтау
  2. -Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін боламыз
  3. Барлық студенттер:

-Маңызды тотықтырғыштар мен анықтайды

  1. Көпшілік студенттер:

-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін болады

  1. Кейбір студенттер:

-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін ажырата білетін болады

  1. -Жауапкершілікке үйрету, әрбір берілген тапсырманы тиянақты орындауға бағыттау;

3. САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

3. 1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет. М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж. - 224 б. (-192 б. )

М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж. -191 б. (-193 б. )

3. 2 Техникалық жабдықтар, материалдар. Оқулық, дәптер, интерактивті тақта, компьютер, Менделеевтің периодтық кестесі(электрондық түрі) карточкалар, слайдтар .

4. САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Амандасу, студенттерді түгендеу

2. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

3. Студенттерді психологиялық дайындау. Студенттердің көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

2. Білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

3. Кеткен кемшіліктерді жою.

1. Мына қосылыстарды (тақтаға жазу) ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

«Жылы лебіз!»

Шарты: шеңбер болып тұрып, оқушылар сабақ басында бір-бірлеріне деген өздерінің жылы лебіздерін жеткізеді.

1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең

а) CO2 ә) K2O б) HF в) H2O

2. Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?

а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4) 2

3. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта

а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2

4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі

а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс

ә) үнемі теріс в) нольге тең

5. Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?

а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0

-Тотығу дәрежесі +4 ке тең қосылысты біледі

-Тотығу дәрежесі нольге тең элементті біледі

- Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықтайды

-Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесін біледі

Күкірттің төменгі тотығу дәрежесін анықтайды

Жауабы:

1 а, 2ә, 3ә, 4а, 5б

Жаңа сабақ

Қандай заттар тотықтырғыш, ал кандай заттар тотықсыздандырғыш болуы мүмкін ? Бұл заттың құрамына кіретін элементтердің тотығу дәрежелерінің мәніне байланысты. Көптеген күрделі заттардың құрамына кіретін кейбір элементтердің тотығу дәрежесі тұрақты болады. Бұл элементтерге тотығу дәрежелерінің өзгеруі тән емес . Сондықтан заттардың құрамында бұл элементтердің болуы, олардың қасиеттеріне әсерін тигізбейді . Тотығу дәрежелері ауыспалы элементтер электрондарды беру немесе қосып алу процестеріне қатысады . Сондықтан күрделі заттардың қасиеттері олардың құрамында тотығу дәрежесі ауыспалы элементтердің болуына байланысты . Тотығу - тотықсыздану реакцияларында тотығу дәрежелері жоғары атомдар тек қана тотықтырғыш, тотығу дәрежелері төмен болса, тек қана тотықсыздандырғыш, ал тотығу дәрежелері ауыспалы атомдар реакция типіне және оның жүру жағдайына байланысты тотықтырғыш та, тотысыздандырғышта болуы мүмкін.

Тотығу дәрежесі ауыспалы атомдарына салыстырмалы сипаттама(күкірт атомына)

Тотығу дәрежесі жоғары атомдар Тотығу дәрежесі төмен атомдар

a) тотығу дәрежесі төмендейді.

Мысалы

S+6 +2e= S+4

S+6 +6e= S0

S+6 +8e= S+2

ә) электрондарды тек қосып алады, оларды бере алмайды.

б) тотығу процесіне қатысады. a) тотығу дәрежесі жоғарылайды.

Мысалы

S-2 -6e= S+4

S-2 -8e= S+6

ә) электрондарды тек береді, оларды қосып ала алмайды.

б) тотықсыздану процесіне қатысады.

Маңызды тотықтырғыштарға : оттек, озон . галогендер, азот қышкылы, концентрлі күкірт қышқылы, сутек пероксиді және т. б. жатады .

Маңызды тотықсыздандырғыштар : сутек, металдар, көміртек, көміртек ( ІІ ) оксиді және т. б.

Тотығу - тотықсыздану реакцияларының тектотықтырғыштар ( мысалы : HNО3, және Н2 SO4) арасында немесе тек тотықсыздандырғыштар ( H2S және НІ ) арасында жүруі мүмкін емес . Тотығу - тотықсыздану реакцияларының 4 түрі бар .

1. Молекулааралық тотығу - тотықсыздану реакциялары . Реакция барысында әртүрлі бастапқы заттардың құрамына кіретін элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді : Fe2 -3O3 + 3C-2 О = 2Fe0 + 3С +4 О2

2. Молекулаішілік тотығу - тотықсыздану реакциялары . Реакция барысында бастапқы бір заттың құрамындағы әртүрлі элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді : 4Fe2+2 S+6 O4 -2 = 2Fe2+3 O3+ 4S+4O2 + O20

3. Өздігінен тотығу, өздігінен тотықсыздану реакциялары . Бұл процестерде тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш рөлін бір ғана элемент атомы атқарады . Өздігінен тотығу . өздігінен тотықсыздану реакциялары 2 түрге бөлі неді : диспропорциялану және конпропорциялану .

4. Диспропорциялану ( дисмутация ) процесс нәтижесінде бір элементтің тотығу дәрежесі жаңа екі тотығу дәрежесін алады . Пайда болған тотығу дәрежелерінің мәні бастапқыдан үлкен немесе кіші болады . Мысалы : CI20 + H2+О2- = H+CI- О-2 + H +CI -

Конпропорциялану. Бұл процесс барысында бір элементтің әртүрлі тотығу дәрежесіндегі атомдары бір тотығу дәрежесіне де болады. Пайда болған тотығу дәрежесі бастапқы тотығу дәрежелеріне аралық болады. Мысалы: S+4O2 + 2H2S=3S0 +2H2O

Есептер шығару

1. Бром мен күкірт диоксиді арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясының сызбасы берілген: SO2 +Br2+H2 O= H 2SO4 +HBr


Ұқсас жұмыстар
8-сынып химия: Тотығу дәрежесі және тотығу-тотықсыздану реакциялары
Қысқа мерзімді жоспар: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері (Химия, 10 сынып)
Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай: кәсіптік-техникалық білім мен жастардың рөлі
Кәсіптік лицейде Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыруды ұйымдастыру
Құрылысшы мамандығының маңызы мен кәсіптік-техникалық білімнің рөлі
Кәсіптік-техникалық білім беруде орыс тіліндегі дәрісханаларда қазақ тілін салалық бағытта оқытудың тиімділігі (құрылыс мамандығы мысалында)
Тапқыр химиктер ойыны: №21 кәсіптік лицейдегі химия пәнінің дәстүрлі емес сабақ жоспары
Информатиканы оқыту әдістемесі: 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары - сабақ жоспары
Балықтардың кәсіптік маңызы және олардың негізгі кәсіптік топтары (білім тексеру сабағы)
Орта білім беру педагогіне арналған сабақ жоспарының үлгісі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж. №130 бұйрығы, 7-қосымша)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz