Сабақты жабдықтандыру

D:\МОИ ДОКИ\Документы колледжа\АГПК логототип,фото и т.д\2019\Новый лого 2019.png

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
(оқу орнының атауы)

Сабақ жоспары/Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Пәні
Өзін-өзі тану
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Дайындаған оқытушы
М. Төлеубаева
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Өткізілген күні
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Курс, тобы
1 курс, П20-1А, Т20-1А, ИС20-1А, ТЗИ20-1, ИС20-1ВК, ИС20-1ГК топтары
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1. Сабақ типі
Аралас
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1. 1 Сабақтың тақырыбы:
«Адам виртуалды кеңістікте»
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Құндылығы:
Дұрыс әрекет
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Қасиеттері:
Қоғамға риясыз қызмет ету, жауапкершілік
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. Мақсаты, міндеттері

Мақсаты: білім алушыларды шынайы және виртуалды өмірді ажырата білуге үйрету. Міндеттері: Білімділік: студенттердің бойындағы жақсылықтан жамандықты ажырата білу қасиеттерін үйрету;

Дамытушылық: білім алушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: жауапкершілікке тәрбиелеу.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. 1 Оқыту нәтижелері

- Интернеттің адам өміріндегі маңыздылығын анықтайды;

- виртуалды байланыс пен нақты қарым-қатынастың ерекшеліктерін ашады

- байланыстың екі түрін ажыратады

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. 2 Бағалау критерилері

Барлығы: - «Виртуалды әлемді игере отырып - өзіңді жоғалтпа» нұсқаулығын талдайды және бағалайды;

Басым бөлігі: - «Виртуалды кеңістік: адам өміріндегі маңызы немесе зияны» тақырыбына эссе жазады.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 3. Сабақты жабдықтандыру
Аңыз-әңгіме, оқиғалар көрсетілген бейнебаян, дереккөздер: http://oilar. kz
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 3. 1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер

http://oilar. kz

https://www. youtube. com/watch?v=1wra5jdp0zQ

http://school. ozin-ozi-tanu. kz/upload/Book/Book-file-22-0. pdf /44-45/119-124беттер

https://www. twirpx. com/file/2964676/

https://youtu. be/khu009dyEbE

https://youtu. be/4y_ZcnZgqS4

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:
  1. Техникалық жабдықталуы
оқулық, компьютер, үнтаспа
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

4. Сабақтың барысы

(Дәстүрлі өзіміздің сабақ жоспарымыз бойынша)

  • ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ.

https://youtu. be/1h_0F7iGuZs

«БАҚШАДА»

Армысы?, ке? д?ние - прочее, презентации

Көз алдыңызға табиғатты елестетіңіз. Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз. Ал, бастаймыз. (Музыка қосылды) Соқпақ жолмен жүріп келесіз . . . Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз . . . Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді . . . Алма бағы . . . Қып - қызыл алмалар қол созым жерде . . . Сіз үзіп алып жей бастадыңыз . . . Дәмі сондай керемет . . . Жеген сайын жегің келеді . . . Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз . . . Күн кешкірді . . . Қайту керек . . . Бақтан шығып жолға түстіңіз . . . Иығыңызда дорба . . . Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келеді . . . Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз . . . Міне, қалашыққа да жеттіңіз . . . Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты . . . Оларға өзіңіз терген алмаларды үлестіре бастадыңыз . . . Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза . . . Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Онлайн сабақтың жоспары (синхронды/асинхронды оқыту)
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Сабақтың кезеңі мен уақыты
Оқытушының әрекеті
Білім алушының әрекеті
Ресурстар
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1 Кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

Дәйексөз: . . . Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға. Абай

Дәйексөзді дәптерге жазу. Дәйексөздің мәнін ашып мағынасын түсініп алыңыздар.

Білім алушылар өз ойымен бөлісіп, дәптерге жазады.
Оқулық
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2 Кезең. Теориялық-тәжірибелік:
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

Үй тапсырмасын пысықтау.

Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Компьютербасты жарты адамдар

https://youtu. be/4y_ZcnZgqS4

(Рухсыз күш формуласы)

(Үзінді) Мұхтар Шаханов

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,

Қонақтары сұрапты:

- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам

. - Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,

Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.

Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,

Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын

Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,

Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.

Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,

Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,

Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.

Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан

Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?

Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.

. . . Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,

Білім - Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім - күшің, әрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты құдайым-ау,

егер ұры қаншама,

Зор білімін қулығына қару етсе жан сала

Бейқам елге оның тартар азабы да соншама.

Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,

Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,

Қасиетті ата қоныс - өзен-тауын жерсінбей,

Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,

Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,

Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.

Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,

Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?

Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.

Адасқандай тылсым нудан,

Біз олардың кір су құйған

Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,

Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық . . .

Ұлы Ғабит Мүсірепов - қара сөздің кемелі,

Бүткіл қазақ рухының еңкеймес бір беделі,

Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда

Сол соңғы сәт өз күшінің соңғы шамын жаққанда,

Ажырамай сенімінен,

Діріл қаққан ерінінен,

Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған.

Шыншыл тұлға жаны дара,

Нақ мынадай мағынада

Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:

«Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,

Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.

Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса

Ұлт даралық таба алмайды,

Және ұлы боп саналмайды ешқашан!»

. . . Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?

Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.

Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?

«Әрбір қимыл - қарсы қимыл тудырады» тірлікте.

Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,

Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,

Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,

Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.

Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін

Оятпауға құлшынады аңқау елдің намысын . . .

Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны! . . .

• Қарт неліктен үш ұлы бола тұрып, «Бір жарым» ұлым бар деді

• Қарттың жалаң білімді ұлдарын «жарты адамға» теңеуінің

себебі неде?

• Ақын адам қай кезде «толық, кемел адам» болады дейді?

• Өлеңде айтылған келеңсіз жағдайлардан қалай шығуға болады деп ойлайсыздар?

  • " МҰҒАЛІМ СЫЙЛЫҒЫ"

"Өркениеттің адасуы" атты романнан Компьютербасты жарты адамдар

Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылық қызметі

https://alashainasy.kz/userdata/Muhtar_Shaxan_Kazak_poet.jpg

Шаханов Мұхтар 1942 жылы дүниеге келді. Қазақстанның және Қырғызстанның халық ақыны.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т. б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды.

1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жж. «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен


Ұқсас жұмыстар
Көзге арналған жаттығу
Білім алушының әрекеті. Сабақ типі
Сабақтың кезеңі мен уақыты
Көзге арналған жаттығу. Сабақ типі
Білім алушының әрекеті
Сабақ ұзақтығы
Білім алушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу
Дәйексөзді дәптерге жазу
Сабақ типі. Сабақтың тақырыбы
Білімді актуализациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz