Сабақ жоспары: Өзін-өзі тану - Адам адамзат айнасында (1 курс, 45 минут, аралас сабақ)


D:\МОИ ДОКИ\Документы колледжа\АГПК логототип,фото и т.д\2019\Новый лого 2019.png

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
(оқу орнының атауы)

Сабақ жоспары/Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Пәні
Өзін-өзі тану
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Дайындаған оқытушы
М. Төлеубаева
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Өткізілген күні
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Курс, тобы
1 курс, П20-1А, Т20-1А, ИС20-1А, ТЗИ20-1, ИС20-1ВК, ИС20-1ГК топтары
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1. Сабақ типі
Аралас
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1. 1 Сабақтың тақырыбы:
Адам-адамзат айнасында
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. Мақсаты, міндеттері

Мақсаты: Студенттерге «адамгершілік», «адамзат » ұғымын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: - студенттерге адам өмір бойы білім іздеу керектігін үйрету;

Дамытушылық: - студенттер бойындағы өз-өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: - студенттерді жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен, шынайылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. 1 Оқыту нәтижелері

- заманауи өркениеттің рухани дағдарысын еңсеру туралы тұжырымдарын құрады;

- әр адамның адамзат тағдырындағы рөлін түсінеді және бағалайды

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. 2 Бағалау критерилері

Барлығы: - мәдениет, өнер және күнделікті өмірдегі адамзаттың рухани құндылықтарын анықтайды және атайды.

Басым бөлігі: - әр адамның адамзат тағдырындағы рөлін бағалайды және қорытынды жасайды.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 3. Сабақты жабдықтандыру
Аңыз-әңгіме, оқиғалар көрсетілген бейнебаян, дереккөздер: http://oilar. kz
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 3. 1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер
  1. Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Жұбатова Л. С., Әкімбаева Ж. Ж., Нұркеева С. С. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
  2. Өзін-өзі тану: Оқушы дәптері. Акимбаева Ж. Ж., Джубатова Л. С., Нұркеева С. С. / 10-сынып. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:
  1. Техникалық жабдықталуы
оқулық, компьютер, үнтаспа
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 4. Сабақтың барысы
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Онлайн сабақтың жоспары (синхронды/асинхронды оқыту)
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Сабақтың кезеңі мен уақыты
Оқытушының әрекеті
Білім алушының әрекеті
Ресурстар
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1 Кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

Дәйексөз: . . . Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік

болса, сонда ғана оның аты адам болады.

Абай

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Білім алушылар өз ойын айтады және жазады.
Оқулық
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2 Кезең. Теориялық-тәжірибелік:
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

1 тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Үш сауал

Ш. Құдайбердіұлы

(Оқулықта 140 бетте орналасқан)

Білім алушылар келесі сұрақтарға жауап жазады.

• Мәтіндегі «Үш түрлі нәрсені күні бұрын білген және дұрыс

жасаған адамды» жақсы адам деуге бола ма? Неліктен?

• «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы», «Ең керекті кісі

кім?», «Ең керекті іс не?» деген үш сұрақты өздеріңізге қойып

көріңіздер.

• Бұл әңгіменің рухани қуаты неде деп ойлайсыздар?

• Мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

2 тапсырма. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер, ерекше торкөзден «Адам» сөзін оқуға болады. Тапсырманы дәптерде орындаңыздар.

  1. Бүкіл адам баласы.
  2. Адам бойындағы таза ниет, адамның сана-сезімі мен арұжданына қайшы келмейтін әрекеттер.
  3. Адамға тән ізгі қасиет-болмыс.
  4. Адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарта білу, оларды жақын санап қамқорлық көрсетуі.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 3 Кезең. Рефлексиялық:
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

Көзге арналған жаттығу

Шынтағыңызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен көздеріңізді жабыңыз. Жаттығу ұзақтығы - 5 минут. Осы жаттығуды күніне 2-3 рет қайталаңыз. Алақаныңыздан тараған жылу мен қараңғылық көздеріңіздің шаршауын басады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:
  1. Үй тапсырмасы
Әбіш Кекілбаевтың «Арлы адам - ең күшті адам. Ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойынсұнбайды» деген ойын басшылыққа ала отырып, адамның адамзат тағдырындағы рөлі туралы қысқаша эссе жазыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәні: Өнегелі өмір - 1 курс, 45 минуттық аралас сабақ жоспары
Өзін-өзі тану пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары: Адамдық борыш - асыл қасиет (45 минут)
Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Өзін-өзі тану пәні - Еңбек етсең ерінбей: 45 минуттық сабақ жоспары (1 курс)
Өзін-өзі тану: Отбасы аясында - 45 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары
Өзін-өзі тану пәні: Адамдық борыш - асыл қасиет (45 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары)
Өзін-өзі тану пәні: Көшбасшы болу - 45 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары
Өзін-өзі тану пәні: Қызмет ету қуанышы тақырыбы бойынша 45 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары
Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Өзін-өзі тану пәні: Адамдық келбет - 45 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары
Өзін-өзі тану пәні: Адамның жан сұлулығы тақырыбына арналған 80 минуттық аралас сабақ жоспары
2-сынып Қазақ тілі сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстардың түрлері (аралас сабақ, 45 минут)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz