Оқытушының әрекеті

D:\МОИ ДОКИ\Документы колледжа\АГПК логототип,фото и т.д\2019\Новый лого 2019.png

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
(оқу орнының атауы)

Сабақ жоспары/Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Пәні
Өзін-өзі тану
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Дайындаған оқытушы
М. Төлеубаева
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Өткізілген күні
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Курсы, тобы
1 курс, П21-1А, Т21-1А, ИС21-1А, ТЗИ21-1 топтары
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:
  1. Сабақтың тақырыбы
Адамның дүниетанымы
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1. 1 Сабақ типі
Аралас
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1. 2 Сабақтың құндылығы
Дұрыс әрекет
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1. 3 Қасиеттері
Ақкөңілділік, адалдық
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. Мақсаты, міндеттері

Мақсаты: Студенттерге дүниені мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан танудың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Студенттерге адам дүниетанымының мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі ізгілікпен өмір сүру екендігін ұғындыру; Дамытушылық: Студенттердің бойындағы адалдық, ақкөңілділік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Студенттерді ар-ұжданды тыңдап, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. 1 Оқыту нәтижелері

- адамның білімге және шығармашылыққа деген құштарлығын негіздейді;

- жеке құндылықтар жүйесін анықтайды;

- жалпыадамзаттық құндылықтар арасындағы рухани байланысты ашады

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2. 2 Бағалау критерийлері

Барлығы: - «таным», «дүниетаным» ұғымдарын анықтайды:

Басым бөлігі: - жалпыадамзаттық құндылықтар туралы өз ойын білдіреді;

Кейбірі: - заманауи адамдардың жалпыадамзаттық құндылықтарын талдайды және қорытынды жасайды

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 3. Сабақты жабдықтандыру
Аңыз-әңгіме, оқиғалар көрсетілген бейнебаян, дереккөздер: http://oilar. kz
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 3. 1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер
  1. Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Жұбатова Л. С., Әкімбаева Ж. Ж., Нұркеева С. С. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
  2. Өзін-өзі тану: Оқушы дәптері. Акимбаева Ж. Ж., Джубатова Л. С., Нұркеева С. С. / 10-сынып. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:
  1. Техникалық жабдықталуы
оқулық, компьютер, үнтаспа
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 4. Сабақтың барысы
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Онлайн сабақтың жоспары (синхронды/асинхронды оқыту)
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: Сабақтың кезеңі мен уақыты
Оқытушының әрекеті
Білім алушының әрекеті
Ресурстар
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 1 Кезең. Ұйымдастырушылық-ынталандыру
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

«5Т» ұстанымын еске түсіру.

Оқытушы: Талап бар жерде тәртіп болады, тәртіп бар жерде тазалық орын алады, тазалық болса татулық орнайды, татулық бар жерде тыныштық өмір сүреді. Ендеше бүгінгі сабағымызда осы ұстанымдарды есте сақтап, шығармашылықпен жұмыс атқарайық.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.: 2 Кезең. Теориялық-тәжірибелік:
Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

Бүгінгі сабақта «Адамның дүниетаны» атты тақырып бойынша білімімізді толықтыра түсеміз. Дүниетаным - адам санасының қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті. Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.

Өмір - Ақыл мен мiнез - бiрге туған егiз. Адам қолымен жасалған игі істің бәрі - оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Ол адам өмірін тұтас түгел қамтиды, нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Сондықтан да әрқашан өмірде ақиқатқа жүгіну - айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу маңызды.

ДӘЙЕКСӨЗ

Өмір теңіз, жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Рудаки

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Ізгілік дегенді қалай түсінесіңдер? (Ізгілік - қиянат жасамау құндылығының негізінде қалыптасады; жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін қасиеттердің бірі; жүрек пен жан жылулығы; риясыз сүйіспеншілік т. б. )

Ізгі істерді өздерің қалай жүзеге асырып жүрсіңдер? (сыйластық, достық, бауырмалдық, көршілермен, дос-жарандармен дұрыс қарым-қатынас т. б. )

Өмір - үлкен жол. Өмір - адамға берілген үлкен сый, өмірдің мәні - адалдық пен адамдықта. Өмір арнасынан өз арманымызды тауып, өмір теңізінде ағу - біздің басты мақсатымыз. Ізгілік - өнегеліктің шыңы. Ізгі адам қашан да өзгелерге жақсылық ойлап, жамандық атаулыдан аулақ болады, қамқор болып, тек жақсылығым тисе екен деген ниетте болады. Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады. Ендеше осы ұстанымдарды ойымыздан шығармай, әрекетімізді де дұрыс қалыптастыра білейік.

Оқытушы сыйы. «Жақыныңа көңіл бөл» (бейнеролик)

СҰРАҚТАР:

  • Бейнероликтегі жігіттің әрекетіне қандай баға берер едіңдер?
  • «Мінездің жақсысы мен жаманы ақылдың жемісі» деген оймен келісесің бе? Неліктен?(Ер жiгiтке төзiм - тiрек, сабыр - қамал, ақыл - әл-қуат, ар-абырой - қазына, қанағат - асыл тас, бата - мұра, әдеп - сән, жалған сөз - дерт, ақиқат - ем, үмiт - көңiл азығы. )
  • Қандай қасиеттер жақсы адамның серігі деп ойлайсыңдар?(Жақсы адамның серiгi - ақыл, қанағат, әдеп, төзiм, сабыр, үмiт, татулық, бiрлiк. )

Оқытушы: Адам дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі үдеріс. Адам бойындағы ізгі қасиеттер, оның жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі дүниетанымының қалыптасуына игі әсер етеді. Дұрыс әрекет жолындағы осы қағидалар әркез жадымызда сақталып, әдетімізге айлансын.

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.:

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

1 тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, «Не ексең, соны орасың!» немесе «Не іздесең, соны табасың» деген тақырыпта «Ізгілікті адамның моделін» құрастырып көріңдер.

2 тапсырма: «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің рақатын көреді» деген ойды басшылыққа алып, постер құрастырыңдар.

Оқытушы: Өмірлік әдеттер - адамның өз қажеті


Ұқсас жұмыстар
Математика пәнін оқытуда жаңа технологияның тиімділігі және нәтижелігі
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАН БАСҚА ФОРМАЛАРЫ
Бағалау бетшесі арқылы студенттерді бағалау
Конструкциялық материалдар
Дене мүшелері жайлы ақпарат
Қазақстан қалаларына саяхат
Фотоэффект
Кестелі тақия тігу
Тігіс түрлері. Инені сабақтау
Көзге арналған жаттығу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz