Сабақтың қасиеттері


МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
(оқу орнының атауы)
Сабақ жоспары/Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)
- Сабақтың тақырыбы
- шынайы көшбасшыларды ұлы көшбасшылармен салыстырады.
- нағыз көшбасшының қасиеттеріне ие болады.
Барлығы: - шынайы көшбасшылар мен ұлы көшбасшылар арасындағы айырмашылықтарды анықтайды, шынайы көшбасшылардың қасиеттерін сипаттайды;
Басым бөлігі: - риясыз көшбасшылыққа жету жолдарын қарастырады;
Кейбірі: - «Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» тақырыбына эссе жазады.
- Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Жұбатова Л. С., Әкімбаева Ж. Ж., Нұркеева С. С. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
- Өзін-өзі тану: Оқушы дәптері. Акимбаева Ж. Ж., Джубатова Л. С., Нұркеева С. С. / 10-сынып. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
- Техникалық жабдықталуы
5 Т - ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Студенттер ережені есімізге түсіріп, аудиторияның тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын . . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын . . . Нұр менің ішімде . . . Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз . . .
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын пысықтау. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Бала Шоқан
Сапарғали Бегалин
1. Шоқанның азамат болып қалыптасуына отбасы қалай ықпал етті?
2. Шоқанның тәрбиесіндегі әжесінің орны қандай болды?
3. Шоқан өскен ортаның, отбасының құндылықтары туралы не айтасыз?
4. Шоқанның әжесі: «Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман
емес пе. Ол әлемді аузыма қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой», - дегенде не айтқысы келді деп ойлайсыз?
Ойыңызды дәлелдеп беріңіз.
5. Шоқанның өмір жолын адамзатқа қызмет ету жолы деп атауға бола ма? Неліктен?
6. Қазіргі уақытта бірнеше тіл білу қаншалықты маңызды?
Ойыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.
7. Ал сіз кітап оқисыз ба? Қалай, қандай кітап оқисыз? Неліктен?
8. Өз отбасыңыздағы әжеңіздің, атаңыздың сізге берген үлгі,
өнегесі қандай? Олардың қандай жақсы қасиеттерін бойыңызға
сіңіріп өскіңіз келеді?
Ел көшін бастау - маған сын, мені қостау - елге сын.
Н. Назарбаев
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
«Ой қозғау» жаттығуы. Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)
Құрметті студенттер, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Ең алдымен «Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, осы сұрақтарды топта талқылап, Күн сәулесінің шуағына жазайық.
Сұрақтар:
1. Көшбасшы деген кім?
2. Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?
3. Көшбасшылық: бұл қасиет оқушыға қаншалықты қажет және маңызы қандай?
4. Өздеріңізді көшбасшымын деп сезінесіз бе?
Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.
Жаңа ақпарат «Талапқа сай көшбасшы».
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар - табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т. б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бірорындатұрмай, .
13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.
Олай болса, іске сәт!
«Сіз көшбасшы болуға лайықсыз»
1 тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қаныш Сәтбаев жайлы екі әңгіме
Ерлан Төлеутайұлы
***
Қаныш Сәтбаев мысты Жезқазғанның қазба байлықтарын игеру керектігін айтқанда, талай адам қарсы шыққан. Мәскеуліктер: «Мұндағы қор мардымсыз, оны игеруге су да жоқ. Адам тұруға да қолайсыз», - деген. Бірақ Сәтбаевтың табандылығының арқасында кен орны ашылған.
Мен Сәтбаевтар әулетінің тектілігіне тәнті боламын. Бұл өзі Құдайдың назары түскен сәулелі әулет. Қазаққа бергені көп әулет. Мысалы, Қаныштың ағасы Әлкей Сәтбаев Семейде педагогикалық училищенің директоры болған. Әлкей Марғұлан, Мұхтар Әуезовтерді алғаш оқытқандардың бірі. Әлкей Сәтбаев Алашордашылардың құрамында болып, сотталған. Бөкеш деген бауырын да бір түнде айдап әкеткен. Қаныш сонда да алған бетінен қайтпай, ғылымға адалдығын танытады.
Қаныштың екінші әйелі Таисия орыс ұлтынан. Ол бастапқыда Жезқазғанда тұрғысы келмепті. Қысы қатты. Жағатын отын жоқ. Пойыз қатынамайды. Таисия мұндай қиындыққа шыдамай, жылайды екен. Сонда Қаныш: «Таисия, бұл аймақта тіршілік әлі-ақ мидай қайнап жатады. Сонда көресің - мен сені пойыздың жұмсақ купесіне мінгізіп қыдыртамын. Осы жерді қимайтын боласың», - дейді екен. Сөйтіп жүргенде жалғыз ұлына суық тиіп, қайтыс болады. Қарсақбайда бір дөкейдің ғана үйінде көмір болыпты. Үсіп бара жатқасын Таисия Қанышты көмір әкелуге жіберіпті де, өзі сыртынан бақылап тұрыпты. Ешкімнің ала жібін аттап көрмеген Қаныш далада жатқан көмірден бір шелегін салып алуға қолы бармайды. Состиып тұрғанын үй иесі байқап қалып, Қанышқа көмірді өзі салып берген екен.
***
Бірде Қаныш түс көреді. Түсінде өлген әке-шешесінің көзін Қарашаңырақ деген қаршығасы шоқып жеп отыр екен. Сонда бір жағдайдың болғанын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz