Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ типі. Сабақтың тақырыбы

МКҚК <<Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі>>
(оқу орнының атауы)

Сабақ жоспары/Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Оффлайн оқыту сабағы 45 мин.
Пәні
Өзін-өзі тану
Дайындаған оқытушы
М.Төлеубаева
Өткізілген күні

Курс, тобы
1 курс, П20-1А, Т20-1А, ИС20-1А, ТЗИ20-1, ИС20-1ВК, ИС20-1ГК топтары
1.Сабақ типі
Аралас
1.1 Сабақтың тақырыбы:
<<Қызмет ету қуанышы>>
Құндылығы:
Сүйіспеншілік
Қасиеттері:
Патриотизм, жауапкершілік, адалдық
2.Мақсаты, міндеттері

Мақсаты: білім алушыларды отaнсүйгiштiккe, өз eлiн, мәдeниeтiн, тiлiн құрмeттeугe бaулу. Міндеттері: Білімділік: студенттерге ұлт пeн хaлыққa қызмeт eту - eң қaсиeттi борыш eкeнi турaлы тусінік беру; Дамытушылық: білім алушылар өз мүддeсiнeн гөрi, хaлық мүддeсiн ойлaуғa, отaнғa қaйтымсыз қызмeт eтугe дaғдысын дaмыту; Тәрбиелік: aдaлдыққa, пaтриоттықa, ұйымшылдыққa тәрбиeлeу.
2.1 Оқыту нәтижелері
- өз мамандығын таңдаудың және адам, Отан игілігі үшін жасампаздық еңбектің маңыздылығының негіздемесін береді.
2.2 Бағалау критерилері
Барлығы: - <<кәсіп>>, <<қоғамға қызмет ету>> ұғымдарына анықтама береді;
Басым бөлігі: - таңдау пен мамандық арасындағы байланысты анықтайды;
Кейбірі: - қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен мамандық арасындағы байланысты анықтайды.
3.Сабақты жабдықтандыру
Аңыз-әңгіме, оқиғалар көрсетілген бейнебаян, дереккөздер: http://oilar.kz
3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер
1. Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Жұбатова Л.С., Әкімбаева Ж.Ж., Нұркеева С.С. - Алматы: <<Бөбек>> ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
2. Өзін-өзі тану: Оқушы дәптері. Акимбаева Ж. Ж., Джубатова Л. С., Нұркеева С.С. / 10-сынып. - Алматы: <<Бөбек>> ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
0.2 Техникалық жабдықталуы
оқулық, компьютер, үнтаспа
4.Сабақтың барысы
Онлайн сабақтың жоспары (синхронды/асинхронды оқыту)
Сабақтың кезеңі мен уақыты
Оқытушының әрекеті
Білім алушының әрекеті
Ресурстар
1 Кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Дәйексөз:
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!
Б.Момышұлы
-Дәйексөзің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Білім алушылар өз ойымен бөлісіп, дәптерге жазады.

Оқулық
2 Кезең. Теориялық-тәжірибелік:

1-Тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ары қарай не болады?
(Тәмсіл) Жас жігіт қуана келіп әкесіне:
Әке, менімен бірге қуан. Мен университетке түстім. Заңгер боламын! Бақытымды таптым-ау!
Өте жақсы, ұлым, - деді әкесі, - сен енді көп оқитын боласың.
Ары қарай не болады?
Төрт жылдан соң университетті аяқтап, үздік диплом аламын.
Одан ары қарай не болады?
Содан соң мен бар күшімді жұмсап еңбек етемін, қорғаушы болып жұмыс жасаймын.
Содан соң ше?
Одан соң үйленемін, отбасын құрамын, балаларымды тәрбиелеймін, оларға білім беремін және жақсы мамандық таңдауына көмек беремін.
Содан соң?
Жетістіктерге қол жеткізіп, зейнетке шығамын - балаларымның бақытына қуанып, тыныш өмір сүремін.
Ары қарай не болады?
Содан соң ба? - деп жас жігіт бір сәт ойланып қалады. - Иә, бұл өмірде ешкім мәңгі емес. Сондықтан барлық адамдар сияқты мен де өмірден өтермін.
Содан соң не болады? - деп сұрады дірілге толы даусымен әкесі.
Қарағым, ұлым, содан соң не болады?
Ұлы ойланып барып, сенімсіздеу жауап берді:
Әке, рахмет саған. Мен бәрін түсіндім. Мен ең бастыны ұмытқан екенмін...
Баласы нені ұмытты деп ойлайсыз?
Бұл сұраққа өзіңіз қалай жауап берер едіңіз?
Тәмсілден қандай ой түйдіңіз?
2-тапсырма
<<Адамға ар-ұжданға сәйкес, адал өмір сүру не береді?>> тақырыбында үлкендер мен топ арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесiн жазыңыз.

Студенттер дәптермен жұмыс жасайды.

3 Кезең. Рефлексиялық:
4.Үй тапсырмасы . 2мин
Мына бейнероликты тамашалап, не түсіңдіңіздер, жалпы қоғамға өздеріңіз қалай қызмет етер едіңіздер? сол туралы қысқаша өз ойларыңызды жазыңыздар.

https://youtu.be/fFFKqIzz7os

Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)
Буынаяқтылар типі
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Дене пішіні тұрақты Дене пішіні тұрақсыз
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Екі өлшемді массив
3 –сынып. Еңбекке баулу
Ана тілінің қызметі
Массивтер
Пәндер