Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың өтілу күні

Оқытушы Төлеубаева М.С.
Тобы: Т19-2А, ИС19-2К, ТЗИ19-2
Сабақтың өтілу күні: 23.06.2021; 18.06.2021; 18.06.2021
Сабақ тақырыбы: Жүректен - жүрекке
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: кішіпейілділік, қайырымдылық
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Оқыту технологиясы: модульдік
Оқыту әдістері: сұхбат, түсіндіру, ойын, жаттығу.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, саясаттану, мәдениеттану
Онлайн 45 минут

Мақсаты: білім алушылардың санасында махаббат әлемі мен мейірімді сезімдер ұғымдарын кеңейту
Міндеттері:
Білім алушылардың қайырымдылық сезімдерін дамыту; кiшiпейiлдiлiкке, кісілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер).
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу,
а) Студенттердің құрал жабдықтарын тексеру
б) 5Т ұстанымын тексеру: (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
2.Тыныштық сәтi.(баяу әуен) <<Нұрға бөлену>>
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз: <<Табиғаттағы барлық жылу-күннен
Өмірдегі барлық жылу-адамнан>>
М.Пришвин
Дәйексөзді дәптерге жазу. Дәйексөздің мағынасын ашып беру.

Әңгiмелеу (сұхбат). (Оқытушы сыйы)
Тұзды су.
Бір кездері өз ісінің шеберлері шәкірттеріне бір кәсіпті үйретіп қана қоймай, оларға өмірлік сабақтар беріп, шын мәнінде ұстаз бола алатын. Осындай өмір ұстазы бола алған ұста болған екен. Жыл сайын ұстаның шәкірттері кәсіпті үйреніп, өз істерін ашып табысты болатын. Бір күні ұстаның достарынан біреу ұлын ертіп келіп, ұстаға шәкірт етіп тастайды. Жаңа шәкірт ешбір нәрсеге көңілі толмайтын, жылаңқы біреу екен. Ағашқа жіберсең, қолдарына батқан шөгірді айтып қыңқылдайды. Бір жұмыспен қалаға шықса, қайтқанға дейін жолдың қандай жаман болғанын, күннің қандай ыстық болғанын, алушының қандай қырсық болғанын айтып, тағдырына зарлап қайтатын. Ұста қанша шағынданба десе де, шәкірт осы бір әдетін тастамайтын.
Содан бір күні ұста шәкіртті тұз алуға жібереді. Бір уыс тұзды бір кесе суға салып жіберіп "осыны іш" дейді ұста. Шәкірт тұзды суды ұрттап, іше алмай түкіріп жібереді. Ұста "су қандай екен" деп сұрайды шәкіртінен. Шәкірт "өте тұзды!" дейді. Мұны естіген ұста "тұзды ал да, менімен жүр" дейді. Шәкірт тұзды алып, ұстаның артынан барады. Көлдің жағалауына келіп, ұста бір уыс тұзды алып көлге төгеді. Бұл жолы да шәкіртіне "көлдің суын ұртта да маған дәмі қандай болғанын айт" дейді ұста.
Шәкірт көлдің суынан ішіп, "өте дәмді!" дейді. Ұста "тұздың дәмін сездің ба?" деп сұраса, шәкірті түк сезбегенін айтады. Сол кезде ұста шәкіртіне қарап былай дейді: Өмірдегі жайсыз жағдайлардың барлығы бір уыс тұз секілді. Егер сен бір кеседей ғана су болсаң, су ішкендегідей барлық ащылықты татып, өміріңе кері әсер етесің. Егер де мейірімің мен көңілің көлдей кең болса, өміріңде кездесетін жайсыздықтардың ешбірі, бір уыс судың бір көлге әсер етпегендей, өміріңе ащылығын сездірмейді.
Сұрақтар:
1. Ұстаның өсиетінен қандай өмірлік сабақ алуға болады?
2. Неліктен шәкірті үнемі тағдырына наразы болып жүретін?
3. Қандай құндылықтар арқылы сабырлыққа, төзімділікке және кеңпейілдікке жетуге болады?
4. Осындай жағдайларда өздеріңді қалай ұстайсыңдар? Әңгімелеп беріңдер.
5. Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Шығармашылық жұмыс
<<Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады>> Науаи.
Өз <<жүрегіміздің үнін>> естіп <<армандап>> көрейік. Мейірімді жүректерің не дейді?

Үй тапсырмасы <<Парасатты адамның портреті, мінездемесін>> жазу, яғни өздеріңіздің портреттеріңізді салыңыздар, өзіңізге мінездеме беріңіздер.

Соңғы тыныштық сәтi:
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әр уақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Moodle платформасындағы сабақ (45мин.) http://edu.aspc.kz/mod/assign/view.php?id=189503

Ұқсас жұмыстар
Азоттың табиғаттағы айналымы.Оқушылардың азот топшасындағы азот атомдарының қасиеттерi мен қосылыстары туралы
Проценттерге берілген есептер. 5-сынып
Намысымсың туған тіл
Ақпаратты сығу
Ақпараттың қасиеттері
Жұмыстың мақсаты
Ақпаратты өңдеу тәсілдер
Түбір мен қосымша
Үлгерім сапасы
Шеңбер және оның элементтері. сабақ жоспары
Пәндер