Сабақ барысы. Сабақ барысын талқылау

Пәні_Ө¬зін-өзі тану

Оқытушы Төлеубаева М. С.

Тобы: Т19-2А; ИС19-2К; ТЗИ19-2

Сабақтың өтілу күні: 12. 05. 2021; 18. 05. 2021; 19. 03. 2021

Сабақ тақырыбы: Заманауи ғылым мен ежелгі рухани ілім

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: адамгершілік, кішіпейілділік

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі:

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері:

Пәнаралық байланыс:

Онлайн 45 минут

Сабақ мақсаты: Заманауи ғылым мен ежелгі рухани ілім туралы түсінік қалыптастыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Заманауи ғылым мен білімнің даму тарихымен таныстыру;
  2. Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;
  3. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: ( құралдар, мәлiметтер) .
Сабақ мақсаты:Заманауи ғылым мен ежелгі рухани ілім туралы түсінік қалыптастыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері:Заманауи ғылым мен білімнің даму тарихымен таныстыру;Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.:

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу,

а) Студенттердің құрал жабдықтарын тексеру

б) 5Т ұстанымын тексеру: (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

2. Тыныштық сәтi. (баяу әуен) «Нұрға бөлену»

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) .: Сабақ барысын талқылау:
Сабақ мақсаты:Заманауи ғылым мен ежелгі рухани ілім туралы түсінік қалыптастыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері:Заманауи ғылым мен білімнің даму тарихымен таныстыру;Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.:

Дәйек сөз:

«Ақиқат жол жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, Ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты»

Гераклит

1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер ?

2. Ақиқат шыңына қалай қол жеткіземіз?

3. Біздің өмір жолымыздағы түпкі мақсатымыз не?

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) .:

Гераклит- антикалық филсофияның бірегей өкілдерінің бірі, Эфес мектебі-нің ұстазы, Сократқа дейінгі филосо-фияның көшбас-шыларының бірі.

Сабақ мақсаты:Заманауи ғылым мен ежелгі рухани ілім туралы түсінік қалыптастыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері:Заманауи ғылым мен білімнің даму тарихымен таныстыру;Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.:

Әңгiмелеу (сұхбат) . (Мұғалім сыйы)

Өсиет әңгіме:

Алатаудың көк майсалы баурайында тәкаппар бір терек өсіп тұрады. Ол ешкімді менсінбейді. Төңерегіндегі мәуелеген жеміс ағаштары мен гүл бәйшешектерді көзіне де ілгісі келмеді. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді шеңгелдеп ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», - деп лепірді терек. Оның асқақтығы шектен асты. Күнді жақтырмады: «Осының не керегі бар? Жапырақтарымды сарғайтып жіберетін болды - ау», - деп тыжырынды.

Терек суды да жаратпады: «Су тамырларымды шірітіп жіберетін болды», - деп налыды. Ол желге де мін тақты: «Жел жапырақтарымды шуылдатып, тыныштық бермеді», - деді.

Бір күні теретің бұтағына бұлбұл келіп қонды да, тамылжытып сайрай бастады. Тәкаппар терек біреудің еңбегі мен талантын өзіне иемдене қоюдан аулақ емес еді: бұлбұлды шуылдаған жапырақтарымның бірі екен деп:

Естіп тұрсыңдар ма? Қайсыларыңда осындай жыршы жапырақ бар? - деп екіленеді терек.

Бұны естіген бұлбұл намыстанып, өз жөніне ұшып кете берді.

Менің жыршы жапырағымды сен үзіп әкеттің. Оңбаған қаңғыбас, - деп тілдеді.

Бұны естіген жел де тына қалды.

Терек сәулелі күнге бажырая қарады:

Е, е . . . кім екен десем, міне, менің шырын жапырағымды құрғатып түсірген сен екенсің ғой, - деді.

Бұны естіген Күн енді қайтып шұғыласын терекке төкпей қойды.

Сыңғырлап ағып жатқан мөлдір бұлақ теректің бұл айтқандары орынсыз екенін айта бастап еді, тәкаппар терек оған ақырып қоя берді:

Өшір үніңді! Сен маған ақыл айтуға әлі жеткен жоқсың, - деді.

Бұны естіген бұлақ енді қайтып теректің тамырын нәрлемейтін болды.

Сөйтіп, күн нұрынсыз, сусыз, желсіз, ауасыз қалған терек аз күнде - ақ қуатынан айырылып, қалжырай бастады.

4 Әңгімелесу. Сұрақ-жауап (талдау)

Сұрақтары:

• Әңгімеден қандай ой түйдің?

Өсиет әңгіменің мәні неде?

Терек айналасындағылармен неліктен осылай қарым - қатынас жасады деп ойлайсыңдар?

Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?

Өмір-жасампаз деген ұғым нені білдіреді?

Оқытушы: Ендеше сіздерге бойымыздағы мейрімділікті одан әрі жетілдіруге көмектесетін өміршеңдік ережелерін ұсынамын. Осы ережелерді кез келген өмірлік жағдайларда өз қажеттіліктеріңізге жарата аласыздар (студенттер ережелермен танысып, пікір алмасады) .

Өміршеңдік ережелері

Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген

іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жаркын

көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

Жігер деген - Мен.

Күш деген - Мен.

Махаббат деген - Мен.

Кешірім деген - Мен.

Құдірет деген - Мен.

Жасөспірім деген - Мен.

Жастық деген - Мен.

Денсаулық деген - Мен.

Даналық деген - Мен.

Жаркындық деген - Мен.

Бар ғажайып деген - Мен.

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда!!! - деп өзіңізді сендіріңіз.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) .:
Сабақ мақсаты:Заманауи ғылым мен ежелгі рухани ілім туралы түсінік қалыптастыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері:Заманауи ғылым мен білімнің даму тарихымен таныстыру;Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.:

Ұқсас жұмыстар
Тәлімгерлік жоспар
Ақмола тарихы
Ата -ана алтын тұғырың. 11 сынып
Кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Постер қорғау
<<Бақыт құшағында>>. 7 сынып
Аңыз айту
Коучинг жоспары
Оқушылардың ата - аналарына, қоршаған ортасына қиянат жасамау құндылығын ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz