Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ тақырыбы. Сабақтың түрі

Пәні_Ө - зін-өзі тану
Оқытушы Төлеубаева М.С.
Тобы: Т19-2А; ИС19-2К; ТЗИ19-2
Сабақтың өтілу күні: 03.02.2021; 02.03.2021; 19.02.2021
Сабақ тақырыбы: Өзін-өзі тану мақсаты - ақиқат
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі:
Оқыту технологиясы:
Оқыту әдістері: әңгімелеу, ой-талқы, бейнежазбаны тамашалау
Пәнаралық байланыс:
Онлайн 45 минут

Мақсаты: білім алушыларға шындық және ақиқат туралы түсініктерін ақиқат құндылығы арқылы ұғындыру..
Міндеттері: Білімділік: білім алушыларға қоршаған ортадағы адалдық туралы түсінік беру;
Дамытушылық: білім алушылардың бойындағы байсалдылық, парасаттылық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: білім алушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу;
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер).
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу
а) Студенттердің құрал жабдықтарын тексеру
б) 5Т ұстанымын тексеру: (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
2.Тыныштық сәтi.(баяу әуен) <<Нұрға бөлену>>
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз: <<Дүниеде шындық және ақиқатты айта алатын адамнан артық ешкім жоқ>>
Ш.Уәлиханов

Дәйексөзді дәптерге жазу. Дәйексөздің мәнін ашып, мағынасын түсініп алыңыздар.

* " ОҚЫТУШЫ СЫЙЛЫҒЫ"
1- Тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер
<<Ақиқат>>
.
Бұрында бір кісі көп қиыншылықтарды кездестіреді. Ол өз өміріне ренжіп, бір пайғамбарға келеді. Ол кісі пайғамбарға қарап: О Алланың елшісі, Бұл дүниеде әділдік, шындық бар ма? деп сұрақ қойыпты.
Пайғамбар - әрине бар деді.
Мен өмір бойы ақиқатты таппадым, маған ақиқатты көрсет деп айтыпты. Мақұл, сен ертең бұлақ бойына барып, бекініп отырсаң ақиқатты табасың, бірақ не көрсең де қозғалма депті пайғамбар. Айтылған күні бұлақ бойына барып, бір жерге тығылып отырады.Не керемет болар екен деп ойлап тұрғанда, бір шабандоз келіп, бұлақтан су ішіпті. Сол кезде шабандоздың бір дорба алтыны суға түсіп қалды.Шабандоз алтының түскенін білмей,атына мініп кетіп қалды. Бір бала қой бағып жүріп, судағы алтынды тауып алады да, кімдікі, кімдікі, кімдікі деп үш мәрте сұрайды да үйіне алып кетеді.
Сол кезде бір шал судың бойына келіп, дем алуға отырады. Алтынын жоғалтқан шабандоз келіп, шалға алтынды қайтар дейді. Мен алтын көрмедім деген сөзіне сенбеген шабандоз, шалды өлтіріп, атына мініп кетеді. Бұндай әділдікке таң қалған кісі пайғамбарға барады да, О Алланың елшісі бұл қандай әділдік алтынды біреу тапса, ал басқа адам зардап шексе дейді.
Сонда пайғамбар Алтын жоғалтқан шабандоз, баланың әкесіне жұмыс істетіп ақысын төлемеді. Сол үшін құдай баласына әкесінің ақысын алып берді.
Ал шал болса, ол атақты қарақшы еді. Бұрын шабандоздың әкесін бейкүнә өлтірген. Ал енді баласы әкесінің құнын алды, деп жауап береді.

Сұрақтар:
1.Кісі пайғамбарға не үшін барды ?
2. Ол кісі дүниеден нені іздеді?
3. Кісі бұлақ бойында нені көрді?
4. Бала не деп үш рет айтты, не үшін?
5. Ақиқат жүзеге асты деп ойлайсыздарма?

Сабақ бойынша рефлексия
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Аты-жөні:________________________________
?
+
V
Үйрендім
?
+
V

?
+
V

Білдім
?
+
V
Білгім келеді

Үй тапсырмасы
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, <<Менің өмірімдегі ақиқаттың маңызы>> аты эссе жазыңыздар:
Мен кіммін?
Менің өмірдегі мақсатым не?
Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Өзімнің ішкі "Менімді" қалай тани аламын?

Соңғы тыныштық сәтi:
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әр уақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар.Көздеріңізді ашуға болады. Келесі кездескенше, сау болыңыздар.

Moodle платформасындағы сабақ (45мин.): http://edu.aspc.kz/mod/assign/view.php?id=139487

Ұқсас жұмыстар
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
Қай түзу перпендикуляр түзу
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Мүсіндеу
Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер
Форма макеті терезесі
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Пәндер