Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

PHP ТІЛІМЕН ТАНЫСУ

Күні: 19.03.2020
Топ: 21 АЖ
Тақырып: PHP тілінің негізгі қасиеттері. PHP негіздері . PHP даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге PHP тілінің негізгі қасиеттері, PHP негіздері, PHP даму тарихы туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыстануын дамыту. Өзін - өзі бақылау, бағалауға үйрету
Тәрбиелік: Студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке, өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Презентация слайдтарын қолдану компьютер, оқулық.
Сабақтың түрі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
:: Амандасу, түгендеу.
:: Сабаққа даярлығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасы
1. JavaScript тілі, оның қысқаша тарихы, скриптілік тілдердің тағайындалуы
2. JavaScript мәліметтер типтері
3. Негізгі операторлар.
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Практикалық тапсырма
V. Бекіту
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма.

ІІ. Үй тапсырмасы
1. JavaScript тілі, оның қысқаша тарихы, скриптілік тілдердің тағайындалуы
Netscape Communications корпорациясы ең басынан бастап World Wide Web динамикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Осы саладағы жетістікке жету үшін Netscape Navigator браузерін жасау және тегін тарату (үйде пайдалану үшін) арқылы насихатталды.

Содан кейін, Netscape қысқа уақыт ішінде LiveScript деп аталатын сценарий тілін құрды, ол статикалық құжаттарды көп немесе аз интерактивті бағдарламаларға айналдыруға мүмкіндік беретін керемет құрал рөлін атқарады. Netscape Navigator браузерінің алғашқы нұсқаларында қолдау көрсетілетін LiveScript өте танымал және табысты болды. Сонымен қатар, Sun Microsystems-дағы инженерлер әртүрлі интерфейстердің стандарттарына сәйкес бағдарламалық жасақтамаға бейімделіп, Java тілін дамытты.
Скриптілік тілдер интерактивті беттерді құру үшін қолданылады.
Сондай скриптілік тілдің бірі JavaScript.
JavaScript - бұл қарапайым объектілі-бейімделген, браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар. Ол Internet үшін клиенттік және серверлік қосымшаларды құру үшін арналған.
JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады. JavaScript тілінде жазылған бағдарламалар HTML-құжаттарының құрамына кіреді және солармен бірге тарайды. Netscape Navigator және Ms Internet Explorer типті көру программалары (яғни, браузерлер) құжаттың мәтініне енгізілген кірістірілген программаларды (Script-кодтар) таниды және оларды орындайды.

JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекі етеді. JavaScript тілі арқылы гипермәтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
2. JavaScript мәліметтер типтері
Типі. Деректер мәндерінің жиынтығы.

Қарапайым мәні. Типтерінің бірі Undefined - тің элементі (анықталмаған), Null (нөлдік), Boolean (логикалық - true немесе false), Number (сандық) немесе String (жолдық). Қарапайым мәндер - бұл тікелей меншіктелетін және тілді ең төменгі деңгейде жүзеге асыратын деректер.

Объект. Object; әрқайсысы қарапайым мән, объект немесе функция бола алатын реттелмеген қасиеттер жиынтығы типінің элементі болып табылады. Функция болып табылатын қасиет әдіс деп аталады.

Құрастырушы/Конструктор. Объектілерді құратын және оларды инициализациялаушы функция. Әр құрастырушының қасиеттерді мұраға қалдыруы және бөлектеуі үшін пайдаланатын сәйкес прототипі болады.

Прототип. JavaScript-те құрылымды, жағдайды және өзін-өзі ұстауды мұраға қалдыруды жүзеге асыруға арналған объект. Құрастырушы объект құрғанда осы объектінің қасиетіне сілтеме жасауға мүмкіндік беретін құрастырушы прототипіне көрінбейтін сілтеме құрады. Прототип қасиеттері соның негізінде жасалған барлық объектілерге бөлінеді.

Тіл объектісі. JavaScript тілін жүзеге асыруды қолдайтын, бірақ сценарилердің орындалу ортасы болып табылмайтын кезкелген объект. Тіл объектісінің бір бөлігі өзімен бірге орнатылады, басқалары сценарилерді орындау барысында жасалады.

Бірге орнатылатын объект. Қандай ортада орындалуына қарамастан javascript тілін жүзеге асыруды қолдайтын және сценаридің орындалуының бастапқы сәтінде бар кезкелген объект. Барлық бірге орнатылған объектілер тіл объектісі болып табылады.

Орта объектісі. Тіл объектісі болып табылмайтын, сценарилер орындалатын орта қолдайтын кезкелген объект.

Анықталмаған мән. Айнымалыға ешбір мән меншіктелмегенін білдіретін қарапайым мән.

Undefined типі. Бұл тип анықталмаған мән болып табылатын undefined-тің жалғыз мәнінен тұрады.

Нөлдік мән. Нөлдік, бос немесе жоқ сілтемені білдіретін қарапайым мән.

Null типі. Бұл тип нөлдік болып табылатын жалғыз null мәнінен тұрады.

Логикалық мән. Ақиқат немесе жалған екендігін білдіретін Boolean типті қарапайым мән.

Boolean типі. Мына: true (ақиқат) және false (жалған) мәндерінен тұратын тип.

Логикалық объект. Бірге орнатылған логикалық объект экзепляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, логикалық объект new Boolean(value) өрнегімен жасалады, мұнда value - логикалық мән. Нәтижелік объектінің Boolean типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.

Жолдық мән. String типті элемент. Символдар жолын, яғни нөлдерден тұратын реттелген жиым немесе Unicode (16-биттік таңбасыз бүтін сандар) символдарын құрайды.

String типі. Бұл тип бүкіл жолдық мәндерден тұрады.

Жолдық объект. Бірге орнатылған жолдық объект экземпляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, жолдық объект new String (value) өрнегімен жасалады, мұнда value - жолдық мән. Нәтижелік объектінің String типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.

Сандық мән. Number типті элемент. Санның тікелей бейнесі болып табылады.

Number типі. Бүкіл сандық мәндерден тұратын тип.

Сандық объект. Бірге орнатылған сандық объект экземпляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, сандық объект new Number (value) өрнегімен жасалады, мұнда value - жолдық мән. Нәтижелік объектінің Number типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.

Енді бұдан әрі осыларды қолдануды қарастырайық.

Объектілік модель. Енді біз теориядан нақты іске көшейік. Біздер оқиға, объект дегендердің не екенін білдік. JavaScript тілінің объектілік моделін қарастыруға кірісейік.
Сонымен объектілік модель мыналардан құралады:
объектілерден;

қасиеттерден;

әдістерден;

оқиғалардан;

коллекциялардан.

3. Негізгі операторлар.

Кейбір JavaScript тілін сүйемелдейтін браузерлердің бұрынғы нұсқалары оларды орындамайды. Ондай браузерлер скриптерді түсінбейтән болғандықтан, JavaScript тілінің операторларын комментарий тегтерінің ішіне орналастыру қалыптасқан. Скриптердегі қолданылатын тілді анықтайтын параметрлердің бірі
ASP стиліндегі тегтер. Ендірілген РНР кодының төртінші және соңғы хаттау амалы -- ASP (Active Server Page) стиліндегі типтер. Олар қысқа тегтерге ұқсас, бірақ сұрақ белгісінің орнына пайыз белгісі (%) қолданылады:

<% php print "Welcome to the world of PHP!"; %>
ASP стиліндегі жазбаларды ықшамды ететін тегтердің бір ерекшелігі бар. Ендірілген РНР кодына print командасын қосқан міндетті емес -- ашылатын ASP стиліндегі дәл тегтен кейін орналасатын тең белгісі (=) лексикалық РНР механизміне көрсетілген ауыспалы мәнді шығаруын бұйырады:
<%=$variable %>
Бұл ыңғайлы стиль фрагмент түрінің беттерінде қолдануға мүмкіндік береді.

РНР кодына HTML-ді ендіру

HTML-дің ең бір керемет ерекшелігі ол басқа тілдермен қосқандағы жайлылығы-мысалы, HTML немесе JavaScript. Мысалы. HTML кодын РНР құралымен шығару:


Basic PHP/HTML integration

print командасындағы HTML тегтеріне назар аударыңыз. print "

PHP/HTML integration is cool.

";
?>



IV. Практикалық тапсырма. Қарапайым скрипт жазу керек.

* Ол үшін Блокнот мәтіндік редакторын ашыңыз.

Kелесі кодты теріңіз:

Құрылған файлды 01.html деп сақтаңыз.
Осы файлды кез келген браузерде ашып көріңіз.

Құрылған файлды қайта ашып, <<Бұл мәтін браузер терезесінде пайда болады>> жолын келесі жолдармен алмастырыңыз:

Бұл мәтін РНР жұмысының нәтижесінде пайда болады: Бүгін


$todaysdate = date("m",time()) . "-" . date("d",time()) . "-" . date("Y",time());

echo $todaysdate; ?>

Енді файлды 012.рhр деп сақтаңыз. Сақталған файлды бумасына көшіріңіз.

Браузер жолына http://localhost/denwer/Abaev/012.php жолын көрсетіңіз. Нәтижесінде браузердегі веб-беттің төменгі жағында ағымдағы күн пайда болады.

V. Бекіту
РНР-дің шығу тарихын айтыңыз.
Оның қандай сипаттамалары бар?
РНР-ге көшуді толтырудың неше нұсқасы бар?
VІ. Бағалау нәтиже бойынша студенттерге баға қою
VІІ. Үйге тапсырма. Берілген теориялық мәлеметті оқу

Ұқсас жұмыстар
Информатикадан 5 сыныпқа арналған scratch қолдану бағдарлама
Ананы аққудың киесі ұруы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Сабақтың барысы
Аққуды атқан ана
Ананың аққудыатуы
Жартылай ыдырау периоды
Драма турасында
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Жүк тасымалдағыш робот жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс
Тоқ жұмысы
Пәндер