Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дебаттың мақсаты

<<Ақылың болса арыңды сақта>> тақырыбындағы дебат ойыны
Дайындаған: Майкенова Марал Мейіржанқызы
Дебаттың мақсаты: <<Ар>> ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: ұят, ар, намыс туралы түсінік беру; сыпайы қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту; ұяты бар, арлы бала болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дебат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер , суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату
І кезең: <<Белес>> ;
ІІ кезең : <<Асу>>;
ІІІ кезең: <<Шың>>
Әр кезеңнің арасында 3 минут уақыт аралығында қарсылас топторға сұрақтар қою. Мұғалім дебатты бастайды.
Үш - ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек>>. (Абай) Абай <<Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек>> деп үйретеді. <<Әуелі надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық. Надандық - білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, жастарымыздың тіл байлығы мен тарихымыздың рухани құндылықтарына негізделген <<Ақылың болса арыңды сақта тақырыпта дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді. Дебатымызға қатысушы 10 мен 11-ші сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз. <<Ақиқат>> және <<Парасат>> топтары. Әр топтың үш спикерлері бар. Әр спикердің міндеті бар. спикер топтың таңдаған позициясы жайлы айтады, спикерлер өз позициясын дәлелдемелермен нақтылайды және қарсыласушы топтың осал жақтарын атап көрсетеді. Спикер кортындылай отырып, өз позицияларының дұрыстығын тағы да нақтылай отырып, оппонеттердің дәлелдемелерінің аздығын нақтылай түседі. Дебатымызға әділ төрелігін айтып, қай топ өзінің таңдаған бағытын қаншалықты дәлелді түрде уақыттан аспай қорғағаны жайлы шешім қабылдап, қорытынды шешім қабылдап, қорытынды шешім айтып, бағалайтын әділқазылар мүшесімен таныс болайық!
Мұғалім: Дебатымыздың 1 кезеңі бойынша ортаға шыққан топтарымыздың өзара амандасуы, жеребе арқылы таңдаған позицияларымен танысу. Әр топқа 6 минуттан уақыт беріледі. Мұғалім: Дебатымыздың 2 кезеңі бойынша топтың 2 спикерлерінің 5 минут уақыт ішінде ой-пікірлерін неғұрлым мәдениетті шешендік сөзбен, нақыл сөздермен, нақты дәлелдемелермен, ғұлама адамдардың айтқан пікірлерімен жеткізе білдіруіне аса көңіл бөледі. Уақыттан аспауын қадағалау. Сөз кезегін топ мүшелеріне беруге рұқсат етіңіздер. 3-Кезең <<Шың>> Мұғалім: Қатысушы топтардың 3- спикерлеріне сөз кезегін береміз. Сол биік шыңға өзінің позициясын жетік дәлелдеп, сөз өнеріне асқан шеберлік көрсеткен топ қана шыңға шыға алады. Бар күшімізді 3 кезеңді бастаймыз
Мұғалім: Сонымен құрметті оқушылар, көрермеңдер , әділқазылар алқасы өз позицияларын жақтаудағы ұстанымдарын қорытындылай келе,дебатымыздың қорытынды шешімін шығаруға сөз кезгін әділқазылар алқасына береміз
Ата - бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. <<Үлкенді сыйла>>, <<Сәлем бер, жолын кесіп өтпе>> деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар - ұяты бар адамның бет - бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық <<Иман жүзді кісі>> деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Расыменде қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар Мағжан Мұмабаев жырлағандай<<Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты жігерлі қыз-жігіттер елдің ертеңі ,мемлекеттің тірегі.Бүгін мықты шығармыз,бірақ артыңнан ерген ізбасарларың сенен де мықты болған жөн. Сонда ғана жайнаған туыңның жығылмауына кепілдік бар. Бүгінгі сүрлеудің даңғылға айналуына сенуге болады. Қатысушы топтарды марапаттау,құттықтау.

Ұқсас жұмыстар
Саяси кейстің құрылымы
Дебатқа қатысушы топтар
Оқушыларда бәсекелестік дағдыларын дамытудағы әңгіме-дебаттың ролі
Салауатты ауыл - Саламатты Қазақстан Ауыл мен Қала
Қазақ қызы - қазақтың анасы
Өз қолың жетсе өзіңе,тіліңді қорға қазағым!
Көшбасшы мұғалім
Инновациялық әрекет - шығармашылық бастауы
А.құнанбайұлы. отыз бірінші сөз
Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады
Пәндер