Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Күйік кезіндегі алғашқы көмек

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Пән:____Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім_
Оқытушы_Досмурзаева Гүлжан____________
Мамандық:_____________
Курс:______________________
Топ:_______________________
Күні:______________________
Сабақтың тақырыбы: Үй жағдайындағы жедел көмек. Жүкті және ерте жастағы балаларды патронаждау қызметі. Босанудан кейінгі депрессияның алдын алу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үй жағдайындағы жедел көмек. Жүкті және ерте жастағы балаларды патронаждау қызметі. Босанудан кейінгі депрессияның алдын алу.
Тәрбиелік: болашақ маман тәрбиелеу, дағды икемді науқас күтімінде қолдану.
Дамыту: мамандығына деген сүйіспеншілігін және қызығушылығын арттыру.
Сабақтың уақыты:
Сабақты өткізу орны:
Сабақтың түрі:тәжірибелік.
Сабақтың әдісі: құзіреттіліктерді меңгеру, формативті бағалау.
Пәнішілік байланыс: этика және деонтология.
Пәнаралық байланыс: ішкі аурулар пропедевтикасы, анотомия,хирургия, валеология.
Сабақтың жабдықталуы:
Материалдық : Бақылау сұрақтары, ситуациялық есеп,презентация.
Техникалық-программалық: интерактивті тақта, телевизор, двд.
Оқушы білуі тиіс:
Тыныс жолына бөгде заттың түсуі, мұрыннан қан кету, тұрмыстық күйіктер, тоқ ұру, күн өту кезіндегі негізгі клиникалық белгілер, үй жағдайындағы шұғыл көмек. Жүкті әйелдердің жүктілік кезеңін бақылау, асқынулардың алдын алу. Ерте жастағы баллалардың даму көрсеткіштері, ауытқудың алдын алу, отбасындағы баламен қарым-қатынас дағдылары.Босанудан кейінгі депрессия. Пайда болу себептері, клиникалық көрінісі, алдын алу.
Оқушы істей білуі тиіс:
> Аспирация, тыныс жолына бөгде заттың түсуі кезіндегі жедел көмек;
> Мұрыннан қан кету кезіндегі жедел көмек;
> Тұрмыстық күйіктер кезіндегі жедел көмек;
> Күн өту кезіндегі үй жағдайындағы шұғыл көмек.
> Жүкті әйелдердің жүктілік кезеңін бақылау, асқынулардың алдын алу.
> Ерте жастағы баллалардың даму көрсеткіштері, ауытқудың алдын алу, отбасындағы баламен қарым-қатынас дағдыларын жүргізу.
> Босанудан кейінгі депрессияның алдын алу және жою.
Сабақтың хронокартасы

І Ұйымдастыру кезеңі - 5мин
ІІ Теориялық білімін тексеру - 15 мин
ІІІ Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау - 45 мин
ІV Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық - 5 мин
V Оқушылардың өзіндік жұмысы - 90 мин
VI Сабақты бекіту - 10 мин
VII Қорытындылау - 7 мин
VIІ Үйге тапсырма - 3 мин

Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі-5 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
ІІ Теориялық білімін тексеру - 15 мин

Бақылау сұрақтары
1.Өмірге қауіп туғызатын факторлар - әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады.
2.Күйік кезіндегі алғашқы көмек. Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш.
Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз.
Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз.
Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су беру.
3.Тамырдан қанның тінге және ағза қуысына немесе сыртқы ортаға төгілуі қан кету.
4.Қан кетудің қанша түрі бар: 3 түрі бар: капиллярлық, артериялық, веналық
5.Реанимациялық шаралардың әсері
-Қарашықтың кеңеюі және қарашықтың жарыққа реакциясының болуы;
oo ұйқы артерияларында пульсацияның пайда болуы;
oo артериялық қысымның 60мм сын.бағ.-на дейін жоғарылауы.
6.Кенет пациент жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен тану тамақ ішу кезіндегі тұншығу белгілеріне тән.
7.Артериядан қан кеткенде жгутты жарадан жоғары жгут байлайды.
8.Мұрыннан қан кету кезінде иықтарын алға сәл еңкейту, мұрындарын саусақпен 10 минут қысу, мұрын белдеуіне суық қою.
9.Суға батқан адамға көрсетілетін көмек бетін төмен қарату, басын жамбасынан төмен орналастыру,ауыз қуысын бөгде заттардан тазарту, тіл түбірін басу (құсу рефлексін тыныс алуды стимулдау үшін).Құсу және жөтел рефлексі пайда болған жағдайда тыныс алу жолдарынан және асқазаннан суды шығару.
10.Үсік кезіндегі жедел көмек жылы көрпеге ораңыз.Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз

III Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау-45 мин
Жоспар:

Тұрмыстық күйіктер
Белгілері:
oo І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады.
oo ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады), ауру жанына қатты бата бастайды.
oo ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады.
oo ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан байқалған.
Сенің әрекеттерің:
+ Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру). Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш.
+ Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз.
+ Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз.
+ Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.
+ Есіңде болсын! Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.
+ Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қарал. Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыр.

Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар
Белгілері: зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа жетіспегенін сезінді, көгере бастады. Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Басын алға еңкейту, қысып тұрған киімдерді шешу.
2. Есі бар екендігін сақтай отырып, тізеңізге ішімен жатқызып, науқастың басын еңкейту, екі жауырын ортасынан екі қолыңызбен, науқас сыртқа дем шығарғанда жеңіл басыңыз.
3. Вибрациялық массаж арқылы жасанды жөтел шақыру.
4. Есі бар екендігін сақтай отырып, Геймлих әдісін отырғызып немесе тұрғызып жасаңыз.
5. Егер науқас, ес-түсін жоғалтса, оны арқасына жатқызып, сұқ саусақпен мойын үстінен кеңірдекті терең басып бөгде затты алу.
6. Көмектеспеген жағдайда, науқастың бел тұсына отырып, екі тіземізді еденге тигізіп, эпигастрий аймағын қозғалту бас жағына қарай.
7. Ұйқы артериясынан пульс тексеру, демалысы мен жүрегі тоқтаған жағдайда жүрек-өкпе реанимациясын жасау.
8. Осы іс-әрекеттерді науқастың жағдайы жақсарғанша жасау.
9. Жедел жәрдем шақыру.

Тамақ ішу кезіндегі тұншығу
Белгілері: Зардап шегуші кенет жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен танады.
Сенің әрекетің:
Зардап шегушінің артына тұрып, екі қолыңмен білектеріңді кіндіктен қабырғаға доға бұрышын жасап қой. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады.
Зардап шегушінің ішін өзіңе және жоғары қарай бірнеше рет қатты бас.
Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орында. Егер зардап шегуші естен танса, оны еденге шалқасынан жатқыз, басын шалқайтып "ауызға - ауыз" әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз.
Сонан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңнен алға қарай және шамалы төмен жағынан ішін басуды жалғастыр.
Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап шығу қажет. Өте толық немесе екі қабат әйелдерге әдіс төсінің орта жағында жүргізіледі.
Балаларға 1 жастан 8 жасқа дейін бір қолмен жасалады. 1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңнің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп қағып соққы бер. Сонан соң оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен бас. Нәтиже болмаған жағдайда әдісті қайтала. Әдіс жасау кезінде нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.
Ыстық өту кезіндегі жедел көмек
Айқындалуы: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады.
Іс - әрекет алгоритмі:
1. Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан.
2. Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат;
3. суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой.
4. Аяғын сәл көтеріңкіре.
5. Тар киімнің түймелерін ағыт.
6. Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз).
7. Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.

Мұрыннан қан кеткендегі шұғыл көмек
Жедел көмек
- пациентті отырғызу, иықтарын алға сәл еңкейту;
- мұрындарын саусақпен 10 минут қысу;
- мұрын белдеуіне суық қою;
- ауызын салқын сумен шайдыру;
- егер 10 минуттен соң мұрынның қанауы тоқтамаса, оны тағы 10 минутке қысу;
- мұрынды 10 минут қайта қысқаннан кейін де жалғасатын қан кету медициналық көмекке жедел жүгінуді талап етеді.
Мұрын қанағанда баланың мыналарды істемеуіне тырысу керек:
- қозғалмау;
- сөйлемеу;
- жөтелмеу;
- сіңбірмеу;
- мұрынын шұқымау;
- қанды ішке жұтпау.
Мұрыннан қан кеткенде пациент одан кейін 1-2 сағат ауызымен дем алуы қажет.

IV Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық- 5 мин
Мейіргерлер өздеріне қажетті терминдерді дәптерлеріне жазып,көрсетілген іс-әрекеттерді орындау.
V Оқушылардың өзіндік жұмысы -90 мин
1.Дағдыларды орындауға қажетті заттарды дайындау.
Техника қауіпсіздік ережесін сақтау 10 минут
2.Стандарт бойынша іс-әрекеттерді муляждарда орындау. 60 минут 3.Орындалған іс-әрекет дағдылардың қатесін түзету. 10 минут
4.Тест сұрақтарын құрастыру және талқылау. 10 минут
VI Сабақты бекіту- 10 мин
Оқушылардың білім денгейін кестедегі сұрақтар және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Ситуациялық есеп
Литий цехының жұмысшысы бас ауруға, жүрек айнуғағәлсіздікке, бас ауруға шағымданады.Тері жамылғылары ылғалды, гиперемирленген, дене қызуы жоғары.Ортостатикалық гипертензия және тахикардия байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

1. салқын тию
2. гипертоникалық криз
3. гипотония
4. ритмнің бұзылысы
5. қызыну
Мұзды мойынға, қолтық астына, шап аймағына қою арқылы дене қызуын басу қай патологияда маңызды:

1. салқын тию
2. гипертониялық криз
3. қызыну
4. гипотония
5. ритмнің бұзылысы

VII. Қорытындылау - 7 мин
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
VIІІ. Үйге тапсырма - 3 мин
Тақырыбы: Стигма мен кемсітушіліктің алдын алу. Әртүрлі дамитын балалардың күтімі. Отбасы мен денсаулықтың бұзылуының алдын алу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мейірбикелік дағдылар. Қаныбеков А, Жахметов Е.Г, Ячменев В.М, Қаныбекова А., Алматы , Эверо-2017.
2. Мейірбикелік істің теориялық негіздері. Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық, <<ГЭОТАР-Медиа, Мәскеу.
3. Медбикелердің іс-әрекеттері. Қаныбеков А, Алматы-2016, Эверо.
4. Мейіргер күтімі Раимбаева М.Т, Махамбетова О.А, Тоқташева Ж.А, Эверо-Алматы 2018.
Қосымша әдебиеттер:
Мейірбике манипуляциясы алгоритмдері (стандарттары), Д.А. Даулетбаев, Абабкова М.А, Ердесова Г.Қ. Алматы 20104, Эверо.

Ұқсас жұмыстар
Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Қорғау құралдары
Жарақаттанудың алдын алу. сабақ жоспары
Жара асқынуларынан сақтандыру
Жарақаттың түрлері
Жарақаттық шок белгілері
Үшінші дәреже
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек
Тері аурулары. 8 сынып
Сұрақтар мен тапсырмалар. Сабақтың тақырыбы
Пәндер