Электромагниттік индукция құбылысы

Сабақ жоспары № 42
Сабақ жоспары № 42:

Пәні: физика

Оқытушы: Кенжебекова Ж. Ж.

Сабақ жоспары № 42: Күні:
Сабақ жоспары № 42: Тобы:
Сабақ жоспары № 42: Сабақ тақырыбы
Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы.
Сабақ жоспары № 42: Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
электрмагниттік құрылғылардың жұмыс істеу принципін талдау (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) ;
Сабақ жоспары № 42: Сабақ мақсаттары
Электромагниттік құрылғыларды атап, олардың жұмыс істеу принципін талдайды;
Сабақ жоспары № 42: Бағалау критерийлері
Магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері арқылы ашады; Электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіреді; Зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттейді
Сабақ жоспары № 42: Тілдік мақсаттар
электромагниттік реле, генератор, трансформатор, элетромагниттік индукция құбылысы
Сабақ жоспары № 42: Пән аралық байланыстар
География, геометрия, технология.
Сабақ жоспары № 42: АКТ қолдану дағдылары
слайдтар
Сабақ жоспары № 42: Бастапқы білім
магнит, тұрақты магниттер, компос, жердің магнит өрісі, ток, магниттің негізгі қасиеттері.
Сабақ жоспары № 42: Сабақ барысы
Сабақ жоспары № 42: Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақ жоспары № 42:

Сабақтың басы

15мин

Сабақтың ортасы

25мин

Оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын (оқу-құралдарының толық болуын) тексеру. Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу. Сабағымыздың бағытын, топ ережелерін қабылдау .

Үй тапсырмасын тексеру:

1. немесе магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым) 2. Магнит тілшенің полюсі бар. (екі)

3. Электр өрісінің өзіне тән қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше)

4. Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын немесе деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік)

5. деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі)

6. Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш деп аталады. (магниттік күштер)

Жаңа материалды зерделеу Электромагниттік индукция дегеніміз тұйық жүйедегі магниттік толқынның өзгеруі нәтижесінен, сол тұйық жүйеде электр тоғынын пайда болуы. Электромагниттік индукция 1831 жылы 29 тамызда Майкл Фарадеймен ашылған, оның зерттеулері бойынша тұйық жүйедегі магнитті толқынның өзгеру жылдамдығы, осы жүйеде пайда болған электр қозғаушы күшке тура пропорционал екенін ашты. Электрқозғаушы күш арқылы пайда болған электр тоғы индукциялық тоқ болып аталады.

Эрстед ашқан өткiзгiштегi токтыңмагниттiк қасиеттерiнен кейiн ғалымдардың көпшiлiгi, мысалы, Ампер, Фарадей және т. б. осы құбылысты терең де жан-жақты зерттеулерiн бастады. Әлемдегi көптеген құбылыстардың симметриялы болып келуi, айталық оң мен сол, оң және терiс заряд, солтүстiк пен оңтүстiк магнит полюстерi және т. б. ғалымдарға тура жол сiлтегендей болды. Ғалымдар егер өткiзгiштегi электр тогы төңiрегiндегi кеңiстiкте магнит өрiсiн тудыратын болса, онда магнит өрiсi де өз кезегiнде өткiзгiште электр тогын тудыруы тиiс деген сенiмде болды. Эрстед ашқан жаңалықтан 12 жыл өткеннен кейiн М. Фарадей адамзат қоғамының бұдан әрi дамуының өзегiне айналған электромагниттiк индукция құбылысын ашты. Максвелл Фарадейдiң ашқан жаңалығын математикалық теңдеулерге айналдырып, бiрiккен өрiс теориясын, яғни электромагниттiк өрiс теориясын жасады да, ал оған iле-шала дерлiк немiс ғалымы Г. Герц Максвеллдiң электромагниттiк толқындар жайлы гипотезасын тәжiрибе жүзiнде дәлелдеп, электромагниттiк толқын дарды алды. Ленц ережесi: I индукциялық ток магнит өрiсi индукциясының ағынын туды рады, ал оның ΔФ i өзгерiсi сыртқы

магнит өрiсi индукциясы ағынының ΔФ өзгерiсiне кедергi жасайды, демек, Δф i және ΔФ бағыттары қарама-қарсы, яғни электро магниттiк индукция өрнегiндегi пропорционалдық коэффициент

k = -1, ендеше, E i = - ΔΦ/ Δ t . 1. Индукциясы 0, 2 Тл - ге тең магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға қандай күш әсер етеді? (q п = 1, 6*10 -19 Кл)

2) Көлденең қимасының ауданы 60 см 2 -ге тең контурының ішіндегі магнит ағыны 0, 3 мВб -ге тең. Контур ішіндегі өріс индукциясын тап.

3) Егер өріс индукциясы 0, 4 Тл болған жағдайда ауданы 50 см жазық бет: а) өріс индукциясының векторына перпендикуляр болса; ә) индукция векторымен 45 0 бұрыш жасай орналасқан болса; б) индукция векторымен 30 0 бұрыш жасай орналасқан болса, онда бұл бетті қандай магнит өрісі жарып өте алады?

4) Егер өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 0, 1м болса, ток күші 50А болғанда өткізгішке индукциясы 10мТл магнит өрісі қандай күшпен әсер етеді? Өрістің индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр.

5) Ұзындығы 20 см және массасы 4г горизонталь орналасқан өткізгіш бойымен 10А ток өтіп жатыр. Ауырлық күші Ампер күшімен теңгерілетіндей етіп өткізгішті орналастыратын магнит өрісінің индукциясын табыңдар.

6) Актив бөлігінің ұзындығы 8 см өткізгіштегі ток күші 50 А-ге тең. Ол индукциясы 20 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш индукция сызықтарына перпендекуляр 10 см-ге орын ауыстырса, осындағы істелген жұмысты табыңдар.

Б


Ұқсас жұмыстар
Электромагниттік индукция заңы. ленц ережесі
Физика сабағында оқытудың техникалық құралдарды пайдалану
Жарықтың қасиеттері
Генераторлар. трансформаторлар. 8-сынып
Жарық энергиясы
10-11 сыныптарға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Жарықтың қасиеттері туралы
Радиобайланыс принциптері
Құзырлық тапсырма-білім алушының дағдысын қалыптастырудың негізі
§ 2.10. Трансформатор
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz