Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұқағали ақын

Әдеби- сазды кеш
МАҚСАТЫ:
Оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру;
М. Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту, сезіндіру;

Әдеби кештің өтілу барысы

Кітапханашы Гүлшара апай:
Армысыздар ардақты ата - аналар, ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! Бүгін біз ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жас толуына байланысты ұйымдстырылып отырған кешке қош келдіңіздер! Мұқағали Мақатаев бүгінде бар қазаққа мәшхүр болған есім. Мұқағали есімі қазақ поэзиясын символы іспеттес. Оның аты жүрегіңде шексіз даланың, адам аспайтын ұлы Хан Тәңірі мен Алатау тауын, ұшар басында жазғы күннің салқын лебі жасынып жататын жуан ағаштар мен табиғаттың шексіздігін, қазақ жерінің сұлулығын суреттейді.

1-жүргізуші:
Ақын тойы - бәріміздің тойымыз, өзін қазақпын деп санайтын бүкіл халық тойы.
Бүгін менің туған күнім, ой, бәле-ай,
Мына халқым неге жатыр тойламай?!
Бір той жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! - деп ақын сөзімен айта келе,
<<Ақынның сөзі жүректе>> атты поэзиялық кешімізді ақын М.Мақатаевтың есімін ардақтауға арнаймыз!

Хор <<Сарыжайлау>> әні. Әні композитор Нұрғиса Тілендиев, сөзі: Мұқағали Мақатаев

1-Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, -

2-жүргізуші:
<<Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.>>
Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған <<Менің анкетам>> өлеңін тыңдап көрелік.

1-Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали ақын ортамызда болғанда <<Арыз жазып кетейін>> өлеңін жырлар еді.
Мәдина : <<Арыз жазып кетейін>> өлеңі

<<Сәби болғым келеді>> әні қыз балалардың орындауында.
Әні Тұрсынғазы Рахимов. Сөзі: Мұқағали Мақатаев

2-Жүргізуші:
Ендігі кезекте Мұқағали поэзиясына саяхатқа шықсақ. <<Естеліктер>> аялдамасы

1-Жүргізуші: <<Жазылар естеліктер мен туралы...>> деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары кемде-кем. Сол естеліктердің бірнешеуіне көз жүгіртсек...

2-Жүргізуші: : Алаш барда аты өшпейтін, ұлтымыз ұлықтайтын, туындылары шаң басып архивтерде жатпайтын тұлға - Мұқағали Мақатаев. Ақын шығармаларының ішіндегі зау биікте әуелеп тұратын әндерінің бірі - <<Есіңе мені алғайсың>>. Ең қызығы осы <<Есіңе мені алғайсың>> өлеңіне қаншама ән жазылыпты. Соның класикалық нұсқасы ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтікі. Мұқағали Мақатаев пен Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық одағынан отыз шақы ән туған. 1975 жылы ақын композитордың үйінде бір ай жатып талай туындының түндігін түрген. <<Дариға-ай, домбырамды берші маған>> өлеңін Мұқағали сонда жазған. Ал, <<Есіңе мені алғайсың>> әні ақын мен композитордың ең соңғы әні...

1-Жүргізуші: Мұқағалидың сөзіне жазылған жалпы 86 ән бар. Сол 86 әннің ішінде халықтың жүрегін жаулағаны санаулы. Сол санаулы зау биікте әуелеп тұратын әндердінің бірі - <<Есіңе мені алғайсың>>. Бүгінде Мұқағали Мақатаев та, Мәдина Ералиева да, осы ән де аңызға айналды.

Габитова Альбинаның орындауында <<Есіңе мені алғайсың>> әні .
Әні композитор Нұрғиса Тілендиев, сөзі: Мұқағали Мақатаев

Ақын туралы естеліктер.
Темірәлі:
1. <<Өлең өлмейді.Оны жазған адамда өлмейді.Олай болса Мұқағали да өлген жоқ.Қасымызда,ол қыранша дүр сілкініп,бүкіл залды өзі толтырып,жазық маңдайы жарқырап жыр оқып тұр>>
Әбділда Тәжібаев

2. <<Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық>> Фариза Оңғарсынова

3. <<Мұқағали мөлдірліктен ,тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын>> Лашын Әзімжанова

Азат: Әлі есімде, 1950 жылдың бас кезі. Мұқағали екеуміз Қазақ радиосында бірге жұмыс істедік. Мен - әншімін, ол - диктор. Біз секілді студенттер үшін бұл деген - үлкен олжа. Менің байқағаным, ол қашанда кеудесін тік ұстайтын. Көңіліне кір жасырмайды. Кімнің алдын да болса да пікірін ашық, әрі нық айтады. Бірақ шуағы мол. Әдемі қалжыңдайды. Тектілігі көріні птұрады. 12 Әйтеуір өзіме деген сый-құрметінен басқа бөгде қылығын көрген емеспін. Талантты, өнерді өте жоғары бағалайтын.
БибігүлТөлегенова
Алима :
Мұқағали - қазақ поэзиясының ұзақ сағынып көрген асыл перзенттерінің бірі. Ол - шын мәніндегі ұлттық құбылыс... Ол халық болмысы мен біте қайнасып кеткен ұлы тұлға. Ұлы құбылыс. Ұлы ақын. Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді. Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірг емәңгі өмір сүреді.
Әбіш Кекілбаев
Жаннұр :
Мұқағали Мақатаев - біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, еш бір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.
Әбділдә Тәжібаев

2-Жүргізуші: <<Отаным - отбасым>> аялдамасы
Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент. Қазақ халқын талантымен баурап алған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Қарасаздың сұлулығы Мұқағалидың ақындық талантының қайнар көзі болды.
Ақынның азан шақырып қойған аты - Мұхамметқали. Бірақ ата-анасы Пайғамбардың есімімен жүру ауыр тиеді деген ниетпен бала күнінен Мұқағали деп еркелетіп кеткен.

Алихан: "Ақынның әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа адамы болған. Мұқағали үйінің тұңғышы. Ақынның балалық шағы қызықты өткенін Қарасазға арналған <<Туған жер>> өлеңінде армансыз өткен балалық шағын еске алып, өткен күнге саяхат жасағанынан аңғарсақ болады. Мұқағали балалық шағының бүкіл әлемін сүйді және сол күндерді қатты сағынды. Және оның поэзиясының көптеген суреттерін тудырған дәл сол балалық шақтағы естеліктер болды. Бірақ соғыс Мұқағалидың өміріндегі барлық нәрсені өзгертті. Әкесі соғысқа кеткенде, ол 10 жаста еді. Ал өмірдің барлық ауыртпалығы балалық шағымен қоштасқысы келмеген жасөспірімнің иығына түседі. Жауынгер ұрпақтың барлық ұлдары сияқты, әйел мен балалар ғана қалған үйде ер адам ретінде қалғанын түсініп, ерте ер жетті.
Мұқағалидің әкесі майданда қайтыс болды. Сол уақыттан бері ол жай ғана сөніп, жоқ болып кетуге құқығы жоқ екенін түсінді. Өкінішке қарай, қарындасы мен інісі дүниеден ерте кеткен.
Бауыржан: Ақынның анасының естеліктеріне сүйенсек, Мұқағалидің әдебиетке деген қызығушылығы 14 жасынан басталған. Ал өлең жазуға жары Лашынға деген махаббаты себеп болды. Ол сыртқы әлемнен және кітаптардан шабыттанды. Мұқағали Абай, Әуезов, Сейфуллин, Мүсіреповты оқыды. Орыс тілін өз еркімен өте жақсы меңгерген ол орыс әдебиетін, әсіресе Пушкин, Есенин, Блоктың поэзиясын оқыды. Шетелдік әдебиеттерден Гейн, Гёте, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендаль шығармаларына қызығушылық танытты. Бірақ бәрінен де Бальзак, Лондон және Шекспирді жақсы көрді. Мұқағали жазған естеліктерінің бірінде: <<Иә, мен әдебиетті жақсы көремін. Мен үшін одан биік ештеңе жоқ>> деп әдебиетті сүйетінін мойындаған болатын. Мақатаев махаббат пен достық, поэзия және табиғат туралы жырлады. Бірақ оның шығармалығында ерекше орынды
Ғанибет: Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. М.Мақатаев 10 жасқа келгенде сұм соғыс басталып, 32-нің ашаршылығы мен 37-нің нәбетінен халық есін енді жия бастағанда, қайтадан қара жамылды. Ақынның балалық шағының нағыз қызық сәті ойын-күлкісіз өтеді. Ер-азаматтардың орнын жұтатпай, бұғанасы бекіместен колхоздың жұмысына араласады. Мектеп оқушысы Мұқағалидің алғашқы өлеңі де сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған. Үш ай бойы хабарсыз кеткен әкесін ойлап, жабырқап жүрген Мұқағали бір күні сабақтан келісімен дәптерін аша салып, әжесі мен шешесіне сол өлеңін оқып береді.

1. Ана сен бақыттысың! - Тимур
2. Бақыт деген... (мәнерлеп оқиды) Айкөркем

<<Жылатады, жұбатады - Өмір>> аялдамасы

1-Жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия - мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.

1. Не сыйлайды, не береді келер күн?!. - Альбина
2. Ей өмір - Гүлім

2-Жүргізуші: <<Ғашықтың тілі - тілсіз тіл>> АЯЛДАМАСЫ

Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі - бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.

О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? - деп жырлаған Мұқағали ақын.
Ендеше, ақынның махаббат тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз. Ақын шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- <<Аққулар ұйықтағанда>>. Бұл поэма 1973 жылы <<Жалын>> жинағында жарияланды.

Ғашықпын!>>- Төлепберген Нұрсұлтан мәнерлеп оқу.

<<Махаббат диалогы>> аудио тыңдалады.

<<Табиғат>> аялдамасы
2-Жүргізуші:
Мұқағали-біздің заманымыздың ғажайып ақындарының бірі. Ақынның өзі <<Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын,құлағыма сыбырлағандай болады,соны қайталап жазамын деген.

Мұқағали- өмір жырын жырлаған,
Жүрегінің тек айтқанын тыңдаған.
Өлеңдері құдірет қой,құдірет,
Сүймейтұғын табыла ма бір адам?!

Ақынның <<Аманат>> жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар. Соның бірнешеуі табиғат лирикасы жайлы.
Қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы табиғат туралы өлеңдеріне кезек берейік.

Сап-сары жапырактар - Асылай
Жапырақ жүрек жас қайың! - Ершат Айкөркем

Ән <<Мен деп ойла. Әні: Толеген Мухамеджанов сөзі. Мұкағали Макатаев

1 жүргізуші.

Мол мұраңды қалдырудан тынбадың,
Дәлелдедің алашыңда ұл барын.
Талабымның жеткенінше ағайын,
Сол ұлыңды күйге салып жырладым-

2 жүргізуші:

Жүзімізде өзіңе тән шат барлық,
Ақтарылды шумақтала ақ сандық.
Артыңда қалған сенің ұрпағың ,
Есіміңді ардақтайды мақтан ғып,-дей келе, бүгінгі <<Ақынның сөзі жүректе>> атты Мұқағали Мақатаев поэзиясына арналған әдеби-танымдық кешіміз аяқталды.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы- мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.

Ә Жангелдин атындағы орта мектеп

Әдеби сазды кеш
Тақырыбы:
<<Ақынның сөзі жүректе>>

Өткізген: Айткалиева Д
Сыныбы: 9"б"

Атырау қаласы
2019-2020 оқу жылы

Мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына
9 б сынып жетекшісі Д. Айткалиевадан
Анықтама
2021-2022 оқу жылының 9 ақпанда 9 б сынып оқушыларына <<Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жас толуына байланысты мектеп ктапханашасы Ихуанова Гүлшара апаймен бірлескен <<Ақынның сөзі жүректе>> атты тақырыбында әдеби сазды кеш түрінде өтілді.
Тәрбие сағатының мақсаты - оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, М. Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту, сезіндіру болды.
Сол мақсатқа жету үшін балалар ақиық ақынның шығарған өлеңдерін саз ырғағымен мәнерлеп оқыды, шығармаларымен танысты. Кеш қонақтары: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрланова Саулеш апай мен мектеп инспекторына ақынның өмірбаянын таныстырды. Ақынның сөзіне жазылған <<Сарыжайлау>>, <<Есіңе мені алғайсың>>, <<Сәби болғым келеді>>, <<Мен деп ойла>> әндерді әуенмен тамаша айтты. Осы аталған іс-шаралардың барлығы орындалып, нәтижесінде Мұғағали атамыздың шығармашылығымен, жүрекке жылы жеткен өлеңдерімен балалардың дүниетанымы, білімі нығая түсті деп сеніммен айтуға болады.

<<Ақынның сөзі жүректе>> атты тақырыбында әдеби сазды кеш сағатынан көріністер

Ұқсас жұмыстар
"мұқағалитану" арнаулы курс. 7 класс
Өзіңсің поэзия пайғамбары
Мұқағали өлеңдерінің құдіреттілігін таныту
Жырлайды жүрек атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кеші
Мұқағалиды аңсау
Күнделіктерінің беттерінен шолу
Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі
Анаға мінездеме
Поэзия, менімен егіз бе едің? ... ( 9 сыныбында өткен поэзия кеші)
Мұқағали поэзиясы
Пәндер