Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Анамыздың жүрегі

<<Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі>> МКҚК

Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
(сценарий)

Мектебі: Н. Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп
Сыныбы: 4 <<В>>
Өткізілетін күні: 04.03.2021 жыл
Машықкер: Мереева Г. Жумабекова А.
Әдіскер:
Баға:
<<Бекітемін>>
<<___>> ______ 2022жыл

Ақтау2022

Тақырыбы: <<Асылым, анашым!!!>>
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер , бейнефильмдер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Білімділік: Оқушылардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін -- өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Ананы құметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд, сүреттер.
Барысы:
Малика:
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті ұстаздар!
Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, оқушылар.
Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше бүгінгі 8 наурыз мерекесі құтты болсын. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.
Ерсұлтан:
Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы - Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тәрбиеленіп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама.
Қадірлі аналар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8 ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған <<Асылым, анашым!>> атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер.Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме , анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп _________________________________________________береміз.

Малика:
Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі <<Асылым, Анашым!>> атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Ерсұлтан:
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім? (Балалар: Ана,ана,ана)
Малика:
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Ендеше, ана туралы кім көп мақал-мәтел біледі, жарысып көрейікші

Ағайын -- алтау,
Ана -- біреу.

Атадан -- өсиет,
Анадан -- қасиет.

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Анасыз өмір, сөнген көмір

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Ерсұлтан:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар.
Асма: Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар. Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз.
Айбол: Құрметті аналар, апалар, әжелер. Сіздерді бүгінгі келіп жеткен мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Шаттық пен қуаныш, бақыт пен береке, ең бастысы әйелдік бақытын тілейміз.

Назерке:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашан біз ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Таңшолпан:
Әжем менің алтын ғой,
Тұнып тұрған асыл ғой.
Әжемді жақсы коремін
Айтқанына көнемін
Абдкарим:
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
Эльмира:
Сен жалықпай жетектеп;
Мен арманға жетермін
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін
Бекарыс:
Ақ сүт беріп аялаған
Менен бәрін аямаған
Жанашырым саялаған
Ол менің-аяулы анам
Бекболат:
Баланың да тірегі
Даланың да тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі

Малика:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Әке асқар тау, ана бұлақ, бала жағасындағы құрақ демекші алдарыңызда 4сынып оқушыларының орындауында <<Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды>> әнін қабыл алыңыздар.
Ерсұлтан:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер -- Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер -- өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер -- ана, сіздер -- жар, сіздер -- қыздар,
Сіздер -- жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. АНА - нұр, өмір сыйлаушы, дана. данышпан, кемеңгер, ұстаз, күн, тәрбиеші т. б.
- АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!

Барлығы хормен: Мерекелеріңіз құтты болсын!!!

Ұқсас жұмыстар
Ана тілі - білімнің кілті
Әнімді анама арнаймын
Аналарға – мың алғыс!
Аулақ бол, жаман әдеттен
"жігіттер аруларды құттықтайды" атты тәрбие сағаты, 6 сынып
Бастауышпен қоштасу кеші
Ана тілім-дана тілім
Тілім - менің тірегім
ХОР ұстазым
Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік тірегі
Пәндер