3-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Наурыз мерекесінің тарихы, салт-дәстүрлері және ұлттық тағамдары

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Тәрбие сағатынан сабақ жоспары

Тақырыбы : «Наурызым-мерекем,

Наурызым-берекем».

Дайындаған:

2021-2022 оқу жылы

Жамбыл облысы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға

арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаты

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Описание: C:\Users\Acer\Desktop\Эмблема.png

\

Тақырып: Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем.

Сынып: 3«Ә»

Пәні: Тәрбие сағаты

2022 жыл

Сабақ тақырыбы: «Наурызым-мерекем», Наурызым-берекем».

Сабақ мақсаты:

1) Наурыз мерекесі туралы жалпы мағлұмат беру.

2) Қазақтың салт-дәстүрімен және ұлттық тағамдарымен таныстыру.

3) Сабақ барысында ойын қолдану арқылы, білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас.

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап арқылы, ауызша сөйлеу, ізденушілік.

Көрнекі-құралдар: суреттер, түрлі түсті қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме:

Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі - Наурыз.

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап) . Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген осы. 22 наурызда күн мен түн теңеледi.

Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.

Қыдыр ата қай мезгіл, қай кезде келеді?

Қыдыр ата келер алдында біз не дайындаймыз?

Ал соны бізге балалар толығырақ түсіндіріп өтсін.

  1. 1-оқушы:Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3-оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4-оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Дәл осы кезде төмендегі видеоны компьютерге қою керек: https://youtu. be/HRf-CligBKs

Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

Тамашалаймыз!

210 211 212

3. Жаттау, екі оқушы.

4. Қазақтың салт-дәстүрлеріне тоқталып кету.

Наурыз мейрамында қандай ұлттық тағам жасалынады?

Дұрыс айтасыңдар, Наурыз мерекесінде міндетті түрде, Наурыз көжесі жасалады

- Наурыз көже неше тағамнан дайындалады?

- Наурыз көжесі жеті тағамнан дайындалады

- құрамына кіретін жеті тағам түрін атаймыз

- ет; су; тұз; күріш; тары; кеспе; айран.

213

Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi.

Ал балалар, біз қазір «Наурыз көже пісіру» ойынын ойнаймыз

Ойын тәртібімен таныстыру

а) Қазан суретін іліп қою

ә) жеті тағамның суреті салынған қағаздарды таратып беру


Ұқсас жұмыстар
Наурыз мерекесінің салт-дәстүрлері мен тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: Наурыз - ұлттық мерекенің тарихы, салт-дәстүрлері және дастархан мәдениеті
Наурыз мерекесінің тарихы, салт-дәстүрлері және тәрбиелік маңызы
Бастауыш сыныпқа арналған Наурыз мерекесінің ұлттық дәстүрлері бойынша тәрбие сағаты
Наурыз мейрамының тарихы, салт-дәстүрлері және тәрбиелік маңызы
7-сыныпқа арналған Наурыз тәрбие сағаты: ұлттық салт-дәстүрлер мен тәрбиелік мақсаттар
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты: салт-дәстүр, өнер және ұлттық тағамдар
Наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты: ұлттық салт-дәстүрлер мен тәрбиелік шаралар
Тәрбие сағаттарының жоспары: Наурыз мерекесі, қайырымдылық және ата салт-дәстүрлері
Наурыз мейрамы: тарихы, салт-дәстүрлері және тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz