Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Банк жуйесі
|Сабақтың өтілу |08.12.2012жыл, 1-күн, 4-сабақ, 10:35 мин Семинар сабақ |
|мерзімі | |
|Сыныбы | 8 «а» сыныбы |
|Пәні |Экономика |
|Сабақтың тақырыбы |Банк жүйесі |
|Сабақтың |Банк дегеніміз не?Банк түрлерімен, банк қызметтерімен, банк |
|мақсаты |жүйесімен таныстыру; |
| |сабақ тақырыбын толық аша отырып оқушыларға жеткізу; оқытудағы |
| |жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып экономика пәніне деген |
| |қызығушылықтарын, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін |
| |арттыру; |
| |СТО модулін қолдана отырып, әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы |
| |талантты және дарынды оқушыларды анықтау; |
| |Өз ойларын толық, нақты жеткізуге үйрету; |
| |Экономиканың дамуына өз үлестерін қосуға, ақшаны үнемді жұмсауға,|
| |сабақ барысында уақытты ұтымды пайдалануға үйрету; |
| |Топтық жұмыс барысында бір-бірін сыйлауға, өзгенің пікірін тыңдай|
| |білуге, сыйлай білуге және топпен жұмыс жасай білуге |
| |дағдыландыру; |
|Сілтеме |Экономика негіздері 8-сынып,Бизнес бастамасы оқулығы; |
| |Әлемдік экономика 7-сынып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» |
| |экономика негіздері оқулығы; |
| |Интернеттен алынған банк тақырыбы (google) |
| |Сабаққа қажетті материалдар (кеспеқағаз, маркерлер т.б) |
| |Банк жүйесі бейнематериалы (www.fingramota.kz) |
|Оқыту нәтижесі |Банк туралы толық мағлұмат алады; |
| |Банк түрлерімен танысады; |
| |Банктердің атқаратын қызметтері туралы ақпарат алады; |
| |Банктік термин сөздердің мағынасын талдай отырып ақпарат алу; |
| |Банк саласындағы мамандықтар туралы біледі; |
|Негізгі идеялар |Банк, депозит, несие, валюта, ипотека туралы түсініктерді ашу, |
| |термин сөздікпен жұмыс жасау; |
|Тапсырмалар |1-тапсырма. Банк сөзінің мағынасын ашу (постермен жұмыс) |
| |2-тапсырма. Банк жүйесін талдау; |
| |3-тапсырма. «Кім жүйрік?» тапсырмасын орындау; |
| |4-тапсырма. Банк қызметтері тақырыбына көрініс қою; |
| |5-тапсырма. Экономикалық сөздермен жұмыс; |
|Міндеттері |АҚТ-ны пайдалана отырып интертақтамен жұмыс жасау; |
| |СТО әдісін қолдана отырып оқушылардың белсенділігі мен |
| |қызығушылықтарын арттыру; |
|Кейінгі | |
|тапсырмалар | |
|Кері |Өзін-өзі бағалау; |
|байланыс | |
|Бағалау |Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ; |
| |Топтық бағалау; |
| |Бірін-бірі бағалау; |
| |Білім ағашымен өз-өздерін бағалау; |
| |«Мен бүгін не білдім?» парақшасын толтыру; |
| Сабақтың барысы |
| І. Ұйымдастыру. (5 мин) |
|Сыныппен амандасу, сынып тазалығын қадағалау, оқушыларды түгендеу.Оқушы- ларды топқа|
|бөліп алып (топқа бөлу үшін арнайы қиылған суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу). |
|Топ ережесімен таныстыру. |
|Топ ережесі: |
|1.Мұғалімге бағыну; |
|2.Уақытты ұтымды пайдалану; |
|3.Сыйластық; |
|4.Марапаттау; |
|ІІ. Жаңа сабақ |
|1.Жаңа сабақ тақырыбын ашу (2 мин) |
|Сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешу. |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|1.Тауарлар мен қызмет көрсетулердің құнын білдіретін көрсеткіш |
|2.Тауарларды сатып алуда қолданылатын балама |
|3.Рынок сөзінің синонимі |
|4.Қарызға ақша алу |
|Сөзжұмбақ шешілгесін, жаңа сабақтың «Банк жүйесі» тақырыбын жазу. |
| |
|2.Банк дегеніміз не? (постермен жұмыс 8 мин) |
|Банк туралы оқушылардың ойларын білу мақсатында, постермен жұмыс жасату. Әр топ өз |
|ойларын, идеяларын, банк туралы барлық білетіндерін постер бетіне суреттеп салу. |
|Тапсырманы берілген уақыт ішінде орындау.Тапсырма орындалғасын әр топ өз жұмыстарын |
|қорғайды. |
|1топ несие, 2топ депозит, 3топ валюта айырбастау, 4топ ипотека, 5топ әртүрлі |
|төлемдер қабылдау. Осы аталған банк қызметтері туралы жұмыстарын қорғайды. |
| |
|3.Банктің пайда болуы (3 мин) |
|Ертеде ақша операциялары үстелдің үстінде жасалған. Италян тілінде “banco” үстел |
|сөзі. Банкирлер өз үстелдерімен нарыққа шығып, ақшаларды айырбастаған. |
|Банкирлерді ежелгі Грецияда “трапезиттер” мен Рим империясында “менсарийлер” деп |
|атаған. |
|“Банк”атауы“банка” атауымен байланысты. Адамдар банк жоқ кезде ақшаларын банкаға |
|салып жинаған. Банктің шығуы сауда-саттықты өркендетті. Банкир мен клиент арасында|
|алғашқы сөз “Ақшаны үстелдің үстіне қой” деп басталған. |
|Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейіннен Германия мен |
|Нидер-ландының сауда орталықтарында пайда болды.Банк ісінің ілгері дамуына , |
|1712-1720 жылдары Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Оның шығарған |
|банкноттары (қағаз ақша) айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. |
|ХХғ. басында Англия мен Германияда ірі банктер жұмыс жасай бастады. Банк жұмысы |
|дамыған сайын өркендеп, экономиканың дамуына үлестерін қосты. |
|Кеңес Үкіметі кезеңінде Қазақстанның өзінің банк жүйесі болған жоқ.Ол кездері елде |
|Кеңес Үкіметінің орталықтандырылған банктері қызмет етті.Қазақстанның банк жүйесі |
|1995жылдан бастап құрылды. |
| |
|3.Сергіту сәтін жасау (2 мин) |
| |
|4.Қазақстанның банк жүйесі (2 мин) |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бірқатар міндеттерді орындау керек болды. |
|Солардың ішінде ең маңыздысы болып, дербес банк жүйесін құру болды. ҚР Прези- |
|дентінің «Қазақстан Ұлттық Банкі» туралы заң күші бар жарлығы белгіленді. |
|Ұлттық Банк жоғары деңгейдегі банк, ал қалған банктер екінші деңгейге жатады. |
|ҚҰБ қызметтері: |
|-ұлттық валюта теңгені шығарады; |
|-шетелдік банктермен қарым-қатынас орнатады; |
|-елдің атынан уәкілдік етеді; |
|-банк ашуға, таратуға және жабуға рұқсат береді; |
|-екінші деңгейдегі банктердің жұмысын қадағалап, бақылау жасап отырады; |
|Коммерциялық банктер қызметтері: |
|-несиеге ақша береді; |
|-депозитке ақша қабылдайды; |
|-халыққа ақша береді; |
|-шетел валютасын сатады, сатып алады және айырбастайды; |
|-ақша аударымдарын жүргізеді; |
| |
|5.Ойлан тап? (3 мин) |
|1) «Банк» сөзіне экономикалық талдау, яғни берілген әріптерден басталатын |
|экономикалық термин сөздер жазу. |
|Б-баға,банк,бюджет,биржа,бизнес,бәсеке,баланс |
|А-ақша,айырбас,алтын,акция,акционерлік қоғам,адам, |
|Н-нарық,несие,нумизматика,нарықтық экономика |
|К-кредит,кәсіпкер,кеден,кәсіпорын,квота,компания |
|2) Әр топ банк атауларын көп біледі? Тапсырманы берілген уақыт ішінде тез орындау. |
| |
|ІІІ. Қорытындылау |
|Сабақты қорытындылау барысында интернеттен алынған банк туралы бейнероликті көрсете |
|отырып, білімдерін жетілдіру. (3 мин) |
| |
|Өтілген сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын орындату. (2 мин) |
|1.«Банк» сөзі италян тілінде қандай мағынаны білдіреді? |
|А) ақша |
|Ә) үстел |
|Б) несие |
|В) орындық |
|2. 1712-1720 жылдары қай елде Джона Ло банкі жұмыс жасай бастады? |
|А) Италия |
|Ә) Германия |
|Б) Қазақстан |
|В) Франция |
|3.Қазақстан банк жүйесінің екінші деңгейіне жататын банктер— |
|А) коммерциялық банктер |
|Ә) Ұлттық банк |
|Б) Казкоммерц банк |
|В) Халық банкі |
|4. «Қазақстан Ұлттық банкі» туралы жарлық қашан қабылданды? |
|А) 30тамыз 1995ж |
|Ә) 30наурыз 1995ж |
|Б) 30наурыз 1993ж |
|В) 30тамыз 1993ж |
|5. Бір елдің айналымдағы ақшасы- |
|А) валюта |
|Ә) теңге |
|Б) ақша |
|В) доллар |
|6. Белгілі шарттармен қарызға ақша алу? |
|А) несие |
|Ә) салым |
|Б) борыш |
|В) парыз |
|7. Еліміздегі жоғарғы деңгейдегі банк? |
|А) коммерциялық банк |
|Ә) Ұлттық банк |
|Б) Халық банк |
|В) барлық жауап дұрыс |
|8. Ұлттық банктің атқармайтын қызметі- |
|А) несиеге ақша береді |
|Ә) теңге шығарады |
|Б) екінші деңгейдегі банктер жұмысын қадағалайды |
|В) шетелдермен қарым-қатынас орнатады |
|9. Банкирлерді ежелгі Грецияда қалай атаған? |
|А) банкирлер |
|Ә) менсарийлер |
|Б) трапезиттер |
|В) қарызға ақша беруші |
|10. Банк атауы қай атаумен байланысты болып келеді? |
|А) ақша |
|Ә) банка |
|Б) қарыз |
|В) банкир |
|ІҮ. Бағалау |
|Оқытуды және оқуды бағалау ( 5 мин) |
|Әр топ тапсырма кезеңдері бойынша бір-бірін бағалайды және әр оқушы өз білімдерін |
|«білім ағашы» бойынша бағалайды. Оқушылардың және өзімнің қойған бағаларымды қорыта |
|отырып, жиынтық баға қою. |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
-----------------------
Б
Б А ғ А
А қ Ш А
Н А Р Ы
К Р Е Д
А
Н
қ
К
И Т
Қазақстан Ұлттық Банкі
Қазақстанның
Банк жүйесі
Коммерциялық банктер
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz