Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың ресурсы

Сабақтың тақырыбы: Адам баласының ең жаманы- талапсыз
Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиеті пәнінде төрт дағды бойынша жаңа
әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттыру;
Жас мамандардың тәжірибе алмасуына жол ашу.
Сабақтың түрі: Семинар-тренинг
Сабақтың ресурсы: АКТ, плакаттар, үлестірмелі кеспелер,
бейнероликтер, қоржын,
Сабақта қолданылатын әдістер: <<Сын тұрғысынан ойлау>> стратегиясы,
<<Құпия қоржын>> әдісі, <<Тұлғаның есімін ата>> әдісі,
<<Санадағы кинофильм>> әдісі, <<Аялы алақан>>
стратегиясы, <<Рафт>> әдісі, <<Жіңішке және жалпақ
сұрақтар>> әдісі, <<Венн диаграммасы>>, <<сенің ойың
қандай?>> әдісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
<<Сенің ойың қандай?>> әдісі бойынша бүгінгі тақырыпқа болжам жасату. Болжам нәтижесі бойынша топқа біріктіру. Топ ережесін жасатып, топ басшысын сайлау.
Кіріспе сөз : Қазақстандық профессор әрі әдебиетші Жанғара Дәдебаев айтқандай: <<Еуропаның Гетесі, орыстың Пушкині, қырғыздың Тоқтағұлы мен өзбектің Науаиі секілді әр ұлттың төлқұжаты іспеттес тұлғалары бар.Ал қазақтың төлқұжаты-Абай. Қазақ пен Абай егіз ұғым. Яғни қазақты тану үшін Абайды тану керек.>> Абай - қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Бүгінгі тақырыпты <<Адамның ең жаманы- талапсыз>> деп таңдауымның себебін білу үшін бейнероликті тамашалаңыздар.
<<Абайдың 44- қарасөзі>> бейнероликтен үзінді көрсету.
Абай атамыз 19- қарасөзінде адамның ата-анадан есті болып тумайтындығы және көргенінен, естігенінен ой түйіп, есті болатындығы туралы айтады. Бүгінгі мен көрсеткелі отырған сабақ нәтижесінде өздеріңізге қажетті әрі құнды дүниелер алуларыңызға тілектеспін.
Сабақты қалай жүргізу мұғалім шеберлігіне байналысты. Сабақ бірнеше бөлімдерден тұрады.
> Ұйымдастыру;
> Өткенге шолу жасау;
> Жаңа сабақ;
> Жаңа сабақты түсіндіру;
> Жаңа сабақты талдау ;
> Жаңа сабақты тиянақтау және қорыту;
> Бағалау
Сонымен қатар бір сабақтың үстінде бала бойындағы төрт дағдының жұмыс жасауына ықпал жасаймыз.
Өткенге шолу жасау және жаңа сабақ
<<Қоржындағы құпия>> әдісін пайдаланайық. Қоржын ішінде бірнеше үлестірмелер бар, оларды оқушыларға таратып береміз. Мәселен онда мынадай тапсырмалар немесе сұрақтар кездесуі мүмкін.
Бұл сөздің екі түрлі мағынасы бар.
Бұл адамның бірге туған қандас туысы
Бұл адам ағзасындағы зат алмасу үдерісіне қатысатын мүше
Бұл адам бойындағы қанды тазартатын ішкі мүшесі
Бұл заттан дәмді тағам жасайды
Бұл екі буынды сөз т.б
Жауабын тауып көрейік! Алайда, жаңа тақырыпты өткен тақырыпты қорытындылай отырып, ашуға болады. <<Тұлғаның есімін ата>> әдісі бойынша жұмыс жасап көрелік. Бұл жағдайда өткен тақ ырыптан сұрақтар беріледі. Мысалы:
- <<Менің атын Қожа>> повесіндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
- Пушкиннің <<Қысқы кеш>>өлеңін жатқа сұраған кім?
- Қожаның шашын алған сайын бірінші рет кездестіргендей таңғалатын адам
- Қожа ойнайтын футбол камандасы
- Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? - деген кім?
Майқанова, Анфисса, Әубәкір, Спартак, Жантас
Мұнда МАРАТ деген сөз шығады.Бұл жаңа тақырыптың авторы.
Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру
<<Бауыр>> әңгімесі бойынша дыбыстық жазба тыңдатып, ары қарай не болуы мүмкін деп <<Санадағы кинофильм>> әдісін топтық жұмыс ретінде жүргіземіз. Мұндағы мақсат топ бірігіп, ақылдасқан түрде ортақ шешімге келіп оқиғаны өз бетінше өрбітеді.
Сондай-ақ, жаңа тақырыптағы мәтінді белгілі бір уақытта оқуға ұсынып, ондағы тірек сөздерді анықтауға тапсырма беруге болады. Сонымен қатар <<Аялы алақан>> әдісі бойынша бес саусақ суретіне бес тірек сөз жазылады. Әрбір тірек сөздің мазмұнын жеке оқушы қалауларынша түсінік етіп айтады.
Жаңа сабақты талдау
Оқушыларға <<Жіңішке және жалпақ сұрақтар>> әдісімен мәтін бойынша сұрақтар дайындау тапсырылады. Жіңішке сұрақтармен мәтін ішіндегі негізгі элементтер айтылады. Ал жалпақ сұрақтардың орнына оқиғаларға тақырыпшалар дайындауға да болады. Оны <<Рафт>> әдісімен көрсете алады.
Жаңа сабақты тиянақтау және қорытынды
Бұл бөлімде әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Алайда, осы тақырыпты қорытындылауға <<Венн диаграммасы>> өте тиімді. Мұнда балалар үйінің бұрынғы және қазіргісін салыстырады.
Бағалау
Топ басшыларына берілген бағалау парақшасы бойынша өзін-өзі бағалауды жүзеге асырып, мақтау марапаттау арқылы қалыптастырушы бағалауы қойылады.
Қорытынды
Қазіргі уақытта мұғалім заманауи сабақты меңгермейінше сауатты, жан-жақты педагог- маман болуы мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгеруі мен оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі- заман талабы. Өйткені жаға педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып,шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз. Абай атамыз <<Егер ісім өнсін десең-ретін тап>>деген екен. Жұмысымыздың дұрыс жүруін ойласақ, тиімді жолға назар аударайық.
Болашақтың иесі-жастар, сондықтанда олардың ұлттық құндылықтармен сусындатып тәрбиелеу біздің қолымызда. Келешектің кемел болуына бірге күш салайық!

Ұқсас жұмыстар
Еңбек ресурсы. Әлеуметтік және мамандық құрамы
Құралай сұлу поэмасы кейіпкерлеріне талдау жасау
Энергетика туралы жалпы ұғым
Мұртты оба
Оңтүстік Қазақстан және жетісу өңірі (сабақ жоспары)
Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын қолдану
Жоғары жүйке қызметінің топтары
Интерактивті тақта құрылғылары
Ойлау жұп
Жанасу датчигі. Батырманың басылуын анықтау
Пәндер