Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бағалау критерийлерінің маңыздылығы

Алматы облысы Іле ауданы № 40 орта мектеп

Коучинг:<<Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін әзірлеу>>

Коуч: Утегулова Айала Нусипбаевна, <<Мектептегі мұғалім көшбасшылығы>> бағдарламасының ІІ деңгейі бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Коучинг сабағының жоспары
Коучингтің тақырыбы
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін әзірлеу
Жалпы мақсат
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында күнделікті сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін құрастыра білу,нәтижеге жету жолдарын қарастыру.Оны оқу үдерісін жетілдіруде қолдану тиімділігін зерделеу.
Оқу нәтижелері
-Оқу жоспары бойынша күнделікті сабаққа мақсат қоя алады;
-бағалау критерий мен мақсаттың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне көз жеткізеді.
-табыс критерийлері бағалаудың негізгі аспектісі екенін түсінеді;
- бағалау критерийі арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады;
-дискриптор құрудың жолдарын үйренеді;
-бағалаудың мағынасын ажырата алады;
-бағалау критерийі арқылы нәтижеге жетуге талпынады;
-бағалаудың әдісітерін, формаларын білетін болады;
-сабақта ОүБ-ды ұйымдастыра алады;
-бағалау критерийлерін құра алады.
Түйінді идеялар
Сабақтың мақсатына сәйкес бағалау критерийін қолдану арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді.
Коуч жазбалары
Уақыт
Коучтың әрекеттері
Коучингке қатысушылардың әрекеттері
Ресурстар
5 минут
І Барысы:Топ құру, <<Менің әріптесім>>тренингі бойынша мұғалімдер туралы мәлімет алып, танысу.Ол үшін 15 мұғалім бір-біріне қарама-қарсы тұрып, 30 секунд ішінде әріптесінен мағлұмат алады.30 секунд ішінде көп мәлімет жинаған мұғалімдерге қошемет көрсетіледі.Сикерге <<Түсіну,жауап беру>>, <<Анализ, интерпретация>>, <<Бағалау,салыстыру>> деп жазып,3 топқа бөлу Ситуация
1.Арман мен мақсаттыңқандайайырмашылығы бар?
2.Неліктенкөпадамдардыңармандары тек арманкүйіндеқалады?
3.Сіздіңқаншаарманыңызорындалды? Қаншасыжайғанаарманболып, Сіздіңөміріңіздің <<тарихи>> беттеріндеқалды ?
Қай топ көпжазыпшығадысолтопқа мен жұлдызбелгісінберемін.
ІІ Білім aлу ортaсын құру.
-Коучингтің тақырыбымен таныстыру.
-Коучингтің мақсaтымен таныстыру.
-Коучингтен күтілетін нәтижені анықтау.
-Осы мақсаттан қандай нәтиже күтеміз?
-Сонымен сіздер коучинг сессиядан не күтесіздер?
-Не үйреніп қайтасыздар?Стикерге жазып, оны оқып,себетке салaсыздaр.
<<Миға шабуыл>>
1-топ:1.Өз сабақтарыңызда сабақтың оқу мақсатымен таныстыруды қандай дәрежеде және қаншалықты жүзеге асырасыз?
2.Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыруда Сізге қандай кедергілер кездеседі?
3.Сіз бізге сабақтың мақсатын қалай таныстыратыныңызды немесе сабағыңыздың қалай басталатынын айтып бере аласыз ба?
2-топ:1.Оқушыларды сабақтың табыс критерийімен таныстыру мен талқылауда қандай кедергілерді кездестіресіз?
2.Сабақтың мақсатын қалай қоясыздар?
3.Бағалау критерийінің сабақтың мақсатына жетуіне қандай тиімділігі бар деп ойлайсыздар?
3-топ:1.Бағалау критерийі деген не?Ол бізге не үшін керек?
2.Сабақтың мақсатына қалайқол жеткізесіздер?Ол үшін қандай талаптарға сүйенесіздер?
Слайд
1.Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың мәні -- оқыту үдерісінде мақсат қойылып, бағалау критерийлер түсінікті болғанда ғана оқушылар өздерін бағалай алады.Сабақ өткізу барысында тапсырманың мақсаттары мен бағалау критерийлері жөнінде ескертіп отырыңыз, өзін-өзі бағалауына уақыт қалдырыңыз. Оқушылар мақсаттарды және критерийлерді анық көру үшін тақтаның бұрышына немесе плакатқа жазып қойыңыз. Жұмыстарды тексеру алдында оқушыларға бағалау критерийлерін қайта ескертіңіз және соның негізінде өз жұмысын тексеріп, аяқтап тапсырады.
Рубрикалар
Критерийлер
Дискрипторлар
балалар не үшін оқитынын көрсетеді.
нені үйрену керектігін көрсетеді.
оны қалай істеу керектігін көрсетеді.
4.Бағалау критерийлері-оқу мақсатына жету құралы немесе күтілетін нәтижеге жету жолындағы баспалдақ.
Критерий - оқушының әртүрлі қызметінің тізімі.Мысалы:*Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра алады және қарама-қарсы суреттеулерді таба алады;*Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстыра алады.
Дискрипторлароқушының кез келген критерийлер бойынша ең жақсы нәтижеге жеткізетін барлық қадамдарын ретімен көрсетеді және оларды белгілі балдар санымен бағалайды. Мақсаты:оқушыларға оқуда ілгерілеуіне көмек беретін сызба жасау арқылы ынталандыру.Мысалы:*Әңгіменің мазмұнын біледі; *Салыстыру жасай алады;*Суреттеулерді таба алады;*Шынайы өмірмен байланыстыра алады.
3.Критерийлер дайындаудамұғалім мен оқушылардыңбірігіп жасаутәртібі:Сабақ барысында бағалау критерийлерін дайындау кезінде оқушылармен бірге дайындалып жатса, онда олардың нәтижеге жету үшін жауапкершіліктері артып, бағалау үдерісіне қызығушылықтары өседі. Критерийлер дайындау кезінде сабақтың мақсаттары мен мазмұны жөнінде ұмытпағаны жөн.Аралық жұмыстар бағалау үшін дайындаған критерийлер (қалыптастырушы бағалау), мақсатта белгіленгені ғана сипатталып, бағалануы тиіс.
* Сабақ, тарау, бөлімоқуалдындаоқушыларғамақсаттар мен міндеттерінжариялаңыздар.
* Кезкелгеноқушығажұмыстыбағалауүшінбір-екікритерийлердіжазыпберуді сұраңыз.
* Оқушылар ұсынған критерийлердітақтағажазыпқойыңыздар.
* Ұсынғанкритерийлербарлықоқушыларға түсініктіекенінекөзжеткізіңіз.
* Критерийлердімаңыздылығыбойыншаорналастырыңыздар.
* Тиімдіқұрастырылғанбағалаукритерийлеріжәнеолардыңградациясыоқушыларғаненіңқалайбағаланатынынкөрсетедіжәнежұмыстыорындаубарысындаоқушыларүшінжақсынұсқаулық.
* Бағалаукритерийлерінақтырақболғансайын, оқушытапсырманықалайсәттіорындаукеректігінтүсінеді.
* Әріқарайоқушылардыңжұмыстарыдайындалғанкритерийлербойыншабағалануытиіс.
5.Бағалау критерийлері
Оқушының аты-жөні
Үй тапсырмасы
Сұрақ-жауап
Мәтінмен жұмыс
Талдау
Тест т.б
Жалпы ұпай

8.Бағалау критерийінің басты ерекшелігі:
*алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы беріледі;
*оқушыныңоқуғадегенжәнеөзін-өзібағалауғаынтасыартады.
*өзін-өзібағалауға мүмкіндік беріледі;.
*оқушыныңжұмысыбелгілікритерийлербойыншабағаланады;
*бағалаукритерийлерінақтыоқытумақсаттарынайқындайды, сондықтаноқушыларғабағаоқып-зерделенген материал бойыншағанақойылады.
*өзінің оқу жетістіктерініңдеңгейінанықтауүшінжәнеата- аналарына осы ақпараттарды жеткізуүшін оқушығанақты бағалауалгоритімібелгілі болады;
9.Бағалау критерийлерінің маңыздылығы
Мұғалім үшін
Оқушы үшін
Ата-ана үшін
Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отырып,жеке білім алу траекториясын құру.
Берілген бағалау критерийлерін түсіну, қолдану,талдау,жинақтау жұмысын бағалай білу.
Баланың білім алудағы өсу деңгейін қадағалауы.
-Мақсатқа жету жолында қолданылатын дискрипторларыңыз бен тиімді әдіс-тәсілдеріңіз туралы тәжірибе алмасып, практика түрінде жұмыс жасайық.Ол үшін талқыға салынатын тақырыппен танысамыз.
Тапсырма:Бірақ болашақта сабақтың мақсатын өздеріңіз құрастыруларыңыз мүмкін.Топпен ақыладаса отырып, сабақтың мақсатына сәйкесбағалау критерийін құрастырып, дискрипторлар мен берілетін тапсырмаларды дайындап, сабақтың мақсатына жетуге тырысайық.
-Мұғалімдерге 5-сыныптың қазақ әдебиетінен <<Менің атым-Қожа>> тақырыбын беремін.Осы тақырыптың мақсатын ұсынамын.Осы мақсат негізінде 3 топ бағалау критерийін жоспарлап, тиімді әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар арқылы сабақта қандай мақсатқа жететіндеріңіз туралы ой бөліссеңіздер.Ол үшін әр топтың өз тапсырмалары бар.Мен сіздерге тек мақсат пен әдіс-тәсіл ұсынамын..Сол мақсатқа жеу үшін бағалау критерийлері мен дискрипторларын өздеріңіз құрастырып,сабақтың мақсатына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып,топ бойынша мақсатты ашатындай жұмыс істейміз.
Мақсаты:<<Менің атым-Қожа>> шығармасының тақырыбы мен идеясын анықтап,кейіпкерлер
образын ашады,шынайы өмірмен байланыстырады.
Әдіс-тәсілдер: Мақсатқа жету үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз? <<РАФТ>>, <<1 тезс 3 дәлел>>,Венн диаграммасы, сатылай-кешенді талдау, Семантикалық кестелер, сәйкестендіру, композициялық құрылымына талдау, <<Ақыл-ой картасы>> әдісі(Түрі қандай?не айтты және қалай сөйлейді?О не істейді?Ол туралы басқалар не ойлайды?
Автор көзқарасы
Оқушы көзқарасы
<<Пікірталас картасы>>,<<Шатасқан оқиғалар>>,:"Ыстық орындық>>,<<Өзектілік аймағы>> әдісі
1-топ: <<Түсіну,жауап беру>>
Мақсаты:Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.Көркем шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы образын ашу.
1-тапсырма:Шығарма мазмұны бойынша тақырыбы мен идеясын анықтау.<<Шатасқан оқиғалар>>(Шатасқан оқиғаларды ретімен қою)
1.Оған байқатпай жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақпын.
2.Бақаның әлегі.
3.Педсовет.
4.Жолдама алған Жантас.
5.Оқулық емес,қанат аламын.
2-тапсырма:Қожа бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер тізбесін жасау.Оның ішіндегі қай қыры жақын екенін шығарма мазмұнына сүйене отырып түсіндіру.Көркем бейнеге тән қасиеттерді өзге кейіпкерді сөйлету жолымен көрсетуге болады. <<Пікірталас картасы>>
иә
жоқ
дәлелдемелер
дәлелдемелер
3-тапсырма:Үзіндіні карикатура түрінде өрнектеу.
2-топ: <<Анализ, интерпретация>>
Мақсаты:Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтау.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат жазу.
1-тапсырма:"Ыстық орындық>>Қожа мен Жантасты, Сұлтанды ,автор болатын оқушыны шақырып,кезек-кезек сұрақтарын қояды.Кейіпкерлер мен автор рөліндегілер шығарма мазмұнына сай жауап береді.
(Мысалы, авторға мынадай сұрақ қоюға болады:*Осы тақырыпты не себепті таңдадыңыз?*Қожаның іс-әрекетін қолдайсыз ба? *Шығарма соңы қалай аяқталады?
2-тапсырма: <<Өзектілік аймағы>> әдісі.Қожа мен Сәйбек қарттың, т.б. диалогын оқып,тілдік ерекшеліктеріне талдау жасау.
3-тапсырма:Қожаға хат РАФТ әдісі
3-топ: <<Бағалау,салыстыру>>
Мақсаты:Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи тарихи құндылығын бағалау.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра бағалау.Шығармадағы кейіпкерлерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап,әдеби эссе,сыни хабарлама жазу.
1-тапсырма:Қожаға қатысты <<Ақыл- ойкартасын>> сызу.Сұрақтары:*Түрі қандай?*Не айтты және қалай сөйлейді?*Ол не істейді?*Ол туралы басқалар не ойлайды?
2-тапсырма:<<Балаға ат қоюдың маңыздылығын жазушы қалай көрсетті?>> атты тақырыпта 100-150 сөзден тұратын эссе жазу.
3-тапсырма:<<Менің атым-Қожа>> фильмінің қаншалықты сәтті шыққандығы туралы пікір, сыни хабарлама жазу.
Таныстырылым
-Енді әр топ жеке-жеке өз топтарындағы тапсырманың бағалау критерийлерінің орындалуын крсетеді.
Коуч стикерлерін оқып, ұсыныстарды бір жүйеге келтіруді өтінеді.
Сергіту сәті.<<Менің атым-Қожа>> фильмі бойынша мимикаға еліктеп,рөлге кіріп күнделікті өз өмірін жеткізу.
Ситуация.3 топқа да <<Менің атым-Қожа>> фильмінен ситуациялық тапсырма беремін.
1.Ашық сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ортаға салады, стикерге жазып, себетке салады.

-3 топ армандары туралы стикерге жазады.

-стикерге жазады.

15 мин1-топ. 5-сынып.Қазақ әдебиетінен <<Менің атым-Қожа>>тақырыбы беріледі.Оқу мақсаттарына сай бағалау дескрипторлары мен критерийлерін құрып, сабақтың жоспарын жасайды.Мақсатқа қалай жететіндері туралы сабақ жоспарын жасап, постер құрады.
- Сабақтың мақсаты арқылы бағалау критерийлерін,дискрипторлар құрады.

Бағалау критерийі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау критерийі
Дискрипторлар
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра алады.
*Әңгіменің мазмұнын біледі.
*салыстыру жасай алады.
Кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра алады.
*Суреттеулерді таба алады.
*Шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындай бастайды.

-Енді әр топ жеке-жеке өз топтарындағы тапсырманың бағалау критерийлерінің орындалуын крсетеді.
-рөлдерде ойнайды.
стикер, маркер, плакаттар

стикер

слайд

слайд

топтама

фильм

Бағалау Коучинг соңында кері байланыс <<Тазалық>> ойыны түрінде болады.Қатысушыларға бір парақ беріледі.Онда мыналар салынған : чемодан(суреті), қоқыс жәшігі (сурет), еттартқыш (сурет)
Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар( жазыңызар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған ,артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар( жазыңыздар)
- Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.
Коучтің рефлексиясы: Кофе - брейк ұйымдастырып, коучингке қатысқан ұстаздарға алғыс айту.

Ұқсас жұмыстар
Қалыптастырушы бағалау әдістері
Пейзаж туралы
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау критерийлерінің тиімділігі
Сөйлем бойынша қайталау
Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы
Акробатикалық жаттығулар. 7-сынып
Мәтінді пішімдеу. Әріптер 5 сынып
Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау
Қазақтың ағартушы ғалымы Ы.Алтынсарин
Пәндер