Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабаққа шолу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ
ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖ

БЕКІТЕМІН
колледж директорының
ОІ жөніндегі орынбасары
_____________
13.01.2022 ж.

АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: <<ӘДЕТТЕГІ ГЕНЕРАТОРЛЫҚ АҚАУЛАРЫ>>

Орындаған:
Шымкент 2022 ж.

<<Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
отырысында

ҚАРАЛҒАН

Хаттама № 1 <<____>>. ____қаңтар_____ 2022 ж.

Бірлестік жетекшісі____________________________
(қолы)

Құрастырған шебер: ______________________
(қолы)



Сабақтың тақырыбы: Әдеттегі генераторлық ақаулар.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - білім алушыларға генератор құрлысымен және жұмыс істеу принциптерімен, олардың негізгі бөлшектерімен таныстыру, түсіндіру. Генераторда кездесетін ақаулармен оларды жөндеу жолдарымен таныстыру, көрсету.
2. Дамытушылық - білім алушыларға сайыс сабағы арқылы, көрнекіліктерді, оқу стендтерін, слайдтарды пайдалану арқылы білімдерін дамыту. Генераторды пайдалану арқылы көрсету.
3. Тәрбиелік - сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсенді, ұйымшыл қатысуын қадағалау, тәрбиелі, ұлағатты сөздерді айту.

Оқыту формасы: сабақ, сайыс, топтық,

Пәнаралық байланыс: физика, химия, материалтану,

Оқыту тәсілдері: демонстрациялы, дәстүрлі

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. П.Ж.Жүнісбеков. Авт. құр және пайдалану
2. Газет журналдар. Автопарк, Автокруиз 3. И.П.Плеханов. Автомобиль.

Пайдаланылатын көрнекіліктер: плакаттар, суреттер, бөлшектер, схемалар, видеоматериалдар-дискілер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: а) Оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа даярлығын тексеру

2. Сабаққа шолу:
А) Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
1 - кезең <<Білгенге маржан>> тест тапсырмалары; екі топқа алма кезек сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 1 балл болып есептеледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмеген жағдайда қарсыластар тобының ұпайды еншілеуге құқы бар. с
2 - кезең <<Сен білесің бе>> топтық сұрақ-жауап; жаңа сабақты бекіту үшін әр топқа сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 1 балл болып есептеледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмеген жағдайда қарсыластар тобының ұпайды еншілеуге құқы бар.
3 - кезең <<Кім жүйрік?>> топтық сызбалық тапсырма; әр студентке сызбалық - сурет тапсырмалар беріледі. Суретте көрсетілген тапсырмада әр бөлшекті дұрыс жаза отырып, әр дұрыс жауап 1 баллға есептеледі. Әр топтың жиынтық баллы қосылып жалпы командалық баллға біріктіріледі.
4 - кезең <<Тапқыр болсаң...>> деңгейлік тапсырма; сабақты қортындылау үшін әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Барлық сайыс кезеңдерін әділқазылар алқасы бағалап әр кезеңде бағасын шығарып отырады. Барлық кезең аяқталған соң жалпы қортынды шығарылып, ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болып табылады.

3. Өткен тақырыпты қайталау:
1 - кезең; екі топқа алма кезек сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 1 балл болып есептеледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмеген жағдайда қарсыластар тобының ұпайды еншілеуге құқы бар.

4. Жаңа сабақты түсіндіру: а) тақырыпты жаздыру
б) мәлімет беру

Автомобиль қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде оның электрлік жабдықтарын қажетті қуатпен қамтамасыз ететін -- генератор.
Ол негізгі қозғалтқыштан алынатын механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина.

Ол үшін генератордың іске қосатын шкиві қозғалтқыштың иінді білігіне белдікті беріліс арқылы жалғасады.
Автомобильдердің электр жүйесінде екі түрлі генератор қолданылуы мүмкін: тұрақты ток және айнымалы ток тудыратын генераторлар.
Тұрақты ток тудыратын генераторлардың тозатын бөлшектері көп болады. Себебі, ондағы пайда болған токты сақиналы коллектормен жанасып тұратын щеткалар арқылы алады, ал жұмыс кезінде коллектор айналып тұрады да, онымен жанасатын щеткалар қозғалмайды. Сөйтіп, олар үйкеліс әсерінен тез тозады. Оның үстіне оларды үнемі тазалап отыру қажет.
Осындай кемшіліктерінің әсерінен кейінгі кездерде айнымалы ток генераторлары қолданылады. Мұндай генераторлардан алынған айнымалы ток арнаулы түзеткіштің күшімен тұрақты тоққа айналдырылып, электр жүйесіне тарайды.
Айнымалы ток генераторы екі түрлі болады: контактілі және контактісіз. Олай бөлінуінің себебі, олардың қоздыру орамына токты қалай жеткізілетіндігіне байланысты.
Айнымалы ток генераторы негізгі екі бөліктен тұрады: айналмалы қозғалысқа келетін ротор жоне қозғалмайтын статор. Статорда магниттілігі күшті темірден жасалған бөліктерге өткізгіш сым оралған және олар өзара үш топқа біріктірілген. Роторда да магнитті өзекше сым оралып, олар да өзара біріктірілген. Осы ротордағы сым орамдары "қоздыру" орамдары деп аталады. Оларға сырттан ток келтіріледі де, оның айналасында магнит күші пайда болады. Осындай генераторды контактілі генератор деп атайды, өйткені сол ротордағы қоздыру орамына щетка мен айналатын сақина арқылы ток беріледі.

Ал контактісіз генераторда қоздыру орамы роторға емес, генератордың екі жақ қақпағында орналасады. Сондықтанда олар айналмайды, яғни сырттан келетін ток көзімен тікелей тұрақты түрде жалғасады. Сонымен, айнымалы ток генераторларында жанасып, үйкелісетін бөлшектер, тұрақты ток генераторына қарағанда, аз немесе жоқ десе де болады. Сондықтанда мұндай генераторлар ұзақ уақыт жұмыс істей алады және күтім, реттеу жұмыстарын онша қажет етпейді. Мерзімді күту жұмыстары кезінде оларды шаң-тозаңнан тазартып қойса болғаны.
Жүк автомобильдерінде электр магниттерден қоздырылатын ауыспалы токтың үш фазалы генераторлары орнатылады. Қозғалтқышты іске қосқанда тұрақты токты аккумулятор батареясынан пайдаланады, ол жұмыс істеп тұрған кезде генератордан шығатын айнымалы ток түзеткіштердің көмегімен тұрақты токқа айналады.

Электр жабдықтарының үш фазалы генераторлары қозғалмайтын қоздыру орамды жоне айналмалы қоздыру орамды болып екі топқа бөлінеді.
Қозғалмайтын қоздырғыш орамы бар генераторлар беріктігімен, құрылысының қарапайымдылығымен және қызмет істеуінің күрделі еместігімен ерекшеленеді.
Автомобильдерге көбінесе қозғалмайтын қоздырғыш орамы бар генераторларды орнатады. Ол статордан, ротордан және түзеткіш блоктан тұрады.
Жұмыс істеп түрған кезде қозғалтқыштың, иінді біліктің, сондай-ақ генератор роторының айналу жиілігі тұрақты емес. Осының нәтижесінде генератор өндіретін токтың кернеуі де тұрақты емес. Жиілік артқан сайын кернеу жоғары болады және керісінше, жиілік кеміген сайын кернеу төмендейді. Мұндай ауытқулар ток тұтынатын орындардың жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай жасамайды.
Иінді біліктің айналу жиілігіне және генератордың шамадан артық күштен қорғауына қарамастан генератор өндіретін желідегі тұрақты кернеуді ұстау үшін реле-реттеуішті қолданады.

2 - кезең <<Сен білесің бе>> топтық сұрақ-жауап; жаңа сабақты бекіту үшін әр топқа сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 1 балл болып есептеледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмеген жағдайда қарсыластар тобының ұпайды еншілеуге құқы бар.

3 - кезең <<Кім жүйрік?>> топтық сызбалық тапсырма; әр студентке сызбалық - сурет тапсырмалар беріледі. Суретте көрсетілген тапсырмада әр бөлшекті дұрыс жаза отырып, әр дұрыс жауап 1 баллға есептеледі. Әр топтың жиынтық баллы қосылып жалпы командалық баллға біріктіріледі.

5. Пысықтау: а) Өткен сабақты бекіту.
б) Қосымша сұрақтар беру

4 - кезең <<Тапқыр болсаң...>> деңгейлік тапсырма; сабақты қортындылау үшін әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.

6. Үйге тапсырма
_____________________________________________________________

Ұқсас жұмыстар
Рульдік Басқару блогы
Ньютонның бірінші заңы
Шебер қолдар. Ұлттық ою-өрнек
Тәуелсіз Қазақстан жайлы
Балтық маңы елдері
Сабақты бекіту сұрақтары
Ана әрекеті
Алғашқы функция және анықталмаған интеграл
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. жылдамдық. жылдамдық бірліктері
Сабақтың танымдық мақсаты
Пәндер