Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері

№ 1 САБАҚ ЖОСПАРЫ
Топ:
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық кәсіби дайындығы жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны.
Сабақтың мақсаттары:
Студенттерді жаңа ұғымдармен таныстыру;
Студенттердің ой-өрісін дамыту; Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Студенттерге ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлерің қолдануға үйрету.
Сабақтың көрнекіліктері: әдебиеттер, презентация (слайдтар).
Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сөздік, көрнекілік, мәселелік.
Негізгі ұғымдар: Аннотация, Баяндама, Квалификациялық жұмыс. Курстық жұмыс, Реферат, Рецензия (пікір), Тезис, Жоспар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал <<Көңіл күймен алмасу>>
2. <<ДЖИГСО-2>> әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.
3.Сергіту сәті. <<Сақиналар>>
4. Ментальды карта қорғау.
Презентация слайдтар.
Дәрісбаян №1
Жоспар:
1. Педагогикалық кәсіби дайыңдық жүйесінде ғылыми шығармашылықтың орны.
2. Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері.
Дәрісбаян.
Анықтамаларды жазып алу
4. Жаңа материалды бекіту.

Баяндама мазмұнының компоненттері
-жұмыстың жоспары;
-ғылыми мәліметтердің жүйесі;
-қорытындылар мен талдаулар.

Квалификациялық жұмыстың мазмұнның компоненттері:
-Кіріспе
-негізгі бөлім;
-қорытынды;
-әдебиет тізімі
-қосымша әдебиет.
5.Үй тапсырмасы.
6. Дәрісбаянды оқу. Тапсырмаларды орындау
7. Бағалау.
8.. Қорытынды.

№1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ОРНЫ
Жоспар:
1.Педагогикалық кәсіби дайындық жүйесінде ғылыми шығармашылықтың орны
2. Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері

1. Педагогикалық кәсіби дайындық жүйесінде ғылыми шығармашылықтың орны
Қоғам өмірінің жаңарып жаңғыруы, демократиялық өзгерістерге бет бұруы педагог кадрлар даярлау ісіне назар аударуды талап етеді. Қазіргі жеделдету, демократияландыру, жариялылық жағдайында коғамға жан- жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін адам қажет. Халыққа білім беру жүйесін ары қарай жетілдіру, мектепте жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу, оқыту сапасын жақсарту, болашақ мұғалімдерді даярлау жұмысына жаңа талаптар қояды.
Бүгінгі күні ғылымның, техниканың, мәдениеттің жедел дамуымен байланысты мұғалімнің педагогикалық процесті басқаруында шығармашыл бола түспек. Әр мұғалім зерттеуші бола білуі, яғни мұғалімде зерттеу жұмысының даярлығы болуы керек. Тек сонда ғана мұғалімнің ғылыми және әдістемелік деңгейіне қол жеткізуге болады.
Мұғалімнің кәсіби деңгейінің үнемі жетілдірілуі, мұғалім еңбегінің жоғарылауы, оның педагогика ғылымдарының қазіргі жетістіктерін қаншалықты меңгергеніне байланысты болмак.
Оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздерін және оны жетілдірудің шараларын қазіргі заман талаптарына сай белгілеп беру қызмет етіп жүрген ғалымдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Арнаулы оқу орнында оқитын оқушының міндеті оның мүддесіне орай белгіленген:
- таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын ұдайы және терең меңгеру;
1. өзінің ғылыми және мәдени деңгейін үнемі арттыру;
2. тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру;
3. міндетті оқу сабақтарына қатысу, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарында берілген оқу тапсырмаларын уақытында орындау;
4. оқу орнындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Оқу орындарының педагогикалық міндеттері оқытушылар мен студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық бірлескен іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Арнаулы оқу орындары студенттерге осы заманға сай білім береді және оларды практикалық жұмысқа даярлайды. Ал практикалық жұмыстың нәтижелі болуы, студенттің өз жұмысын ғылыми түсіне, ұғына білгенде ғана мүмкін болады.
Қазіргі студенттің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге толық мүмкіндігі бар деп айтуға болады. Оларды орындау ғылыми білімді қолдана білуіскерлігін қажет етеді. Мұндай іскерлік педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнын құрайды.
Әдіснамалық мәдениет - мүғалімнің нақты әдіснамалық нормалар немесе ғылыми таным ережелері туралы білімі, яғни педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде оларды қолданабілу іскерлігін көрсетеді.
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті оқыту-тәрбиелеуүдерісін құру және жобалауда педагогикалық міндетті түсініп, қалыптастыру және шығармашылық шешу іскерлігінде байқалады. Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетіндеосы компоненттердің бар болуы, оның педагогикалыққызметті шығармашыл, өздігінен жүзеге асыруға даярлығының деңгейін білуге көмектеседі. Бұдан басқа мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті оның ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін жақсы біліп,негізгі зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергендігінен көрінеді.
Студенттер арнайы оқу орындарында осы бағыттағы жұмыстың алғашқы қадамдарын бастайды. Міне, сондықтан оқу орындарының оқу жоспарларында курстық және дипломдық жұмыстарды орындау қарастырылған. Сондықтан беріліп отырған оқу құралының мақсаты - студенттерге курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға нақты әдістемелік көмек беру. Ал зерттеу әдістері туралы түсінікті студент педагогика және психология саласы бойынша жазылған оқулықтар мен бағдарламалар арқылы ала алады. Зерттеу жұмысының қажетті іскерліктерін меңгеру мұғалімнің кәсіби даярлығының бір бөлігі екендігін әсте естен шығармау керек.
Демек, студенттерге бірқатар практикалық және зерттеу міндеттерін шешу үшін қажетті іскерліктерді меңгеру керек, мәселен:
5. педагогика және психология саласы бойынша бүгінгі күн
үшін көкейкесті тақырыпты өздігінше таңдай білу іскерлігі;
6. зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтай білу іскерлігі;
7. зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинастыру және
оған талдау жасау іскерлігі;
8. зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау, меңгеру және
қолдану іскерлігі;
9. мәселені көре білу іскерлігі;
10. өз болжамын ұсына білу іскерлігі;
11. жоспарлаған тәжірибесін жүзеге асыра білу іскерлігі;
12. зерттеу нәтижесінен алынған мәліметті өңдеу және талдау
іскерлігі;
13. алынған мәліметтерді негізге алып өз тұжырымын қалыптастыру іскерлігі.
Осы аталған іскерліктердің барлығы әдіснамалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар неғұрлым жақсы қалыптасса, соғұрлым студенттердің зерттеу жұмыстарының сапасы да жоғары болмақ.
Сонымен, болашақ маманды даярлау жұмысының сапасын жақсарту жолы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін шығармашылықпен қолдану мүмкін болатын студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары болып табылады.

2. Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері
Студенттердің зерттеу жұмыстарының түрлеріне мыналар жатады:
14. ғылыми зерттеу элементтері бар тапсырмалар, зертханалық, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау;
15. өндірістік немесе оқу-педагогикалық практикасы кезінде
нақты ғылыми зерттеу сипаты бар тапсырмалар орындау;
16. <<Ғылыми зерттеу әдістемелерін ұйымдастыру және жоспарлау>> курсы бойынша әдістемелердің теориялық негіздерін зерттеу, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және орындау, ғылыми экспериментті жоспарлау және жүргізу, ғылыми мәліметтерді өңдеу, т.б.
Бұлардан басқа оқу орындарында студенттерді өздігінен іздену-зерттеушілік жұмысына тарту үшін оның әр түрлі әдістер қолданылады: нақты тақырып бойынша баяндама әзірлеу, реферат жазу, психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешу, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, т.б.
Аннотация - мәтіндердің, кітаптардың, қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы; мәтіндерде берілген ойлардың, бағалардың, автордың қорытындыларының маңызын ашу.
Баяндама - зерттеу жұмыстарына қызығушыларың қалыптастратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.
Мазмұнның компоненттері:
1. жұмыстың жоспары;
2. ғылыми мәліметтердің жүйесі;
3. қорытындылар мен талдаулар.
Квалификациялық жұмыс - ғылымның теория, тәжірибе, әдіснама тарауларыңдағы білімді кеңейтетін ғылыми зерттеушілік жұмыс; зерттеп жатқан мәселені шешудің нақты жолдарын іздеу.
Мазмұнның компоненттері:
4. кіріспе;
5. негізгі бөлім;
6. қорытынды;
7. әдебиет тізімі;
8. қосымша әдебиет.
Курстық жұмыс дегеніміз - оқу процесінің жеке бөлімдерін өз бетімен теориялық және эксперимент ретінде зерттеу. Зерттелетін мәселенің жалпы шешу жолдары және курстың жұмысқа керекті материлдармен ғылыми педагогикалық әдебиеттерді аналитикалық шолу.
Мазмұнның компоненттері:
9. кіріспе;
10. негізгі теориялық бөлім;
11. іс-тәжірибелік бөлім;
12. қорытындысы;
13. әдебиеттер тізімі;
14. қосымша материалдар.
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:
15. жұмыстың әр бөлімдерінің жоспарға сәйкес келуі;
16. дәйексөздер (цитата) қолдану;
17. қойылған сұраққа жауаптардың бірнеше материалдардан алынуы;
18. жұмыстың мазмұны тақырыпқа байланысты екендігіне қорытынды шығару.
Реферат - кітаптың қысқаша мазмұнын жазып беру, жалпы тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше мәтін жазу.
Мазмұнның компоненттері:
- жоспар;
- кіріспе (мәселені белгілеу, таңдап алынған тақырыптың маңыздылығың, актуалдығын, мақсаты мен міндетіне түсінік беріп, пайдаланылатын әдебиеттерге қысқаша сипаттама беру);
- негізгі бөлім (рефератта қаралатын мәселенің оның әрбір бөлімі бір-біріне жалғасып тақырыпқа сай келуі керек) ;
- қорытынды;
- әдебиеттер тізімі.
Рецензия (пікір) - белгілі бір шығармаға педагогикалық жұмысқа сын жазу.
Рецензия берілетін материалдарға ғылыми негізделген сын жазып, автордың көз қарасын түсіну және соны қысқаша ғылыми тұрғыдан бағалау.
Мазмұнның компоненттері:
19. зерттелетін мәселе бойынша жалпы, не әрбір жеке алынған жағдайларына, негізгі мәселесіне байланысты автордың позициясын талдау;
20. автордың зерттелетін мәселесі туралы дәлелдемесіне, қорытындысына, мәселеге көзқарасына баға беру;
21. рецензенттің қорытындысы.
Тезис - баяндаманың, шығарманың белгілі бір лекцияның жүйесіне, кейбір жағдайларына қысқаша анықтама жазу.
Жоспар - материалдың мазмұнын жүйелі түрде қысқаша көрсету.

№1 ТАПСЫРМАЛАР
1. Сөздердің анықтамасын тап

1
аннотация
А) зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.
2
баяндама

Ә)ғылымның теория, тәжірибе, әдіснаматарауларыңдағыбілімдікеңейтетінғылымизерттеушілікжұмыс;
3
квалификациялық жұмыс
Б)материалдың мазмұнын жүйелі түрде қысқаша көрсету
4
курстық жұмыс
В)кітаптың қысқаша мазмұнын жазып беру, жалпы тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше мәтін жазу
5
реферат

г)баяндаманың, шығарманың белгілі бір лекцияның жүйесіне, кейбір жағдайларына қысқаша анықтама жазу
6
рецензия

Ғ) мәтіндердің, кітаптардың, қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы; мәтіндерде берілген ойлардың, бағалардың, автордың қорытындыларының маңызын ашу.
7
тезис

Д)белгілі бір шығармаға педагогикалық жұмысқа сын жазу.
8
жоспар

Е)оқу процесінің жеке бөлімдерін өз бетімен теориялық және эксперимент ретінде зерттеу.

2. (пікір) жұмыстарынамәтін аннотация
Жұмысдегенімізбаяндаманыңкөрсету
(пікір) жұмыстарынамәтін аннотация
Жұмысдегенімізбаяндаманыңкөрсету
Кесте ішіндегі сөздерді орындарына қой:

........... - мәтіндердің, кітаптардың, қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы; мәтіндерде берілген ойлардың, бағалардың, автордың қорытындыларының маңызын ашу.
Баяндама - зерттеу ............. қызығушыларың қалыптастратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.
Квалификациялық .......... - ғылымның теория, тәжірибе, әдіснама тарауларыңдағы білімді кеңейтетін ғылыми зерттеушілік жұмыс; зерттеп жатқан мәселені шешудің нақты жолдарын іздеу.
Курстық жұмыс.......... оқу процесінің жеке бөлімдерін өз бетімен теориялық және эксперимент ретінде зерттеу.
Реферат - кітаптың қысқаша мазмұнын жазып беру, жалпы тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше ........ жазу.
Рецензия......... - белгілі бір шығармаға педагогикалық жұмысқа сын жазу.
Тезис - ................. шығарманың белгілі бір лекцияның жүйесіне, кейбір жағдайларына қысқаша анықтама жазу.
Жоспар - материалдың мазмұнын жүйелі түрде қысқаша ...............

3. Қандай анықтаманың компоненті екенін тап:
Курстық жұмыс мазмұнныңкомпоненттері:
Баяндама мазмұнның компоненттері:
Квалификациялық жұмыс мазмұнның компоненттері:
+ жұмыстың жоспары;
+ ғылыми мәліметтердің жүйесі;
+ қорытындылар мен талдаулар.

+ кіріспе;
+ негізгібөлім;
+ қорытынды;
+ әдебиеттізімі;
+ қосымша әдебиет.
+ кіріспе;
+ негізгітеориялықбөлім;
+ іс-тәжірибелікбөлім;
+ қорытындысы;
+ әдебиеттертізімі;
+ қосымшаматериалдар.

Ұқсас жұмыстар
Оқытушының нақты тапсырмалар беруі
Ғылыми жоба жарысы
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Циклдік комиссияның меңгерушісінің жұмыстың орындалуын бақылауы
Компьютер құрылғысын оқыту әдістемесі
Компьютерлік графиканың түрлері
Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру
Информатиканы оқыту әдістемесі. Сабақтың тақырыбы
Студенттерді сыныптарға бөлу
Ресми стиль
Пәндер