Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қиындылар ағылшын тілінде

<<Полиглот>> сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. Ағылшын, қазақ тіліге деген қызығушылығын арттыру.
Түрі: сайыс сабақ

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар!
Good afternoon, dear teachers and pupils!
Жүргізуші: Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Елбасы жолдауында <<Тілдердің үштұғырлылығы жөніндегі мәдени жобасын>> ұсынған болатын. Сіздермен бірге тілдерді қалай меңгеріп жүргенімізді білу мақсатында бүгінгі <<Полиглот>> сайысын бастайық.
Dear guests, teachers and children! Welcome to our competition "Polyglot"! The pupils of 5th take part in this game. Greet them!
Алдымен сабағымызды бастамас бұрын видео назар салайық. (Алина Герц-Hello әні)
Жүргізуші: Бұл ойынға сынып оқушылары қатысады. Оқушыларды қарсы алыңыздар!
Топтар өз орындарыңызға барып жайғассаңыздар.Ойынымызды бастамас бұрын топтарды бағалайтын әділ қазы алқалармен таныс болыңыздар!
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айтбаева Айзада Мырзагалиевна
2.Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Рысбай Дана Шаймұратқызы
Ал енді сайысымыздың кезеңдерімен таныс болсақ!
1-кезең:Таныстыру
2-кезең: Кім білімді?
3-кезең: Полиглот
4-кезең: Кім жылдам?
5-кезең: Кім тапқыр?
6-кезең Дұрыс па?
2- кезең
Ойынымыздың алғашқы бөлімінде әр топқа қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінен 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
Жүргізуші: On the first stage our pupils must answer the questions of the English, Kazakh and Russian languages.
1-топ
1.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі, сорок два, forty two)
2.Как называются слова одинаковые по звучанию и написанию, но совершенно разные по лексическому значению? (омонимы, омонимдер, homonyms)
3.What is the capital of England? (London, Лондон, Лондон)
4.We can watch news, films and other interesting things in it. (television, телевизор, теледидар)
5.The room where we sleep. (bedroom, спальня, жатын бөлме)

2-топ
1.Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің саласы. (фонетика, фонетика, phonetics)
2.Как называется часть речи, которая обозначает признак предмета и отвечает на вопросы какой? чей? (имя прилагательное, сын есім, adjectives)
3.How many letters are there in the English Alphabet? (twenty six, двадцать шесть, жиырма алты)
4.What month is it now? (march, март, наурыз)
5.Who works at school? (teacher, учитель, мұғалім)
3-топ
1.Жалпы, жалқы, деректі, дерексіз болып бөлінетін сөз табы. (зат есім, имя существительное, noun)
2. Разговор двух или нескольких лиц. (диалог, диалог, dialogue)
3. How many oceans are there on our planet? (four, четыре, төрт)
4. The antonym to the word "good'. (bad, плохой, жаман)
5. What colour is snow? (white, белый, ақ)
3-кезең Полиглот
Келді кезек <<Полиглот>> шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
Жүргізуші: Ойынымыздың 3
бөлімінде оқушыларға жұмбақтар жасырылады, жауабын үш тілде айту керек. Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. 2минут уақыт беріледі.
In this stage our pupils should find the missed words in the riddles and have to translate them into Kazakh and Russian,English. For each right answer they'll receive of 2 point.
1-ТОП
Тақия толған сөк,
Таң атқанда жоқ. (жұлдыздар, звезды, stars)

2. Упадет - поскачет,
Ударишь - не плачет. (мяч, доп, а ball)

3. What has four legs, but can't walk? (a chair, орындық, стул)

2-ТОП

Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау. (жұмыртқа, яйцо, an egg)

2. У меня внутри в порядке
В стопках книжки и тетрадки. (Портфель, сөмке, portfoliо)

3. I have a round face and two large eyes,
That can see in the dark; they call me wise. (an owl, үкі, сова)

3-ТОП
2. Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге. (кітап, книга, а book)

Везёт, а не лошадь,
Летит, а не птица,
Жужжит, а не пчела. (самолёт, ұшақ, a plane)

A little old woman has twelve children. (а year, жыл, год)

4-кезең Кім жылдам?
Бұл кезеңде әр топқа қағаз қиындылары беріледі. Қиындылар ағылшын тілінде.Сөздерді құрастырып, қалған екі тілде айтылуы қажет.Дұрыс жауапқа 3 баллдан беріледі. On the 4th stage our participants must find the sentences and translate it into Kazakh and Russian.2 минут беріледі.

1-топ My friend's favourite season is a winter. Менің досымның сүйікті жыл мезгілі - қыс. Любимое время года моего друга - зима.
2-топ My favourite animal is a horse. Менің сүйікті жануарым - жылқы. Мое любимое животное - лошадь.
3-топ English is a world language. Английский язык - мировой язык.
Ағылшын тілі-әлемдік тіл.

5-кезең Кім тапқыр?
Кім тапқыр кезеңінде мақалдардағы түсіп қалған сөздерді 3 тілде айтып шығу қажет. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 балл беріледі. 1 минут уақыт.
1. Батыр туса ел ырысы, ___ жауса, жер ырысы. (жаңбыр, дождь, rain)
2. Не істесеңде __ істе, ойламай іс қылсаң, қор болмайсың. (ойлау, думать, think)
3. Өз елімнің басы болмасам да, сайының ____ болайын. (тас, камень, stone)
4. Ел жаусыз болмас, жер ____ болмас. (тау, гора, mountain)
5. Жақсы байқап сөйлер, .......... шайқап сөйлер. (Жаман - плохой- bad)
6. ............. жылатып айтар
Дұшпан күлдіртіп айтар (Дос- друг-friend)
7. Көп сөз күміс, аз сөз .......(Алтын - золото - gold)
8 . Мектеп - кеме, білім -- .......(Теңіз - море -- sea)
9. Денсаулық - зор .......(Байлық -- богатство -- riсhes)
10. Тамшы тас жарады, тас жармаса ......(Бас- голова- head)

6-кезең Дұрыс па?
Қысқаша әңгіме оқылады. Оқушылар не түсінді соны қағаз бетіне сурет түрінде түсіреді2 ұпай беріледі. 3 минут беріледі.
Jane is an English girl. She lives in the country. Jane has three pets. She likes them very much. They are cats. Their names are Sooty, Smoky and Tiger. One is white, one is black and one is black and white. The name of the white cat is not Sooty is not black and white, and Tiger is not black and white.

Сайысымыз өз мәресіне жетті.Қорытынды сөзді әділ қазы алқаларына берейік.
Жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Жүргізуші: English is a world language. It's the language of progressive science and technology, trade and Cultural relations, commerce and business. English is spoken by more than 350 million people. Geographically, it's the most widespread language on earth.
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі ойынымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі сабақта сайыста достық жеңді
Hello! 1 сынып
Тіл дамыту
Балаларды орыс тіліне, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту
Мәтінді есептерді шешу
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Топ ұстанымы
Сөздер ағылшын тілінде
Ана тілім, ана тілім жүрегім
Түстер (color)
Пәндер