Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сендер қалай тамақтанасыңдар
Күні: 15.02.22ж
Мектеп: N 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия
Сынып: <<5-Ғ>>
Мұғалім: Абдиганиев Шахзод Шухратович
Сабақтың тақырыбы: <<Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі>>
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 2. Ой - өрістерін, сана-сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3. Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы - денсаулықты сақтаудың басты жолдары - зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: <<Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің>> әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: саяхат
Сабақ әдісі: Баяндау, ойын арқылы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
ә) Таныстыру.
- Бүгінгі тәрбие сағатынан сендерге мен беремін. Менің аты-жөнім - Абдиганиев Шахзод Шухратович. Балалар, сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?
- Иә.
- Ендеше, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз саяхат түрінде өтеді.
б) Психологиялық дайындық.
-Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өтсін деп тілейік.
-Ендеше, бүгінгі сабақта көңіл-күйлерің қалай?
Орташа - 1 шапалақ;
Жақсы - 2 шапалақ;
Өте жақсы - 3 шапалақ;
Тамаша!
Жаңа сабақ.
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз <<Деннің саулығы - бастың байлығы>> - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау - ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.
- Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді әр түрлі бекеттерге саяхат жасап, берілген тапсырмаларын орындап, ортаға саламыз. Бүгінгі саяхатымыз бірнеше бекеттерден тұрады.
<<Түсіп қалған әріптер>> бекеті.
<<Мақал-мәтелдер>> бекеті.
<<Шығармашылық>> бекеті.
<<Жұмбақ әлемі>> бекеті.
<<Жағдаят шешу>> бекеті.
<<Түсіп қалған әріптер>> бекеті.
(Берілген сөздерге тиісті әріптерді қою және тапқан сөзді үш тілділікте айту)
1.Д..... і (дәрі) - лекарство - drug2. в......м...н (витамин) - витамин - vitamin3. ш.....ы...у (шынығу) - разминаться - warm up4. т......л....қ (тазалық) - чистота - purity5. Г....и...н...(гигиена) - гигиена - hygiene6. ө...і... (өмір) - жизнь - life7. та........т.....у (тамақтану) - кушать - eat8. Д.......ау.....қ (денсаулық) - здоровье - health
Жарайсыңдар, балалар!
<<Мақал-мәтелдер>> бекеті.
<<Тәрбие көзі - халықта>>. Балалар, қазір мен сендерге мақал-мәтелдер оқимын, ал сендер оның жалғасын табасыңдар. Келістік пе?
1. Денсаулық - .............(зор байлық)
2. ........... - саулық негізі. (тазалық)
3. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын ............. (жол ізде)
4. Аурудың жақсысы жоқ,
............... тәттісі жоқ. (дәрінің)
5. ....... желмен келіп, термен шығады. (ауру)
6. Ауру аздырады,
........ тондырады. (суық)
7. Бірінші байлық - ............., (денсаулық)
Екінші байлық - ...............,(ақ жаулық)
Үшінші байлық - ..............(он саулық)
8. Аурудың ........... (алдын ал)
Тамаша, жарайсыңдар! Ал ендігі кезекті мен сендерге беремін. Өздерің қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1. Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
2. Іздеп алған аурудың емі табылмас.
3. Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
4. Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
5. Демі бардың - емі бар.
6. Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
7. Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер мен ойлағаннан да көп мақал-мәтел біледі екенсіңдер!
<<Шығармашылық>> бекеті.
(Тапсырма: өлең жолдарын толықтыру.)
Салауатты ......... ......... қолдайық, (өмір салтын)
Әдеттен жаман ........... болайық. (аулақ).... ......... өз қолыңда, ей жастар, (өз өмірің)Су ішпеген ................. болып солмайық. (гүлдей) 4.<<Жұмбақтар шешу>> бекеті.
Тазалық - денсаулық кепілі.
1. Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең,
Кетер кір ласың, тап - таза боласың. Бұл не? ( Сабын)
2. Шомылған баланы аймалап алады,
Сүртеді қолыңды, сүртеді денеңді. Бұл не? ( Сүлгі)
3. Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
4. Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)
Бұлардың бәрі - тазалық құралдары.
- Жарайсыңдар, жұмбақтардың жауаптарын лезде шештіңдер.
5. <<Жағдаят шешу>> бекеті.
1. Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін <<Денсаулық>> жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша <<Денсаулықты сатып алуға болады>> деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол <<Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз>> деді.
Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2. Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне қарап, <<Денсаулығыңды бұзасың ғой>> отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?>> - деді. Самат анасына <<Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?>> - деп, жүре тыңдады.
Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыспа? Сендер қалай тамақтанасыңдар?
3. Аслан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында болсаңдар, күн кестесін қалай құрар едіңдер?
Бәрекелді, ойларыңа рахмет, балалар.
Осымен бекеттеріміз аяқталды. Бүгін жақсы еңбектендіңдер! Жарайсыңдар!
Қорытынды.
<<Кубизм>> ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру.
Бағалау.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар!
- Қанекей, өзімізге бір шапалақ соғып кояықшы. <<Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір>>, - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын. Ешқашан ауырмай, өз денсаулығымызды күтіп, салауатты өмір салтын ұстанайық! Сау болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz