Сабақтың тақырыбы. Сабақтың басы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Деректер ауқымы
Бір өлшемді массив
Барлық оқушылар: массив элементтері қабылдайтын типтерді анықтау
Көпшілік оқушылар: массивтерді құру тәсілдерін меңгеру
Кейбір оқушылар: массивтермен жұмыс жасауға арналған арнайы функциялар мен амалдарды қолдана отырып Python программалау тілінде есептер шығару
- массивтің қабылдайтын типтерін анықтайды;
- массивтерді құру тәсілдерін меңгереді;
- тізімдермен жұмыс жасауға арналған арнайы функциялар мен амалдарды қолдана отырып Python программалау тілінде есептер шығарады.
Пәндік лексика және терминология
Массив, Тізім, Индекс, Деректер типі,
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Тізімдер генераторы, синтаксистік құрылым, бүтін, нақты типтер.
Индустриаландыру мен инновация негізінде экономикалық өсім:
Жаһандық бәсекеге қабілетті кәсіби маман болуға баулу
Сабақтың басы
1 мин
2 мин
2 мин
5 мин
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- Психологиялық ахуал
« Соңғы әріп » әдісі - оқушылар бір-біріне мақтау сөз айтады. Сен . . . жансың! Мыс. Сен керемет жансың. Керемет сөзінің соңғы әріпі Т. Келесі оқушы Сен Тамаша жансың. Сен Ақылды жансың. Ары қарай жалғастырады.
- Топқа бөлу. «СтикерОрындық астында жасырылған стикерлердің түсіне байланысты 2 топқа бөленеді.
2. Үй тапсырмасын сұрау
«Кубик» әдісі арқылы. Әр топ кезек-кезек кубик лақтырады. Кубикте шыққан санның нөмірі арқылы сол сұраққа жауап беру.
1. Массив дегеніміз не?
2. Массив қалай жарияланады?
3. List дегеніміз не?
4. Бір өлшемді массив қандай массив?
5. Индекс дегеніміз не?
6. Индекс қай саннан бастап нөмірленеді?
Қалыптастырушы бағалау: Дұрыс жауап берген оқушыны жұлдызша арқылы бағалау
Стикерлер
Кубик
Сабақтың ортасы
5 мин
15 мин
2 мин
3. Жаңа сабақ
«Ой қозғау» әдісі
Тақтаға шкафтың суретін шығарып, жетелеуші сұрақтар арқылы балаларға ой салып, сабақтың мәнін ашу. Әр топтың ойын сұрау.
Шкаф - бұл массив
Суырма номерлері - бұл индекс
Суырма ішіндегі заттар - массив элементтері
Сабақта массив элементтерінің типтерін, массивтерді құру тәсілдерін, арнайы функциялар мен амалдар жолын презентацияда түсіндіру.
№1 Тапсырма
«Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі арқылы әр топ постерге берілген есепті шығарып, программасын құрады және келесі топқа түсіндіріп, қорғайды.
1-топ: Әртүрлі типтегі массив элементтерін нөлдік массивке айналдырыңдар.
2-топ: Әртүрлі типтегі сандардың квадратымен толтырылған массив құрыңдар.
Қалыптастырушы бағалау: берілген тапсырма бойынша екі топ бір-бірін тексеріп, қошемет арқылы бағалайды.
№2 Тапсырма
1-топқа:
Классикалық әдіс арқылы 1-ден 5-ге дейін сандарды шығару.
2-топқа:
Генераторлар тізімі арқылы 5-10 ға дейін сандарды шығару
Қалыптастырушы бағалау: Екінші тапсырма бойынша екі топ постерлерін ауыстырып бір-бірін тексеріп, жұлдызша арқылы бағалайды.
Сергіту сәті. Түстер ойынын ойнау
Әр слайдта түстердің аты оған сәйкес емес түспен жазылады. Сдайдты тез ауыстырып отырылады, балалар сөзді оқи отырып, тез сол сөздің түсін дұрыс айту керек.
№3 Тапсырма
Компьютермен жұмыс. Жеке жұмыс
Кез-келген типтегі массивке append(x) және a. extend(s) функциясын қолданып, программа құру.
Қалыптастырушы бағалау: Жеке жұмыс бойынша оқушы өзін-өзі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды
Слайд 3
Слайд4
Слайд 5
Слайд 6
Постерлер
Презентация
Компьютер
Сабақтың соңы
5 мин
2 мин
1 мин
Саралау әдісі - Сабақты қорытындылау және бағалау
Балалардың сабақтың қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында Socrative программасы арқылы тест алу.
- Берілген программа коды орындалғаннан кейін экранға қандай тізім шығады:
hi = ['bonjour', сәлем, 'hola', 'aloha', 'salem']
hi[1] = 'hello'
print(hi)
- Append әдісінің көмегімен элементтер қайда қосылатын болады?
- Программа коды берілген:
numbers = [1, 2, 3, 4, 5]
strings = ['қазақ', 'дәстүрлері:', 'асар', 'жылу', 'конакасы', 'конаккаде']
mylist = [numbers, strings]
print(mylist)
Экранға қандай нәтиже шығады?
- Экранға мына сандар [3, 5, 6, 9, 10, 12, 15, 18, 20] шығатындай етіп, 3-ке немесе 5-ке еселі сандармен тізімді қалай толтыруға болады?
Қ. Б Тест қорытындысы бойынша балаларды жұлдызша таратып бағалау, қиын болған сұрақтар бойынша жұмыс жасау
Кері байланыс: «Желкенді қайық» әдісі бойынша
- сабақ ұнаса және тапсырма түсінікті болса жасылға
бояу
- сабақты меңгеріп бірақ тапсырма түсніксіздеу болса сарыға боя
- сабақ түсініксіз және тапсырма қиын болса қызылға боя
Үй тапсырмасы
Range функциясының аргументі ретінде қолданылатын тізім элементтерінің санын, одан кейін берілген жолдар санын енгізіп, есептеуге болатын массив құру
Socrative. com
Қызыл, сары, жасыл
маркерлер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz