Тәжірибелік сабақ

Онлайн сабақтың жоспары (синхронды оқыту)

Сабақтың тақырыбы
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі
Сабақтың тақырыбы: Педагог
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: Алипбекова А. У
Сабақтың тақырыбы: Курс
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: I-курс
Сабақтың тақырыбы: Тобы
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: РБ 20-9
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың өткізілетін күні
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: 05. 05. 2021ж
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрі
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: Елбасы Н. Назарбаевтің Қазақстанның дамуына қосқан үлесі мен жүргізген саясаттары, стратегиялары жайлы студенттерге түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі:

Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдығ-гуманитарлық бағытындағы 11 -сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. Алматы «Мектеп» 2019ж.

(113-123 бб)

Сабақтың тақырыбы: Техникалық құралдар, материалдар
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: АКТ, Whatsapp
Сабақтың тақырыбы: Сабақ барысы
Сабақтың тақырыбы: Сабақ кезеңдері
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі:
Сабақтың тақырыбы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі: Психологиялық дайындық
Сабақтың тақырыбы:

-Whatsapp желісінде студенттерді сабаққа тарту

-Студенттерге платонус платформасы арқылы тапсырма жүктеу.

-Whatsapp желісі арқылы кері байланыс орнатып, сабақ барысын түсіндіру

Сабақтың тақырыбы:

2. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Теориялық жұмысты орындау кезеңі

(Сабақтың мазмұны қоса тіркеледі)

Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі:

Whatsapp желісінде (тақырыпқа қысқаша түсінік)

  1. Қазақ­стан дамуының өзіндік моделі туралы Елбасының ұстанған саясаты.
  2. Н. Ә. Назарбаев саясатқа алып келген бірқатар принципті жаңалықтардың бірі - Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары
Сабақтың тақырыбы: 4. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі:

Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад:

«үшінші әлемнен бірінші әлемге»

Бөлім меңгерушісі :

Педагог:

Қай елде болса да замана жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелі мол азаматқа, дара тұлғаға сұраныс ерекше болатыны тарихтан белгілі. Оларға тән терең ой, кемел ақыл, биік рух, қайрат пен қабілет түрлі тарихи сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Ұлыбританияда - Оливер Кромвель, Үндістанда - Джавахарлал Неру, Түркияда - Мұстафа Кемал Ататүрік, Сингапурда - Ли Куан Ю, Малайзияда Махатхир Мохамад елдерінің жаңа жолының көшін бастаған дара тұлғалар болды.

https://media-temporary.preziusercontent.com/frames-public/d/9/f/d/9/e9a75c24097bae2e0626e3c3ccf1200.png

Сондай заңғар тұлғалардың бірі әрі бірегейі, жеке дара бітім болмысымен, бө­лек табиғатымен әлемді мойындатқан сая­саткер, еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақ­стан дамуының өзіндік моделі туралы Елбасы былай деген еді: «Біз бір рет таңдап, содан бері одан таймаған өзі­міздің қазақстандық даму жолымен келеміз. Әлемдік тәжірибені сараптай және зерттей отырып, біз эволюция жо­лын таңдадық. Біз демократияның же­дел, әсі­ресе сырттан енгізілуіне қар­сы­мыз. Біз ешкімге де еліктеуге тырыс­пай­мыз, біздің мемлекетімізге, біздің хал­­қымызға керегін жасап жатырмыз. Және бұл қо­лы­мыздан келіп жатыр». Нұрсұлтан Назар­баев таң­дап алған бұл байыпты бағыт Қазақ­стан үшін стратегиялық бағдарға айналды.

Егемен Қазақстанның мемлекеттік тетік­тері өркениетті елдердің озық тә­жі­­ри­белерін пайдалана отырып, өт­пе­лі ке­зеңнің ерекшеліктері мен сая­­си, ұлт­тық жағдайларға байланыс­ты қа­лып­тасып құрылды. Нұрсұлтан Назар­баев мемлекет басшылығына келген ал­ғаш­қы сәттен бастап халықаралық және ұлта­­ралық мәселелер шиеленісінің ше­шуін асы­ғыстыққа салмай, уақыттың та­ла­бына, қазақстандық жолдың ерек­шелігіне үйлестіре, жан-жақты мүд­делердің түйісу нүктесін таба білудегі да­­ралығымен бірден әлем назарын аудар­ды. 80-жылдардың аяғы мен 90-жыл­дардың басы бұрынғы Одақ құра­мындағы елдердің азаттыққа ұм­тылған уақыты еді. Ол заман қазіргі пос­т­кеңестік кеңістіктегі басқа да елдер сияқты, Қазақстан үшін де үлкен бет­­бұрыстардың бастауы болды. Жұрт­шы­лықтың санасына қайта құру және қоғамдық жаңғыру тәрізді идеялар сіңе бастаған сәтте халық мұндай жұмысты істей алатын көшбасшысын дәл таныды.

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ­стан­дықтар демократиялық, өркениеттік жолмен тұңғыш рет Президент сайла­ды. Бұл қазақ тарихында бұрын-соңды бол­маған оқиға еді. Сол күні байтақ елі­міздегі сайлау учаскелеріне халық жаппай ерекше үміт­пен ағылып, сайлауға қатысқандардың 98, 78 пайызы Н. Ә. Назарбаевты жақтап дауыс берді. Халық ықыласына бөленген Н. Ә. Назарбаев кемел келешекке батыл қадамдар жасап, сарабдал сая­сат жүргізіп, елдің әрдайым биік асу­лар­­ды бағындыруының басында тұр­ды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Рес­пуб­­­лика Жоғарғы Кеңесінің сессия­сын­да ол жасаған ұсыныстың не­гі­зін­де Қазақ Кеңестік Социалистік Рес­публикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. Дәл сол күні Алматыда Пре­­зидентті ұлық­тау рәсімі өтті. 1991 жыл­ғы 16 желтоқсанда Республика Жо­ғар­ғы Кеңесінің жетінші сессиясын­да «Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қа­был­данды. Осылайша әлем картасында Қазақстан Республикасы атты жаңа мемлекет пайда болды. 1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында өткен жиында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздіктің біз­дің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап тү­суіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәу­летіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы да­ланың түпкілікті халқына да, тағдыр қо­сып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкіл­деріне де жетеді. Тарих көші ұзақ. Асық­сақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары бола­тынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін», деп айтқан сөзінің бүгінгі күні шындыққа айналғанын көріп отырмыз.

Қазақстандықтардың берік қолдауына арқа сүйеп, халқының жасампаздық күш-қуатына кәміл сенген Тұңғыш Пре­зидент теңдессіз экономикалық және саяси реформаларды табысты жүр­гі­зуді қамтамасыз ете білді. Жаңа ас­тананы тұрғызу бас­тамасы мен оны ақи­қатқа айналдыруы Н. Ә. Назарбаевтың мо­дернизациялық жобасының басты та­бысының символы ретінде орнықты. Қазақстанның жаңа елордасы шын мәнінде, жаңа дәуірдің қаласы болып, ел­дің өткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының ірі құбылысы саналады.

Н. Ә. Назарбаев саясатқа алып келген бірқатар принципті жаңалықтардың бірі - Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары. Жалпы, Жолдаулар басқа елдерде де қолданылады, бірақ олар әдетте міндеттердің белгілі бір шеңберінен ас­пайды да, жоғары заңды органға ғана бағытталады. Ал Қазақстанда Мем­ле­кет басшысының Жолдаулары бү­кіл ха­лыққа арналып, онда бүкіл ел­дің алдын­да міндеттер қойылады және елдің жан-жақты дамуының келер жыл­ға, одан да ұзақ мерзімге арналған не­гізгі басымдықтары мен жоспарлары ай­­қындалады. Әрбір азаматтың өмі­рінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қам­сыз­дандыру, жастарға қолдау көрсету - бұл жайттардың барлығы Президенттің ха­лыққа әр Жолдауында көрініс табады. Мемлекеттің дамуы қай бағытта өрбитінін айқын ұғына отырып, қазақстандықтар болашаққа сеніммен қарайды және өз өмірін сәтті жоспарлай алады.

Президент Н. Назарбаев әлеуметтік тұр­ғыдан бағдарланған нарықтық эко­номиканың тұжырымдамасын жасады. Оның жүзеге асырған экономикалық үл­гісі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді болды. Мемлекет басшысы жа­һан­дық ауқымдағы саясаткер ретінде дағ­дарыстың қайнарларын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық дең­гей­де оны ығыстырудың жүйелік ша­раларын ұсынды. Қазақстанның дамуына әлемдік дағдарыстың ықпалын ырық­сыздандырып, қалыпты өсу траекто­рия­сына дереу оралуға алғышарттар ту­дырды. Тағы бір өзекті мәселе - Пре­зидент Н. Ә. Назарбаевтың зияткер ұлт­ты қалыптастыру бағыты. Жаңа көз­қа­растағы қазақстандықтарды тәр­биелеу адамзат­тық капиталдың жаңа деңгейі - жаңа экономиканы қа­лыптастырудың бас­ты тетігі болып табылады. Қазіргі таң­да Қазақстан Елбасының салиқалы жүргіз­ген саясатының арқасында әлем­нің ең қар­қынды дамыған 30 елі­нің қатарына нық қадам басты. Жа­һан­дық мәселелерді талқыға түсіріп, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатқан ЕҚЫҰ сам­миті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүние­жүзілік ислам экономикалық форум, т. б. ірі басқосулардың Қазақ жерінде өтуі - Тұңғыш Президентіміз, әлемдік сара саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық үлкен беделінің көрінісі екендігі даусыз. Осындай көшелі істер­дің жалғасы ЭКСПО-2017 көрмесін өткі­зу болып отыр. Адамзат ақыл-ойы­ның тамаша табыстарының бірі - Бү­кіл­әлемдік жетістіктер көрмесін ұйым­дастырудың 160 жылдан астам тари­хында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің ешқайсысында да­­ Ха­лық­аралық көрме жалауы желбіреп көр­­ген жоқ.


Ұқсас жұмыстар
Бұйымның сызбасын жасау
Рентген сәулесі және оның қасиеттері
Тәжірибелік әдіс
Фигураларды салу
Тәжірибелік тапсырма
Компьютерлік модельдеу
Тәжірибелік жұмыс дәптерге орындауы
Іс-тәжірибелік сабақ 3. Модуль CRT
Суреттерді оқушыларға әңгімелету
Санауыштар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz