Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ы.Алтынсаринның туғанына 180-жыл
Мақсаты: Ы.Алтынсаринның өмірін тереңірек ұғынып, қазақ халқына сіңірген еңбегін балаларға дәріптеу.
Көрнекілік: презентация, суреттер, видеоролик.
Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақ даласына жәдидшілдік өзгерістердің келуіне алғышарт жасаған ұлы ағартушыларымыздың бірі. Қазақ балалары үшін мектеп ашып, оларды оқуға тартып, алғаш рет ана тілінде оқытып, тұңғыш оқу құралын жазып, зор еңбек еткен ірі педагог Ы.Алтынсаринның туғанына 180-жылдығына орай өтіп жатқан тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Тәрбие сағатымыздың басын Ы.Алтынсаринның өмірбаянына шолу жасаудан бастасақ. Видеоролик: https://www.youtube.com/watch?v=y-pd3Qfoy9A
Видеода көргендей Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді. 1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Орынбордағы әдеби, саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой - өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Ы. Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде - қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді.
Презентация: Ыбырай атамыз ашқан мектептің суреті
Жүргізуші:Ы. Алтысарин- алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарын қарастырады. Және ол қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал- мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды. Ыбырай Алтынсариннің көптеген әңгімелері,ертегілері бар.Мысалы:>>Әке мен бала>>, <<Мейірімді бала ,<< Аурудан аяған күштірек>><<Салақтық>>,<<Талаптың пайдасы>>, <<Әділдік>>, <<Жинақылық пен сараңдық>>, <<Асыл шөп>> ,<<Алтын шеттеуік>>, << Бақша ағаштары>>. <<Патша мен мұжық>>, << Бір уыс мақта>> .<<Мұңсыз адам>>, <<Атымтай Жомарт>>,<<Бай баласы мен жарлы баласы>>, <<Өтіріктің залалы>> әңгімелеріжәне <<Мақтақыз бен мысық>> Қарабатыр>>ертегілері бар. Ал енді оқушыларға тапсырма берсек, оқушылар өз түсінгендерін тақтаға шығып жазса:
Ассоциация:
Ы.Алтынсарин кім?
Ы.Алтынсаринның шығармалары
Жүргізуші:Ы. Алтынсарин бүкіл саналы ғұмырын бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне, сонымен қатар көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күреске арнады. Балаларға таза ана тілін үйретуді мақсат етті.
Ұлы ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин шын мәнісінде, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және озық ойлы әдебиеттердің арнасына түсіруші ретінде де ірі қайраткер боп саналады.
Өскелең ұрпақ тарихта жарқын із қалдырған кемеңгер Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен шығармашылығын ұмытпауға тиіс деп, оқушылардың Ыбырай атамыз жайлы не білгендерін көрейік.
Сұрақ- жауап
Ы. Алтынсарин қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (қазіргі Қостанай облысының Ы. Алтынсарин ауанында)
Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне қай жылы тағайындалды?(1879 жылы)
Ыбырайдың әлеуметтік теңсіздік мәселесіне арналған қандай өлеңдері бар?(<<Залым төреге>>, <<Әй, жігіттер>>)
<<Жаман жолдас>> әңгімесі Ы. Алтынсариннің өз шығармасы ма, әлде аудармасы ма? (Л. Н. Толстойдан аудармасы)
Ыбырайдың болашағынан үміт күтіп, оны оқуға жетелеген кім? (атасы Балғожа би)
Ыбырай мектепте қай жылдары білім алды?(1850/ 1857)
Ыбырайдың тілмаштық қызметті тастап, бала оқытамын деп күткен мектебі Торғайда қай жылы ашылды? (1864)
Ыбырайдың бастамасымен Ырғызда қыздар мектебі қай жылы ашылды? (1887 жылы)
Ы. Алтынсариннің <<Қазақ хрестоматиясы>> оқулығы қай жылы, қай қалада жарық көрді? (Орынборда, 1879 жылы)
Ыбырай шығармаларының негізгі тақырыбы қандай? (Еңбексүйгіштікке, ата ананы құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу)

Ы.Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келді. (иә)
<<Ғылым таппай мақтанба>>өлеңін Ы. Алтынсарин жазған. (жоқ)
1879 жылы Ы.Алтынсаринның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы жарық көрді (иә)
Ыбырай Алтынсарин ағартушы, жазушы, ақын, фольклоршы, этнограф, қоғам қайраткері (иә)
1864 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. (жоқ)
1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді (иә)
1887 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. (жоқ)
Ыбырай Алтынсариннің еңбектері <<Әке мен бала>>, <<Мақта қыз бен мысық>>, <<Мейірімді бала>>, <<Кел, балалар, оқылық>> (иә)

Жүргізуші:Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын. Өз шығармаларында отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды, оқу- білімнің, қараңғылықтың мән- жайын ашып берді
Ал енді оқушыларымыздың жаттап келген өлең шумақтарын тыңдасақ:
Жанарыс
Әй-жігіттер
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.

Нұрбибі
Кел, балалар, оқылық
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Қуаныш
Бұл кім?
Бала, бала, бала! деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргетіп,
Қорғасын оқтай балқытқан.

Кәусар
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.

Жүргізуші: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
Тапсырма:<<Ыбырай атама хат>> эссе жазу

Жүргізуші: Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ы.Алтынсаринның туғанына 180-жылдығына орай өтіп жатқан тарбие сағаты осымен тәман. Қатысып қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың барысы. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ. Сабақ түрі
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары
Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
Кел, балалар, оқылық. заттың қимылын білдіретін сөздер
Абайдың табиғат лирикасы туралы
Алтынсарин мектеп ашуы
Алғашқы қоңырау. Ашық сабақ
Кітап сөзі
Сұрақтарға жауаптар айтқызу
Пәндер