Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана десем сезім білер тым ыстық

Тақырыбы: <<Ана - өмірдің шуағы>>
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар.
Түрі: тәрбие сағаты

Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі <<Ана - өмірдің шуағы>> атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

<<Анажаным>> әні орындалады.
"Тақпақ"
Алуа: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ
Ана деген - асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай

Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық

Жүргізуші: Мама - бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Көркем: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,

Ерсұлтан:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын

Балжан: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең

<<Мама>> би орыардалады

Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.

<<Айгөлек>> әні орындалады.

Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.
<<КУКАРЕЛЛА>> би соның

Ұқсас жұмыстар
Ана өмір шуағы жайлы
Ана - өмірдің шуағы жайлы
Айналайын анашым
Анаға құрмет-Балаға міндет
Отбасым-мақтанышым
Ана өмірдің шуағы. жоспар
Ана – гүл, ана – өмір шуағы
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық
Аналар тілегі
Ана - өмірдің шуағы Анашым
Пәндер