Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бастапқы кері байланыс

<<Келісемін>> <<Бекітемін>>
Колледж әдіскері Директордың оқу - әдістеме
________ Исматуллаева А.М. істері жөніндегі орынбасары
___________ Н.А. Розакулова
_________________2021 жыл.

Инновациялық сабақ

Тақырыбы: Жаңартырылған білім беру мазмұны бойынша сабақтағы кері байланыс

Оқытушылар: Бекенова Х.Э.
Нұрбекова Ә.Б.

Аксукент 2021 ж.
Жоспар

Тақырыбы:
Сабақтағы кері байланысты тиімді тұстары
Мақсат:
Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері мен оның маңыздылығы жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.

Сілтеме:
Үлестірмелі нұсқаулық
Күтілетін нәтиже
Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері мен әдістері жайлы ақпаратпен танысады.
Кері байланыстың сабақтағы маңызды үрдіс екенін түсінеді.
Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.
Түйінді идеялар:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері.
Сабақта қолданылатын материалдар:
А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер,
қалам, тәттілер.
Оқыту әдістері:
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Топтық жұмыс
2. Жеке жұмыс

Дереккөздері:
<<Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық>>
Асхат Әлімовтың кітабы,
Мұғалімге арналған нұсқаулық Power Point

Мұғалімдердің іс-әрекеті
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(5 минут)
Келген әр қатысушыға тәтті ұсынамыз және ризашылығымызды білдіреміз.
Қатысушы мұғалімдер орындарында отырады.
Танысу тренигі
(3 минут)
Тәттілердің түстері арқылы топқа бірігеді. (қызыл, көк, жасыл...)
Топ мүшелері бір-бірімен танысады. Топта спикер анықталып, топ мүшелерін басқа топтарға таныстырады.

Топ мүшелері өз көніл күйлерін қағазға түсіреді

Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің сабаққа эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау.

Мұғалім сабақ басында және аяғында салынған суреттер арқылы. (бұдан көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады)

<<Миға шабуыл>> (10 минут)
(жеке, жұптық, топтық жұмыс)

Сұрақтар бойынша жеке жұмыс:
Кері байланыс дегеніміз не?
Кері байланыстың қандай түрлері білесіз?
Кері байланыс не мақсатпен жүргізіледі?
Кері байланыс сабақтың қай кезеңінде жүргізіледі?
Рефлексия мен кері байланыс синоним сөздер ме?

(ойларын флипчартқа түсіреді, топ мүшесі қорғайды)

Қызығушылықты ояту (5 минут)
<<Данышпан мен адам>>
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан <<- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?>> - деп сұрайды. Ол өзі ішінен <<Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін>> деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып <<бәрі сенің қолыңда>> депті.
Аңызда айтылғандай баланың өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен
Шағын дәріс
(10 минут)

Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері туралы қысқаша мәлімет беру және кері байланыс пен рефлексияның ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіріледі. (слайд бойынша)
Мұғалімдер түртіп алады.

Сергіту сәті <<Жылдам және тез>>

Тапсырма

Қазақ ертегілері топтамасынан Алдар Көсенің <<Ырысты жер>> ертегісін жартысы көрсетіледі. Ертегінің екінші жартысын әр топ өзі
құрастырады және қорғайды.

Топтар ақылдасып осы тапсырмаға кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды

Орындалған тапсырмаларға топтар бір-біріне сағат тілі бойынша кері байланыс береді.

Топтық және шығармашылық жұмыс:
( 10 минут)
<< Кері байланыс- сабақтағы маңызды үрдістің бірі >>.
4 топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды.
Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады. Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табу. Ал өзім қатысушыларға <<Кері байланыс бутерброды>> туралы ойымды ортаға саламын. Мұғалімдермен диалог арқылы қарым-қатынас орнатамын. Ақпараттың қандай түрлері бар? Қандай ақпаратты бірінші естігілеріңіз келеді? Неліктен? және т.с.с

Әдіс ұнады ма? Несімен ұнады/ұнамады?
Бұл әдістің қандай тиімді/тиімсіз тұстары бар?
Не қиын болды? Неге?
Бұл техниканың тиімділігі/тиімсізі неде?

Топтар ақылдасып сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды. Топ ішінде бірігіп жұмыс жасайды, диалогқа түседі, талқылайды.
Топ ішінде ерекше кері байланыс түрін шығарады.
Осылай бір-бірімен тәжірибе алмасады.

Қорытынды кезең. Рефлексия

Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Қатысушы мұғалімдердің сабақта қандай білім алғандарын көрсетеді.
Кері байланыс (2 минут) <<Тазалық>> әдісі

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Тәуелсіз елімізде жаңаша мазмұнда білім берудің басты мақсаты - жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, өмір сүруге бейім, терең ойы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Осы орайда оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әрекетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты тәжірибелеріне енгізу.
--------------------------------------------------------------------------------
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУ
<<Мұғалім өзінің түсініктемелерінің, бағалары мен балдарының оқушылардың сенімділігіне және олардың құлшынысына тигізетін әсерін сезінуі тиіс, сол себепті де ол кері байланыс беруде мейлінше сындарлы болуы тиіс>>. Бағалауды реформалау тобы, 2002
Тиімді кері байланыс белгілері:
Кері байланысты уақтылы және жүйелі түрде беру;
Ұсынымдардың анықтығы және нақтылығы

Жаңа сабақты түсіндіру.
Практикалық жұмыс: Гулдердің және көбелектің суретін салу:

Үлгерімді бағалау жүйесі.
Білім алушылардың оқу тапсырмалары мен тапсырмаларының барлық түрлері бойынша оқу жетістіктері білімді бақылау және бағалау бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Білімді бағалаудың балдық - рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау Оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылауды қамтиды. Ағымдағы бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдағы бақылау бағаларынан және межелік бақылау бағаларынан (аудиториядан тыс сабақтар) құралады.
Үлгерімді ағымдағы бақылау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырмаға 100 балдық шкала бойынша бағаланады және үлгерімді ағымдағы бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасы есебімен есептеледі.
Пәндер бойынша рұқсат беру рейтингінің оң бағасы жоқ білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Білімді бақылау жүйесі рейтингтік бақылауды (семестрде екі рет) және қорытынды бақылауды (емтихан тапсыру) қамтиды. Пәндер бойынша рейтингтік бақылау академиялық кезеңнің 8 және 15 апталарында жүргізіледі.
Әрбір пән бойынша қорытынды баға анықталады, ол рейтингтік бақылау мен емтихан нәтижелерінен құралады, бұл ретте 60% - рейтингтік бақылау, 40% - емтихан нәтижесі.
Білім алушының білімін қорытынды бағалау төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

Әріптік бағалау жүйесі
Пайыздық көрсеткіш
Дәстүрлі жүйедегі бағалау
А
95-100
Өте жақсы
А-
90-94

B+
85-89
Жақсы
B
80-84

B-
75-79

С+
70-74

С
65-69
Қанағат
С-
60-64

D+
55-59

D
50-54

FX
25-49
Қанағатсыз
F
0-24

Өтілген сабақ бойынша бағалау критериі:

Өлшеу параметрі
Пайыздық көрсеткіш
Дәстүрлі жүйедегі бағалау

А
95-100
Өте жақсы


90-94

85-89
Жақсы

65-69
Қанағат

25-49
Қанағатсыз

ПБ төрайымы Пернебаева Ж.Ж.
Оқытушы Мирзаметов Ж.М.

Ұқсас жұмыстар
Кері байланыс, рефлексия
Жарық не үшін қажет
Сабақ мақсаттары. Оқушының әрекеті
Оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастырудың мәні, қиындықтары мен тиімді жолдары
Сабақтың презентациясы
Доп ойыншылардың біреуінің қолында
Циклдік алгоритмдерді программалау жайлы
Есептерді шығар. Сабақтың тақырыбы
Мектепті дамыту жоспары
Мектепті дамыту жоспары жайлы ақпарат
Пәндер