Денені қыздыру жаттығулары

Бекітемін

директор орынбасары

«»20___ж.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

3-бөлім

Гимнастиканың негізгі элементтері

3-бөлім: Мұғалімнің аты-жөні
Гимнастиканың негізгі элементтері:

Қарлыбаев Қуаныш Кенжебайұлы

Күні:22. 11. 2021

Класс: 4 в

3-бөлім:

Сабақтың тақырыбы

Гимнастиканың негізгі элементтері: Акробатиканың жеңіл элементтері
3-бөлім: Оқу мақсаттары
Гимнастиканың негізгі элементтері: 4. 1. 2. 2 Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді
3-бөлім: Сабақ мақсаттары
Гимнастиканың негізгі элементтері:

Акробатикалық жаттығулардың элементтерінің жинағын жекелеп, кешенді жинақтай, реттілік сақтап орындап көрсету.

Акробатикалық элементтерідің дұрыс орындау техникасын жетілдіру.

3-бөлім: Бағалау критерийлері
Гимнастиканың негізгі элементтері:

Дене қасиетін арттыратын түрлі жаттығулар мен қозғалыстарды орындайды және орындалу сапасын арттырады.

Акробатикалық жаттығуларды дұрыс орындайды:

Қарлығаш бейнесін жасайды

Алға домалайды

Жауырынға тұрады

Көпір жасап үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері/ уақыты
Педагог әрекеті
Оқушы әркеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ кезеңдері/ уақыты:

Сабақтың басы

15 мин.

Педагог әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, зейін, тәртіпті,

байсалдылықты қамтамасыз ету.

Психологиялық ахуал:

Оқушылардың көңіл күйін бір қалыпқа келтіріп, белсенді атмосфера қалыптастырып алу.

  • «Комплименттер» атты оқытудың белсенді әдісіқолданылады. Оқушыларды ортаға шығарып, бір-біріне жақсы тілектерін білдірткізу.

Өтілген материалды пысықтау және жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылардың бүгінгі өтілетін сабақ туралы не білетіндігін сұрап алу. Топқа жалпы сұрақтар қойылады. .

«Миға шабуыл» жасау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Гимнастика дегеніміз не?

- Акробатикалық жаттығуларды орындар алдында қандай дене бұлшық еттерін көп қыздырамыз?

- Дене қыздыру жаттығуларын орындау кезінде олардың ағзаға тигізетін әсері?

Дене қыздыру жаттығуларын орындатқызу.

Денені қыздыру жаттығулары.

Бұлшықет топтарын дайындау.

Саптық жаттығулар

- сапқа тұру, бұрылулар, саптық адымдар.

- бір қатардан екі қатарға тұру.

Жүру. - Аяқтын ұшымен қол жоғарыда.

- Қол желкеде, өкшемен жүру. - қол белде табанның сыртымен жүру. - қол белде табанның ішімен жүру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы гимнастикалық элементтерге арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. Жаттығуларды секіртпені пайдалану арқылы жасатқызу.

Оқушы әркеті:

Сапқа тұру. Сәлемдеседі.

Оқушылар бір-біріне жақсы сөздерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар денені қыздыру жаттығуларын орындайды:

  • Жүгіріс жаттығуларын:
  • ЖДЖ

Дескрипторлар:

Оқушы:

-Саптық жаттығуларды мұқият орындайды.

-Жүру және жүгіру жаттығуларын саппен арақашықтық сақтай жасайды.

- секіртпе арқылы жалпы дамыту жаттығулар кешенінің реттілігін сақтап құрастырады;

-жаттығуларды дұрыс орындайды.

.

Бағалау:

ҚБ: бір - бірін бағалау, байқау.

Сонымен қатар «Жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Ресурстар:

Кең спорт алаңы

Секундомер

Ысқырық

Конустар

Секіртпе

Сабақ кезеңдері/ уақыты:

Сабақтың ортасы

25мин.

Педагог әрекеті:

Техника қауіпсіздігін түсіндіру және қауіпсіздіктің алдын-алу шараларын оқушыларға таныстыру.

Оқушыларға акробатикалық элементтердің техникасын видеоролик арқылы көрсетіп алу.

1-тапсырма. Оқушылар дайындық жаттығуларын орындайды.

Түрлі отырған қалыптан, арқада жатқан қалыптан топтасу.

Отыру қалпынан арқада жатып аяғын басына дейін тізесін бүге соза қолдарын беліне таянады.

http://www.autogallery.org.ru/1723pro/foto/s4gil2.jpg

Оқушыларға тақтада тұрған акробатикалық элементтің суреттерін орындарын алмастыру арқылы көрсетіп рет-ретімен орындарына қойғызу.

2-тапсырма: Қарлығаш бейнесін жасайды

Қолды тік соза оң аяқты жерге қойып, тізені бүкпей сол аяқты артқа барынша созу, басты тік көтеру (аяқты алмастыра орындау) . Белді, аяқты көтере түзу тік ұстап орындау

https://ust.kz/materials/docx/image/2020/november/d02/1604327422_html_152e623a88d329d4.png

3 -тапсырма: Алға домалау: Орындау техникасын көрсетіп, жасатқызу.

Гимнастикалық төсенішке жақындау; тізені бүгіп, денені алға еңгейту, алақанды төсеніштің шетіне қою. Саусақтар алға бағытталуы тиіс; иек кеудеге жанасып тұрады. Одан кейін шынтақты бүгіп, аяқпен аздап серпіліп, баспен аунайды - төсенішке желкені, мойынды, жауырынды, белді ретімен қою. Егер дене бүгіліп тұрса, жұмсақ аунап түседі.

4- тапсырма: Жауырынға тұру: Орындау техникасын көрсету. Жауырынмен тұру топтамада артқа аунап орындалады. Иыққа дейін аударылып, шынтақты денеге жақындатып, төсенішке қойыңыз, сол мезетте денені тік қалпында ұстап тұрыңыз, содан кейін қолдың буынын арқаға жауырынға жақындатып қойыңыз, сирақты тік ұстаңыз.

5- тапсырма: Көпірге тұру (мостик) : Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреу керек. Егер тұрған қалыпта орындай алмаса, жатқан қалыптан жасатқызу.

Похожее изображение

Оқушыларды үш-үштен әр топқа бөліп жаттығуларды тізбек арқылы жасатқызу және оқушыларға өздері қалаған бір элементті бесінші элемент қылып қосқызу.

Оқушы әркеті:

Қауіпсіздік шараларын мұқият тыңдайды. Қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде қатаң сақтанады.

Көрсетілген техниканы бейнеролик арқылы қарап алады.

Арнайы дайындық жаттығуларын жасау арқылы өздерін негізгі тапсырмаларды орынадуға дайындайды.

Тақтада орындары алмастырылған акробатикалық элементті рет-ретімен тауып орындарына қояды,

Дескриптор:

-Тепе-теңдік сақтап тұрады

-Қолды тік екі жаққа созады

-Бір аяғын жоғары көтеріп барынша созып тұрады және аяғының ұшын шығарады

-Басты тік көтереді.

Дескриптор:

-Тізені бүгіп, денені алға еңкейткен қалыпта отырады

-Алақанды орташа қалыпта маттың шетіне қояды, саусақтары алдыға қарайды

-Басын барынша төмен бұғады, иегі кеуде тұсына дейін жанасады

-Шынтақты бүге, аяқпен сәл итеріле алға домалайды

-матқа желкені, мойынды, жауырынды, белді ретімен қояды

-Аунап түсудің соңғы сәтінде аяқты қолмен ұстап қалады.

Дескриптор:

гимнастикалық төсенішке жақындайды

төсенішке арқамен тұрады

тізені бүгіп, денені алға еңгейте топтанады

артқа тербетілуден бастайды

топтамада артқа аунап орындалады;

иыққа дейін аударылады

шынтақты денеге жақындатып, төсенішке қояды

денені тік қалпында ұстап тұрады

қолдың буынын арқаға жауырынға жақындатып қояды

сирақты түзу, тік ұстайды.

Дескриптор:

гимнастикалық төсенішке жақындайды

төсеніштің үстіне тұрады

екі аяқты алшақ қояды

жамбасты ілгері жіберіп шалқаюды орындайды

бас пен екі қолды артқа қарай қатар иеді

қолды төсенішке тірейді.

Тұрған қалыпта жасай алмаса жатқан қалыпта орындайды.

«Үштік» әдісі: Жұптық жұмыс

Өз қателіктерін түзеу үшін «Үштік» әдіс арқылы үш оқушыны бір жұп қылып біріктіру. Үйретілген оқу бағдарламасын үшеуі бірігіп, білгендерін ортаға салып, жаттығуларды қайталап, қателіктерін түзеулері керек, және бір акробатикалық элементті өздері қосады.

Дескриптор:

-Акробатикалық элементтерді рет-ретімен орындайды

-Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтайды

-Жаттығу жасау барысында бір-біріне көмектеседі

Жаттығуларды жоғары дәрежеде толық орындайды.

Бағалау:

ҚБ: өз-өздерін


Ұқсас жұмыстар
Волейбол допты екі қолымен астынаң, үстінен қабылдау әдістері
Жүгірістегі жаттығулар
Қолды тік
Өз жалауыңды тап. 5 сынып
Акробатика.
Ауыр доппен жаттығулар
Баскетбол. допты беру әдістері
Биіктікке секіру
Волебол
Гимнастика сабағынан сынақ алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz