Жүгірістегі жаттығулар

Бекітемін
директор орынбасары
«»20___ж.
№51 гимназия Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
Гимнастиканың негізгі элементтері
Қарлыбаев Қуаныш Кенжебайұлы
Күні
Класс: 4
Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
4. 1. 5. 5 Қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасады
4. 1. 4. 4. Дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстырады
Кеңістікте іс-қимылдардың динамикасын байланыстырып көрсетеді, өзінің және басқалардың қозғалыстарын салыстырады.
Жаттығуларды шебер орындау әдістерін пайдаланады, қозғалыстың сапасын салыстырмалы түрде арттырады.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
15 мин.
Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, зейін, тәртіпті,
байсалдылықты қамтамасыз ету.
Психологиялық ахуал:
Оқушылардың көңіл күйін бір қалыпқа келтіріп, белсенді атмосфера қалыптастырып алу.
- «Комплименттер» атты оқытудың белсенді әдісіқолданылады. Оқушыларды ортаға шығарып, бір-біріне жақсы тілектерін білдірткізу.
Өтілген материалды пысықтау және жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылардың бүгінгі өтілетін сабақ туралы не білетіндігін сұрап алу. Топқа жалпы сұрақтар қойылады. .
«Миға шабуыл» жасау.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Гимнастика дегеніміз не?
- Денеміздің тік, әдемі болуы үшін қандай жаттығуларды жасау қажет?
- Дене қыздыру жаттығуларын орындау кезінде олардың ағзаға тигізетін әсері?
Дене қыздыру жаттығуларын орындатқызу.
Денені қыздыру жаттығулары.
Бұлшықет топтарын дайындау.
Саптық жаттығулар
- сапқа тұру, бұрылулар, саптық адымдар.
- бір қатардан екі қатарға тұру.
Жүру. - Аяқтын ұшымен қол жоғарыда.
- Қол желкеде, өкшемен жүру. - қол белде табанның сыртымен жүру. - қол белде табанның ішімен жүру.
Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы гимнастикалық элементтерге арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. Жаттығуларды гимнастикалық таяқшаны пайдалану арқылы жасатқызу.
Сапқа тұру. Сәлемдеседі.
Оқушылар бір-біріне жақсы сөздерін айтады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар денені қыздыру жаттығуларын орындайды:
- Жүгіріс жаттығуларын:
- ЖДЖ
Дескрипторлар:
Оқушы:
-Саптық жаттығуларды мұқият орындайды.
-Жүру және жүгіру жаттығуларын саппен арақашықтық сақтай жасайды.
- Гимнастикалық таяқша арқылы жалпы дамыту жаттығулар кешенінің реттілігін сақтап құрастырады;
-жаттығуларды дұрыс орындайды.
.
ҚБ: бір - бірін бағалау, байқау.
Сонымен қатар «Жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
Кең спорт алаңы
Секундомер
Ысқырық
Конустар
Гимнастикалық таяқша
Сабақтың ортасы
25 мин.
Саралау: Техника қауіпсіздігін түсіндіру және қауіпсіздіктің алдын алу шараларын оқушыларға таныстыру.
Сыныпты 2 топқа бөліп әр түрлі тепе-теңдік жаттығуларын жасатқызу. Сосын топтар өзара тапсырмаларын орындап болғасын алмасады.
1-тапсырма
Тепе-теңдік жаттығулары. 1-топ
Сынып топтарға бөлу, келесідей жаттығуларды орындауды ұсыну.
Аяқтың ұшымен жүру, отырып алға еңкейу, арқамен алға жүру. Алға алмакезек адымдар. Қолдан ұстап екеуден, үшеуден жанмен қозғалулар. Алға қозғала отырып бір аяққа секіру. Оң аяққа тіреле отырып сол аяқты артқа созу. Бір тізеге тіреліп, қолдардың көмегімен тұру. Гимнастикалық қабырғаға бөрененің бір шетін биіктетіп қою және оқушыларға қолмен және аяқпен шығу жаттығуларын беру. Аяқтардың ұшымен 180 градусқа бұрылу, артқа керіле секіріп түсу.
Алдымен жаттығулар еденде үйретіледі, одан соң гимнастикалық орындықтарда, гимнастикалық бөренеде тек содан кейін ғана сайманда биіктігін өзгерте отырып үйретіледі. Берілген жаттығулар оқушыларға үлкен және кішкентай кеңістіктерде орын ауыстыруларды тәжірибелеуге мүмкіндік береді. Жұптар бір орында бес минуттан артық тұра алмайды.
Топта талқылау, оқушылардың гимнастикалық бөренеде көрсеткен қандай элементтерін қойылым кешенін жасақтауда пайдалануға болатынын сұрау?.
2-тапсырма
Бөренедегі жаттығу. 2- топ
Төмен бөренеде тепе-теңдікке жаттығу жасатқызу.
-Бетпен бөрененің басына қарай тұрып, бөренеге аттау, ортасына дейін өту, сонда негізгі тұрысқа тұру.
-Қолды шетке көтеру, айқастырып сол аяқты адым жасау (сол аяқ алдында, оң аяқ артта) .
-Аяқтың ұшына көтерілу және оң иық арқылы 180°-қа бұрылу.
-Сол аяқты артқа-жоғарыға жіберу, иілу және аздап алдыға еңкею, қолдар шетке («қарлығаш») .
-Сол аяқты арқа бөренеге қою, екі аяқты да бүгу, тізеге тұру, ал қолдармен бөренеге таяну.
-Дене салмағын оң аяққа ауыстыру және, екі қолмен бөренені ұстап тұрып, сол аяқты жазу (жартылай шатқа отыру) .
-Екі қолмен бөренені ұстап бұрып, оң аяқты сол аяқтың жанына қою, тұру және бір мезетте қолды екі жаққа ажырату.
-Оң аяқпен алдыға адым жасау және оны сол аяқтың алдына айқастырып қою, бұрылу, бөрененің көлденеңінен тұру және иіліп секіріп түсуді орындау.
Оқушылар қауіпсіздік шараларын түсінеді және сақтанады.
Топтарға бөлініп тепе-теңдік жаттығуларын жасайды.
Дескриптор:
Қарапайым жүру түрлерін орындайды;
Мәнерлі жүрістер жасайды;
Буындарды қозғалысқа икемдейді;
Жүрістердің үйлесімділігін көрсетеді;
Бұлшық еттердің қозғалысын жақсартады.
Дескриптор:
-Тура бөрененің басына қарай тұрады;
-Бөренеге аттап, ортасына дейін өтеді;
-Қолды шетке созады, айқастырып сол аяқты адым жасайды;
-Аяқтың ұшына көтеріледі және оң иық арқылы 180°-қа бұрылады;
-Сол аяқты артқа-жоғарыға жібереді, иілу және аздап алдыға еңкейеді, қолдар шетке «қарлығаш» тұрысын көрсетеді;
-Сол аяқты арқа бөренеге қояды, екі аяқты да бүгеді, тізеге тұрады, ал қолдармен бөренеге таянады.
ҚБ: өз-өздерін бағалау, байқау.
Оқушылар жалпы топта бір-бірлеріне кеткен қателіктерін ұсыныс ретінде айтады.
Сонымен қатар «Жарайсың» деген мадақтау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz