Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ кестесінің үлгілері

№4 билет

ШЖБМ - те оқыту жүйесін ұйымдастыру шарттары
ШЖБМ - те сабақ кестесін құрастырудың жолдары
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы

2. ШЖБМ-те сабақ кестесін құрастыру жолдары

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.
Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.
Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.
Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері - оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

2. Сабақ кестесінің үлгілері
Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..
Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор.
Тәжірибелік тапсырмалар
Сабақ кестесінің үлгісін жасау:
Н.Базарбаеваның біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ кестесінің үлгісі:
Күні
Р.с
4 - сынып
3 - сынып
2 - сынып
1 - сынып
Дүйсенбі
1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағаты

Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі

Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі
Математика

Валеология
Сынып сағ
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сейсенбі
1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене - шынық
Дүниетану

Математика
Ана тілі
Дене-шынық
Дүниетану
Қазақ тілі

Ана тілі
Дене шынық
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика

Денешынық
Дүниетану
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сәрсенбі
1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Бейн.өнері

Ана тілі
Бейн. өнері
Қазақ тілі

Ана тілі
Бейнелеу өнері
Қазақ тілі
Математика

Бейн. өнері
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Бейсенбі
1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану

Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі

Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика

Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Жұма
1
2
3
4
5
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат

Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат

Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Сенбі
1
2
3
4
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын

Еңбек
Еңбек
Дене-шын

Еңбек
Еңбек
Дене-шын

Қатар оқытылатын 1-2 сыныптар үшін
Күні
Сабақ реті
1 - сынып
2- сынып
ДҮЙСЕНБІ
1
2
3
4
Әліппе
Математика
Денешынықтыру
Айналамен таныстыру
Қазақ тілі
Математика
Денешынықтыру
Дүниетану
СЕЙСЕНБІ
1
2
3
4
Математика
Жазу
Әліппе
Әліппе
Математика
Қазақ тілі
Ана тілі
Ана тілі
СӘРСЕНБІ
1
2
3
4
Әліппе
Математика
Еңбек
Ана тілі
Математика
Еңбек
Қазақ тілі
БЕЙСЕНБІ
1
2
3
Әліппе
Айналамен таныстыру
Бейнелеу өнері
Қазақ тілі
Дүниетану
Бейнелеу өнері
ЖҰМА
1
2
3
4
Математика
Әліппе
Ән
Жазу
Математика
Ана тілі
Ән
Қазақ тілі
СЕНБІ
1
2
3
Әліппе
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері
Көркем жазу
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері

3.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар <<бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін>> деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар

№5 билет

ШЖБМ - те педагогикалық үдерістің ерекшелігі
Оқу сабақтарының кестесін жасауда қолданылатын тәсілдер
Сынып жетекшісінің қызметі

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№6 билет

ШЖБМ - те жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары
ШЖБМ - те біріктірілетін сыныптар
ШЖБМ - те өздік жұмысқа қойылатын талаптар

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№7 билет

ШЖБМ -тің көптеген мәселесін шешетін технология түрлері
ШЖБМ - те музыка пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
ШЖБМ -тегі тәрбиенің бағыттары

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№8 билет

ШЖБМ - те сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері
ШЖБМ - те табиғатты бақылаудың маңызы.
Экскурсия, топсаяхаттар ұйымдастыру

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№9 билет

Бір пәнділік, бір тақырыптық жүйе бойынша құрылған сабақтар
Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті ұстанымдар
ШЖБМ - те тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№10 билет

1. ШЖБМ - те сабақтарды жоспарлау және өткізу жолдары
2. Біріктірілген сыныптарда сабақты жоспарлауда ескеретін жайттар
3. ШЖБМ - те дамыта оқыту тиімділігі

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№11 билет

1. ШЖБМ - те сынып жетекшісінің қызметі, міндеті
2. Өзбетіндік жұмыстардың түрлері
3. Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың құрылымы

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№12 билет

ШЖБМ - те оқыту түрлері
ШЖБМ - те сабақтың жалпы құрылымының кезеңдері
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің ұстанатын әдістемелік қағидасы

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№13 билет

Ойын әдісін қолданудың ерекшелігі
Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері
Логикалық - құрылымдық әдістің маңызы

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№14 билет

ЖБМ - те өз бетіндік жұмыстың рөлі , түрлері
Математика сабағында өз бетіндік жұмыстарды орындату жолдары
Тренинг әдісінің негізгі талаптары

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№15 билет

Пәндерді оқытуда біртақырыптық сабақтардың педагогикалық мақсаттылығы
ШЖБМ - те бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова
№16 билет

ШЖБМ - те жеке жұмысты ұйымдастыруда іс - әрекет
Музыка пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру жолдары

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№17 билет

1. ШЖБМ - те мұғалімінің сабаққа дайындалуы
2. Бейнелеу өнерін оқыту принциптері
3. ШЖБМ дегеніміз қандай мектеп?

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№18 билет

ШЖБМ - те тәрбие процесін ұйымдастыру
Дүниетану пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері
3. ШЖБМ - те оқу - тәрбие үдерісін жақсартуда ғалымдар еңбегі

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№19 билет

Ы.Алтынсарин - қазақтың тұңғыш педагогы
Тіл дамыту сабақтарында дидактикалық материалдар мен ойындардың рөлі
Сынып және сынып комплект жағдайында тіл сабақтарын бірпәнділік жүйе бойынша сабақтарды жоспарлау

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№20 билет

ШЖБМ - те тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Тіл дамыту жұмыстары
Сурет бойынша мәтін құрастыру жолдары

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№21 билет

1. Ғ.Сүлейменов - зерттеуге белсене араласқан ғалымдардың бірі
2. Математика сабағында ойынның рөлі
3. Б.Құлмағанбетова - зерттеуге белсене кіріскен ғалым

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова
№22 билет

Шағын жинақталған бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіптік мәдениеті
ШЖБМ - те ертеңгілік жаттығулар, олардың маңызы
Дене шынықтыру сабақтарындағы өз бетіндік жұмыстар

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№23 билет

ШЖБМ - те сынып жетекшісінің қызметі, міндеті
Спорт сағаттарындағы жаттығулар, эстафеталық ойындар
ШЖБМ мұғалімінің кәсіптік мәдениеті және сынып жетекшісінің қызметі

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№24 билет

Тіл сабақтарында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу.
Шығармашылық жұмыстардың түрлері
ШЖБМ - те сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№25 билет

1. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
ШЖБМ - те жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы
ШЖБМ - те тәрбие шараларының жоспарлануы

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№26 билет

ШЖБМ - те табиғатты бақылай білуді ұйымдастыру маңыздылығы
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
ШЖБМ - те ертеңгілік жаттығулар

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№27 билет

ШЖБМ - те бақылау және өзін-өзі бақылау жұмыстары
ШЖБМ - тің өзіне тән тиімді жақтары
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№ 28 билет

Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу
Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстар
Тәрбие шараларын жоспарлау ерекшелігі

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

№29 билет

Ана тілі сабақтарында баланың шығармашылығын дамыту жолдары
ШЖБМ - те деңгейлік тапсырмалардың рөлі
Деңгейлік тапсырмалар үлгісі

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

Билет №30

Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
ШЖБМ - те кездесетін кемшіліктер
ШЖБМ - те жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Оқытушы ____________ Б.Д.Оспанова

Ұқсас жұмыстар
Абай поэзиясы
Excel кестелік процессор
Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап
Информатика пәнінен 3 класқа арналған қысқа мерзімді жоспары
Білім берудегі кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Microsoft excel кестелік процессоры туралы түсінік
Жұмбақталған сөздерді тап
Бала мәншүк. 4-сынып
Алгоримт және оның қасиеттері
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. Сабақтың тақырыбы
Пәндер