Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бағалау және сабақты қорытындылау
Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар
Сабақ - педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқы дайындықтан басталады және сабақ жоспарын дайындау - табысты сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең. Белсенді сабақ - табысты сабақтың алғышарттарының бірі. Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?
Мұғалім алдымен дайындық жұмыстарын жасайды:
oo оқу бағдарламасындағы, тізбектелген сабақтар топтамасындағы осы сабақтың орнын белгілейді;
oo оқу мақсаттарына байланыста сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтайды;
oo тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді;
oo өткен және келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтайды.
Келесі кезекте сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, әдістемелік жобасын құрады. Белсенді сабақты жоспарлау үрдісі әрбір педагогке белгілі келесі қадамдардан тұрады:
oo Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау);
oo Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау);
oo Оқу материалының мазмұнын саралау;
oo Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау;
oo Оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау;
oo Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау;
oo Үйге берілетін тапсырмаларды таңдау;
oo Бақылау, бағалау түрлерін белгілеу;
oo Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау, т.б.
Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен оқушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және оқушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта оқушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады.
Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес. Бағалау критерийлері оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Бағалау критерийлерін нақты анықтамай қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу мүмкін емес.
Сабақтың әдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістің табыстылығына әсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мәселелерді басты назарға алу керек.
Сабақ құрылымы
Белсенді оқытудың мәні - оқу үдерісі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуында.
Қазіргі кезде белсенді сабақ ұйымдастыруда Дэвид А. Колб (David Kolb) ұсынған келесі схема кеңінен қолданыс табуда:
1. Уәж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау - сабақ уақытының 10 % үлесі
2. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау) - сабақ уақытының 20 % үлесі
3. Жаңа материалды игеру - сабақ уақытының 50 % үлесі
4. Бағалау - сабақтың 10 % үлесі
5. Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) - сабақтың 10 % үлесі.
Сабақтың мазмұнды кезеңдеріне түсініктеме:
Уәж туындату - сабақтың бастапқы кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, қызықтыру және сабақта үйренетін білімнің қажетті және пайдалы болатынын көрсету. Оқушылардың ішкі уәжі олардың оқу материалын жақсы игеруіне тікелей әсер етеді. Бұл кезеңде оқу мақсатын оқушылардың түсінуіне жағдай жасалады.
Бекіту - қызығушылық және материалды меңгерудің тиімділігін көтерумен қатар оқушылардың санасында пән бойынша оның білімінің бірізді логикалық құрылымның қалыптасуына мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Жаңа материалды игеру - оқушылар жаңа білім алатын негізгі кезең. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың қажетті білім, білік-дағдыларды игеруін қамтамасыз ететін жаттығулар мен тапсырмалар дайындауы керек.
Бағалау - сабақтың маңызды ынталандырушы бөлімі. Бағалау икемді, көрнекті және әділ болуы керек, осындай жағдайда ғана бағалау арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады. Бағалаудың дұрыс болмауы оқушының пәнге қызығушылығын жойып, оқуға ынтасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бағалау кезеңі тексеруге емес, оқушыларды ынталандыруға бағытталғаны маңызды.
Дебрифинг - сабақты қорыту, кері байланыс алу, сабақтың соңғы кезеңі. Мұнда мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын және ұнамағанын сұрайды, сабақ бойынша оқушылардың ұсыныстарын жинайды және сабақты қорытып, игерген білімді оқушылардың әрі қарай өз бетінше тереңдетуіне бағыттайды.
Сабағының ерекшелігіне байланысты кезеңдерге бөлінген уақытты мұғалім өз шеберлігіне байланысты өзгертуі мүмкін, бірақ осы кезге дейін жинақталған тәжірибе берілген үлгінің тиімді екенін көрсетеді. Бұл модель сабақта әдетте қолданатын үш кезеңмен үйлеседі:
1-кезең: Уәждеу және жаңа тақырыпты жариялау, өткен сабақты бекіту (қайталау) - 30%
2-кезең: Жаңа материалды меңгеру - 50%
3-кезең: Бағалау және сабақты қорытындылау - 20%.
Сәтті сабаққа қойылатын талаптар
oo Жеке сабақтың тізбектелген сабақтар топтамасындағы маңызы мен орны белгіленуі;
oo Оқу мақсаттарының және оған жету қадамдарының нақты анықталуы
oo Оқу бағдарламасының талаптары мен сабақтың мақсатына сәйкес мазмұнды сабақтың болуы;
oo Сабақтың жекелеген кезеңдерінде және сондай-ақ бүкіл сабақ бойында оқушылардың меңгерген білік дағдылары мен білім деңгейлерінің жоспарлануы;
oo Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып, дамытуға негізделген оқу құралдары мен әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін таңдау;
oo Сабақта оқушының жеке жұмысы мен бірлескен оқу үлгілерін тиімді қолданылуы;
oo Оқушының өз бетінше білімді игеруіне барлық мүмкіндіктің қарастырылуы;
oo Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қажеттілігінің ескерілуі;
oo Сабақта дидактикалық қағидаттардың жүзеге асуы;
oo Сабақта оқушы үшін табысты оқу ортасының қалыптастырылуы;
oo Сабақта жедел кері байланыстың жүзеге асуы;
oo Сабақта жоғары қарқын және белсенді үдерістің болуы;
oo Көтеріңкі эмоциялық көңіл-күйдің болуы;
oo Сабақта қауіпсіз ортаның,жағымды психологиялық ахуалдың орнатылуы.
Сәтті сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар
Табыстылыққа ұмтылу - оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын-ала болжауға да мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс.
Оқудың табыстылығы пәнінің ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен оқушыларға деген сүйіспеншілігінің де маңызы зор. Егер оқушы сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы өткені, мұғалімнің еңбегі табысты болғаны, ал егер оқушы сабақтан ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса - сабақтың сәтсіз болғаны; демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы тек мұғалімге ғана қатысты нәрсе емес, оқушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір оқушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, оқушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.
Сәтті сабақты қамтамасыз ететін қағидаттар:
Еркіндік қағидаты: әрбір оқушының өзін таныта білуі мүмкіндігін шектемеу;
Серіктестік қағидаты: оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір-бірімен түсініп, бірігіп әрекет жасауы, бірін-бірі қолдауы;
Сенімділік қағидаты: оқушының табысқа жетуіне деген өзіне сенімділігі, мұғалімнің сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына сенім артуы;
Толеранттық қағидаты: оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның өзіндік дамуына қолайлы орта жасау;
Шыдамдылық қағидаты: қолайсыз жағдайларды шиеленістірмей, ашуға бой бермей эмоциялық сабырлық жасау
Нәтижеге бағытталған сабақтыңтабысты екенін қалай білуге болады? Ричард Дарант <<Үздік сабақтың алты белгісі>> мақаласында табысты сабақты сипаттайтын келесі белгілерді анықтайды (www.cpm.kz):
oo сабақтың жақсы жоспарлануы, оқу мақсаттарының нақты белгіленуі;
oo оқытудың мазмұнды, жаңалыққа толы және мақсатқа бағытталуы;
oo оқушыларға сабақтың ұнауы және олардың өздерінің білім алуына қызығуы;
oo оқушылардың табыс критерийлеріне қол жеткізуі;
oo оқыту үшін бағалауды тиімді қолдану;
oo сабақта жоғары деңгейлі ашық сұрақтарды қолдану.
Табысты саббаққа оның тиімділігі тұрғысынан келесі талаптар қойылады:
oo сабақтың өне бойында әрбір оқушының белсенді танымдық әрекетте болуы;
oo жаңалық ашу арқылы оқудың ұйымдастырылуы;
oo сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық қолдау көрсетеуі;
oo сабақта оқушылардың танымдық әрекетке ынталануы;
oo сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы (басқаруы) және рефлексия жасауы
oo сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыратын өзіндік жұмыстың және шығармашылық тапсырмалардың болуы;
oo оқу мақсаттарына қол жеткізу, т.б.
Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету - мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Осы салада зерттеушілер тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін келесі проблемаларды анықтаған:
oo сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы;
oo сабақта уақытты тиімді қолданбау;
oo проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану;
oo сабақта АКТ тиімді қолданбау;
oo барлық оқушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау;
oo сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мін бермеу;
oo сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі;
oo теориялық материалдың қажеттігін бағалай алмау;
oo жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау;
oo оқушыларды жеке орындауға арналған тапсырмалармен толық қамтымау;
oo оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.
Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі - сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz