Жаңалық анықтамалығы

Бекітілді

"Қазақстан" ҰТА бас редакторы

Тақырыбы: "Egemen Qazaqstan" - 100 жыл

Жанр: ақпараттық

Хроника: 3 минут 9 секунд

Күні: 21. 11. 2019 жыл

Тілші: Саламат Омаш

Режиссерлық сценарий
Редакторлық сценарий
Режиссерлық сценарий:

1. Интерактивті тақта арқылы жасалған 3D форматтағы сурет - студия - 3 сек

Орташа кеуделік план - 25 секунд - студия

Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?

(5W+H)

2. Орташа дізелік план (сахна, жыршы) - 9 сек

3. Жалпы план (концерт залы, көрермендер) - 3 сек

Орташа кеуделік план (Қырымбек Көшербаев, Мәулен Әшімбаев, Дархан Қыдырәлі) - 3 сек

Деталь (интерактивті экран - газет эмблемасы) - 4 сек

Орташа кеуделік план (конференция қонақтары) - 3 сек

Орташа кеуделік план (Қырымбек Көшербаев) - 3 сек

Орташа кеуделік план (көрермендер) - 3 сек

Орташа дізелік план (сахна, Семлекеттік хатшы мен алғыс хат алған журналистер) - 2 сек

Ірі план орташа (конференция қонақтары) - 2 сек

4. Титр: Қырымбек Көшербаев - ҚР Мемлекеттік хатшысы

Орташа кеуделік план (спикер) - 8 сек

Ірі план орташа (залдағы көрермен) - 2 сек

Жалпы план (концерт залы) - 5 сек

Орташа кеуделік план (спикер) - 14 сек

5. Орташа кеуделік план (көрермендер) - 2 сек

Орташа кеуделік план (сахна, журналистерді маратпаттау) - 3 сек

Жалпы план (концерт залы) - 2 сек

Орташа кеуделік план (сахна, алғыс хаттарды табыстау) - 2 сек

Ірі план орташа (қонақтар) - 3 сек

Деталь (интерактивті экран) - 6 сек

Орташа кеуделік план (залдағы қонақтар) - 2 сек

Деталь (интерактивті экран) - 2 сек

Ірі план өте жақын (интерактивті экран, газет басшыларының портреттері) - 6 сек

Жалпы план (интерактивті экран, Шерхан Мұртаза) - 2 сек

Панорама (тарихи фото-көрме) - 4 сек

Жалпы план (дәліз, қызыл кілем) - 2 сек

Орташа кеуделік план (конференцияға келген қонақтар) - 2 сек

Деталь (көрмедегі суреттер) - 3 сек

6. Титр: Дархан Қыдырәлі - «Egemen Qazaqstan» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы

Ірі план орташа (спикер, фонда баннер мен дәліз) - 16 сек

Деталь (баннердегі жазу: Жүз жылдық жылнама) - 2 сек

7. Титр: Мирас Асан - «Egemen Qazaqstan» газеті мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі

Орташа кеуделік план (спикер, фонда дәліз) - 13 сек

8. Орташа дізелік план (сахна, маратпаттау) - 3 сек

Жалып план (сахна) - 2 сек

Жалпы план (концерт залы) - 2 сек

Орташа кеуделік план (сахна, әнші, газеттің жас журналистері) - 6 сек

Жалпы план (сахна) - 3 сек

Ірі план орташа (журналситер) - 2 сек

Жалып план (сахна) - 2 сек

Редакторлық сценарий:

1. Подводка:

Ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетіне 100 жыл. Алаш арыстарының тағылымымен үндескен аға басылым алғаш 1919 жылы Орынбор қаласында жарық көрген еді. Замана үніне айналған газет бүгінде қазақ руханиятының іздеушісі ретінде мемлекеттіктің тамырын тереңдетуге барынша үлес қосып келеді. Бүгінгі өткен басылымның 100 жылдық жылнамасын қорытындылауға ұлт зиялылары, министрлер мен депутаттар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен тілшілер қауымы жиналды.

2. Арнау:

Тойыңыз құтты болсын деп тілеймін,

Қасқайып нар Жамбылдай жүзге келген . . .

3. КСМ:

"Газет халықтың құлағы, көзі һәм тілі". Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Egemen Qazaqstan» "газет - қоғамның айнасы" екенін дәлелдеп келе жатқанына бір ғасыр толды. Торқалы тойда мемлекеттік хатшы Елбасы мен Президенттің құттықтауларын оқып, бір топ қызметкерге Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын тапсырды.

4. СНХ:

Қадірлі қауым, құрметті егемендіктер, еліміздің жетекші басылымы, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы - «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы құтты болсын. Газет ұжымы Кеңес заманының өзінде ана тіліміз бен ұлттық сананы сақтауға, төл тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттауға, елдігімзді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. «Egemen Qazaqstan» тәуелсіздіктің елең-алаңында да, Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевтай біртуар азаматтардың басшылығымен мемлекет іргесін бекемдеуге ат салысты.

5. КСМ:

Газет ұжымы мен оқырмандарына Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматуллин, Үкімет басшысы Асқар Мамин де құттықтауларын жолдады. Қазіргі «Egemen Qazaqstan» әр жылдары Орынборда, Қызылордада, Алматыда, ал соңғы он жылда астанада "Ұшқын", "Еңбек туы", "Еңбекшіл қазақ", "Еңбекші қазақ", "Социалды Қазақстан", "Социалистік Қазақстан", "Егеменді Қазақстан" атауларымен жарыққа шықты. Басылымды Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаев сынды қаламгерлер мен қайраткерлер басқарды. Ал өткен ғасырдың аяқ шенінен бастап ғасырлық тарихы бар басылым тәуелсіздік идеясын түлетіп, игілікті іске жанашырлықпен, кәсіби шеберлікпен үн қосып келеді.

6. СНХ:

"Егемен" - бқл елдіктің газеті. Елбасымыз "бас басылым" деп баға берген газет. Қазақтың атын қайтаруға шексіз үлес қосқан, елдікті еңселетуге еселі еңбек еткен, сонымен қатар егемендікті сүйіншілеген газет. Сондықтан бүгінгі мереке - бұл тек қана "Егеменнің" емес, қазақ баспасөзінің де мерейлі межесі деп есептейміз.

7. СНХ:

Кешегі жастар арыстарға, орта буын - алыптарға айналды. Бізге де сол ағалардың жолын, аға басылымның, аға газеттің жолын берсін дейміз. Газетті жаңартуға, жаңғыртуға жұмыс істеуіміз керек.

8. КСМ:

Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам таралымы бар ұжымда жүзден астам қызметкер еңбек етеді. «Egemen Qazaqstan» тақырыптың ауқымы жағынан да, таралымы жағынан да талайдан көш бастап тұр.


Ұқсас жұмыстар
Эволюция жолдары
Жансүгіров Жетісу суреттері
Әдеби тіл және мәтін
Физика пәні мұғалімінің әдістемелік анықтамалығы
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін тапсырмалар дайындай алатынымды ұқтым
Шың Ағылшын тілі
Сайлау құқығы
Пән мұғалімі
Сабақ соңында Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz