Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Қорқыт ата, асан қайғы, әбунасыр әл-фараби дана-ғұламалар әлеміне саяхат

Тақырыбы: Қорқыт ата, Асан қайғы, Әбунасыр әл-Фараби дана-ғұламалар әлеміне саяхат
Саяхат сабақ.
Мұғалім сөзі: -Балалар, бүгінгі сабақта біз қиял кемесіне мініп, қазақтың сонау көне замандарына сапар шегеміз. Саяхат барысында біз халақ ауыз әдебиетінен күні бүгінге дейін өткендерді еске түсіріп, қорытынды жасаймыз.Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың мақсаты- халқымыздың қадір тұтып, атын аңызға айналдырған, елінің азаттығы шін күрескен халық ұлдарын тілге тиек етіп олардан үлгі-өнеге алу.
Ал,балалар, сонымен қазақтың кең сахарасына саяхат жасап келейік:
Жүрегім, жырым сенік,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Еңбек тұлы ел балаң.
Бұрынғы өткен күніңді,
Берейін жырлап елге анам.
Біз енді сонау 13-15 ғасырға аттанайық.Сыр бойында дүниеге келіп , аты аңызға айналған Қорқыт ата жайлы білгендеріңді еске түсіріп көріңдер.
Жауап: Қорқыт ата - халық шежіресі бойынша 18 ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Данышпан қарт ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болған. Ол әрі асқан күйші де болған.
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,
Бата алған барлық бақсы асқан ата.
Таңғалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.
Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп оның мазар күмбезіне бас ию, сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады.Қорқыттың мазарын халық қадірлеп шырақ жағушы адам болған.Бұл күмбезді 1960 жылы су шайып кетеді. Сол бұрынғы күмбез маңынан қызылорда облысы , Қармақшы ауданында 1980 жылы жаңа ескерткіш орнатылған.Онда төрт қобызды бір-біріне сүйеп, біріктіріп,қою арқылы композиция құрған.Самал желдің әсерінен төрт қобыздан әсерлі үн, жанға жайлықобыз сарыны естіліп тұрады.
Мұғалім: - Ал, осы Қорқыт ата жайлы ел аузында түрлі аңыздар бар. Кім қандай аңыз біледі? (Оқушылардың жауабы тыңдалады)
Мұғалім: Қорқыт ата алғашқы қобыз шығарушы, күйші, шешен, дана адам болған екен. Ал осы кісінің қандай күйлері бар, естігендерің бар ма?
Жауап: Қорқыт атаның << Қорқыт>>, << Тарғыл тана>>, << Башпай>> секілді күйлері бар.
Мұғалім: -Қорқыт атаның қандай нақыл сөздері бар, соларды еске түсірейік.

Жауап: 1. Анадан өнеге көрмеген - қыз жаман,
Атадан тағлым алмаған - ұл жаман.
2.Өтірік сөз өрге баспайды.Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген артық.
3. Тәкәппарлықты тәңірі сүймес,т.б.
Мұғалім: - Мінеки, біз сонау 18 ғасырда өмір сүрген Қорқыт атаны еске түсірдік.
Қорқыт мәңгілік өмірді іздеп, оны өзінің қобызынан тапқан екен. Ұлы ақын Абай айтқандай << Арттағыға сөзі мен ісі қалған, өлсе де өлмегенмен болады тең>>. Күні бүгінге дейін Қорқыт ата өзінің күйлерімен мәңгі тірі.Ал, енді сапарымызды Сарыарқаға бұрайық..
-Осы Сарыарқада дүние салған, Еділ бойында туылған халық қамын ойлап өткен аңыз кейіпкерлерінің бірі - Асанқайғы.Ол туралы бізге бір оқушы әңгімелеп берсін.
Оқушы: Асанқайғы 15 ғасырда өмір сүріп аты аңызға айналғандардың бірі.Оның шын аты- Хасан Сәбитұлы.Тарихи аңыздар Асанның әкесі саятшы екен дейді.Асан өз заманының асқан ақылгөйі.Ол Алтын Орда ханы ҰлығМұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған.Халқының сорлы тағдырын ,мүшкіл тұрмысын,құлазып жатқан даланы көріп ұйқысы бөлініп,қайғыланған Асан малға мекен ,елге ырыс жер іздейді. << Қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған>> ондай жердің ,жайлы мекеннің аты- << Жерұйық>>. Асан желмаясына мініп, қазақтың бүкіл сахарасын ,өзен-көлін, тау-тасын,құм-шөлін кезіп шығады.Бақытты ел таппаған Асан елін белгісіз бір өлкеге бастап бармақ болады.Бірақ ажал тап болып, ол дегеніне жете алмайды. Аңыздардың айтуында ол Сарыарқада дүние салыпты.
Мұғалім:- Балалар, Асанқайғының әрі жырау, әрі данышпан кісі болғанынбілеміз.Сол кісінің толғауларын тыңдап көрелік. (<< Бұл дүниеде не ғаріп>>, <<Жұрт қадірін не білсін>> толғаулары орындалады).
Мұғалім:-Біз Сыр өлкесінде ,атақты Сарыарқада болдық.Енді аты әйгілі қазақтың көне қаласы Отырарға жол тартамыз.Отырарда шығыстың философы - Әбунасыр әл-Фараби туған екен.Бұл туралы екінші оқушымыз әңгімелеп берсін.
Оқушы: Аристотельден кейінгі атақты философ, Әбунасыр әл-Фараби Отырарда туған екен.Толық аты-жөні Мұхаммед ибн узлах Тархани - деп жазылатын болған.Ол жастайынан асқан зерек ,ғылым өнерге мейліншеқұштар болып өседі.Ол өзінің түркі тілімен қатар араб, парсы, грек,латын тілдерін жетік білген. Фарабидің зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады.Ол философия, логика, математика,астрономия,
медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы,т.б.ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Ол сонымен қатар өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі болды.
Мұғалім:-Енді, осы Фараби аталарыңның бір-екі өлеңін тыңдайық.
1-оқушы: Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда,
Бақұл боп кетер одан да.
Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп.
2-оқушы: Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым түнге құшағын жайған адам.
Мен жатырмын ұйқыда жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтазар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Мұғалім: -Балалар, бүгін біз өз саяхатымызда Қорқыт ата, Асан қайғы, Әбунасыр әл-Фараби секілді ғұламалармен таныстық. Олардың даналық сөздерін есте сақтап, ұмытпай жүріңдер.
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиетінің дәуірлері
«ежелгі дәуір әдебиеті» факультативтік курсының бағдарламасы
8-сынып қазақ әдебиеті орта мерзімді жоспар
Тіршіліктің тірегі сен –Жер Ана
Әбу насыр әл- фараби. өмірі мен шығырмашылығы
Қазақ әдебиеті энциклопедия
Ежелгі дәуір әдебиеті
Мақалды көрсет
Абай өлеңдері
Жыраулар поэзиясы
Пәндер