Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Туризм теориясының заманауи философиясы
Қазақстан Республика Мәдениет және спорт министрлігі
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
"Туризм және спорт" факультеті
"туризм және қонақжайлылық" кафедрасы
ТУРИЗМ 1 лекция
Тақырыбы: <<Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің бөлігі ретінде>>
Орындағандар:Қобландиева Жаннұр
Тобы: ҚМБ 21-03
Түркістан 2021-2022 ж.
1 тақырып. ТУРИЗМ ТЕОРИЯСЫ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
Қарастыратын сұрақтар:
1.1 Туризм теориясының жеке пән ретінде дамуы
1.2 Туризм теориясының заманауи философиясы
1.3 Туризмнің тұлға, қоғам мен мемлекет үшін маңызы
1. Лекция мазмұны.

Қазіргі уақытта туризм қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың бірі болып табылады және адам өміріне жалпы қызмет салаларында да, жеке салаларға да әсер етеді. Туризмді дәрігерлер, географтар, тарихшылар, экономистер мен басқа ғылыми бағыттардың өкілдері түрлі бағытта зерттейді. Туристік қызметтің динамикалық дамуы ХХ ғасырдың соңынан бастап, оның өзінің жеке өзгеше ерекшеліктерімен сипатталатын экономикалық қатынастардың бөлек саласына айналуына алып келді. Туризмнің заманауи саласы күрделі, көпжақты экономикалық қатынастардың жүйесінің болуымен сипатталады.
Алғашқы ғылыми жұмыстарда туристік қызмет жұмыстан бос уақытта демалуға бағытталған жеке адамның жекелеген қызметі ретінде қарастырылған болатын. Алайда, 30-жылдардың өзінде туризм белгілі бір қоғамды қамтитын және негізінен жаппай бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған, жаппай құбылыс ретінде қарастырылды. Туризммен жаппай айналысудың, туризм туралы ғылымның пайда болуының алғашқы себептерінің бірі болғанын және дәл осы аралықты туризм теориясын зерттеудің бастауы ретінде есептеуге болатындығын ерекшелеп кету қажет. Осылайша, 1930 жылы жоспарлы маршруттардағы туристерді физиологтардың алғашқы зерттеулері басталған болатын.
Аталған мәселелерді шешу үшін, курортология институтында 1931 жылдың басындағы жиыннан кейін, демалыс пен туризм секторы ашылған болатын. Берілген бөлімше қызметінің шеңберінде туризмнің медико-санитарлық сұрақтарын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары басталған болатын және сол жылы-ақ сапарларды өткізу бойынша алғашқы ғылыми ұсыныстар берілген болатын.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде туризм теориясына қатысты өте көп ғылыми жұмыстар жарияланған болатын. Алайда туризм теориясының даму ерекшеліктерін зерттейтін, барлық мамандар келісетіндей, туризм туралы ғылымның атауы бойынша бірдей пікір қалыптасқан жоқ.
Туризм туралы ғылымды атау үшін мамандар әр түрлі терминдерді ұсынады, олардың ішінде ең кең тарағаны келесілер болып табылады - <<Туризмология>>, <<Туристика>> және <<Туризмтану>>. Берілген терминдердің Қазақстанның да, ТМД елдерінің ЖОО-нда пәндердің атаулары, оқу-әдістемелік кешендердің, ғылыми жобалардың, монографиялардың, оқу құралдарының атауларында және басқа жұмыстарда қолданылып жатқандығын да ерекшелеп кету қажет.
Туризм туралы ғылымның дамуы аясында алғашқы фундаменталды ғылыми жұмыстардың бірі 1980 ж. жарияланған Н.П. Крачилоның <<Основы туризмоведения>> монографиясы болды, онда автор туристік қызметтің экономикалық көзқарас жағынан дамуын қарастырады. Алғашқылардың бірі болып, автор туризм саласы үшін кадрларды дайындау сұрағын қарастырады. Н.П. Крачило <<туризмтану>> терминінің жақтаушысы болды, себебі туризмнің халықтық шаруашылықтың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады деп есептеді.
<<Туризмология>> терминінің жақтаушылары қатарына Қазақстан, Украина және Белоруссияның ғалымдары жатады. Туризм теориясының даму мәселесіне алғашқылардың бірі болып назар аударған Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ профессоры, Қазақстандағы туризм географиясының негізін қалаушы С.Г. Ердәулетов деуге болады. Ол 2008 жылы ашық басылымда <<Основы туризмологии>> курсы бойынша тест тапсырмаларын шығарды, ал 2009 жылы <<Основы туризмологии>> атты оқу құралын шығарды.

Заманауи туризм теориясының философиясы ең алдымен туристің А нүктесінен Б нүктесіне жылжуы барысында өндірілген туристік өнімдерді тұтынуға бағытталған индивид қана емес, саяхат кезінде табиғатқа қосылатын және алынған білімдер мен әсерлерін өзінің рухани игілігіне айналдыра отырып, сапар траекториясында болатын белгілі бір қоғамның мәдениетін, тұрмысын сіңіретін тұлға болып табылатындығынан шығады.
Туризм теориясы философиясының негізгі мақсаттарына келесілерді жатқызуға болады:
- қарапайым тәсілмен туризмнің мәнін ұғыну;
- туризмнің түсінікті аппаратын қалыптастыру;
- жеке туристің негізгі құндылықтарын ұғыну;
- туризм теориясының даму тұжырысдамасын қалыптастыру;
- туризм саласында философиялық дүниетанымды қалыптастыру т.б.

Туристік ағындардың қарқынды дамуы, туристік бизнес шеңберін кеңейту, туристік жаңа бағыттарды қалыптастыру мен қалыптасқан бағыттарды диверсификациялау, ақпараттық-байланыс технологияларының, туристік өнімді позициялау мен дистрибьюциялау жүйелерінің пайда болуы, адам ресурстары мен трансұлттық туристік білімнің ұтқырлық масштабы бойынша теңдесіз таралуы туристік алмасуларға тартылған елдер мен мәдениетке, қоғам мен жергілікті мәдениет бірлестіктеріне, азаматтар мен заманауи адамның жеке-басына айтарлықтай әсер етпей қоймайды.
Туризмнің қазіргі қоғамның дамуына әсері, оның мемлекет өміріндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да маңыздылығын анықтайды. Осылайша, туризмнің экономикалық маңызы келесілерге негізделген:
- туризм әлемдік шаруашылық кешеннің алдыңғы қатарлы салаларының санына кіреді және экономикалық көрсеткіштер бойынша, ол мұнай өңдеу саласынан кейінгі екінші орынды, ал жұмыс орындарының саны бойынша ол бірінші орында;
- өзінің мәні бойынша туризм индустриясы, жұмысбастылық саласы болып табылады: туризмнің заманауи индустриясы ірі материалдық қорларға ие және миллиондаған адамдардың жұмысбастылығын қамтамасыз етеді, мұндағы туристік қатынаста дамыған елдердің өз күшімен жұмыс істейтін халықтың 25% тікелей шетел туристеріне қызмет көрсетумен айналысады;
- жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады және жаңа аймақтарды меңгеру көшбасшысы болып табылады (қазіргі уақытта әлемдегі әрбір алтыншы жаңа жұмыс орнын туристік ұйымдар мен қонақ күту индустриясы ұсынады, бұл шамамен 3 млн. жұмыс орнын құрайды);
- инвестициялардың жылдам өтелімділігімен және жоғары тиімділік деңгейімен сипатталады (туризмге барлық әлемдік инвестициялардың шамамаен 10% сәйкес келеді),
- табиғат пен мәдени мұраны қорғаудың тиімді құралы, себебі дәл осы элементтер оның ресурстық базасының негізін құрайды;
- шаруашылықтың барлық дерлік салаларымен және адам қызметінің түрлерімен үйлесімді, себебі дәл солардың дифференциалдығы мен дискреттілігі адамдардың жерлерді ауыстыру мен танымға қажеттілігін шақыратын рекреациялық орта әлеуетінің әртүрлілігін қалыптастырады.
Туризмнің екі негізгі функцияны орындайтынын есте сақтау керек:
- біріншісі, мемлекеттік шипажайлар желісін сақтау жолымен мемлекеттің тұрғындарын сауықтандыруға қатысты; дүлей апаттардан, әскери жанжалдардан жәбірленген азаматтарды, мемлекеттік қолдауға зәру болған басқа тұрғындар категорияларын шипажайлық емдеумен қамтамасыз ету.
- екіншісі, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес келетін жағдайда ыңғайлы демалыс пен курорттық емдеу саласында елдің дербес бөлігі мен шетелдік азаматтардың сұранысын қамтамасыз етуден тұрады. Ең алдымен, бұл емдеу-сауықтыру қызметтері, көрікті апартаменттер және т.б.
Дамыған туристік индустрия жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, себебі туризм туристерге қызмет көрсетумен айналысатын көптеген қызметкерлер мөлшері бар ең жұмыс күшін көп кетіретін салалардың бірі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, бір туристі қабылдау мен оған қызмет көрсету 5-7 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, ал бұл үлкен дәрежеде жұмыссыздық секілді құбылысты жеңілдетуге жағдай жасайды.
Осылайша, туризм шетелдік келішулер мен жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерінің өсуіне алып келе отырып, қабылдаушы жақ тұрғындарының қызығушылықтарына, дүниетанымына және өмір салтына әсер етеді. Туристерді қабылдайтын ел туристерге қызмет көрсетудің әр түрлі саларындағы бәсекелестікті сезінеді және туристік қызметтерді ұсынған кезде туристік индустрияны қоғамдық дамудың факторларының біріне айналдыра отырып, клиенттердің өсіп келе жатқан сұраныстарына жауап беруге міндетті. Ақыр соңында қабылдаушы жақ тұрғындары мен келетін туристерде тұтынудың жоғары стандарттары қалыптасады.
2. Бақылау сұрақтары
Қазіргі уақытта туризм теориясының дамуы қандай факторлармен шартталған?
Қазақстан Республикасындағы туризм теориясының дамуын сипаттаңыз.
Туризм теориясы философиясының негізгі мақсаттарына не жатады?
Туризм теориясының философиясы неден бастау алады?
Туризмнің әлеуметтік-мәдени тиімділігі немен көрінеді?
Заманауи шарттарда туризм теориясының дамуына қандай факторлар әсер етеді?
Туризмнің қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға әсеріне сипаттаңыз.
Туризмнің функционалды табиғаты неден шығады?

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz