Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдісі

Ф. 7. 03-03

«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»

пәні бойынша 6В01210-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандықтарының студенттері үшін практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқау

Оқу түрі: күндізгі

гл

Шымкент, 2021 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»

пәні бойынша 6В01210-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандықтарының студенттері үшін практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқау

Оқу түрі: күндізгі, сырттай

Шымкент, 2021 ж.

ӘӨЖ 373. 02

Құрастырушы:

«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»пәні бойынша 6В01210-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандықтарының студенттері үшін практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, М. Әуезов атындағы ОҚУ баспасы; 2021. - 36 б.

Әдістемелік нұсқау 6В01210-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандыққа арналған оқу жоспарына сай жасалып, практикалық сабақтарды өтуге толық мағлұмат береді. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаудан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінен қажетті мағлұматты жан-жақты әрі толық алуға болады.

Рецензенттер:

Жораева С. Б. - М. Әуезов атындағы ОҚУ «Мектепке дейінгі және бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының п. ғ. к.

Қуатова Ж. - М. Әуезов атындағы ОҚУ «Педагогика және жалпы педагогика» кафедрасының п. ғ. к.

« Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының

« » ж. № хаттама мәжілісінде қаралды.

Филология факультетінің, «». 20 ж. Хаттама № әдістемелік кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылды.

© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2021ж

МАЗМҰНЫ

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі технологиясы
Кіріспе: Студенттердің білімін бағалау өлшемдері
Кіріспе: Студенттердің практикалық сабақта білімін бағалау өлшемдері
Кіріспе: Пәннің объектісі, пәні және курстың міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі технологиясының мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйсіндегі маңызы
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдісі
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі кезеңдерінде оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесіды оқыту процесі
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері
Кіріспе: Тіл дамыту
Кіріспе: Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Кіріспе: Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері
Кіріспе: Жазудың дұрыстығын тексеру
Кіріспе: Дәптермен таныстыру, дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай алу дағдыларын қалыптастыру.
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі, әдебиеттік оқудың қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар
Кіріспе: Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру.
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарына әдістемелік талдау жасау.
Кіріспе: Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәні - бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.

«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәнінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Мектеп жасына дейінгі «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәні интеграцияланған (оқу мен жазу - «Әліппе» оқулығы; тілдік және оқу материалдары - «Ана тілі» оқулығы) мазмұңда оқытылады.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесідың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәнінің міндеттері:

  • 6 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау жұмыстарын меңгеру;
  • оқушының тілін дамыту жұмыстарын Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;
  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
  • кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесідың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізуді білу;
  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
  • алғашқы тілдікфактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру жолдарын анықтау;
  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдірудімеңгеру;
  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы мен шеберлігі бақылаудың барлық түрлері бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың балдық-рейтингілік таңбалық жүйесі бойынша анықталады.

Пайыздық мөлшері 95-100% және 4, 0 сандык баламасы бар «Өте жақсы» деген бағалауға А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3, 67 сандық баламасы болса А- бағалауына сәйкес келеді.

Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дүрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқьш-үйрену барысында ездігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 85-89% және 3, 33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В + сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В, пайыздық мөлшері 75-79% және 2, 67 сандық бағалауы В -ға сәйкес келеді.

Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұскауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысьга, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 70-74% және 2, 33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандық баламасы 2, 0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1, 67 сандық бағалауы С-% пайыздық мөлшері 55-59% және 1, 33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1, 0 болса D сәйкес келеді.

Бұл баға студентке егер ол практикалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушыньң көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға Ғ бағалауы сәйкес келеді.

Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі кателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаган жағдайда қойылады.

Студенттердің практикалық сабақта білімін бағалау өлшемдері

Критерий
Дескрипторы
Баллы %
Критерий: Тақырыптың теориялық мазмұнын өте жоғары деңгейде меңгерген, практикалық тапсырманы орындау дағдысы өте жақсы.
Дескрипторы:

1. Мектепке дейінгі білімде «Жазуға үйрету» пәнін оқыту ғылымының даму тарихы бойынша хроналогиялық карта жасаудың мәнін жақсы түсінеді.

2. Теориялық білімін қолдану орнын нақты біледі, жаңартылған білім жүйесінің негізгі ұстанымдарын, жаңартылған оқу бағдарламасының және жаңа оқулықтар мазмұнына талдама жасай алады және ерекшелігін сипаттай алады.

3. Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама екендігін түсінеді, өте жақсы мазмұндай алады.

4. Жаңартылған оқу бағдарламасындағы тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдыны дамыту арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған» ұстанымын жеңіл талдай алады.

5. Заманауи оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыра алады.

6. Сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау біліктілігін меңгеру қажеттігін түсінеді және байқау кезеңдерінен жеңіл әрі белсенді өткізе алады.

7. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдістемесіпәнін оқыту формаларының қолдану орындарын біледі.

8. Виртуалды жұмысты орындай алады

9. Сабақ құрылымын толық меңгерген, сабақ жоспарын дайындай алады.

10. Рольдік ойынға белсенді қатысу қажеттігін түсінеді.

Баллы %: 95-100
Критерий: Теориялық материалды жақсы меңгерген, бірақ практикалық тапсырманы орындауда кейбір қателіктер жібереді.
Дескрипторы:

1. Мектепке дейінгі оқытуда Жазуға үйрету пәнін оқыту ғылымының даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасай алады.

2. Теориялық білімін қолдану орынын нақты біледі, жаңартылған білім жүйесінің негізгі ұстанымдарын, жаңартылған оқу бағдарламасының және жаңа оқулықтар мазмұнын талдайды.

3. Жаңартылған оқу бағдарламасындағы тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдыны дамыту қатысымдық құзыреттілік екенін түсінеді.

4. Заманауи оқыту стратегияларының негізгі сипатын түсінеді.

5. Сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау біліктілігін меңгереді.

6. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдістемесіпәнін оқыту формалары мен оларды ұйымдастыру әдістемесін меңгереді, сабақ жоспарын дайындауда қателеседі.

8. Виртуалды жұмысты орындай алады

9. Сабақ құрылымын толық меңгерген, сабақ жоспарын дайындай алады.

10. Рольдік ойынға белсенді қатысу кезінде аздап қателеседі.

Баллы %: 90-94
Критерий: Теориялық материалды меңгерген, іс-жүзінде түсінеді, алайда практикалық тапсырмаларды орындау кезінде қөмек қажет етеді.
Дескрипторы:

1. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдістемесі пәнін оқыту әдістемесі ғылымының даму тарихын ауызша ғана айта алады.

2. Жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұнын ғана түсіндіре алады. Оның негізгі ұстанымдарын, жаңартылған оқу бағдарламасының және жаңа оқулықтар мазмұнын талдайды, толық сипаттай алмайды.

3. Жаңартылған оқу бағдарламасындағы тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдыны дамыту қатысымдық құзыреттілік екенін түсінеді.

4. Заманауи оқыту стратегияларының негізгі сипатымен орынды қолдануды жеңіл түсінеді.

5. Сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау қажеттігі мен мазмұнын ғана меңгереді.

6. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдістемесіпәнін оқыту формалары мен оларды ұйымдастыру әдістемесін меңгеруде көмек қажет етеді сабақ жоспарын дайындауда қателеседі.

7. Сабақ құрылымын меңгерген, сабақ жоспарын дайындай алады.

8. Рольдік ойынға түскенде аздап қателеседі.

Баллы %: 75-89
Критерий: Теориялық материалдың біршама бөлігін меңгерген, практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындауы төмен.
Дескрипторы:

1. Жазуға үйрету пәнін оқыту әдістемесі ғылымының даму тарихын нақты талдай алмайды.

2. Жаңартылған білім беру жүйесінің, жаңартылған оқу бағдарламасының және жаңа оқулықтар мазмұнын ерекшеліктерін толық сипаттай алмайды.

3. Заманауи оқыту стратегияларының негізгі сипаты мен орынды қолдануды қиын түсінеді.

4. Сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау қажеттігі мен мазмұнын ғана меңгереді.

5. Жазуға үйрету пәнін оқыту формалары мен оларды ұйымдастыру әдістемесін меңгеруі өте ауыр, көп қателіктер жібереді.

6. Сабақ құрылымын меңгерген, сабақ жоспарын өз бетінше дайындай алмайды.

7. Рольдік ойынға қатыса алмайды.

Баллы %: 60-74
Критерий: Теориялық материалдың негізгі бөлімдерін меңгерген, практикалық тапсырмаларды орындауда қосымша көмекті көп қажет етеді.
Дескрипторы:

1. Бақылау сұрақтарына жауап бере алмайды.

2. Жаңартылған білім беру жүйесінің, жаңартылған оқу бағдарламасының және жаңа оқулықтар мазмұнын ерекшеліктерін сипаттай алмайды.

3. Заманауи оқыту стратегияларының анықтамасын ғана айта алады.

4. Жазуға үйрету пәнін оқыту формалары мен оларды ұйымдастыру әдістемесін меңгеруі өте ауыр, өте көп қателіктер жібереді.

5. Сабақ жоспарын дайындауда көп қателіктер жібереді.

6. Практикалық тапсырмаларды орындай алмайды.

Баллы %: 50-59
Критерий: Студенттің теориялық білімі мен практикалық тапсырманы орындау құзыреттілігі өте төмен.
Дескрипторы:

1. Бақылау сұрақтарына толық жауап бере алмайды.

2. Жаңартылған білім беру жүйесінің, жаңартылған оқу бағдарламасының және жаңа оқулықтар мазмұнын ерекшеліктерін сипаттай алмайды.

3. Заманауи оқыту стратегияларының мазмұнын, сипатын түсінбейді.

4. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдістемесіпәнін оқыту формалары мен оларды ұйымдастыру әдістемесін меңгеруі өте ауыр, өте көп қателіктер жібереді.

5. Практикалық тапсырмаларды орындауда белсенділігі өте төмен.

Баллы %: 0-49

Практикалық сабақ 1

Тақырыбы «Тыңдалым және айтылым» бөлімі бойынша тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Ұсынылатын әдебиеттер .

1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.

2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.

3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А., 1998.

4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. - А., 1999.

1. Бастауыш мектепте Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы -осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі. Осыған орай бағдарламада көрсетілгендей Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесідың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау: тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа / кітаптан білуге / қызығушылығын ояту, ауызша диалогтік және монологтік сөйлеуін дамыту баса назарға алынады.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі жұмысы дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі:

1. Әліппеге дейінгі кезең

2. Әліппе кезеңі

3. Әліппеден кейінгі кезең.

2. Әліппеге дейінгі кезеңнің негізгі міндеті-сөйлеудің маңызын білдіру. Сөйлем, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жазуға дайындау. Осы кезеңде көрсетілген оқушылардың сөз байлығын молайту және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жұмыстар кезеңдерде де үздіксіз жүргізіледі.

Әліппе кезеңі Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесідың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптердің жазба түрін баспа түрімен салыстыра меңгерту, сөздерді, жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі. Бұл кезеңде балалардың ауызекі және жазба тілде сөйлеу, сөйлеу мәдениеті туралы түсініктері айқындала түседі, бейнелілік және сөз көрнекіліктері негізінде әр түрлі жанрда байланыстырып сөйлеу дағдылары, қалыптаса бастайды.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті- оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төсеелдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мазмұнға қарапайым баға бере білу. Әсіресе, мәнерлеп оқуға айрықша көңіл бөлінеді, оқу кезінде дауыс күші мен сазын құбылтып оқуға үйретіледі.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы, тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.

3. Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз. Сондықтан оқудың алғашқы күнен бастап - ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме ертегі тыңдағанда зейіннін тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту - балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. 1-сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстырудан гөрі көрнекті бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауында ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлелдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т. б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қана қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз! Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т. б. салыстыруды іске асыруға болады.

Балалар оқып үйренетін «Әліппе» кітабында жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі - түсті бөлумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем, деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымның мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай-бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын - болмасын, кез-келген көрнекілікті ұсына берудің қажетті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керсінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.

Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсендік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлерімен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұхият іздестіреді.

Практикалық сабақ №2

Тыңдалған материалды мазмұндау. Оқиғаны болжау Ұсынылатын әдебиеттер .

1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.

2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.


Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәні бойынша қорытынды сабақ
Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану
Тәрбиеші әдістемесі
Тәрбиеші - мектепке дейінгі мекемедегі басты тұлға
Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар
Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй жануарларымен таныстыру
Баланың денсаулық жағдайы
Балалар бақшасындағы драматизациялық ойындар
Театырландырылған қойлымдар арқылы балалардың тілін дамыту
Балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz