Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Сабақтың тақарыбы
Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету. Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Топ:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:
Экстремизм (содырлық), терроризм (лаңкестік) ұгымдарымен, олардың сипаттық белгілерімен таныстыру.

Сабақ мақсаттары:

алғашқы медициналық көмек, асептика және антисептика туралы түсінік беру.

9.18.3.9 Жаппай зақымдануда алғашқы көмек көрсету ережелерін атайды.

Тілдік мақсат

білімгерлер: Бейнелеу, талқылау және көрсету арқылы өзінің АӘТД бойынша түсінігін көрсетеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: "халық билігі", Армия саясаттан тыс тұрады

топтағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсарту ауызша сөйлеу дағдылары дамиды, сұрақтар қоя алады.

Талқылауға арналған тармақтар:
топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: эссе
Алдыңғы тақырып
Мемлекет қорғанысының Конституциялық негіздері.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар мен (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы
5 минут

Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін тексеру.
Саптық алаң.

Қызығу-шылықты ояту
Өткен сабақта саған не әсер етті?
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Ортасы
50 минут

Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік ауруы түсінік
Күйік -- жоғары температура, химиялық заттар немесе иондаушы радиациялық әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.
Термиялық күйік -- жоғары температура (жалын, қызған заттар, ыстық сұйықтық, өртегіш жанармай қоспары, бу, фосфор), сондай-ақ ядролық жарылыстың жарықтық (жылулық) сәулелену (жарықтық күюлер) әсерінен туындайды. Ең ауыр күйіктер қатарына наполм және жанған кезде 1100 -- 1200°С температура беретін (өртегіш қоспа) құю жатады.
Химиялық күйіктер бір қатар химиялық заттардың (қатты қышкыл, сілті, фосфор), ал сәулелік күю -- иондаушы радиацияның әсер етуі кезінде пайда болады.
Жұмсақ тіндердің зақымдану тереңдігіне сәйкес күйіктердің төмендегідей дәрежесін анықтайдьі: 1 -дәрежелі күйік кезінде терінің қызаруы, ісуі және ауыруы байқалып, ол 2-3 күннен кейін жазылады. 2-дәрежелі күйік кезінде қызарған теріде іші мөлдір немесе лай түсті сұйықтыққа толған әр түрлі көлемдегі күлдіректер пайда болады, 5-6 күннен кейін немесе одан да кейінірек жазылады. 3-дәрежелі күйік кезінде терінің өлі еттенуі дамиды, тіндер ақуызынын ұюы нәтижесінде қабыршық (қабық) пайда болады; 4-дәрежелі күйік кезінде -- тереңде жатқан тіндер терісі өліп, қаракөмірленіп, гангренаға (аяқ-қолды) айналады, Күйік дәрежесі зақымданғаннан кейінгі бірнеше сағатта немесе бір күннен соң дәл анықталады.
Клиникалық тұрғыдан барлық күйік қатты ашып ауырсынуымен сипатталады, бұл кейде қатты күйік кезіндегі күйіктік шоқтың дамуына себеп болуы мүмкін, Кең көлемді күйікке сұйықтықты көп жоғалту плазморея тән, ал бұл қанның қоюлануына және адам ағзасының құрғауына әкеп соғады. Дененің 1/3 бөлігінің, ал балаларда тіпті 1/4 бөлігінің күюі зардап шегуші өміріне қауіпті екені дәлелденген, ал дененің беткі қабатының 1/2 бөлігінің күюі өлімге әкеледі. Сондықтан тек күйік дәрежесін ғана емес, сонымен бірге күйік ауданын анықтау (мысалы, адам денесінің беткі қабатының, шамамен, бір пайызына тең алақан көлемімен) өте маңызды.
Ауыр күйіктің және онымен қабаттаса жүретін жалпы құбылыстардың жиынтығы күйік ауруы деп аталады. Ол төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: шок, токсемия, сепсис және айығу кезеңі.
Шок -- көптеген жүйке рецепторының тітіркену нәтижесі, ол дененің беткі қабатының едәуір бөлігі күйген кезде (10 -- 20% астам) байқалады және әдетте, 24 -- 28 сағатқа созылады. Шоқтын ауырлығы күйік ауданына байланысты, бұл көбіне өлімге әкеп соғады.
Уыттың қанға шабуы (уыттану) -- күйген беткі бөліктің қанға тіндік бөліну өнімдерінің (уыттың) сіңуінің және зат алмасудың күрт бұзылуының нәтижесі дене температурасының көтерілуі, жалпы жағдайының нашарлауы, тамыр соғысы мен тыныс алудың жиілеуі, жүйке жүйесі мен ішкі мүшелердің зақымдалуы) 4 -- 12 күнге созылады.
Сепсис -- ауқымды және терең күйіктер кезінде күйген қабаттардыд ірің туғызғыш микробтар мен залалдануы және оның қанға енуі нәтижесінде дамиды (дене температурасының көтерілуі, қалтырау, жалпы жағдайдың күрт төмендеуі, жүрек қызметінің нашарлауы, қандағы өзгерістер -- ликоцитоз, анемия).
Күйген адамның ауыру жағдайы біртіндеп баяулап, сауығу кезеңі басталады, күйік беті жазыла бастайды.
Күйік бетінің ірің текті микробтармен залалдануы мүмкін. Балалар күйігінің өте қатерлі және кауіпті екенін атап өткен жөн,
Егер мүмкін болса, күйік бетін инфекция түсуден сақтау үшін сульфамеламид, синтомицин, фурацилин эмульсиясы немесе Вишневский жақпамайы сіңдірілгел 3 -- 4 қабаттық дәкеден, қысу қағаздарынан, мақтаның жұқа қабатынан немесе лигнин және бинттен таңғыш салады. Басқа бір тәсіл -- хлорамин немесе марганецті -- қышқыл калий, фурацилин, риванол ерітіндісі ляпистің әлсіз ерітінділері сіңдірілген ылғал таңғыш қойылады.

Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Алғашқы медициналық көмек жергілікті және жалпы іс-шараларынан тұрады. Адамға оттың әсер етуі кезінде, ең алдымен, бықсып жатқан киім қалдықтарын сөндіру қажет. Денеге жабысып қалған іш киімдерді қайшымен қиып алып тастайды. Киім жанған жағдайда зардап шегушінің үстіне қолда бар нәрсені жауып немесе су құйып, қар лақтырып, жалынды өшіру қажет. Көмек көрсеткенде -- ауыру сезімін күшейтпей, ақырын әрекет ету керек.
Жергілікті іс-шаралар -- күйік бетіне жабысып қалған күйген тіндерді алмай-ақ құрғақ асептикалық мақта-дәке салса, ол күлдіректер жарылуына соқтырып, оғал инфекция түсуі және ауыру реакциясы күшеюі мүмкін. Сондықтан арнайы стандартты күйікке қарсы таңғыштар қолданылады. Аяқ-қолдың ауқымды күйіктерінде көліктік жақтау салу және ауруды жою үтін наркотик егу кажет. Зардап шегуші денесінің едәуір бөлігі күйген кезде таза, мүмкін болса, стерильді жаймаға орап, мұздаудыш алдын алу үшін денені жылы нәрсемен қымтайды.
Қышқыл және сілтімен күйген кезде дереу суық судың қатты ағысымен терідегі химиялық заттарды жуып тастау керек. Осыдан кейін қышқыл әсерін сілтімен натрий гидрокарбопатының 2%-дық ерітіндісі, бор ұнтағы, магний тотығы, сабынды су, ал сілті әсерін қышқылмен (сіркесу және лимон қышқылының 1-2%-дық ерітіндісі) бейтараптандырылған дұрыс. Напалммен зақымданғанда, жалып жатқан киім дереу шешілуі тиіс. Жанған киімнің қалған бөліктерін ауа еніл кетпеуінің алдын алу үшін, дереу кез келген матамен немесе ылғал топырақпен жабу керек. Сөндірілген өртегіш қоспаның өзінен-өзі жануының алдын алу үлгін күйген қабатқа ылғал таңғыш салу керек және оны АМЖЖ немесе күйік ауруханасында қоспаны теріден толық кетірмейінше шешіп алмайды. Өңеш пен асқазанның химиялық күйігі кезінде алғашқы сағаттарда сақтықпен асқазанды жуу керек, зардап шегушіге құстыру мақсатында көп су ішкізу қажет.
Жалпы іс-шаралар ауқымды күйіктер кезінде күйіктік шоқтан сақтандыру және шок құбылыстарын азайту үшін қажет. Бүл үшін тыныштық, жылыту, даркотиктер беру керек. Егер мүмкін болса, көп су ішкізу керек, мысалы, сода-тұз ерітіндісін (натрий хлоридінің 1 шай қасығын және натрий гидрокарбонатының 1/2 шай қасығын 1 л суға еріту) тәулігіне 4-5 литрге дейін беруге болады. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенден кейін, зардап шегуші АМЖЖ немесе күйік ауруханасына жіберіледі.
Сәулемен күю белгілері білінген кезде алғашқы медициналық көмек керсеткенде, күйген жерге асептикалық (құрғақ немесе жақпамайлы) таңғыш салу керек.
Осылайша зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетудің бірінші міндеті -- зақымдаушы агент әрекетін тоқтату. Қайталап инфекция түсудің алдын алу үшін күйген қабатқа асептикалық таңғыш салады. Шоктан сақтанудың және ауру синдромын азайту үшін шприц-тюбиктен промедол енгізеді, ал күйген аяқ-қолды қолда бар кұралдармен иммобилизациялайды. Осыдан кейін күйген адамдарды көлікпен тасымалдайтын жерге жеткізеді, бұл жерде зардап шегуішнің жағдайына сәйкес ОПМ эвакуация кезектілігі анықталады.
Жоғарыда аталып өткендей, таңғыш салу үшін әмбебап таңу пакеттері қолданылады, олар мата емес материалдан жасалып, жоғары жабыспауын қамтамасыз ету үшін алюминий буында ұсталады. Ауқымды жараларда үлкен стерильді таңғыш пайдаланған жөн.
Шоктың пайда болу себептері және оның ауырлық кезеңдері
Шок -- ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы. Ол ауырсыну және рефлекторлық, тітіркендіргіштер салдарынан туындайды. Шок кезінде орталық нерв жүйесінің жұмысы тежеледі, жүрек-қан айналым және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады, артерия қысымы күрт төмендейді және зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады.
Шок себептері әр алуан. Шок, көбінесе, жұмсақ тіндердің ауқымды мылжалануы, кеуде және қуык қуысы мүшелерінің немесе ірі нерв тармақтарының зақымдануы, сүйектерінің жарықшақтанып сынуы, уатылуы, аяқ-қолдың жұлынып кетуі, сонымен бірге ауқымды күю, аралас зақымдану және т.б. болған жарақаттар кезінде байқалады. Оның себептері: салқындау, едәуір көлемде қан кету, сәуле ауруы, ашыну, шөлдеу, титықтау, зардап шегушіні селкілдегіш көлікпен тасу, зақымдау орнын, (мысалы, сынықты) нашар орау, жүйке бұзылуы болуы мүмкін.
Шоктың 2 фазасы (кезеңі) болады. Бірінші кезең (фаза) -- қозу: зақымданушы мазасызданып, ыңырсиды, көп аунақшып, қозғалады, тамыры қарқынды соғады. Бұл фаза (кезең) өте қысқа уақытқа созылып, екінші фазаға ауысады -- самарқаулық, бозару, суық тер басады, тыныс алуы тарылып, артериялық қан қысымы төмендейді, мелшиіп қалу жағдайы туады. Зардап шегуші есінен танбауы да мүмкін, бірақ еш нәрсеге назар аудармайды немесе реакциясы өте әлсіз болады.
Зардап шегушіні алып шыққанда және тасымалдағанда үнемі бақылау жасау және пайда болатын асқынулар кезінде дер кезінде көмек көрсету қажет. Есінен танған зардап шегушіні сау жағына (бүйіріне) немесе етпетінен жатқызу керек. Оны тасымалдау үшін жүк автомобилі еденіне матрац (сабан, бұта) төсеніш салады, ал салқын (жаңбырлы) күні үстіне жамылғыш (брезент) жабады.
Жарақаттық шок белгілері:
1) қоршаған ортаға қарым-қатынасы мүлде самарқау (есінен айырылмайды);
2) терінің жамылғыш қабаттарының бозаруы;
3) қарашықтың үлкейіп, көздің шүңірейіп кетуі;
4) әлсіз және жиі, кейде қылдай тамыр соғысы;
5) тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс болмауы;
6) дене температурасының (32 -- ЗО°С-ка дейін) және артериялық қан қысымының төмендеуі;
7) аурудың бет-әлпетінің қозғалыссыз қалуы, кейде шөлдеу, құсу немесе жүрек айну белгілерінін; болуы.
Шок құбылысының даму мерзіміне сәйкес оның алғашкы немесе ерте (жарақаттан соң бірден) және екінші немесе кеш (2 -- 6 сағаттан кейін) шок деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) және асқынған (қан кететін, сәуле ауруымен бірге) болады. Алғашқы шоктың өтуін екі фазаға бөлуге болады: қозу (қысқа мерзімді және тұрақсыз) және сезімсіз (организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері).
Жарақаттың шок ауырлығына қарай төртке бөлінеді:
1) жеңіл -- аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бозарған, тамыр соғысы минутына -- 90 -- 110. Жоғарғы артериялық қысымы 90 -- 100 мм сынап бағанасы;
2) орта -- аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде мазасызданады, теріні суық тер басады, тамыр соғысы минутына -- 110 -- 130 рет. Артериядық; қысымы 70 -- 85 мм сынап бағанасы;
3) ауыр -- аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр соғысы минутына -- 130 -- 160 рет, санауға қиын, кейде әлсіз, сезілмейді. Артериялық қысымы 60 -- 70 мм сынап бағанасы және одан төмен;
4) ақтық, немесе жанталасу жағдайы -- естен танады, тамыр соғысы өте әлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен түсе береді (50 мм сынап бағанасынан төмен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.

Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем

Жарақаттану кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты -- қан тоқтату (уақытша болса да), жараны ластанудан және оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бәсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяқкиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпқа түспес үшін жараны саусақпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сақтау керек.
Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалык) таңғыш қою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жоқ болса, шетін этилъ спиртімен, арақпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жатқан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Тереңде жатқан басқа денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.
Жараға таңғыш қоюға жеке таңғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.
ЖТП резина қысқа және қағаз қабыққа оралған екі мақта -- дәке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттің бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үшін әуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабықты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға қояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшаның бірін жараның кірер тесігіне, ал екіншісін шығар тесікке қояды. Жастықшаларды бинттеп, бинт ұштарын байлайды. ЖТП-ны қолдану кезіндегі негізгі ереже -- таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).
Жараланғандарга жәрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар өндірісте төмендегідей түрде шығарылады:
1) мақта-дәке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;
2) макта-дәке жастықшаларынан (56 х 29 см) және дәке бинтінен (14 х 7 см) тұратын кіші асептикалық таңғыштар.
Қатты қан кету кезінде оны уақытша тоқтату шараларын жасау керек. Жұмсақ тіндердің ауқымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-қолды тасымалдау үшін орнықтырып бекіту қажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп қан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге қарсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу және өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.
Жара асқынуларынан сактандыру

Электрон оқулық, плакат, маркер, постер, түрлі түсті қағаздар, таныстырылым.
Аяқталуы
5 минут
Рефлексия
1.Нені білемін?
2.Нені білдім?
3.Нені білгімкеледі?

Стикерлер, макеттер, практикалық оқу жаттығу орындары
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары білімгерлерге тапсырманы күрделендіру қалай жоспарлайсыз?
Бағалау- білімгерлердің үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ - мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

- үлгерімі төмен білімгерлерге ЖАДА ұйымдастыру арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін.
- Қабілеті жоғары білімгерге жоғары дәрежелі сұрақтар қоямын.
Табыс критерийлері
Бағалау критерийлері
Бірін-бірі бағалау
Өзін-өзі бағалау
Бағалау парақшалары
Кері байланыс
білімгерлердің ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.
білімгерлердің өз-бетінше ізденуге, бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін білімгерлер не білді? Топтағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болы ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?
1: ______________________________________________________________________________
2: ______________________________________________________________________________
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?
1: ______________________________________________________________________________
2: ______________________________________________________________________________
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген білімгерлер туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінен не білдім?
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________

Ұқсас жұмыстар
Жарақаттанудың алдын алу. сабақ жоспары
Жарақаттық шок белгілері
Сұрақтар мен тапсырмалар. Сабақтың тақырыбы
Жара асқынуларынан сақтандыру
Күйік кезіндегі алғашқы көмек
Жүрек жұмысы мен тыныс алудың тоқтауын анықтау әдістері
Үшінші дәреже
Алғашқы медициналық көмек қобдишасы
Химия пәнін оқыту барысында оқушыларға валеологиялық білім беруді жүзеге асыру
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек
Пәндер