Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Информатикаға оқытудың әдістемелік негізі
Дәріс 1
1-Дәріс. Информатикаға оқытудың әдістемелік негізі
Дәріс жоспары:
Информатиканы мектепте оқыту үрдісіндегі ақпараттандырудың орны мен ролі
ИОӘ информатика, педагогика, психология ғылымдарымен және басқа пәндермен байланысы
Информатика курсының негізгі компаненттерімен есептеуіш техниканың өзара байланысы.
Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы дүние жүзілік педогогикалық практикада бұрын соңғы болмаған құбылыс деуге болады. Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап, оның жалпы білім берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше он жылдықтар өтеді. Бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методологиясы мен жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информаканың пән есебінде мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі.
Қазіргі өскелең өмір бұл пәннің мектепке жылдам енуімен қатар ол пәннен берілетін білім сапасын жетілдіруді де талап етеді.
Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәннің бірнеше кезеңге бөлініп оқытылғаны жөн екені дәлелденіп отыр.
Бірінші кезең- пропедевтикалық. Бұл кезеңде, төменгі сынып оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді, қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар программаларын қолдану арқылы оларда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең- базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылар дайындығының жалпы білім деңгейімен қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушылар ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгеріп, компьютерді қолдана білу біліктілігі қалыптасады.
Үшінші кезең - информатика саласы бойынша көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағдарламалары бойынша, қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа дейін білімдерін жалғастырады.
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатика пәні орта мектептің 7-11 сыныптарында ғана оқытылатын міндетті оқу пәні ретінде беріледі. Ал пропедевтикалық курс факультативтік сабақтарда, қажетіне қарай ұйымдастыру негізінде оқытылады.
Қазіргі таңда информатика әлемдік ғылымның бірден-бір болашағы бар ғылым саласы болып табылады. Оның айналасында ғылыми зерттеулердің бірнеше бағыттары қалыптасуда, атап айтқанда: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық информатика және т.б.
<<Информатика>> пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында ұсынылғандай информатикалық білім мазмұны теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика бөлімдерін қамтиды.
Білім мазмұны оқушылардың қолданушы есебінде біліктілігімен қоса, программалау біліктілігін арттыруға бағытталған материалмен толықтырылған.
Білімге қойылатын талаптар осы мазмұндық жүйелерге, бағдарлама бағытына сәйкес білуі, үйренуі тиіс бөлімдерінде жүйеленіп берілген.
Информатиканың даму болашағы туралы мәліметтер жалпы алғаш рет осы стандартта беріліп отыр. Бұл ғылымның дамуына байланысты қай мәселеге, қай деңгейде көбірек көңіл бөлінуі қажет екенін алдын ала білуге көмектеседі.
Бұл атқарылған жұмыстардың бәрі оқушылардың білім сапасының жоғары болуының кепілі десек қателеспейміз.
Информатиканы мектепте оқыту сапасын жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі информатика оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарына қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылап, осы материалдарды даярлауда пайдалану. Бұл жұмыста Информатика пәнінің өзіндік ерекшеліктері ескерілді.
Әрине, осы айтылғандармен қатар білім сапасын жетілдіруге оқытудың жаңа технологияларын қолдана білу шеберлігін арттыру қажет. Бұл да өте күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан үлкен зерттеулерді қажет етеді. Осы бағыттағы зеттеулер жүріп жатыр.
Өзін тексеру сұрақтары
Мектеп информатикасын оқыту неше кезеңнен тұрады?
Информатиканы мектепте оқытуда сапасын арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?
Ұсынылатын әдебиеттер
Софронова Н.В. <<Теория и методика обучения информатике>>, Москва <<Высшая школа>>, 2004 г.
Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000 ж.
2-дәріс. Мектеп курсының мазмұны
Дәріс жоспары:
* Информатика пәнінің мектепке енгізілуі және оның даму қарқыны
* Информатиканы пәнін оқытудағы бағыттар
Информатика пәнінің мектеп пәні ретінде енгізілгеніне 20-жылдай болды. Осы уақыт ішінде информатика пәнінің мазмұны бірнеше рет өзгеріске ұшырады. А.П.Ершовтың "Компьютерлік сауаттылық-екінші сауаттылық" ұранын негізге алып, оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға байланысты информатика пәні 1985-1987 жылдары 9-10 сыныптарда компьютерлі және компьютерсіз вариантта оқытылып келді. Аталған уақыт аралығының өзінде мектепке түрлі типті компьютерлер орнатылала бастады. Мұндай жағдайда информатика пәні мұғалімдерінің білімін үздіксіз көтеру қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу барысында 9-10 сыныптарға жасақталған оқулықтардың мазмұны, құрылымын және әдістемелік құрылымын үйретуге негізделген сыныптар бойынша курстар ұйымдастырылды.
Информатика оқытудың әдістемелік жүйесінің ғылыми - теориялық негіздемесі А.Кузнецовтың ғылыми еңбегінде жан-жақты зерттелген. Бұл еңбекте информатиканың базалық ұғымдарын біртіндеп қалыптастыру мен дамыту арқылы мазмұндық құрылым жүйеленіп, қарастырылған. С.Бешенков, А.Ершов және А.Кузнецовтың ғылыми еңбектерінде информатиканы саралап оқытудың көпдеңгейлілігі зерттелген. Бұл ғылыми еңбектерде мамандыққа дайындаудың 4 бағыты бөлініп, көрсетілген:
1. гуманитарлық;
2. жаратылыстану ғылымдары;
3. физикалық-математикалық;
4. программалық .
Әрбір бағытқа сәйкес олардың базалық ұғымдары берілген:
Гуманитарлық-тіл ұғымдары;
Жаратылыстану ғылымдары - модель ұғымдары;
физикалық-математикалық - модель мен алгоритмұғымдары;
программалық- ақпаратты өңдеу тәсілдеріне байланысты ұғымдар.
А.Г.Гейн мен А.И.Сенокосовтың 8-11 сыныптар бойынша жасақтаған информатиканың мазмұндық құрылымында базалық түсініктермен қатар басқа пәндермен сабақтастылық байланыстары және компьютерлік модельдің практикалық мәні де қарастырылған.
А.П.Ершовтың жасақтаған мазмұндық жүйесімен салыстырғанда бұл жүйеде информатиканың базалық түсініктері компьютерлік модельдеу негізінде берілген. Информатика оқулықтарының басым көпшілігінде есептеуіш техниканың тек даму тарихы ғана көрсетілсе, ал мұнда оның даму келешектеріне талдау жасалынып , микропроцессорлықтехника түсінініктері берілген.
Жоғарыдағы аталған ғылыми - теориялық негіздемелерді ескере отырып, информатиканың мазмұнын 5 салаға бөлді.
1. Дүниетанымдық көзқарас;
2. Компьютерді қолданушы ;
3. Алгоритмдеу мен программалау.
4. Мамандырылған сала;
5. Техникалық сала.
Аталған салалар бойынша информатиканы оқыту бағыттары мен мазмұны анықталынды.Осы мәселе төңірегінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың тұжырымдамасы, мемлекеттік білім стандартты және сәйкес оқу бағдарламалары жасақталды. Аталған құрылым негізінде 7-11 сыныптарға оқулықтар шығарылды. Жасақталған оқулықтардың негізгі мазмұны оқушының ақпараттық қоғам жағдайында ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа ақпараттық техналогиялардың жеделдетіп дамуына байланысты информатиканың мазмұныда үздіксіз өзгеріп отырады. Осыған орай информатика пәнін төменгі сыныптарға көшіру проблемасы тундауда. Осы қажеттілікті шешу бағытында академик Е.Балапановтың ғылыми жетекшілігімен "Ақпараттық мәдениет негіздері" курсын 1-11 сыныптарда оқытудың тұжырымдамалық негізі, стандарты, оқу бағдарламасы және оқу әдістемелік кешендері жасақталуда.
Өзін тексеру сұрақтары
1. Қазіргі уақытта информатикадан мектеп курсының қандай бағыттары оқытылады?
2. Гуманитарлық бағыт қандай мақсатты көздейді?
3. Жаратылыстану бағыты қандай мақсатты көздейді?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Ермеков Н.Т., Стифутна Н.Ф. Информатика 7 сынып: Оқулық. Алматы, <<Атамұра>>, 2003 ж.
2. Ермеков Н.Т., Стифуна Н.Ф. Информатика 8 сынып: оқулық. Алматы, <<Атамұра>>, 2004 ж.
3. Бурибаев Б., Нақысбеков Б., Мадьярова Г. Информатика және есептеуіш техника негіздері 9 сынып: Оқулық. Алматы, <<Мектеп>>, 2005 ж.
3-дәріс. Қазіргі заманғы мектеп информатика курсының философиялық аспектілері
Дәріс жоспары:
* Ақпараттық қоғамның философиялық концепциясы
* Оқушылар білімі мен дағдысына қойылатын талаптар
Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Дербес электронды есептеуіш машиналапрды оқу процесінде барлық пәндерде техникалық оқу құралы ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етумен байланысты.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың, іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын жобалауда әдістемелік құрал болып қалыптасады.
Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, содай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отырып, компьютерлік оқытудың психолигиялық- педагогикалық мәселелерін қарастыру қажет:
* компьютерлік оқытудың тәрбиелеу, білім беру және дамытуды бірлігін қамтамасыз ету;
* оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және саралап оқыту ұйымдастыру;
* оқу процесін жетілдіру;
Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында қарастырылуы қажет.
"Оқыту процестері - дидактиканың талас туғызатын мәселелерінің бірі. Сондықтанда дидактикалық принциптерді әр оқымысты өзінше қарстырады" деп жазады В.Оконь.
Оқыту принциптерінің ішінде ерекше роль атқатратын басты принциптердің біреуі біздің көзқарасымыз бойынша белсенділік принципі. Белсенділік принципі барлық принциптерді компьтелік оқыту кезінде практиклық жүзеге асырудың негізі мен көрсеткіш деңгейі болып табылады. Белсенділік принципі саналылық принципі мен тығыз байланысты. Сондықтан үйретуші программалардың құрлымы әрекет туралы және пән бойынша программамен жұмыс істеуге қажетті білім беруді біртұтас нысаналы компонент болуы керек деп есептейміз.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысының ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принципімен байланысты. Бұл принцип қазіргіқазіргі ғылымдағы берік орныққан қағиданы зерттеуді талап етеді, оқу материалдарын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуға көмектеседі. Ғылымилық пинцип негізінде компьютелік оқыту жүйесінің мазмұнына бірқатар талаптар қойылады. Біздің ойымызша оқыту жүйесі компьютер арқылы оқу материалын тиімді меңгертетін мазмұнда болуы қажет. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына қойылатын келесі талап қазіргі ғылыми мағлұматтар деңгейінде, ал, оқу материалын меңгерту танымның ғылыми әдістерімен парапар болыу тиіс
Оқушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталды. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұру мен байланысты. Ол оқытуды еңғарып қараудан бастауда талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады. Аталған принцип негізінде оқытужүйелеріне мынадай таолаптар қоюға болады:
* үйретуші программаларды жасағанда дидактикалық мақсаттарды орындай алатын модельді таңдап алу;
* процестерді бейнелегенде түстеді дұрыс таңдай білу;
дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды бейнелеу.
Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтерелген болуы керек және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тіс. Бұл жүйелілік принципінен көрініс табады.
Информатика курсының білім беру саласына пән ретінде енгізілуі оған қазіргі заманға сай және ғылыми түр береді, жүйелейді. Жүйелілік пен бір ізділік принципі үйретуші программаларға бірқатар талаптар қояды. Программаның мазмұнына арнайы әдіснамалық мағлұматтар енгізу, ғылыми құрылымы болуы, сондай-ақ белгілі ретпен пакеттер жасау ажет.
Компьютерлік оқыту жүйелері танымның жүйелі әдістерін оптимальді жүзеге асады.. Осыдан үйренушінің әрекетін құрайтын алгоритм материалы меңгеруді қажет ететін жүйелілік талдаудан құралатынын байқаймыз.
Біз оқу процесіннің компьютерді қодану мен байланысты мәселелерін үщ топқа бөлеміз: бірінщі-оқыту теориясына, екінші-компьютелік оқыту технологиясына, үшінші- үйретуші программаларды жобалауға қатысты.
Оқыту теориясы оқу қызметімен байланысты оқушылар мен үйренушілер қызметінің негізгі компоненттеріне, оқу қызметін басқару поцесіне байланысты талдауларға сүйенеді.
Оқыту технолоиясы оқыту теориясымен оның практикалық жүзеге асырылуының арасындағы байланыстыбөлім. Үйретуші программаларды жобалау теория мен технологияның практиклық қолдану табуы болып табылады.
Компьютелік оқытудың психологиялық- педагогиклық жайы, ең алдымен, оқу мақсатына жетудің негізгі механизмнің қызметіне терең талдау жасап оқу процесінде заңдылқтарды пайдалана білу. Компьютерлендірудің ерекшелігін ескере отырып, бұл заңдылықтарды қолдануды жан- жақты ойластырып жүзеге асыру керек.
Біз оқыту қызметін басқару деп қарастырамыз. Бұндай басқарудың негізгі құралы педагог тарапынан немесе оқыту құрылысы тарапынан, ең алдымен, үйренушінің танымдық сферасын әсе етеді. Бұл әсер ең алдымен оқу мақсатының сәйкестігіне бағытталуы қажет.
Дәстүрлі оқу процесіне "оқушы-оқытушы"жүйесі қалыптасқан. Демек, оқу процесі - оқушы мен мұғлімнің өзара байланысты қызметі, біте қайнасқан бірлікте жүзеге асырылатын күрделі, қозғалмалы жүйе болып табылады. Бұл жүйеде мұғалімнің басшылығымен, оқушы ғылым негіздерін, әрекет тәсілдерін меңгеріп дамиды. Бұл өзара байланысты қызметте әрбір субъектінің өзіндік қызметі бар. Мұғалімнің қызметі тек білім беру ғана емес, білімді меңгеру процесі мен әрекет тәсілдерін басқару болып табылады. Оқушының міндеті - білім жүйесін, оны алу тәсілдерін мегерту, оны өңдеу, сақтау жолдарын үйрену.
Бұл оқушы мен мұғалімнің алдында тұрған мәселені шешу - оқу танымының кезеңдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бірақ дәстүрлі емес оқытуда оқушылардың оқу әрекетін басқарудағы мұғалімнің мүмкіндіктері ұйымдастыру барысындағы қиындықпен шектеледі. Дәстүрлі емес оқытуда ақпараттық ағым , негізінен, оқытушыдан оқушыға бағытталатынын практикада көрсетіп отыр. Демек, оқушылардың оқу әрекетін тиімді басқару мәселесі бұл процесті процесті жан- жақты жедел ақпараттық қамтамасыз ету мәселесін шешу мен, яғни жаңа ақпараттық технологияның оқу процесіне енгізілумекн байланысты шешіледі. Жаңа ақпараттық технологияның оқу процесіне енгізілу бұл жүйенің орнына "оқушы-оқытушы-компьютер" пайдаланғандықтан қалыптасқан психолигиялық- педагогикалық әдістеріне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Олай болса, жаңа жағдайдағы оқу- тәрбие процесін тиімді және мақсатына жете алатындай ету үшін бірқатар психолигиялық- педагогикалық мәселелерді қайта құруға тура келеді. Осыған байланысты психологиялық- педагогиканың және дидактиканың көптеген дәстүрлі қағидаларын қосымша зерттеу қажет болады.
Біздің ойымызша зерттеліп отырған компьютерлік оқытудың психолигиялық- педагогикалық негізі ең тиімді іс- әрекет амалы болып табылады.
Қазіргі уақытта іс- әрекет категориясы үлкен методологиялық және теориялық мәнге ие болды. Іс -әрекет адамзаттың табиғи, әлеуметтік қабілеттерінің қатынасын белсенді түрде өзгертушісі және түрлендірушісі бола алады. В.А.Иванов әрекетінің психологиялық түсініктемесіне мынандай мінездеме береді: "Іс - әрекеттің психологиялық бейнесі белсенді психиканың реттелетін субъектісінің бірі- абстракциялық модельден шығады". Іс- әрекеттің түбегейлі мәселелерімен көптеген психолог, философ және социологтар шұғылданды.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Ақпараттық қоғамның философиялық концепциясының тұжырымы?
2. Оқушылар білімі мен дағдысына қандай талаптар қойылады?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Софронова Н.В. <<Теория и методика обучения информатике>>, Москва <<Высшая школа>>, 2004 г
2. Лапчик М.П. , Семакин И.Г., Хеннер. Методика преподавания информатики: учебное пособие для студ.педвузов - М.: Издательский центр <<Академия>>, 2001

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz