Өсімдіктер тұқымдасы

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік

Технологиялар және Инжиниринг Университетінің

“Жаратылыстану” кафедрасының

Био-17-1 тобының III курс студенті

Батырғалиева Гулзадаға

Мінездеме

Батырғалиева Гулзада Қалдыбекқызы 27. 01. 2020 - 20. 03. 2020 күндері аралығында Каденова Б. Ж. жетекшілігімен Ақтау қаласындағы «IT мектеп-лицейі» педагогикалық іс - тәжірибеден өтті.

Алғашқы күннен бастап тәжірибе сабақтарынан қалмай өзінің жауапкершілігімен таныла отырып, тәжірибе жетекшінің сабақ жоспарымен және журнал толтыру ережесімен таныстырылды.

Тәжірибеден өту кезеңінде берілген тапсырмаларды дер кезінде тиянақты орындап өз ісіне ұқыптылығын көрсетті. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Оқушылармен жақсы тіл табысып, олармен тығыз қарым - қатынаста болды.

Гулзада бақылау сұрақтарымен қатар қызықты сергіту сәттерін ұйымдастырды. Бұл оқушыларды қызықтырып қана қоймай, сабаққа деген ынтасын жоғарылатады. Мұғалімдер Гулзаданың ұйымдастырушылық қабілетіне және оқушылардың белсенділігіне оң бағасын берді.

Гулзаданың келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, өте жақсы мұғалім болатынына сенемін. Оның педагогикалық іс - тәжірибесін « » деп бағалаймын.

Мектеп директоры: Мүберек А. С.

Жетекшісі: Каденова Б. Ж.

Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға бөлме өсімдіктерін көбейтудің әртүрлі жолдарын, олардың дұрыс әдемі өсу үшін қажетті күтім жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып білім беру.

2. Дамытушылығы: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, бөлме өсімдіктерін дұрыс өсуіне жағдай жасау, күтіп-баптауға үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, «сәйкестендіріу тест», «миға шабул», « Ассоцация» әдісі, «Алтын қақпа» ойын әдісі.

Көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері, интер белсенді тақта, слайдтар, суреттер, сызба қағаздар, бағалауға арналған гүл таратпалары.

Пәнаралық байланыс: Биология, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Ә) Оқушылардың сабаққа қажетті құрал- жабдықтарын түгендеу

Б) Назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық.

Көңіл- күйлеріңіз қалай? Тамаша

Сабаққа дайындықтарыңыз қалай ? Керемет

Сабаққа ынталарың қалай? Ғажап

Түрлі- түсті кәмпиттерді таңдау арқылы 3 топқа бөліп отырғызу. Топқа бөлме өсімдіктерінің атауын беру. Колеус, сансевиерия, декабрист( ғылыми атауы -« шлюмбергера» деп аталады кейде « зигокактус» деп те атайды. )

Мен бүгін шағын дүкен аштым. Бүгінгі сабаққа белсенді жауап беріп отырған топтағы оқушылар гүл таратпалары арқылы бағаланады. Гүлдерді көп жинаған оқушылар сабақ соңында дүкеннен өзіне қажетті бір затты сатып алады. Сол себепті сіздерді сабақ барысында белсенді қатысуға шақырамын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . «Сәйкестендіру тест» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Өсімдіктер тұқымдасы

Алқа тұқымдасы Күнбағыс

Лалагүлділер тұқымдасы Бидай

Астық тұқымдасы Қызанақ

Раушангүлділер тұқымдасы Қызғалдақ

Күрделігүлділер тұқымдасы Орамжапырақ

Асқабақ тұқымдасы Қызылша

Шаршагүлділер тұқымдасы Асбұршақ

Алабота тұқымдасы Қауын

Бұршақ тұқымдасы Шие

ІІІ. Жаңа сабақ . «Миға шабуыл» әдісі.

Мен сабақ басында сіздердің алдарыңызға бөлме гүлдерін қойдым. Енді осы бөлме өсімдіктері жайлы оның пайдасы туралы не білесіздер?

Бүгінгі сұрағымызға жауап беру мақсатында «Бөлме гүлдерінің пайдасы» туралы қысқаша бейнеролик көріп алайық.

Үстелде екі бөлме өсімдігі қойылады.

1. Жайқалып, жайнап, әдемі өсіп тұрған бөлме гүлі.

2. Дәл сол гүл бірақ солып, өліп, түрі жойылуға айналған.

Қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады?

Балалар сіздер партадан нені көріп тұрсыздар?

Бұл екі гүлді сіздерге не үшін көрсетіп тұрмын жауабын білесіздер ме?

Бөлме гүлдерін қалай күтіп, баптау қажет?

Қане, қай топ жауабын бірінші болып табады екен?

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдары.

Біз күнделікті өмірде өзімізге ұнайтын бөлме өсімдіктерін сатып алып немесе таныстардан көшетін алып өсіреміз оларды күтіп баптаймыз. Өсімдіктерді үйде өсіру үшін түрлерін дұрыстап іріктеп алу керек және олардың өсуіне қажетті жағдайларды жарық, температура және ауаның ылғалдылығы н жақсы білу керек. Бөлменің ішін табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Бөлме өсімдіктері: жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады. Алдарыңызда тұрған үш гүлге жеке- жеке мәлімет беріп оларды қалай көбейту жолдарын түсіндіріп және сарамандық жұмыс арқылы көрсететін боламын.

Сансевиерия ж арық сүйгіш өсімдіктерге жатады. Бірақ жарықтың тік түсуінен сақтау керек. Тек бөлмеңізге жарық жақсы түсу керек. Сансевиерия гүлінің 60- қа жуық түрі бар көпжылдық мәңгі жасыл өсімдіктер. Бұл өсімдіктер тропикалық және субтропикалық аймақтардың құрғақ жерлерінде өседі. Табиғи түрде кездесетін елдері: Африка, Мадагаскар, Оңтүстік Флорида, Индонезия және Индияда өседі екен. Шамдан тыс күтімді қажет етпейтін өсімдік. Суға өте төзімді. Кейбір гүлдерді аптасына 2-3 рет суғарсақ, бұл гүлді 2 аптада бір рет суғаруға болады. Бөлме ішінің ауасын, шаң- тозаңнан тазартып қана қоймайды, ауадағы микробтар мен теледидардан шығатын зиянды сәулелерді өзіне қабылдайды екен. Гүлдің осы қасиетін фитодизайнерлер ерекше бағалап, бөлмелер мен бизнес кеңселерді және мейрамханалардың интерьерін безендіруде өте көп қолданады екен. Сансевиерияны тамыр бөлігін бөлу арқылы және жапырағын бірнеше бөлікке бөлу арқылы көбейтеді.

Декабрист( ғылыми атауы -« шлюмбергера» деп аталады кейде « зигокактус» деп те атайды) . Кактус гүлінің туысы . Отаны Оңтүстік Америка, Бразилияның тропикалық орманы. Көлеңкеге төзімді өсімдік. Жарық ауасы құрғақ бөлмеге қойған кезде жапырақ сабақтарының түсі сарғыштанып өзгеріп кетеді. Декабристің жапырақтарының ұшында қатпарланған гүлдер пайда болады. Гүлдерінің түсі түрлеріне қарай әр түрлі көз тартарлық болып келеді. Көптеген елдерде кең тараған атауы - декбрист. Олай аталу себебі декабрь (желтоқсан) айында гүлдейтіні. Жылына 1рет гүлдейді. Жаз айында аптасына 2 рет, қыста аптасына 1 рет суғаруға болады. Айына 1 рет бөлме гүлдеріне арналған әмбебап тыңайтқышпен суғару керек. Ауаны жақсы тазартатын болғандықтан тез шаң болады су шашқанды жақсы көреді. Ал тропикада бұл гүлді шаңынан әлемдегі өте кішкентай құс калибри тазартады екен. Колибри түрлі өсімдік гүлдерінің шырынымен қоректенетіндіктен, гүлге келген кезде сеундына 80 рет қағатын қанаттары арқылы өсімдікті шаңнан тазалап береді екен. Фитодизайнерлердің бағалайтын қасиеті ампельдік, тирасса, балкондарды безендіруге таптырмас өсімдік. Декабрист гүлі сабақтары арқылы және тұқымы арқылы көбейтіледі. Тұқым арқылы көбейту әдісі ұзақ уақыт алатындықтан көбінесе сабағындағы бөліктерін бөліп алып топыраққа бірден отырғызу әдісі көп қолданылады.

Колеус- ( лат. СOLEUS КОЛЕУС ) -көпжылдық, шөптесін немесе жартылай бұтақты, қалақай тұқымдасына жататын өсімдік. Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдік. Жарық жетіспеген жағдайда сабағы майысып, жапырақтары қанық түстерін жоғалтып, бозғылданып әрсіз болып кетеді . Негізгі отаны - Азия , Ява аралдары. 150-ден астам түрі белгілі. Жаз айларында молынан, қыста өсу процесі баяулайтындықтан суды азырақ құяды. Жаз, күз мезгілдерінде гүлдейді. Гүлдері айтарлықтай әдемі емес, шырақ секілді сабақ басында орналасады. Қазақстандық ботаниктер бұл гүлді «Жүсіптің сұлулығы» деп атаған екен. Колеустің әдемі түрлі-түсті ала жапырақтарын жоғары бағалаған фитодизайнерлер бөлмелердің ішін және аулалардағы жол жиегін безендіру мақсатында еккен екен. Бірақ бір түсті түрлері де кездеседі. Соңғы уақытта жіңішке, жиегі жыртық жапырақты сұрыптарын өсіру үлкен сәнге айналды. Сабағын қалемшелеу арқылы және тұқымы арқылы көбейтеді. Тұқым арқылы көбейтілуі біршама ұзақ процес болғандықтан көбінесе қалемше арқылы көбейтіледі.

«Ассоцация» әдісі

Сабағын қалемшелеу Тұқымы арқылы

Тамырынан бөлу

арқылы Жапырағы арқылы

IҮ. Сергіту сәті:

-Қане, қане балалар, (балалар тұрады)

Шаршағанда ырғалып (тербеліп тұрады)

Гүлге ұқсап демалам (отырады)

Жұпар иісін бір иіскеп (мұрнымен демді ішіне тартып, шығарады)

Гүлдей болып жайқалам (қолдарын жоғары көтереді

Ү. «Алтын қақпа» ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту тапсырмалары беріледі.

Сұрақтарға жауап беру арқылы «Алтын қақпа» ішінде жасырылған өлеңді табу.

  1. «Темір қақпа» 5 сұрақ беріледі.Сұраққа жауап бергеннен кейін қақпа ашылады.

А) Декабрист қай бөлме өсімдігінің туысы? Жауабы: кактус

Б) Сансевиерия гүлінің қаншаға жуық түрі бар? Жауабы: 60 жуық

В) Қазақстандық ботаниктер колеус бөлме гүліне қандай жаңа ат қойды?

Жауабы: Жүсіптің сұлулығы

Г) Зигокактус деп қай гүлді атаймыз? Жауабы: декабрист гүлін

Е) Декабрит гүлінің көбейтілу әдісі?

Жауабы: сабақ бөлімдері және тұқым арқылы

  1. «Күміс қақпа» 4 сұрақ беріледі.Сұраққа жауап бергеннен кейін қақпа ашылады.

А) Декабрист гүлін тропикада қандай құс шаңынан тазартады?

Жауабы: Колибри

Б) Сансевиерия гүлінің күнделікті тұрмыста қандай пайдасы бар ?

Жауабы: микробтар мен теледидардан шығатын зиянды сәулелерді өзіне қабылдайды.

В) Колеус бөлме өсімдігін қандай жолмен көбейтеді?

Жауабы: сабағын қалемшелеу және тұқымы арқылы

Г) Өсімдіктің сабағын қалемшелеу әдісі қандай? Жауабы: өсімдіктің сабақ бөлімін кесіп алып 3-4 жапырағын қалдырып суға салып, тамырлаған соң топыраққа отырғызу.

  1. «Алтын қақпа» 3 сұрақ беріледі.Сұраққа жауап бергеннен кейін қақпа ашылады.

А) Сансевиерия бөлме өсімдігінің көбейтілу жолдары?

Жауабы: тамырын бөлу және жапырақ арқылы.

Б) Декабрист бөлме өсімдігінің шыққан отаны ? Жауабы: Оңтүстік Америка, Бразилияның тропикалық орманы.

В) Фитодизайнерлер колеус бөлме гүлін қандай ерекшелігіне қарап бағалайды?

Жауабы: Ерекше түрлі-түсті әдемі жапырақтары үшін.

Қақпа ашылғанда табиғат туралы өлең жолдары шығады.

Табиғатты қорғап біз, аялайық,
Бар жақсыны оған тек аямайық.
Отырғызып өсімдік, суарып гүл,
Табиғатты одан әрі жайнатайық.

Табиғатым жайнасын, құрымасын,
Халықты ойландырар іске айналсын.
Бар адам гүл өсіріп үй маңына,
Табиғат осылай гүл жайнасын.

Табиғаттты қорғайықшы бәріміз,
Табиғат ол біздің ішкі жанымыз.
Қуанар еді, табиғат нұрын шашып
Көмектессек табиғатқа бәріміз - бүгінгі сабағымызды қорытындылағым келеді.

ҮІ. Қорытынды. «Синквейн» немесе 5 жолды өлең әдісі бойынша сабақты қорытындылау.

Сансевиерия

5 жолды өлең стратегиясы бойынша тақырыпты қорыту.
1. Зат есім (бір сөз) Не? Өсімдік
2. Сын есім (екі сөз) Қандай? Жасыл, әдемі .
3. Етістік ( үш сөз) Не істейді? Өседі, жайнайды, өледі.
4. Төрт сөзден сөйлем.

Сансевиерия өсімдігі адамға пайдалы.
5. Синоним . Жапырақ

Декабрист


Ұқсас жұмыстар
Бұршақ тұқымдастар. Сабақтың тақырыбы
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы
Өсімдіктің тұқымдасы
Астық тұқымдас
Қобда өзені аңғары флорасының пайдалы өсімдіктері
Раушангүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдастар
Биология әлемінде
Балдыр жасушасына енетін бактерия
«Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz