Баланы толыққанды дамыту

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ

ҰЙЫМДАРЫНДАЖӘНЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМБЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Нұр-Сұлтан, 2021жыл

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады ( 2021 жылғы 26 шілдедегі №6 хаттама ) .

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралыәдістемелік нұсқау хат-Нұр-Сұлтан қ. 2021ж. - 49бет.

Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылында меншік түрі мен нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардыңбасшыларына, әдіскерлеріне, -білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетуге арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2021 ж.

Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе
4
Мазмұны: 1
Нормативті құқықтық қамтамасыз ету
6
Мазмұны: 2
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
7
Мазмұны:

3

4

Шектеу шаралары кезінде мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар

9

16

Мазмұны:

5

6

7

Мектепке дейінгі ұйым мен мектепалды сыныбының педагогіне қойылатын талаптар

Ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс

Әдістемелік қолдау

17

19

20

Мазмұны: Қосымша
Мазмұны:
Өтпелі тақырыптар үлгісі
21
Мазмұны:

Перспективалық жоспар үлгісі

Циклограмма үлгісі

22

32

Мазмұны:

Күн тәртібінің үлгісі

Тәрбиеші құжаттамасының тізбесі

45

49

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатҚазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі негізінде әзірленген, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған.

Әдістемелік нұсқау хатта 2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттер белгіленген, ол мынадай бағыттарды қамтиды:

- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды;

- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;

- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану;

- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды;

- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы) ;

- әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесінегізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:

  • ойын арқылы оқыту;
  • білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту.

Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылды:

  1. мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:
  • мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;
  • вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;
  • баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;
  • ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;
  • отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;
  • ерте жастағы балалар үшін жағдай жасауға;
  1. балаларға:
  • физикалық аман-саулықты;
  • әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;
  • когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;
  • таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;
  • бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды;
  • өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;
  • өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;
  • командада жұмыс істей білуді;
  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;
  • креативтілікті қолдауды;
  • психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;

3) ата-аналарға:

  • білім беру процесінің қатысушылары болуға;
  • баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
  • баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға;
  • көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға;
  • үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алуға мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқау-хат қосымшасы өтпелі тақырыптар үлгісін, перспективалық жоспар үлгісін, циклограмма, жас ерекшелігі бойынша күн тәртібінің үлгісін қамтиды.

Әдістемелік нұсқау-хат жыл бойы www. rc-dd. kz сайтында қолжетімді болады.

  1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Нормативные документы

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптары өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet. zan. kz/kaz/docs/Z07319_

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet. zan. kz/kaz/docs/Z19293

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet. zan. kz/kaz/docs/Z02345_

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet. zan. kz/kaz/docs/Z07306_

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу

арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet. zan. kz/kaz/docs/Z02343_

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі https://adilet. zan. kz/kaz/docs/P21137

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1700015893

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1800017669

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V128275

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1600014235

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1900018172

Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1600013227

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/P0877_

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V090005750_

Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1600013272

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1700015584

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V1900018239

Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V220618

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V220883

  1. ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-Стандарт) ; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі-Үлгілік оқу жоспарлары) ; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі - Үлгілік бағдарлама) сәйкес жүзеге асырады.

ВАЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ | Лесные обои, Дизайн иконки, Инстаграм Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкесмектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады:

1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында - оқу жылы (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі) ;

2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында - жазғы сауықтыру кезеңі;

3) мектеп жасына жеткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;

4) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Тәрбиелеу-білім беру процесі:

Иконка важная информация: стоковые картинки, бесплатные, роялти-фри фото Иконка важная информация | Depositphotos -өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;

-циклограммаға;

-тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (бастапқы, аралық, қорытынды) сәйкес жүзеге асырылады.

Перспективалық жоспарды оқу жылына арналған өтпелі тақырыптардың негізінде тәрбиешілер және басқа да педагогтер (қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімі, музыкалық жетекші, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы және т. б. ) құрастырады.

Жоспарланатын өтпелі тақырыптар , олардың бірізділігі мен саны Педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі ( 1-қосымша ) .

Перспективалық жоспарда ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыптары айқындалады ( 2-қосымша ) .

Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бойынша білім беру міндеттерін міндетті түрде орындауды қарастырады.

Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагог Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.

Циклограмма перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға ( 3-қосымша ) құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі - ҰОҚ), серуендіөткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібіндегі барлық процестердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Циклограмма - балалармен алдағы табысты жұмыстың мазмұнын, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін таңдауға, жұмыс уақытын қолдануға нақты бағыт береді.

Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады ( 4-қосымша ) .

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптарын Перспективалық жоспарға сәйкес анықтау;

- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау;

- Бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

- балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;

- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық дамытушы ортаны қалыптастыру.

Педагогтің міндеті - ұйымдастырылған оқу қызметі барысындабалалардың қызығушылықтарын ескеру, әр баламен сөйлесу. Баланы өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау қажет.

Балаларды оқытудаоларды шаршатпай, баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, бала үшін қызықты ойын түрінде өткізу ұсынылады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің (бұдан әрі - ҰОҚ) басынан бастап соңына дейін алдын-ала жоспарланған ойын түрімен өткізуге немесе ойынды өткен материалды бекітуге қолдануға да болады. Ол үшін тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбына сәйкес ойынды алдын-ала таңдауға немесе өзбетінше құруға, сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, оны түрлендіруіне болады.

Сондай-ақ, ҰОҚ-інүнемі тек топ бөлмесінде үстел үстінде ғана емес, ойын алаңында, сонымен бірге балалар үшін жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.

Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекет түрі ретінде:

- балалардың оқуына және жан-жақты когнитивті, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына оң әсер етеді;

- оның түрлері көп, ол балалар үшін көңілді және белсенді әрекет, сипаты бойынша жан-жақты, әлемді тану мен баланы оқытудың жетекші әрекетіжәне негізгі тәсілі болып табылады.

Ойын барысында педагогтер балалардыңөз тәжірибелерін оң және теріс деп талдауға, өз эмоцияларын реттеуге үйретеді, сондай-ақ өмірлік маңызды дағдыларды дамытады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйек айында, аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында) .

Мониторингтің мақсаты:

-баланың жетістіктерін қадағалау;

- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;

-түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін

жетілдіру;

-баланың Бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.

Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімінде диагностика мәліметтерінің қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады.

Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагогмамандармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.

  1. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Пандемия бесплатно иконка

Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтарды ұйымдастыру нысандары өңірлердегі санитариялық-эпидемологиялық жағдаяттарға байланысты айқындалады.

1) қашықтықтан сабақтар(консультациялар) өткізу;

2) мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі - МДҰ) кезекші топтармен және мектепалды сыныптарында (кезекші сыныптар) сабақтар өткізу.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарда (консультациялар) - үй жағдайында оқытуда, ата-аналардың басшылығымен балалар педагогтердің тапсырмаларын үйренеді және орындайды.

Кезекші топтармен (сыныптар) сабақтар өткізу-тиісті аумақтардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитариялық талаптарды сақтай отырып, оқу-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру нысаны.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру

Кезекші топтарға қамтылмаған ерте, кіші жастағы балалар үшін қашықтан сүйемелдеу ұйымдастырылады, онда педагогтер мен тәрбиешілер ата-аналармен телефон арқылы және әлеуметтік желілер арқылы үнемі байланыста болады, оларға оқшаулау режимінде мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша және ата-аналардың балаларды өз бетінше оқытуын ұйымдастыру туралы кеңес береді.

Кезекші топтарға қамтылмаған орта, ересек және мектепалды жастағы балалар үшін аптасына 2 ретұзақтығы 15 минуттан аспайтынқашықтық форматындағы ойын түріндегі сабақтар (консультациялар) өткізіледі.

Қашықтықтан сабақ ұйымдастыру үшін педагог балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, баланың өз бетінше орындауы үшін немесе ата-анасымен бірлесіп орындауы үшін ойын түріндегі тапсырмаларды алдын-ала дайындайды. Мысалы, сурет салудан саусақпен, мақтамен, жүнмен және т. б. сурет салудың әдістерін көрсете отырып, алдын-ала дайындалған бейне материалды ұсынуға болады. Сөйлеуді дамыту мен көркем әдебиеттен алдын-ала шығарманы, өлеңді оқып, сол аудио жазбаны қайталап айтуға, ал математика негіздері мен құрастырудан түрлі сюжетті-рөлдік және басқа да ойындар арқылы тапсырмалар ұсынуға болады. Ата-анамен баланың бірлескен әрекетін ұйымдастыруда түрлі челлендждер, жарыстар ұйымдастыруға болады.

Ата-анасы жұмыста болған жағдайда, тәрбиешіге алдын-ала әзірленген материалды балалармен ата-аналардың бірлесіп орындауы үшін әлеуметтік желідегі (WhatsApp, Facbook, Instagram және т. б. ) топтарға жіберу ұсынылады.

Қашықтықтан оқыту үшін білім беру интернет-платформаларын, сондай-ақ электрондық поштаны және басқа байланыс құралдарын пайдалану ұсынылады.

Оnline. edu. kz, BilimKids білім беру платформаларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әзірленген мультфильмдер, аудиожазбалар, бейнесабақтар үлгілері, сонымен қатар мектепалды даярлыққа арналған бейне сабақтар орналастырылған парақшалар ашылған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру

ВАЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ | Лесные обои, Дизайн иконки, Инстаграм Кезекші топтардың жұмысы ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде санитариялық талаптарды қатаң сақтаған кезде жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады. Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде толымдылығы 15 балаға дейінгі кезекші топтар құрылады.

Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.

Кезекші топтардағы тәрбиелеу-білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кезекші топтардағы ұйымдастырылған оқу қызметі кесте бойынша перспективалық жоспар мен циклограммаға сәйкес жүргізіледі.

Балабақшада күн сайын медицина қызметкері кезекші топтардың балалары мен балабақшаның барлық қызметкерлерін таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Ауру белгілері анықталған жағдайда балалар ата-аналарымен бірге үйлеріне жіберіледі.

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйымның сыртқы есіктеріне дейін балаларды ертіп келеді. Тәрбиеші балаларды кіреберісте қарсы алып, топқа апарады.

Мектепке дейінгі ұйым дезинфекциялау құралдарының қорымен (кіреберістегі дезинфекциялау кілемшесі, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық тазалауды қамтамасыз етуге арналған құралдар) қамтамасыз етіледі.

Мектепке дейінгі ұйымда:

- тәрбиеленушілер мен педагогтердің, басқа да қызметкерлердің қарым-қатынас жасауын қысқарту;

- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарын барынша пайдалану;

- тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің дене қызуын күнделікті өлшеу;

- әр сабақтан кейін топтарда, дәліздерде, холлдарда және басқа да үй-жайларда ылғалды тазалау, қосқыштарды, есік тұтқаларын, таяныштарды, баспалдақ марштарын, терезе алдын дезинфекциялау;

- медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі (күн сайын дене қызуын өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау үшін барлық топты қашықтан оқытуға көшіруді, топ балаларының жай-күйін бақылауды, топты штаттық режимге қайтаруды қамтамасыз ету) ;

- балалардың кіруі мен шығуы үшін балабақшаның әр жас тобындағы жеке кіру және шығу жолдары қамтамасыз етіледі.

Тамақтану режимі, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалу сақталады.

Күн тәртібі аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы сыртқы есікке дейін ертіп барады.

Бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші жұмыс кестесіне сәйкес кезекпен қашықтықтан сабақтар өткізеді ( егер бір тәрбиеші кезекші топта жұмыс істесе, онда екінші тәрбиеші кезекші топтарға қамтылмаған балаларға қашықтықтан сабақтар ұйымдастырады және керісінше ) .

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты жақсарған кезде санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымның штаттық режимде жұмыс істеуіне біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.

Ерте жастағы балаларды дамыту (1жастан бастап)

Стандартқа сәйкес ерте жас тобының жас кезеңдері және жас топтары мынадай:

1) бөбек жасы - 0-3 жас:

нәрестелік жас - туғаннан бастап;

ерте жас - 1 жастан бастап (ерте жас тобы) ;

кіші жас - 2 жастан бастап (кіші топ) .

Топтар санитариялық қағидаларға сәйкес толықтырылады.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі:

1) ерте жас тобында (1 жастан бастап) - ұзақтығы 7-10 минут (7 сағатты) ;

2) кіші топта (2 жастан бастап) -ұзақтығы 10-15 минут (9 сағатты) құрайды.

Ерте жастағы баланы дамыту оның жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылады. Балалардың дамуындағы жетістіктерін қадағалау олардың әрекет түрлерінде белсенділігін бақылау барысында жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген және оларды әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолымен іске асырылады.

Ерте жастағы балаларды дамытудың негізгі міндеттері - балаларды әлеуметтендіруге, дербестікке тәрбиелеуге, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамытуға, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлеріне баулуға бағытталған.

Осы міндетті іске асыру мақсатында балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдар жанында консультациялық пункттердің жұмысын жетілдіру ұсынылады.

Консультациялық пункттердің мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Міндеттері:

- ата-аналар қауымдастығына мектепке дейінгі ұйым мамандарының психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуін жүзеге асыру;

-балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайларына бейімдеу және әлеуметтендіру;

-ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

- мектепжасына дейінгі балалардың дамуындағы ықтимал бұзылыстардың алдын алу және уақтылы теңестіру.

Консультациялар өткізу үшін тақырыптардың үлгі тізбесі:

- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру;

- ерте жастағы балаларды дамытудың жас кезеңдері;

- балалардың тамақтануын ұйымдастыру;


Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделуі
Сенсорика сабағында ойын әдістерінің тиімділігі
Психологиялық ағарту шаралары
Балалардың жеке тұлғасын дамытудағы қуыршақ театры, үйірмесінің ықпалы
Отбасындағы рухани қарым - қатынас
12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылардың өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру
Білім бастауы тәрбие
Рухани - адамгершілік тәрбие
Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz