Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ортада аралар биімен Балапан тобы бүлдіршіндері

Тақырыбы: Бала жанның бағбаны...!
1. Поэзия оқылады!
2.Сахна ашылады
3. Жүргізуші:
Даражат: Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль -- Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы -- қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

-Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы!
-Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр баланың жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!

-Ортада <<Көңілді бимен>> Толағай тобы бүлдіршіндері

Жүргізуші:
Айгерім:
-Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
-Поэзия оқылады
Жүргізуші:
Айгерім:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
Ортада аралар биімен <<Балапан>> тобы бүлдіршіндері

Жүргізуші:
Даражат:
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол -- ұстаз жолы - ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 -- қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 -- қонаққа сұрақ: <<Ұстаз болу жүректің батырлығы>> дейді, осы педагогикалық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
Жүргізуші:
Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім -- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт -- бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Олай болса, осы тақырып аясында дайындалған музыкалық қойылымымызды бірге тамашалайық!
Экраннан сюжет көрсетіледі
Қоштасу биі
Жүргізуші:
Даражат:
Иə, бұл мұғалімге -- ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздерді тағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі әсем ән сіздерге арналмақ, қабыл алыңыздар!
Хор: Ұстазым. Орындайтын бөбекжай педагогтары
Айгерім:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Ортада Қуыршақ биімен Ерке тобының бүлдіршіндері

Әзіл сахнасы
Жүргізуші:
Әрине бұның бәрі әзіл.
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Ортада рухты бимен <<Әсемай>> тобы бүлдіршіндері
Айгерім:
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Мерекеге орай бөбекжай бүлдіршіндері жүрек жарды тақпақ жолдарын арнайды.
Даражат:
"Ұстаздық -- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" -- деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар! 2 -- жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін бөбекжай директоры Жунускулова Д.Қ ортаға шақырамыз.
Шаңырақ биі
Жүргізуші:
Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз.
Білім шаңырағы -- алтын ұя бөбекжайымыздың шәкірттері еліміздің түкпір -- түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау -- саламатта болайық!

Іс-шара реттілігі:
1.ПОЭЗИЯ
2. Толағай тобы: Көңілді би
3. Даражат, Роза
4. Балапна тобы: Ара
5. Сұрақ-жауап
6.Сюжет көрсетіледі. Қоштасу биі
7. Хор
8. Қуыршақ биі
9. Әзіл сахнасы
10. Рухты би
11. Тақпақ
12. Қазбековна сөйлейді
13. Шаңырақ биі
Жауапты тұлғалар:
Компьютер: Динара
Балалар кіріп шығуы:
Сахна сырты:Анипа тәте
Сахна іші: Гүлнұр Айтбаевна

Ұқсас жұмыстар
Көңілді эстафета спорттық сайыс
Қош, балалар, бақшасы!
Әкем, анам және мен
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Қош бол, сүйікті лагерім!
Қамқор болып өсемін
Тақырып Құстардың көптүрлілігі
Балалармен дүние
Жігіт сұлтаны байқауы
Күншуақ тобы
Пәндер