Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Топ бойынша жиынтық есеп дайындау тәсілі

Журнал

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ / ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ

2020 жылғы қыргүйекте тәрбиешілерді МДТБ МЖМС-қа сәйкес балалардың даму
деңгейін бастапқы диагностикалауға дайындау тәсілі

Әдіскердің қыргүйектегі басты міндеті – тәрбиешілерді мемлекеттік стандарт
бойынша балалардың даму деңгейіне бастапқы мониторинг жүргізуге дайындау.
Жаңа мақалада диагностиканы өткізу, бақылау парағын толтыру және нақты
үлгілердің көмегімен жиынтық есеп құрастыру туралы дайын кеңес берілген.

Мектеп жасына дейінгі балалардың машықтары мен дағдыларының даму деңгейін
бақылау үшін тәрбиешілер жылына үш рет диагностика өткізеді. Тәрбиеші
балаларды үнемі бақылайды және индикаторларға сәйкес мәліметтерді бақылау
парағына енгізеді.

Индикаторлар – бұл талдау кезінде тәрбиеші сүйенетін көрсеткіштер. Бұл
көрсеткіш әр жаста әртүрлі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейі Үлгілік оқу бағдарламасын
меңгеру барысында қалыптасатын дағдыларға сәйкес айқындалады.

Әрбір кезеңде балалардың физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерінің даму
динамикасын түсіну үшін мониторинг қажет. Бұл мәліметтер педагогке қай
балаға оның көмегі қажет екенін және онымен алдағы жұмысты қалай түзетуге
болатынын көрсетеді.

Баланың жетістіктері үш деңгей бойынша бағаланады:

1-ші деңгей – бала қандай да бір іс-әрекет пен білімді қайталайды;

2-ші деңгей – бала саналы түрде әрекет етеді, өзінің білім қорын көрсете
алады;

3-ші деңгей – бала алған білімін нақты жағдайға проекциялайды, өз бетімен
қолданып, тапсырмаға шығармашылық тұрғыдан келеді.

Индикаторлар жүйесі мынадай құрылымға ие:

• білім беру саласы – білім мазмұнын айқындайтын санат;
• ҰОҚ – балалар жаңа білім алып, оны практикада қолдануы үшін тәрбиеші
ұйымдастыратын қызмет түрінің бірі;
• дағдылар – нақты жас ерекшелігі тобында белгілі уақыт ішінде бала
дамуынан күтілетін нәтиже.

Диагностиканы қалай өткіземіз

Мониторинг нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бірнеше әдіс бар:

• балаларды бақылау;
• әңгімелесу;
• бала қызметінің өнімін талдау;
• диагностикалық жағдай құру.

Күнделікті өмірде, шынайы жағдайда баланы бақылау негізгі әдіске жатады.

Кіші топты қоса барлық топта мониторинг жүргізіледі. Бақылау индикаторлары
диагностиканы бақылау парағында белгіленген. Кіші топтар үшін бұл – ерте
жастағы топтан күтілетін нәтижелер, бұлар ҮОБ-те белгіленген. Қалған топтар
үшін – ІІ жартыжылдықтағы алдыңғы жас ерекшелігі тобынан күтілетін нәтиже.

Тәрбиеші жылына үш рет мониторинг жүргізеді. Бастапқы мониторинг
қыргүйекте, қаңтарда аралық және мамырда қорытынды мониторинг жүргізіледі.

Педагог бастапқы бақылауды алдыңғы жас ерекшелігі тобы мәліметтерінің
негізінде жүргізеді, яғни балалар өткен оқу жылының ІІ жартыжылдығында қол
жеткізуі тиіс нәтижелерге сүйенеді. Алған мәліметтердің негізінде тәрбиеші
психологпен және педагог мамандармен бірге баланың тұлғалық даму деңгейін
анықтайды және алдағы оқу жылындағы оның педагогикалық қолдауына мұқтаж
мәселелі сәттерді анықтайды.

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша педагог қаңтар айында аралық
диагностика өткізеді. Ол балаға қатысты білім беру стратегиясының
қаншалықты дұрыс таңдалғанын бағалап, даму динамикасын анықтау үшін қажет.

Аралық диагностиканың нәтижесі бойынша педагогтер қажет болса педагогикалық
процеске түзетулер енгізе алады.

Қорытынды диагностиканы оқу жылының соңында мамыр айында өткізеді. Алған
мәліметтерді ІІ жартыжылдықтан күтілетін нәтиженің негізінде бағалайды.

Педагог әр диагностиканың нәтижесін оқу жылының басында, ортасында және
соңында әрбір білім беру саласы бойынша бақылау парағына енгізеді. Білім
беру салалары бойынша баланың бағдарлама материалын меңгеруінің орташа
балын көрсете отырып, қорытынды жасайды. Бұл мәліметтер педагогке даму
деңгейі төмен баланы анықтауға және оларға қосымша көмек көрсетуге
мүмкіндік береді.

Бақылау парағын толтырған соң педагог мәліметтерді баланың жеке даму
картасына енгізеді. «Түзетушілік іс-шаралар» бөлімін педагогпен бірлесе
отырып балалармен жұмыс істеген барлық маман толтырады. «Тұжырым» бөлімінде
міндеттерді белгілейді және баламен алдағы түзетушілік жұмысты жоспарлайды.

Баланың жеке даму картасы бала мектепке дейінгі ұйымда және мектепалды
сыныпта болған кезде жүргізіледі.

Даму деңгейін анықтау тәсілі

Балалардың машықтары мен дағдыларының даму деңгейін анықтау әдісі
қарапайым. Индикаторлар көрсеткіштер секілді дескрипторлар түрінде
кодталған.

| |
|Мысалы, «3–4.Т.3.» |
|Алғашқы «3–4» цифры баланың жасын білдіреді, яғни бала 3–4 |
|жаста. |
|«Ш» бас әрпі білім беру саласын білдіреді – «Шығармашылық». |
|Келесі «3» цифры «Шығармашылық» білім беру саласынан күтілетін |
|нәтиженің үшінші бағанын білдіреді. |

БҒДМБ сәйкес Стандартпен белгіленген деңгейлер эквивалентті:

• III деңгей – «жоғары»;
• II деңгей – «орташа»;
• I деңгей – «төмен».

Қашықтан оқу жағдайында педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған
пайдалы білім беру сайттарына жасалған шолуды қолдану жөніндегі нұсқаумен
бірге жаңа мақаладан оқи аласыздар

Бақылау парағын толтыру тәсілі

• Бақылау парағына білім беру саласының әрбір дескрипторының астына
диагностика нәтижелерін жазыңыз.
• Нәтижелерді өзара біріктіріңіз және нәтижені «Жалпы саны» бағанына
жазыңыз.
• Алған соманы дескриптор санына бөліңіз және «Орташа деңгейі» бағанына
жазыңыз.
• Алған орташа деңгейдің негізінде «Машықтар мен дағдылардың даму
деңгейі» бағанын толтырыңыз.

Егер орташа деңгейлі көрсеткіш толық санды көрсетсе, оны жай ғана «Машықтар
мен дағдылардың даму деңгейі» бағанына көшіріңіз. Егер орташа деңгейді
есептеу кезінде толымсыз сан шықса, мысалы, 2,5-нан аз болса, ІІ деңгейді
көрсетіңіз, егер 2,5-нан артық болса – ІІІ деңгей. Егер 2,5 болса, ІІ
немесе ІІІ деңгейді белгілеуді өзіңіз шешесіз.

|Бақылау парағын толтыру үлгісі ересек топ мысалында |
| |

«Машықтар мен дағдылардың даму деңгейі» бағанының көрсеткіштері сізге топ
бойынша жиынтық есеп дайындауға көмектеседі (1-қосымша). Жиынтық есеп әр
баланың машықтары мен дағдыларының даму деңгейін анықтау үшін қажет.

Топ бойынша жиынтық есеп дайындау тәсілі

• Әрбір білім беру саласы бойынша бақылау парағындағы мәліметтерді
толтырыңыз.
• Барлық білім беру саласы бойынша деңгей мәліметтерін қосыңыз.
• Шыққан соманы білім беру саласының санына бөліңіз.

Жиынтық есептегі нәтижені есептеу қағидаты бақылау парағындағы секілді.

Есепте әрбір үш даму деңгейі бойынша балалар үлесін көрсету керек. Ол үшін
мынадай белгілер қолданылады:

А – барлық бала;

Б – деңгейі төмен бала саны (I деңгей);

В – деңгейі орташа бала саны (II деңгей);

Г – деңгейі жоғары бала саны (III деңгей).

Нәтижені %-бен көрсету үшін әр деңгей бойынша бала санын топтағы жалпы бала
санына бөліңіз және 100-ге көбейтіңіз. Мысалы, В:А*100.

Excel форматында есеп беру үшін кесте жасаңыз. Осылай нәтижені есептеу
кезінде уақыт үнемдей аласыз.

|Жиынтық есепті толтыру үлгісі |
| |

Осыдан кейін жиынтық есепті әдіскерге тапсырасыз. Ол топтар бойынша жиынтық
есептің негізінде мектепке дейінгі ұйым шеңберінде жиынтық есеп дайындайды
(2-қосымша). Есеп нәтижелері әдіскерге әр жас ерекшелігі тобының
жетістіктерін білім беру саласы бойынша салыстыруына және педагогтің кәсіби
біліктілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Балаларды дамыту бойынша мониторинг материалдары электрондық нұсқада
әдістемелік кабинетте сақталады.

Талаптарға сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру бойынша балалардың
машықтары мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша диагностика мынадай
мүмкіндік береді

• балалардың жетістігін әділ бақылауға;
• мектеп жасына дейін баланы тәрбиелеу мен дамытудың жеке тәсілін
қамтамасыз етуге;
• педагогтерді түзету іс-шараларын жедел жоспарлаудың негізінде мектепке
дейінгі ұйымдағы білім беру процесін жетілдіруге;
• баланың әрбір білім беру саласы мен жалпы Үлгілік бағдарламаның
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға.

1-қосымша

20__/20__ оқу жылы __________________________ (топ/сынып) балаларының
машықтары мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша бастапқы, аралық,
қорытынды мониторинг нәтижелері туралы (керектісін сызу) жиынтық есеп

2-қосымша

20__/20__ оқу жылында __________________________ (білім беру ұйымының
атауы) балалардың машықтары мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша
бастапқы, аралық, қорытынды мониторинг (керектісін сызу) нәтижелері туралы
жиынтық есеп

 

Ұқсас жұмыстар
Әдеби тіл және мәтін
Жамбыл шығармашылығының ерекшелігі
Халық ауыз әдебиеті туралы
Жоспар орта мерзім.6 сынып. математика
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.6 сынып
Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару тәсілі
Топтық бағалау. Сабақтың тақырыбы
Электрсыйымдылық. конденсаторлардың құрылысы және түрлері
Семантикалық карта функция
Кестені баспаға дайындау
Пәндер