Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Фармакологияның мәні мен міндеттері, фармакология тарихы.
Сабақтыңс мақсаты: Фармакологияның мәні мен міндеттерін түсіну, фармакология пәнінің тарихына тоқталу.
Тасырма:
1)Фармакологияның мақсаттары мен міндеттері қандай?
2)Фармакологияның даму кезеңдері және басқа пәндермен байланысы.
3) Фармакологияның ғылыми бағыттары
Фармакология - дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі туралы ғылым. Латын тілінен (pharmacon - дәрі,logos - білім, ғылым) деген мағананы білдіреді.
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Малдәрігерлік фармакология дегеніміз дәрілік заттарды нәтижелі, қаушсіз және аз шығынмен (экономды) қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған тағы бір мәселе - ол малдың өсімін өнімін оның сапасын арттыратын, көбейтетін, жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу. Әрбір дәрінің организмге тиімді әсерін толық пайдалану үшін көптеген керекті жағдайларды қатаң сақтау керек: олай болмағанда бірде дәрінің әсері әлсіз, ал басқа бір жағдайда организмді уландырып, өлтіріп жіберуі де мүмкін. Сондықтан да дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін толығырақ білу үшін оларды зерттеу химиялық, малдәрігерлік және медициналық ілімдердің қазіргі талаптарына сай деңгейде жүргізілуі керек.
Фармакопея (гр. Pharmakon - дәрі, poieo - істеймін, дайындаймын) - дәрілік заттардың қалыптылық сапасын дәрістейтін стандарттар мен қағидалар жиынтығы. Ресейде бірінші басылым 1866 жылы шыққан. Қазірде қолданылып жүргені оныншы басылымы. Халықаралық фармакопеяның екінші басылымы 1967 жылы шыққан. Фармакология саласында фармацептикалық ілім кең дамыған ілімдердің қатарына жатады.
Оған жататындар:
Фармакогнозия - өсімдіктер мен мал өнімдерінен алынатын дәрілік заттар туралы ілім; Фармация - ветеринария мен медицина саласында қолданылатын дәрілік заттарды ғылыми және тәжірибе жүзінде зерттеудің қорытындысы (іздеу, табу, дайындау, тексеру, стандарттау, сақтау және беру);
Фармацевтикалық химия - аурудан сақтандыру және емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттарды химиялық жолмен алу, қасиеттерін анализ арқылы анықтау.
Фармакология пәні көптеген теориялық (физиология, патологиялық физиология, биохимия) және клиникалық (хирургия, эпизоотология, акушерства, терапия, паразитология және т.б.) пәндермен тығыз байланыста. Фармакология саласындағы жетістіктер ол пәндердің дамуына оң әер етері сөзсіз. Адамзат миллиондаған жылдар бойы ауруларды емдеу туралы тәжірибелерін мысқылдап жинап, ұрпақтан ұрпаққа бере отырып қазіргі дәрежеге жетті. Бұл туралы Марк Аврелия Цицеронның мына бір сөзі дәл айтылған сияқты: <<Күні кешке дейін оқ атқан кісі кгйбір кезде нысанаға дәл тигізеді>>. Фармакологияның дамуы және негізгі бағыттары.
Фармакологияның дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1. Эмпириялық кезең, немесе тәжірибе кезеңі. Аты затына сай болмаса да қарапайым тәжірибелердің іске асқаны сөзсіз;
2. Гуморалды медицина кезеңі - негізін қалаушы Гиппократ (адамның денесі төрт сұйықтан, сары өт, қара өт, сілекей - тұрады; дәрілерді жылытқыш, суытқыш, құрғатқыш, ылғалдағыш деп бөлді.
3. Дәрілерді жалпы және арнайы дәрілерге бөлу кезеңі (Авл Корнелий Цельс (б.э. дейінгі 30 ж. - б.э. 50 ж.);
4. Малға тәжірибе жүргізу кезеңі - Клавдий Гален (130 - 200 ж);
5. Діни-схоластикалық кезең - Авицена (ибн Сина). Бірінші рет індетті ауруларды тарататын, көзге көрінбейтін қоздырғыштар туралы және ауру малды клиникалық тексеруде тыңдау, соққылау әдістерін қолдануды іске асырды.
6. Химиялық тепе-теңдікті уағыздау кезеңі Гогенгейм Парацельс (1493-1541). Схоластикалық теорияға қарсы шықты. Аурудың негізінде химиялық тепе-теңдіктің бұзылуы жатқандығын, оны тек химиялық әдіспен түзету керек екенін қағидалады. Медицинада өз жүйесін - иатрохимия (емдеу химиясы) жүйесін дәрістеді. XIV - XIX ғ. ғылым мен техниканың жылдам дамуы фармакологияның дамуына да өз әсерін тигізді.
Фармакология гылым ретінде XV111 ғасырда дами бастады. Дәрілік заттардың әсерін зерттеу үшін эксперименттер жүргізіле басталды. Дүние жүзіндегі ең бірінші эксперименталды фармакологияның лабораториясын Юрьев (Тарту) университетінде 1849 жылы Р. Бухгейм ашты. Препараттарды синтетикалық жолмен алудан бастап фармакологияның дамуының жаңа кезеңі басталды. Осыдан бастап химикалық фармацептикалық өндіріс тез қарқындап, дами бастады. Россияда фармакологияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: И. И.Г. Гмелин, Н.М. Максимович- Амбодик, Н.И. Пирогов, А.П. Нелюбин, О.В. Забелин, P.Бухгейм, E.В. Пеликан, И.М.СеченовБоткин, И.П. Павлов, Н.П. Кравков, В.В. Савич, П.И. Лукин, Г.А. Полюта, Н.А.Сошественский.
1. Адамзаттың жаратылысынан бастап XIX ғасырдың басына дейінгі кезең (синтетикалық химияның дамуының басталуы);
2. XIX ғасырдың басынан ХХ ғасырдың 30- шы жылдарына дейін (синтетикалық препараттардың көпшілігі алынған кез);
3. 30-шы жылдардан осы кезге дейін - антибиотиктер мен сульфаниламидтердің ашылуы, фармакологиядагы жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуы.
Фармакологияның ғылыми бағыттары:
1. Рецептура рецепт жазу ережелері, дәрілік заттарды дайындау, сақтау және аптека арқылы босату туралы ілім. Алға қойылған мақсатына қарай дәрігерлік және фармацевтикалық болып бөлінеді.
2. Фармация - комплекс пәндерді қамтиды: фармацептикалық химия, фармакогнозия, дәрілік заттарды дайындау технологиясы, фармацептикалық істі ұйымдастыру және оның экономикасы. Оның ішінде фармацептикалық химияның алатын орны ерекше: дәрілік заттарды алу тәсілдерін, олардың қасиеттері мен сапасына анализ жасау әдістерін оқытумен айналысады.
3. Фармакокинетика - бөгде заттардың организмнің ішкі ағзаларда таралуының кинетикалық заңдылықтарын оқытатын ілім. Дәрілік заттардың организмге сіңуінің, таралуының, метаболизмінің және экскрециясының кинетикасын зерттейді. Олардың организмге фармакологиялық, терапевтикалық және токсикалық әсерлерін анықтайды.
4. Клиникалық фармакология - дәрілік заттардың организммен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім. Негізгі мақсаты - жаңа препараттарды клиникалық тексеруден өткізу, ескі препараттарға қайта баға беру, тиісті ауруларды емдеу үшін препараттарды таңдап алу, олардың пішіні мен организмге жіберу жолдарын анықтау, әсерін мониторлы қадағалау, кері әсерлерінен сақтандыру,
5. Токсикология - улар, олардың қасиеттері мен әсерлері, емдеу және алдын алу туралы ілім.
6. Фармакогенетика - жеке малдың дәрілік заттарға генетикалық тұрғыдан сезімталдығын, организмнің қалыптан тыс жауабының алдын алу, оны реттеу (коррекция), дәрілік заттардың мутагендік әсерін зерттеу.
7. Радиациялық фармакология - сыртқы ортаны радиациялық лас жағдайында дәрілік заттардың организмге әсерін зерттеу.
8. Психофармакология - дәрілік заттардың орталық нерв жүйесіне әсерін зерттеу. 9. Биохимиялық фармакология организмдегі биомолекулалар мен дәрілік заттардың өзара реакцияларын зерттеу, Негізгі мақсаты - бірінші фармакологиялық реакцияның химизмін анықтау.
10. Стресс-фармакология организмнің стресс жағдайын дәрілік заттар арқылы реттеу (коррекция), стресске қарсы қолданылатын препараттарды тиімді қолдану әдістерін іс жүзінде тексеріп, тәжірибеге еңгізу.
11. Иммунофармакология дәрілік заттардың организмнің иммундық статусына әсерін зерттеу
Негізгі мақсаты - жаңа иммуностимупяторлар мен иммунодепрессанттарды іздеп табу. оларды қолданудың керекті үлгісін жасау.
12. Экологиялық фармакология - дәрілік заттардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу, олардың экологияға кері әсерлерін азайту жолдарын, тәсілдерін іздеп табу, іске асыру.

Ұқсас жұмыстар
Антибиотиктерді тұрақты қолдану – денсаулыққа қауіпті қатер (Егемен Қазақстан газеті бетінен )
GMP ережелері туралы негізі
Гүлдің құрылысы жайлы ақпарат, 6 сынып
Тұрмыстағы химиялық заттарды дұрыс қолдану ережелерін білу
Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер
Сабақ және тамыр
Жанаманың теңдеуі
Дәрлік өсімдіктердің сырлары
Тамырдың өсуі
Сабақтың түр өзгерістері
Пәндер