Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Белсенді оқу

2-КҮН
ТИІМДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ

2.1-дәріс. Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамасы. Белсенді оқу

Слайд
Мәтін
1
ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар мен инновациялар ғасыры білім беру жүйесіне жаңа талаптар қоятындығы баршамызға белгілі. Технологиялардың дамуыеа байланысты еңбек нарығы қарқынды өзгеруде. Қазіргі еңбек нарығы мамандардың бойында барынша жоғары дағдылардың болуын талап етеді
2
Өткен сабағымызда біз жаңартылған білім беру мазмұны аясында 21 ғасыр дағдыларын дамытудың маңызы туралы айтып өттік. Қазіргі заман мұғаліміне өз сабақтарында терең пәндік біліммен қатар оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын - <>, <<икемді дағдыларды>> қалыптастыру міндеті тұр. Бұл міндеттерді оқыту тәжірибесінде шешу үшін тиімді оқу стратегияларын қолдану қажет.
Тиімді оқу мен оқытудың қандай тиімді стратегиялары бар?
3-4
3-4-слайдтарда тиімді оқу мен оқытудың бірнеше стратегиялары ұсынылған. Назарларыңызға ұсынылған суреттерді 2.1-ресурста берілген сипаттамалармен сәйкестендіріп көріңіз:
Белсенді оқу
Бірлескен оқу
Саралау
Пәнаралық байланыс
Оқушылардың қажеттіліктерін ескеру
Диалогтік оқу
Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану
Модельдеу
Мұнда Сіз өз идеяларыңызды ұсынуыңызға болады, кестеге жазып, тізімді толықтырыңыз. Сонымен қатар, оларды өз пәніңізді оқыту тәжірибесінде қолданудың маңызын атап өтіңіз.
5
Белсенді оқу.
Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:
oo оқушыларға эксперимент жасау арқылы мәнін ұғынып, білім қалыптастыруға мүмкіндік береді;
oo жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады;
oo жіберген қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады;
oo нәтижесі - терең білім;
oo оқуға деген көзқарасты өзгертеді.
6
Бірлескен оқу (бірін-бірі оқыту)
Құрылымдалған топтық жұмыс:
* тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;
* ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;
* тиімді қарым-қатынасты дамытады - <<біз бірлесіп табысқа жетеміз>>;
* оқушылар арасындағы түсініспестіктерді жояды.
Осы тақырыпқа терең бойлау үшін 2.2-2.3 ресурстарында өз бетінше оқуға арналған қосымша материал берілген.
7
Саралау
Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:
oo білім-дағдыларды дамытады;
oo оқушылардың ынтасын арттырады;
oo оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;
oo барлық оқушыларға мүмкіндік береді;
oo барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.
8
Пәнаралық байланыс
Оқу пәндерінің арасында байланыс орнату:
oo білім беру бағдарламасының мазмұнын кеңейтеді;
oo тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;
oo көптеген дағдыларды қалыптастырады;
oo білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі;
oo оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;
oo оқуға деген ынтаны арттырады
9
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
Оқуды бақылау және оқу процесі туралы ақпарат беру мақсатында кері байланыс ұсыну:
oo оқушылардың ынтасын және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады;
oo оқыту процесінің бағытын анықтайды;
oo оқушылардың өз оқуын жақсартуына мүмкіндік береді;
oo оқушыларға барынша тиімді оқуға көмектеседі
10
Диалогтік оқу
Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы:
oo оқушылардың оқу үдерісіне өз үлесін қосуына мүмкіндік береді;
oo оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне мүмкіндік береді;
oo тақырыпты терең түсінуіне жол ашады;
oo оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;
oo оқушыларды оқуға ынталандырады
11
Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану
Технологияларды пайдалану:
oo белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсынады;
oo оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады;
oo зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, бірлесіп жұмыс жасау және ортақ жобалар дайындауға жол ашады;
oo оқушылардың ақпарат іздеп, өз жобаларын жасауына мүмкіндік береді
oo сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік жасайды.
12
Модельдеу
Мысал ұсыну және оны көрнекі түрде көрсету
oo оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне және сараптамалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді
oo оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
oo үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады.
13
Бұл тізімді ұжымдық оқыту тәсілімен толықтыруға болады.
Ұжымдық оқыту тәсілі өз бетінше оқу және ұжымдастық принциптеріне негізделген және құрамы ауыспалы жұптардың жұмысы арқылы жүзеге асады.
Ұжымдық оқыту тәсілі
* оқушылардың бірлесе оқуға ынтасын қалыптастырады және дамытады
* әрбір оқушыны құрамы ауыспалы жұптарда белсенді жұмысқа тартады
* оқушылар үшін психологиялық жағымды орта қалыптастырады
* әңгімелесу, талқылау, бірін-бірі түзету, бірін-бірі бағалау арқылы оқушылардың бір-біріне оң ықпал етуіне жағдай жасайды.
* әрбір оқушыны, бүкіл сыныпты өз бетінше білім алушыға айналдырады.
Құрамы ауыспалы жұптардың жұмысын ұйымдастыру барысында әрбір оқушының мақсаты өзінің білетінін басқалармен бөлісу және үйрету болып табылады. Сабақты осы әдісті қолдану оқушылардың бірлескен жұмысын ұйымдастырумен қатар сыныптағы оқушылардың оқу қабілетінің әртүрлілігін ескеруге, әркімнің өз қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беретін саралап оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Тиімді оқу мен оқытуда инновациялық оқу ортасын құру маңызды.
Оқу ортасы оқушыларды оқу үдерісінің басты нысаны ретінде санап, оқушы ретінде өзіндік ізденіс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасайды. Оқушыға бағытталған оқу ортасы оқушылардың өзін-өзі реттеуге, оқуға деген ынта-жігерін, эмоциясын басқаруға ынталандырады. Оқу ортасы әлеуметтік қарым-қатынасқа негізделген және оқушылардың ынтымақтастықта бірлесіп оқуына жағдай жасайды. Оқудың танымдық және эмоциялық аспектілері бір-бірімен үздіксіз байланысты. Сондықтан танымдық дамытумен қатар оқушылардың ынтасы мен эмоциялық қасиеттеріне де үлкен мән берілуі тиіс.
Қолайлы оқу ортасын құруда мұғалімдер оқушылардың эмоциялық зиятын дамытып, пәнге қызығушылығын, ішкі ынтасын көтеруге мән береді.
<> OECD, 2012, www.oecd.org/edu/ceri/thenatureoflearningusingresearchtoinspirepractice.htm (18.03.2018)
14
Тиімді оқытудың жеті қағидаты
* Оқытуды оқушыға бағыттаңыз, олардың өзін оқушы ретінде сезініп, оқуға деген құлшынысын арттыруға жағдай жасаңыз.
* Оқудың әлеуметтік сипатын түсініп, оқушылардың бірлесіп білім алуын қамтамасыз етіңіз.
* Оқушылардың ішкі ынтасы мен эмоциясына мән беріп, дамытыңыз.
* Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оқушылардың барлығын бір өлшемге салудан алыс болыңыз.
* Оқушыларды жалықтырмай, барлық оқушыларды оқу үдерісіне білкелкі тартыңыз.
* Оқу мақсаттарына сәйкес бағалауды қолданыңыз, кері байланысты тиімді пайдаланыңыз.
* Білім салаларының өзара байланысын жүзеге асырыңыз, оқу орталарының қоғамдық ортамен тығыз байланысын орнатыңыз.
Adapted from: "The Nature of Learning: Using Research to Inspire Practice," OECD, 2012, www.oecd.org/edu/ceri/thenatureoflearningusingresearchtoinspirepractice.htm
15
Тиімді оқуды ұйымдастырудың бір тәсілі ретінде белсенді оқуды қарастырайық.
Белсенді оқу стратегиялары:
oo Белсенді оқу процесіне қатысу;
oo Белсенді оқудың не екенін түсіну;
oo Өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізу;
oo Оқытудың жай ғана жаттығуларды орындауға емес, оқу мақсатына жетуге бағытталуы қажеттігін түсіну.
16
Белсенді оқу - бұл білімді іс-әрекет арқылы игеру.
<<Маған айтсаң - мен ұмытуым мүмкін. Маған көрсетсең - мен есіме сақтаймын. Менің өзіме жасауға мүмкіндік берсең - мен түсінемін>>
17
Америкалық педагог Эдгар Дейл оқу материалының әртүрлі тәсілмен берілуіне зерттеу жасап, эксперимент нәтижелерін <<Дейл тәжірибесі конусы>> (<>) түрінде ұсынған. Оның нәтижесіне сәйкес оқу материалының меңгерілуі осы материалды беру/жеткізу тәсіліне тәуелді. Конус біз үдеріске қаншалықты белсенді аралассақ, соншалықты ұсынылған ақпаратты толығырақ меңгеретінімізді көрсетеді.

18
Кейінірек АҚШ Ұлттық тренинг зертханасы (National Training Laboratories in Bethel, Maine) конустың <<Оқу пирамидасы>> деп аталатын <<оқыту әдістерінің материалды меңгеру дәрежесіне әсері>> атты жаңа графикалық нұсқасын әзірлеп ұсынды.
Оқу пирамидасы (Learning Pyramid

Оқу пирамидасы белсенді оқу топтық талқылау, бірін-бірі оқыту арқылы оқушыларды әртүрлі белсенді танымдық қызмет түрлеріне тартатынын, олардың оқу мақсаттарына қол жеткізуде анағұрлым жоғары нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретінін көрнекі түрде көрсетеді.
19
Ойланыңыз:
Белсенді оқушы қандай болады? Белсенді мұғалімге қандай қасиеттер тән? (2.1-тапсырманы орындауды ұсынамыз). Белсенді оқушы өз білімін жетілдіруге талпынады; алдына қойған жоғары мақсаттарға қалай қол жеткізуге болатынын біледі; оқуда барынша ынталы, қызығушылық танытады; оқу дағдыларын өз бетінше дамытады; оқу бағдарламасынан тыс мәселелерді игеруге тырысады.
20
Белсенді мұғалім: белсенді оқу қағидаттары
Алға ілгерілеуді жандандыру:
oo Оқу мақсаттарын қайталау;
oo Әртүрлі жаттығуларды, әртүрлі оқу әрекеттерін ұсыну;
oo Дағдыларды шынықтыру;
oo Бұған дейінгі білімді пайдалану.
21
Оқу процесіне қолдау көрсету:
oo Білімге құштарлықты ояту;
oo Сұрақ қою;
oo Эксперимент жасау;
oo Ұсыныс жасау;
oo Ойлап шығару;
oo Оқу стильдерін ескеру.
22
Ресурстарға келесі сипаттар тән екеніне көз жеткізіңіз:
oo Ұйымдастырылған;
oo Қолжетімді;
oo Бірлесіп қолдануға қолайлы;
oo Бәріне таныс;
oo Тиянақты құрастырылған;
oo Жүйелі түрде қолданылады;
oo Уақыт өте келе күрделенеді;
oo Сапасы жақсы.
23
Белсенді оқу қағидаттары заманауи дидактика қағидаттарымен үйлесім табады:
oo Объективтілік, ғылымилық;
oo Теорияның практикамен байланысы;
oo Бірізділік, жүйелілік;
oo Күрделілік деңгейі бола тұра, қолжетімді болуы;
oo Көрнекілік қағидаты, әдістердің әртүрлілігі;
oo Білім алушылардың оқу белсенділігі;
oo Шығармашылық тәжірибесімен ұштастыра отырып, білімді, білік пен дағдыны терең меңгеруді арттыру.
Оқу қағидаттары өзара тығыз байланысты, біртұтас жүйені құрайды, яғни оқытудың ғылымилығы оның қол жетімділігімен қатар жүреді, білімді терең меңгеруге тек білім алушылардың белсенділігі негізінде қол жеткізуге болады. Дидактикалық қағидаттардың жалпы мәні білім беру процесінің барлық қатысушыларына оқуды сапалы ұйымдастыруға сенімді бағдар беру болып табылады.
Сабақ ресурстарында өз бетінше оқуға және практикада қолдануға арналған қосымша материалдар ұсынылған (2.3-2.5-ресурстар).
Материалды бекіту үшін 2.2-тапсырманы орындауды ұсынамыз.

Ұқсас жұмыстар
Ферменттің белсенді орталығы
Бағалау және сабақты қорытындылау
Әдістің технологиясы
Өзара бағалау
Сұрақтардың түрлері
Сыни тұрғысынан ойлау
Бүгінгі оқу мақсаттарына құрастырылған бағалау критерийі
Танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал ететін технологиялар
Белсенді оқыту технологиялары
Сыртқы белсенділік
Пәндер