Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тиімді сұрақ қою
2-КҮН
ТИІМДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
2.2-дәріс. Сыни ойлауға үйрету. Тиімді сұрақ қою. Блум таксономиясы
Слайд
Мәтін
1
Ойланыңыз:
Сіз сабақта оқушыларға қандай сұрақтар қоясыз?
Мұғалімдер сұрақ қоюда қандай қателіктер жіберуі мүмкін?
Сабақтың 2.6-ресурсында бұл сұрақтардың мүмкін болатын жауаптары көрсетілген.
2-11
Келесі сұрақтарға жауап берейік:
oo Біз сұрақтарды неліктен қоямыз?
oo Жақсы сұрақ деген не?
oo Жақсы сұрақ қандай болады?
oo Сіздің сыныбыңызда сұрақтарды кім қояды?
oo Сіз оқушыларды қойылған сұрақтарға жауап беру процесіне қалай тартасыз?
oo Оқушыларды сұрақ қоюға және сұрақтарға жауап беруге қалай ынталандырасыз?
oo Сұрақ қоюды қалай тиімді ұйымдастырасыз?
(2.3-тапсырманы орындауды ұсынамыз)
12
Тиімді сұрақ қою
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Тиімді сұрақтар оқуды бағалау стратегияларында негізгі құрал болып табылады және оны күтілетін жауапты алатындай етіп жоспарлау керек.
Жақсы қойылған сұрақ оқушыны мазмұн (Кім? Не? Қашан?) мен үрдіс (Қалай? Неге?) арасында теңгерім сақталған танымдық саяхатқа шақырады.
Тиімді сұрақтарды қолдану неліктен маңызды?
Тиімді сұрақтар оқыту мен оқу үрдісінің негізгі аспектісі болып табылады, өйткені біз қоятын сұрақтар өзіміз дамытып отырған ой деңгейін анықтайды. Сұрақтарды қолданған сабақтар сұрақтары жоқ сабақтарға қарағанда оқу мақсатына/күтілетін нәтижеге жету үшін әлдеқайда тиімдірек. Жақсы сұрақтар оқушылардың ойланып, оған жауап бере алуы үшін біршама уақытты талап етеді және оқушылар оқуға қаншалықты белсенді қатысса, оларды қамту деңгейі де соншалықты үлкен болады.
13
Сабақта жақсы құрылымдалған, ойланып қойылған сұрақтардың бірқатар артықшылықтары бал, мысалы:
:: Оқушыларды ойлануға бағыттайды
:: Оқушыларды өз жауабының нұсқасын дайындап, ойлана білгені үшін мадақтау
:: Тапсырманы шешу үрдісін құрылымдау немесе оған басшылық жасау
:: Мұғалімдерге сабаққа не бере алды және одан өздеріне не алды деген мағынада оқушылардың оқуын бағалауға мүмкіндік
:: Оқушылар біліміндегі қателер мен (немесе) кемшіліктерді анықтау
:: Оқытуды дамыту салаларын жедел көру
:: Оқушылардың тақырыпты түсінуіне мұғалімнің көмек көрсетуі
:: Оқушылардың тақырыпты талқылаудағы қызығушылық уәжі мен қатысуы
:: Оқушыларға талқылау арқылы оқуға мүмкіндік беру.
Сұрақтардың тиімділігін қалай көруге болады?
Жақсы қойылған сұрақтар - мақсатты бағытталған және оқуға ықпал етеді. Мұғалімдер қай жерден қиындық шығуы мүмкін екендігін көре білуі керек, сондай-ақ оқуға ықпал ететін жетектеуші сұрақтар немесе мысалдар дайын болу керек. Мұғалімнің қате жауаптарға қатысты әрекеті оқушының сенімін жоғалтпай, ынтасын дамытуда шешуші мәнге ие. Қате жауаптар оқытудың нақты мүмкіндігі ретінде қабылдануы керек.
14
Сұрақтардың түрлері
oo Жабық сұрақтар оқушылардың жадын және фактілерді еске түсіруін тексеру үшін пайдалы. Әдетте, олардың бір ғана <<дұрыс>> жауабы болады.
Пенициллинді кім ойлап тапты? Флодденд (ағыл. Flodden) жанындағы ұрыс қашан болды?
Жабық сұрақтар <<мұғалім нені ойлап тұрғанын тап>> ойынына әкеліп соғуы мүмкін. Дұрыс емес жауаптардың оқушыны көптің алдында кемсіту қаупі бар және олар <<үлгерімі туралы мазасыздық>> тудыруы мүмкін, ал бұның кейбір оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына кері әсерін тигізетіні анық.
oo Ашық сұрақтардың бірнеше жауабы болады және олар жоғары деңгейде ойлау дағдысын дамытады. Жақсы дайындалған сұрақтар оқушылардың алдында түсінгені мен қазіргі нақты мәселенің арасында байланыс орната отырып, оның оқу тәжірибесін байытады. Мұндай сұрақтар сондай-ақ мұғалімдерге оқушылардың білімі мен түсінігін тексеріп, олардың алған білімін қолдану және мәселелерді шешу дағдысы мен шығармашылығын дамыту арқылы жаңа мазмұнда пайдалану үшін ақпаратты жинақтау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
... туралы не білесіз? Қалай ойлайсыздар, әрі қарай не болады? ... сөзінің жазылуын қалай есте сақтайсыңдар? Кейбір құстардың жұбы неліктен өмірлік тұрақты болады? Эссе жазғанда жоспарлаудың артықшылығы мен кемшіліктері қандай?
15
Блум таксономиясы
Сынып жағдайында оқытуды қарапайымнан күрделіге қарай тереңдету үшін сұрақтарды ойлау дағдысының деңгейлеріне сәйкес сатылап жоспарлауға болады:
Бағалау - Бұдан не шығады? Сіз ....қандай идея қосар едіңіз? Сіз қалай жобалайтын едіңіз? Сіз....... келісісіз бе?
Синтез - Сіз жаңа әдіс-тәсілді қалай ойлап шығарып, ұсынар едіңіз?
Талдау - .....неден тұрады? Қасиеттері қандай? ....сәйкес жіктеңіз.
Қолдану - ...қалай ....үлгісі бола алады?.....қалай байланысқан?
Түсіну - жазушының ...туралы идеясын қалай түсінесіз?
Білім - Кім, не, неліктен, қашан, қалай?
Сабақтың 2.7-2.8- ресурстарында осы тақырып бойынша қосымша материал берілген.
16
Тиімді сұрақ қою стратегиялары
oo Екі немесе үш оқушыдан құрылған топтан, олардың қызығушылығын ынталандырып, осы тақырып, пән бойынша не білетіндерін бағалай алатындай етіп, тақырып немесе пән туралы не білгісі келетінін сұраңыз.
oo Алдымен оқушылардан өз жауаптарын талқылауды сұраңыз; ол ұялшақ оқушыларға жағдай жасайды және де көптеген оқушыларға <<мен ойлаймын>> дегеннен гөрі <<біз ойлаймыз>> деп айтқан әлдеқайда қолайлы.
oo Сабақтың басында, негізгі ұғымды айқындап, оқушыларды тарту үшін, ойды белсендендіретін сұрақ қойыңыз - оны сабақ немесе тақырып соңында қайта қоюға болады.
oo Қалған оқушылардан жауапты бағалауды сұраңыз - қалғандары не ойлайды екен? Бұл жауапты толықтыруға көмектеседі және бірінші жауап берген балаға басқа идяелар аясында өз жауабын қайта қарауға мүмкіндік береді.
oo Ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушыларға өз ойын өзгертуге немесе басқа жолмен жүруге мүмкіндік беріңіз. Сіз әлі .... ойлайсыз ба? Бұл оқушыларды терең ойлануға және жаңа ақпарат алуға итермелейді. Егер ... болса не болады?
oo Жабық және ашық сұрақтар арасында, сондай-ақ мазмұнмен және процеспен байланысты сұрақтар арасында теңгерімді қамтамасыз етіңіз. Қарапайым түрдегі бірінші сұрақ, егер ол жақсы дайындалса, оқушыларды шынайы жаңалықтарға жетелейтін танымдық саяхатқа жетелейді.
oo Айтарлықтай қарапайым, бірақ мүмкіндігінше сұрақтың неге бағытталғанына байланысты барынша айқын болатын дәйекті жақсы сұрақтар қорын дайындап алыңыз. Тағы не? Қалай? Егер олай болса, қалай? Сіз қалай ойлайсыз? /Сіз не сезіндіңіз? /... туралы сіз қалай біле аласыз? Түріндегі сұрақтар тізіміне қатысты икемді және мазмұнды болуға дайын болыңыз - бұлар қарапайым сұрақтарды кеңіте алатын мысалдар.
oo Кез келген жауапқа оң баға беріңіз және сапалы жауаптарды мақтаңыз.
oo Дұрыс емес жауаптарды түзетпестен қалдыруға болмайды. Олардан кейін қосымша сәйкес сұрақтар болуы тиіс немесе оқушы өз жауабын қайта қарауға мүмкіндік алу үшін, <<күту уақытын>> беру керек.
oo Жеңілдету үшін сұрақты өзгертіңіз немесе басқаша қойыңыз.
17
Жауапты көбейту
Жауапты азайту
<<Егер ... болса қалай ...?>>, <<Түсіндіріңдер>>, <<Талдаңдар>>, <<Құрастырыңдар>>, <<Салыстырып, салғаластырыңдар>> және т.б. түріндегі ашық сұрақтар қою.
<<Иә>> немесе <<жоқ>> деген жауабы бар жабық сұрақтар немесе анықтамалар мен (немесе) ақпараттан жадында қалғанды тікелей еске түсіруді талап ететін жабық сұрақтар қою.
Сіз сұрақ қойғаннан кейін, балаларға сұрақты өңдеу үшін жеткілікті уақыт беру үшін, <<күту уақытын>> ұзартыңыз
Оқушылармен өзіңіз сұрақ қойғаннан кейін жұмыс істеу және оқушыны сұрақ қойғанға дейін үдеріске тарту.
Өз жауабын толықтыруды сұрау және оқушыларға <<Неге? Неліктен?>> деген сұрақ қою.
Жауаптың дұрыс еместігін ойлануға мұрша берместен оқушыға жауабының дұрыс еместігін айту.
Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюына мүмкіндік беру.
Оқушылармен өзара байланысқа түспей дәріс оқу.
Оқушылардың бастапқы түсінігін қайта ойлануға мүмкіндік беру.
Шығармашылық және сыни ойды қолдамайтын мүмкіндіктер беру.
Тіпті ол оқушының көңілін қалдырып, өзінің қолайлы оқу аймағынан шығып қалуына мәжбүрлесе де, оқушылардың шешім қабылдау үрдісі арқылы жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Оқушыларға шешім қабылдау үрдісінен өтуге мүмкіндік берместен, олардың сұрақтарына тура жауап беру.
18
Қорытынды
Тиімді сұрақтар оқыту мен оқу процесінің негізгі аспектісі болып табылады. Мұғалімнің сұрақты қалай қоюына байланысты сыныптағы оқу ортасы қалыптасады және сұрақты қою шеберлігі оқушы мен мұғалім арасындағы жағымды қарым қатынас орнату арқылы оқушыларға өз ойын қайта қарауға, дәлелдеуге және кеңейтуге мүмкіндік береді.
19
Оқу материалын бекіту үшін 2.4-2.5-тапсырмаларды орындауды ұсынамыз..
Ақпарат көзіне сілтеме:
Білім беру психологиялық қызметі
Батыс Лотианның муниципалдық орталығы. Хауден Саут Роуд. http://www.westlothian.gov.uk/education/
Clarke, S. (2001).Қалыптастырушы бағалауды ашу (қалыптастырушы бағалауды ашу).Лондон: Ходдер және Стаутон.
www.ndt-ed.org/TeachingResources/ClassroomTips / Effective_Questioning.htm
http://projects.coe.uga.edu/epltt/index.php?title=Bloom%27s_Taxonomy
Тиімді сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту: әдістемелік ұсыным / Г.Б. Төреханова, Н.К. Абдрахманова. - Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ ПШО, 2016. -44 б.
Блум таксономиясына сәйкес оқу мақсаттары. /А.Е. Мурзагалиева, Б.М.Утегенова. - Астана: <<НИШ>> ДББҰ ПШО, 2015. -58 б.
Сұрағым келеді немесе оқушылардың сұрақ қою дағдыларын дамыту: әдіст.ұсын. /Т.А. Акимова. - Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. -34 б.
Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы /Әлімов А.Қ. <<Назарбаев зияткерлік мектептері>> ДББҰ, ПШО, 2014. - 188 бет.
Оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (http://smk.edu.kz/)
Белсенді оқытудың 100 әдісі: әдіст. ұсын. /Ж.К. Байгаринова - Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ, ПШО, 2017. -52 б.
Белсенді оқыту: ұғыну, интерпретация, қолдану/Б.К. Альмурзаева, О.А.Шункеева, Д.Г. Наурзалина, Б.Х. Кусанова - Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ, ПШО, 2017. -150 б.
Шағын жинақты мектеп жағдайында жұптық және топтық жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәсілдері: әдіст. ұсыныстар/ Н.К.Батырбекова. - Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ, ПШО, 2017. -50 б.
Деон Чарльз Лоу. Кооперативтік оқыту жөніндегі практикалық құрал = Практическое пособие по кооперативному обучению = A practical handbook on Cooperative learning /Д.Ч. Лоу. - Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ ПШО, 2015. - 152 б. - қазақша, орысша, ағылшынша.
<<Педагогикалық диалог>> Ақпараттық-әдістемелік журнал, №3(17), 2016ж.: <<Оқушылардың өзіндік реттеу дағдыларын қалыптастыру>>. Фоленвейдер И.Г. 150-153-б.
Ауыл мектептерінің оқу үдерісінде диалогті оқытудың қолданылуы. /Б.К. Альмурзаева, А.А. Жайтапова, О.А. Шункеева, Д.Г. - стана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ, ПШО, 2015. -102 б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz