Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тапсырма түрлері
7-КҮН
ОҚУ МАҚСАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ӘЗІРЛЕУ
7-дәріс
Тапсырма түрлері. Жабық және ашық тапсырмалардың ерекшеліктері.
<<Информатика>> пәнінің оқу мақсаттарын жүзеге асыруға арналған тапсырмалар әзірлеу
Слайд
Мәтін
1
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сабақта тапсырма түрлері мен жабық, ашық тапсырмалардың ерекшеліктерін және информатика сабақтарында оқу мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін тапсырмалар әзірлеу тақырыбын қарастырамыз.
2
Оқу нәтижелерін бағалау үшін аутентті практикалық тапсырмалар әзірлеу маңызды.
Сіз өз пәніңізді оқыту тәжірибеңізде оқу мақсаттарына жету үшін қандай тапсырмаларды қолданасыз?
3
Сабақта қолданылатын тапсырмалар жабық немесе ашық түрдегі тапсырма болуы мүмкін. Тапсырманың түрін ұтымды пайдалану нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және маңызды болып табылады
4
Жабық тапсырмалар - педагогика мен психологияда кең қолданылатын тапсырмалардың түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
Алайда оқу процесінде үнемі тек жабық тапсырмаларды қолданған жағдайда оқушылардың білім-дағдылары толық жинақталмаған, шектеулі болады.
Практикада жабық тапсырмалардың бірнеше түрлері кеңінен қолданылады:
* Жауабында көп таңдауы бар тапсырмалар: бір дұрыс жауабын таңдау немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары;
* сәйкестендіруге арналған тапсырмалар;
* реттілікті анықтау тапсырмалары;
* тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған тапсырмалар (Ақиқат немесе жалған тапсырмалары)
Біз әрі қарай осы тапсырма түрлеріне тоқталамыз.
5
Тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған тапсырмалар.
<<Шындық/Жалған>> тапсырмасы - бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап беруі мүмкін; мұндай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады
Мұндай тапсырмаларды қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу үшін сабақта тиімді қолдануға болады. Бұл алдыңғы сабақтағы жетілдіруді қажет ететін проблемалық тұстарды анықтау, оқушыларды жаңа тапсырмаларды орындауға ынталандыру, күнделікті сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу үшін қолдануға ыңғайлы құнды құрал болып табылады.
6-7
Келесі жабық тапсырма түрі - сәйкестендіру тапсырмалары.
Сәйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым түрлерінің бірі - екі бағанды салыстырып, сәйкестендіру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда сәйкестендіруге арналған олардың жауаптары көрсетіледі. Мұнда бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар жауапты болжамдап дұрыс табуы мүмкін. Сонымен қатар егер оқушы бір жауабында қателессе, бұл оның одан әрі де қателесуіне себеп болады. Мынадай жағдай болуы да мүмкін: егер оқушы біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл білсе, жауабын білмейтін сұрақтың шешімі өздігінен айқын болып шыға келеді.
Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тәсілі - бірінші бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптар санының көп болуы. Бұл жағдайда да оқу материалы негізінде біртекті белгілері бойынша екі бағаннан тұратын тапсырма анықталады. Екінші бағанда біріншісіне қарағанда бірнеше қатар артық болуы қажет, ал дұрысында екі есе көп болғаны жөн.
Нәтижені өңдеуге қолайлы болуы үшін сол бағандағы қатарларды санмен, ал оң бағана қатарларын бас әріптермен белгілеу ұсынылады. Оқушы тапсырманы қолайлы психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауап беруі үшін жазу қарпі өлшемінің де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас әріптермен жазылады, бағандағы сөздер кіші әріптермен жазылады. Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен аспауы қажет екенін ескерген жөн.
Әрине, жекелеген мысалдарда, жоғары деңгейде құрастырылған жағдайда бір сұраққа бір жауап келетін сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру орынды болады.
Сәйкестендіру тапсырмалары оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайларда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады.
Сәйкестендіру тапсырмалары әр түрлі эксперименттерді, олардың нәтижелерін, арнайы терминдер мен анықтамаларды есте сақтауды қажет ететін жаратылыстану ғылымы сабақтарында қолдану үшін ыңғайлы.
8
Олардың кеңінен қолданылатын келесі түрлерін атап өтуге болады:
oo Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру;
oo Бір-бірімен байланысты фразаларды сәйкестендіру;
oo Себебі мен салдарын сәйкестендіру;
oo Өлшем бірлікті одан ірі немесе ұсақ басқа өлшем бірлігімен сәйкестендіру;
oo Есепті оның шешімімен (жауабымен) сәйкестендіру
9
Жабық тапсырмалардың келесі түрі - көп таңдаулы жауабы бар тест тапсырмасы. Мұнда бір дұрыс жауабы бар және бірнеше дұрыс жауабы бар тест құрастыруға болады.
Көп таңдауы бар тапсырма - оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы көрсетілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары. Мұндағы дұрыс жауап - тапсырманың кілті, ал дұрыс емес жауаптары дистракторлар болып табылады.
Тапсырманың мәтіні барынша қысқа болып, сұрақтың мазмұнын анық көрсетуі тиіс. Оның сауатты құрастырылуы өте маңызды. Мәтіннің, тапсырма шартының күрделілігі сұрақты түсінуді қиындатады. Тапсырма орфографиялық және грамматикалық ережелерді сақтай отырып құрастырылуы тиіс.
10
Көп таңдауы бар тапсырмаларда жауап нұсқаларының саны әртүрлі болуы мүмкін. Жауап нұсқалары көп болған сайын оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ болжап табу мүмкіндігі азаятыны анық. Дегенмен ұсынылатын баламалы жауаптардың көп болуы оқушылардың тапсырманы орындауға жұмсайтын уақытының шамадан тыс артуына алып келеді. Жалпы, жауап нұсқаларының саны 2-ден 5-ке дейінгі аралықта болғаны жөн.
11
Жауап нұсқаларын түрлі логикалық реттілікпен орналастыруға болады (мысалы, әліпби реттілігі бойынша, хронологиялық тәртіппен, өсу/кему ретімен, грамматикалық санатына қарай және т.б.). Осылайша жауаптардың көрсетілген ретіне байланысты оқушылардың дұрыс жауапты болжап табу мүмкіндігі шектеледі. Мысалы, жауап нұсқалары сөзден басталатын болса, онда олар әлипби ретімен орналасады. Егер жауап нұсқалары саннан басталса, онда өсу/кему ретімен орналасады. Егер бір қарағанда екі жауап нұсқасы бір-біріне ұқсас болса, онда оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп орналастырған жөн.
Тапсырма құрастыру алгоритміне сәйкес көп таңдауы бар тапсырма құрастырғанда тапсырманың шарты, яғни сұрағы мен дистракторларды құрастыруға дейін оның кілтін - дұрыс жауабын дайындап алу ұсынылады. Бұл тапсырманың нақты дұрыс жауабының бар екендігіне кепілдік береді. Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторларды қандай да бір белгісі бойынша анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет..
12
Дистракторлар өтілген материалға сәйкес болуы және шындыққа жанасымды, бірақ дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды қолданудағы басты мақсат - оқу материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Әдетте <<жақсы>> дистрактор оқушылардың жиі жіберетін қателерін қамтиды. Егер дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда оны жақсы құрастырылған деп есептеуге болады. Бұл оқушыларды дайындық деңгейіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Ал егер дистракторды білім деңгейі жоғары оқушылардың басым бөлігі таңдаған жағдайда дистрактор сапасының төмендігін немесе тапсырманы құрастыруда қате жіберілгенін байқауға болады. Егер дистракторды бірде-бір оқушы таңдамаған болса, онда дистрактордың қате құрастырылғаны туралы қорытынды жасауға болады, оны қайта құрастыру қажет.
13
Ал енді тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек, соны қарастырайық.
oo Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді қолданбаған жөн, әсіресе, дистрактордың оған ерекше қатысы болмаса.
oo Алдыңғы тапсырмада кездескен сұрақтарды дұрыс жауап (кілт) ретінде қолданудың қажеті жоқ. Бұл тапсырманы орындауды жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін.
oo Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені дұрыс (мысалы, өте қысқа немесе ұзақ болмауы, жеңіл немесе күрделі түрде берілмеуі маңызды).
oo Тапсырма кілті мен дистракторларда <<әрқашан>>, <<кейде>>, <<ешқашан>>, <<жоғарыда аталғандардың барлығы>>, <<дұрыс жауабы жоқ>> сияқты сөз тіркестерінің болмауын ескерген жөн.
oo Дистракторлардың <<жартылай дұрыс>> болуын, яғни дистракторды әртүрлі мағынада түсінуге болатын жағдайларды, олардың екіұштылығын болдырмау керек.
14
Жабық тапсырмалардың сапасын бағалау үшін келесі сұрақтарды қолдануға болады:
oo Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
oo Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі анық және түсінікті ме (яғни, бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы)?
oo Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?
oo Тапсырманың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
oo Суреттер, диаграммалар, сызбалар анық па?
oo Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
oo Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?
oo Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы (кілті) бар ма?
oo Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?
oo Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?
15
Қарастырылған материалды бекіту үшін практикалық жұмыс жасауды ұсынамыз.
Пәннің қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан (5-11-сыныптар) өзіңіз таңдаған оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды зерделеп, 2 жабық тапсырма ұсыныңыз (7.1-тапсырма).
oo Пәннің оқу бағдарламасынан оқу мақсатын/мақсаттарын таңдаңыз.
oo Бағалау критерийлерін анықтап, ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіріңіз.
oo Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан тапсырмаларды қарастырыңыз.
oo Тапсырмаға дескрипторлар құрастырыңыз.
oo Кестені толтырыңыз.
Орындаған жұмысыңызды кері байланыс алу үшін тренерге ұсыныңыз.
16
Білу, түсіну және қолдану деңгейіндегі тапсырмалармен салыстырғанда пайымдауға берілген тапсырмалар оқушының осы тақырып бойынша әбден ойланып, жаңа білімін іс-әрекетте қолдану жолын өз бетінше дұрыс табуын көздейді. Оқушының білімін өмірде қолдану туралы ойлануы оның өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуіне мүмкіндік береді. Оқушылар өз бетінше ойланып жауап беруі үшін мұндай тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы беріледі. Ойландыруды көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді.
17
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге, қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзындығына немесе көлеміне қарай ерекшеленеді. Ол бір немесе бірнеше сөздерден тұратын қысқа жауаптан бастап толық дәлелді пайымдау түріндегі толық жауапқа дейін болуы мүмкін.
18-19
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.
20-21
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше сөйлем, түсініктемелерді, сызбаларды немесе бірнеше кезеңнен тұратын дәлелдеулерді келтіре отырып орындау қажет.
22
Жалпы, ашық тапсырма құрастыру барысында келесі талаптарға назар аударған жөн:
oo Тапсырманы, сұрақты анық және түсінікті түрде тұжырымдаңыз.
oo Сұрақты ақпараттық және сұраулы бөлікке бөліңіз.
oo Оқушының мәдениет, жас ерекшеліктерін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, яғни тапсырма оқушылар ұғатын түсінікті тілде берілуі қажет.
oo Барлық мүмкін нұсқаларды есепке алып, жауап үлгісін анықтаңыз, оны тапсырма нәтижесін тексеру кезінде қолданыңыз.
oo Тапсырмаға белгіленген жалпы балл мөлшерінің жауап бөліктеріне қалай үлестірілетінін көрсетіңіз.
oo Құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптестеріңізді тартыңыз. Қажет болған жағдайда құрастырылған тапсырманы түзетіңіз, өзгеріс енгізіп, толықтырыңыз
23
Материалды бекіту мақсатында практикалық жұмыс жасауды ұсынамыз.
Пәннің қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан (5-11-сыныптар) өзіңіз таңдаған оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды зерделеп, 2 ашық тапсырма ұсыныңыз (7.2-тапсырма).

24-29
<<Информатика>> пәнінің оқу мақсаттарын жүзеге асыруға арналған тапсырмаларды қарастырайық. Слайдтарда <<Ақпараттық қауіпсіздік>>, <<Компьютердің логикалық негіздері>>, <<Веб-бетке арналған графика>>, <<Сайттың картасы>> тақырыптары аясында <<ақпараттық қауіпсіздік>>, <<құпиялық>>, <<тұтастық>> және <<қол жетімділік>> терминдер маңызын түсіндіру, логикалық өрнекті логикалық сызбаға өзгерту және керісінше ауыстыру, графикалық файлдарды түрлендіру қажеттілігін түсіндіру, Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактор арқылы сайттың дизайн-макетін жасау оқу мақсаттарын жүзеге асыру тапсырмалары көрсетілген.
30
Материалды бекіту үшін 7.3-тапсырманы орындауды ұсынамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен - Астана: <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ, 2016. - 54 б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz