Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері

9 - тақырып ПС. Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері

  1. Тұлғаның әлеуметтенуі оның негізгі көздері
  2. Тұлғаның әлеуметтенуінің кезеңдері
  3. Э. Эриксон теориясы бойынша тұлға дамуының кезеңдері

ОБӨЖ. Мінез екпіндеуінің түрлері

1. А. Е. Личко бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

2. К. Леонгард бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

3. Э. Фромм бойынша жасөспірімдердің мінез екпіндеулерінің түрлері

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1 Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері

2 Э. Эриксон теория бойынша тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері

5. Оқу және оқыту әдістері: таблицамен жұмыс, буклеттермен жұмыс, психологиялық тест.

Тапсырма 1 Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері бойынша сызба құрастырығыз.

Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері(Э. Эриксон бойыншы)

Нәрестелік шақ сәбилік ерте балалық шақ балалық шақ жасөспірімдік және

Жастық шақ

Ерте егде жас егде жас қарттық шақ

Тапсырма 2 Таблицамен жұмыс (3 деңгей) .

Инструкциясы:

1 - Э. Эриксон бойынша тұлға қалыпты даму жағдайын түсіндіру.

2 - Э. Эриксон бойынша тұлға аномальді даму жағдайын түсіндіру.

Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының деңгейлері

Даму деңгейлері
Қалыпты даму жағдайы
Аномальді даму жағдайы
Даму деңгейлері: 1. Нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жас)
Қалыпты даму жағдайы: Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, ата-ана мен баланың бірін-бірі тануы, балалардың араласуындағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру
Аномальді даму жағдайы: Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.
Даму деңгейлері: 2. Сәбилік (1 жастан 3 жас)
Қалыпты даму жағдайы: Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.
Аномальді даму жағдайы: Өз-өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімделмегенін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.
Даму деңгейлері: 3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасы)
Қалыпты даму жағдайы: Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі ролдерге қосылу.
Аномальді даму жағдайы: Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсынытардан бас тарту, ролдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
Даму деңгейлері: 4. Балалық шақ (5 жастан 11 жас)
Қалыпты даму жағдайы: Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.
Аномальді даму жағдайы: Өзін-өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. Дауыл алдындағы немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.
Даму деңгейлері: 5. Жасөспірімдік және жастық шақ (11 жастан 20 жас)
Қалыпты даму жағдайы: Өз болашағын анықтау. Уақытша перспиктиваның -болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? Деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну.
Аномальді даму жағдайы: Ролдердің шатасуы. Уақытша перспиктивалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралығана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін-өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін-өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін ролдердің ауысуы. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы.
Даму деңгейлері: 6. Ерте егде жас (20 жастан 45 жас)
Қалыпты даму жағдайы: Адамдарға жақын тарту. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану.
Аномальді даму жағдайы: Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.
Даму деңгейлері: 7. Егде жас (40-45 жастан 60 жас)
Қалыпты даму жағдайы: Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу.
Аномальді даму жағдайы: Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.
Даму деңгейлері: 8. Қарттық шақ (60 жастан жоғары)
Қалыпты даму жағдайы: Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігіе ұғыну.
Аномальді даму жағдайы: Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқа деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.

Тапсырма 3 К. Юнг бойынша тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін айқындаңыз

Нұсқау. Әр сұраққа жауаптың екі варианты бар, Сізге қөбірек жақындау жауапты таңдау қажет.

1. Сіз нені қалайсыз?

а) кішкене жақын достарыңызды; б) үлкен жолдастар компаниясын.

2. Сіз қандай кітаптарды оқуды қалайсыз?

а) қызықты сюжеті бар; б) кейіпкер күйзелісінің ашылуы бар.

3. Жұмыста сіз нені жібере аласыз?

а) кешігу; б) қателер.

4. Егер сіз жаман қылық жасасаңыз, онда:

а) қатты уайымдайсыз ; б) қатты уайым жоқ.

5. Сіз адамдармен қалай тіл табысасыз?

а) тез, жеңіл; б) жаймен, абайлап.

6. Сіз өзіңізді ренжігішпін деп санайсыз ба?

а) ия; б) жоқ.

7. Сіз сықылықтауға, шын көңіліңізбен күлуге әуессіз бе?

а) ия; б) жоқ.

8. Өзіңізді қалай деп санайсыз:

а) үндемес ; б) сөзшең .

9. Сіз ашықсыз ба немесе тұйықсыз ба?

а) ашық; б) тұйық.

10. Сіз өз күйзелістеріңізді талдауды жақсы көресіз бе?

а) ия; б) жоқ.

11. Қауымның ортасында сіз қалайсыз:

а) сөйлеуге; б) тыңдауға.

12. Сіз өзіңізге жиірек кейіп уайымдайсыз ба?


Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің мақсат мен міндеттері
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Тәрбиеші әдістемесі
Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - өмір талабы
Туризм тарихы
Мектеп жуналы
Қазіргі дүние жүзі тарихы. 9-сынып
Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz