Баланы адамгершілікке баулу

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІН ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

1. 1. Керн-Йирасектің баланың мектепке дайындығын анықтау тесті

Бұл тест балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған. Тест төрт тапсырмадан тұрады. Балалардың мектепке дайындығын анықтау.

1. Қай жануар үлкен - ат па, әлде ит пе?

Ат - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.

2. Күндіз жарық, ал түнде . . .

Қараңғы - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.

3. Аспан көгілдір, ал шөп . . .

Жасыл - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.

4. Шие, алма, жүзім, алмұрт - бұл . . .

Жемістер - 1 балл, дұрыс емес жауап - 1 балл.

5. Пойыз өтерде неге жолдың жиегінде шлагбаум төмен түсіріледі?

Себебі: пойыз бен автокөлік соғысып қалмау үшін, пойыздың астына түсіп кетпеу үшін (т. с. с. ) - 0 балл. дұрыс емес жауап - 1 балл.

6. Тараз, Алматы, Қызылорда - бұлар?

Қалалар - 1 балл, станциялар - 0 балл, дұрыс емес жауап - 1 балл.

7. Кішкентай ат - ол құлын, кішкентай ит - бұл . . . Кішкентай қой - бұл . . .

Күшік, қозы - 4 балл, егер екі сұрақтан біреуі болса 0 балл. дұрыс емес жауап - 1 балл.

8. Сағат қанша болғанын көрсетіп тұр? (сағатта көрсету) Жақсы көрсетілген - 4 балл. Тек жарты немесе тура көрсетсе - 3 балл. Сағат білмесе - 0 балл.

9. Ит тауыққа ұқсаған ба, әлде мысыққа ма? Неліктен ұқсас, олардың несі бірдей? Мысыққа, өйткені оларда төрт аяқ, жүндері, құйрығы ұқсайды - 0 балл. Мысықка ұқсастықтарын айтпаса - 1 балл.

10. Неге барлық автокөліктерде тежегіш бар?

Екі жағдайда (таудан түсіп келе жатқанда, бұрылыста соғысып қалмау үшін) - 1 балл. Бір жағдайда - 0 балл, дұрыс емес жауап - 3 балл.

11. Балға мен балтаның ұқсастығы неде?

Бірдей екі ұқсастық - 3 балл (олар ағаштан, темірден жасалған, олардың ұстағыштары бар) . Олар аспаптар, олармен шеге қағуға болады - 1-2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

12. Тиін мен мысық қалай ұқсас?

Олар жануарлар (оларда 4 аяқтары бар, жүндері, олар ағаштарға өрмелей алады) - 3 балл. Бір ұқсастық - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

13. Футбол, ұзындыққа секіру, теннис, жүзу - бұл . . . Спорт, дене тәрбиесі - 0 балл. Ойындар (жаттығу), гимнастика, сайысу - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

14. Қандай көлік түрлерін білесің?

Үш жерде жүретін көлік немесе толық атаулары, ұшақпен, жеңіл автокөлікпен, кемемен (тек түсіндіріп болғаннан кейін) . Көліктер - 2 балл.

Дұрыс емес жауаптар - 0 балл.

15. Кәрі адам мен жас адамның айырмашылығы неде?

Ақ шаш, шаштарының жоқтығы, әжім, көп жұмыс істей алмайды, жақсы көре алмайды, жақсы естімейді, көп ауырады, өледі - 4 балл. Бір немесе екі айырмашылық - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

16. Неге адамдар спортпен шұғылданады?

Екі жағдайда (денсаулығы мықты болуы үшін, шынығу үшін, күшті болу үшін, тез жүріп тұру үшін, өздерін тік ұстау үшін, семіз болмау үшін) - 4 балл. Бір жағдайда - 2 балл. дұрыс емес жауап - 0 балл.

1. 2. Ер адамның суретін салу

Бағалау:

1 балл. Мынадай жағдайда қойылады:

1) Салынған суреттің басы, денесі, қол-аяғы болуы керек.

2) Басы мойын арқылы денесімен жалғасып, денесінен басы үлкен болмауы керек.

3) Басында шашы бар немесе бас киімі болуы \ мүмкін. \

4) Құлақ, көзі, аузы мен мұрыны болуы керек.

5) Қолдың бес саусағы болуы қажет.

6) Аяғы.

7) Киімі ер адамдікіндей бір-бірімен байланыста болуы керек.

2 балл.

1) 3 деталь мойыны, шашы, бір саусағы болмаса да 1-балдағы жағдайлар орындалуы тиіс.

3 балл.

1) Салынған суретте басы, тұлғасы, денесі, аяқ-қолы бо­луы керек.

2) Қол-аяғы екі сызықпен салынуы керек.

3) Мойны, шашы, құлағы, киімі, саусағы салынбаған.

4 балл.

1) Тек басы, тұлғасы болған жағдайда.

2) Бір сызықпен қол немесе аяғы берілуі тиіс.

5 балл.

Нақты дененің суреті салынбаған жағдайда.

1. 3. Сөздік тест бойынша бағалау

Мына сөйлемді көшіріп жаз. «Ол ас ішті».

1 балл - өте жақсы көшірілген.

Үш сөз бір-бірімен байланысып тұруы, арақашықтығы сақталу керек.

2 балл. Егер бала анық қылып көшірсе. Әріп мөлшері және арақашықтығы саналмайды.

3 балл. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек. Ең болмаса, жазылған әріптердің төртеуі түсінікті бо­луы керек. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек.

4 балл. Қойылу үшін үлгімен аз дегенде екі әріп сәйкес болуы керек.

5 балл. Жазу түсініксіз жағдайда қойылады.

1. 4. Берілген нүктелердің көшірмесі

Бұл тест ұзақ жүргізуді қажет етпейді және балл тест соңында беріліп отырады. Қорытынды субтест орындалғаннан кейін барып беріледі.

1 балл. Балаға келесі жағдайда қойылады. Үлгінің өте жақсы көшірмесі. Тек бір ғана нүктенің қатардан жіберілуі. Суретті кішірейтуге рұқсат етіледі, үлкейтуге болмайды.

2 балл. Нүкте саны және орналасуы үлгі бойынша тұруы керек. Үш нүктенің салынуы ұмытылса да 2 балл қойылады.

3 балл. Өзінің салынған контуры бойынша үлгіге ұқсайды. Ұзындығы мен биіктігі үлгіден 2 есе үлкен болмауы керек. Нүктелер 20-дан аспауы және 7-ден аз болмауы керек.

4 балл. Сурет өз контуры бойынша үлгіге ұқсамайды, бірақ нүктеден тұрады.

Суреттін үлкендігі және нүкте саны қажет емес.

5 балл. Түсініксіз сызулар.

Қорытынды соңғы 3 тапсырма бойынша жасалады. Қосылған ұпайлардың саны 3-6 болса, баланың мектепке дайындығы жоғары. 7-11 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі орташа, 12-15 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі төмен.

Тапсырма

Мына нүктелерге мұқият қарап алыңыз да, қасына дәл осылай көшіріп салуға тырысыңыз.

Кімге не жетпейді?

Бұл әдістеме баланың 5-6 жас аралығындағы ойлау деңгейінің психодиагностикасын жасауға арналған. Бұл әдістемеге кірген тапсырманы бастамас бұрын, балаға сурет көрсетіледі және бұл суретте әр балаға бір нәрсе жетіспейтіні айтылады. Ал жетіспеген зат астыңғы жақтағы суреттерде көрсетілген.

Баланың басты тапсырмасы, тез арада кімге не жетпейтінін табу.

Қорытынды баға:

- 10 балл - тапсырма 30 секунд аралығында орындалған.

- 8-9 балл - тапсырманың орындалу уақыты 31-49 се­кунд аралығында.

- 6-7 балл - орындалған тапсырма 50-68 секунд аралығын қамтиды.

- 4-5 балл - 70-80 секундқа дейінгі уақыт ішінде.

- 3-4 балл - орындалған тапсырма 90-100 секунд аралығында.

- 0-1 балл - тапсырма 110 және одан жоғарғы уақыт ішінде орындалды.

Ойлау қабілеті деңгейінің бағасы.

- 10 балл - өте жоғары;

- 8-9 балл - жоғары;

- 6-7 балл - орташа;

- 4-5 балл - орташа;

- 2-3 балл - төмен;

- 0-1 балл - өте төмен.

1. 6. Топ-топқа бөлу әдістемесі

Бұл әдістеменің нұсқасы алдыңғы әдістеме сияқты 4-5 жас аралығындағы баланың ойлау қабілетінің сапасын, деңгейін білуге арналған. Бұл әдістеменің мақсаты - баланың елестету, логикалық ойлауына баға беру. Балаға суреттерді көрсетіп мына тапсырманы орындауға шақырамыз.

«Мына суреттерге жақсылап қарап, салынған фигураларды топ-топқа бөліп қой. Әр топқа бір-біріне ұқсайтын фигураларды біріктіресің. Фигуралардың атын атап және оны неге бір топқа біріктіргеніңді түсіндіріп бересің».

Тапсырманың орындалуына 3 минут уақыт беріледі.

Қорытынды: 10 балл - бала берілген фигуралардың бәрін әр топқа 2 минут аралығында бөліп қойғанда қойылады. Бұл фигуралар: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, ромб, қызыл фигуралар (берілген суретте қарамен боялған), көк (жолақ сызықтар), сары (торлы), үлкен және кіші фигуралар.

Ескерту: Жіктелімі жағынан бір фигура әр топқа кіруі мүмкін.

- 8-9 балл - бала берілген фигураларды 2-ден 2, 5 ми­нут аралығында жинады.

- 6-7 балл -2, 5-3 минут аралығында тапсырма орындалды.

- 4-5 балл - 3 минут аралығында бала тек 5-тен 7-топқа дейін фигураларды атай алады.

- 2-3 балл - бала 2-ден 3 топтың фигураларын атады.

- 0-1 балл - 3 минут ішінде бала бір-ақ топты жинақтай алды.

Даму деңгейінің бағасы:

- 10 балл - өте жоғары;

- 8-9 балл - жоғары;

- 6-7 балл - орташа;

- 4-5 балл - орташа;

- 2-3 балл - төмен;

- 0-1 балл - өте төмен.

Диагностикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Ұғым деңгейін анықтау

Балалардың ойлау операциялары мен ұғымдардың қандайлық деңгейде қалыптасқандығын жобалайтын диагностикалық тапсырмалар.

Мақсаты: Балалардың қалыптасу деңгейін анықтау.

Құралдар: Сөздер тобы:

а) Өрік, алма, алмұрт, шие, жаңғақ, жүзім.

Жауап: бір атаумен - жемістер.

б) Трактор, мотоцикл, машина, велосипед.

Жауап: қозғалыс құралдары.

в) Көйлек, тон, малақай, шалбар.

Жауап: киетін киімдер.

Л. С. Выготский әдісі

Балаға топтама сөздер оқылады, оқылған сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады деген сұраққа жауап берілуі керек.

Бағалау: Балаларда қалыптасқан түсінік деңгейін анықтау.

I деңгей: Балаларда түсінік қалыптаспаған, олар қойылған сұраққа жауап бермейді.

II деңгей: Заттардың атқаратын қызметін нұсқайды: жейді, жүреді, киеді. Балалар үлкен қызығушылықпен жауап береді.

2-тапсырма. Ойлау деңгейін анықтау

Мақсаты: Балалардың ойлау операциясының даму деңгейін анықтау.

(Е. Е. Кровцова) «Кім үлкен?"

Балаларға сұрақ қойылды: «Қоян қасқырдан үлкен бе, қасқыр аюдан үлкен бе?». Сонымен, үлкен қоян ба, аю ма, қасқыр ма?

Бағалау: Балалардың жауабын 3 топқа бөлуге бола­ды: 1-топ. Қойылған сұраққа ойланбастан аю үлкен дейді, яғни, есептің шартына емес өмір тәжірибесіне сүйенеді;

2- топ. Ә дегенде берілген есепті шеше алмай, жауап беруде олар өмір тәжірибесіне емес, есеп шартына жүгінеді. Есепті қайталағанда дұрыс жауап береді.

3- топ. Балалар есепті бір окығанда-ақ дұрыс шешеді.

Әр фактордың мазмұнының сипаттамасы

1. Мектептегі жалпы қорқыныштың: мектеп өміріндегі әр түрлі мысалмен қосылуына байланысты баланың жалпы эмоционалдық жағдайы.

2. Әлеуметтік күйзелісті уайымдау: баланың эмоционалдық жағдайы баланың әлеуметтік байланысы (ең алдымен құрдастармен) фонында дамиды.

3. Жетістікке жетудегі фрустрация қажеттілігі: баланың жоғары нәтижелерге жетуіне және өзінің кажеттіліктерін дамытуға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психикалық орта.

4. Өз пікірін айту қоркынышы өзінің мүмкіншіліктерін көрсету өзін басқа қылып көрсету, өзін-өзі ашылу қажеттілігі мен байланыстыратын жағдайды негативті эмоционалдық уайымдау.

5. Білімді тексеру жағдайы: білімді тексеру жағдайында уайымдау мен негативті қатынас.

6. Айналаңдағылар күтетін нәтижелерге сәйкес келмеу қорқынышы: өзінің ойларының нәтижелерінің бағалауындағы басқаларды шолу маңыздылығы, баға ту­ралы мазасыздану.

7. Күйзеліске деген төмен физиологиялық қатыстылық: баланың күйзелістік сипаттағы жағдайларға бейімделуі төмендетіліп, мазасыз ортаға бейімделу қаупі.

8. Мұғалімге қатысты қорқыныштар мен қайшылықтар баланы оқу жетістігін төмендететін, мектептегі үлкендермен қатынасының жалпы негативті эмоционалдық ортасы.

Темперамент қасиетін анықтайтын тест

1. Сен шапшаңсың ба?

2. Өзіңді қызықтырған әңгімеге ойланбастан қатысасың ба?

3. Үлкен топтан бөлініп, оңаша қалған ұнай ма?

4. Әр кез іс әрекет істеуге құмарсың ба?

5. Жай сөйлейсің бе?

6. Тез өкпелеп қаласың ба?

7. Достарыңмен ренжіскенде, ұйқың келе ме?

8. Бос уақытыңда бір іспен айналысқың келе ме?

9. Адамдармен сөйлесіп отырғанда ойланбастан жауап бересің бе?

10. Достарыңмен сөйлесіп отырғанда олардың тез сөйлегені ұнай ма?

11. Егер сенің біраз уақыт адамдармен сөйлесуге мүмкіндігің болмаса, сен өзінді уақыты жоқ адаммын деп санайсың ба?

12. Кездесуге немесе мектепке кешігіп келдің бе?

13. Қатты жүгірген ұнай ма?

14. Жаман баға алсаң, я мұғалім мен ата-анаң ескертулеріне қатты ойланасың ба?

15. Көп уақытты талап ететін жұмысты орындау саған ұнай ма?

16. Жылдам сөйлеу саған қиын ба?

17. Егер үй тапсырмасын немесе бір істі орындамасаң өзінді ыңғайсыз сезінесің бе?

18. Әңгіме кезінде бір ойдан екінші ойға ауытқи білесің бе?

19. Ептілікті қажет ететін ойын ұнай ма?

20. Тапсырманы орындауда жаңа нұсқаулар табу саған оңай түсе ме?

21. Егер әңгіме кезінде сені дұрыс түсінбесе, сен мазасыз күй кешесің бе?

22. Қиын әрі жауапты істі сен қызығушылықпен істейсің бе?

23. Өзің түсінбеген зат туралы сөз қозғайсың ба?

24. Бір уақытта бірнеше адаммен сөйлесу саған ұнай ма?

25. Бір мезетте бірнеше жұмыс атқара аласың ба?

26. Егер сен ойланбай сөйлесең достарың арасында кикілжің бола ма?

27. Саған жеңіл үйренген, күш жұмсамайтын жұмыс ұнай ма?

28. Дұрыс істелмеген жұмысқа тез ренжисің бе?

29. Отырып жұмыс істеген ұнай ма?

30. Таныс емес адаммен сөйлесу оңай ма?

31. Сөйлер алдында ойланасың ба?

32. Сенің барлық әдетің жақсы ма?

33. Жұмыс істегенде қолдары тез қимылдай ма?

34. Таныс емес адамдар арасында сен асықпай сөйлейсің бе?

35. Бір тапсырманы шешіп отырып, екінші басқа тапсырмаға тез ауысасың ба?

36. Тез қимылды керек ететін жұмыс атқару оңай ма?

37. Сен әңгімешілсің бе?

38. Сен еш кедергісіз еркін сөйлейсің бе?

39. Оқу мен жұмысыңа қатысты іс сені алаңдата ма?

40. Сен кемшіліктеріңді айтқанда ренжисің бе?

41. Жауапты жұмысты атқаруға құмарсың ба?

42. Барлық істі жай асықпай істеген ұнай ма?

43. Басқаға айтпайтын ойың бар ма?

44. Ойланбастан біреуге тосыннан қиын сұрақ қоясың ба?

45. Тез қимылдаудан қуат аласың ба?

46. Өзің айналысқан іске қатысты жаңа пікір ойластыру оңай ма?

47. Жауапты әңгімеде сені мазасыздық билей ме?

48. Саған жүктелген істі тез атқара аласың ба?

49. Өз бетіңше жұмыс істеу ұнай ма?

50. Бет-әлпетіңнен сенің жан дүниеңді білу оңай ма?

51. Берген уәдеңді тез орындайсың ба?

52. Айналадағы адамдардың саған деген қарым-қатынасына ренжисің бе?

53. Барлық істі жай асықпай істеген ұнай ма?

54. Бір ғана жұмыспен айналысу ұнай ма?

55. Саған тез ойланатын ойын ұнай ма?

56. Әңгіме арасында үзіліс жасайсың ба?

57. Компанияның көтерілуін міндетіңе аласың ба?

58. Сенің күш-жігерің артқанда қиын іспен шұғылдануға құмарсың ба?

59. Бір жұмыстан екінші жұмысқа назар аударуың қиын ба?

60. Күтпеген жағдайда жауапты ісің үзілсе сен көпке дейін көңілсіз жүресің бе?

61. Жұмысың алға баспаса ұйқың бұзыла ма?

62. Үлкен компанияда болған ұнай ма?

63. Достарыңмен қарым-қатынасыңды шешуде мазасызданбайсың ба?

64. Барлық күш-жігер жұмсалатын жұмыста реттілікті қажетсінесің бе?

65. Жиі ашуланып, өзіңді ұстай алмай қаласың ба?

66. Бір мезетте көптеген іс атқару ұнай ма?

67. Үлкен ортада өзіңді еркін ұстайсың ба?

68. Алғашқы пікіріңді жиі ұстанып тұрасың ба?

69. Себепсіздік туындайтын іс сені мазалай ма?

70. Жұмысты салғырт істейсің бе?

71. Бір жұмыстан екінші жұмысқа оңай кірісесің бе?

72. Дауыстап тез оқисың ба?

73. Кейде өсек айтасың ба?

74. Сен достарың арасында үндемейсің бе?

75. Сені қолдайтын және басу айтатын адамды қажет етесің бе?

76. Көптеген істі бір уақытта қарсылықсыз істейсің бе?

77. Тез істейтін жұмысты еш қарсылықсыз істейсің бе?

78. Бос уақытында адамдармен сөйлескің келе ме?

79. Жұмысың шешілмесе сенің ұйқың қана ма?

80. Ұрысқан кезде қолдарың дірілдей ме?

81. Өз ойынды жеткізуде ұзақ ойланасың ба?

82. Таныс адамдар арасында ұнамайтын адамың бар ма?

83. Оңай жұмыспен айналысуды қалайсың ба?

84. Сені ренжіту оңай ма?

85. Үлкен топта бірінші сөзді сен бастайсың ба?

86. Адамдар ортасында жүрген ұнай ма?

87. Алдымен ойланып, содан соң ойыңды айтасың ба?

88. Оқуың мен жұмысың сені толғандыра ма?

89. Жол-жөнекей тексеру жүргенде сен заттарың үшін ақшаны әрдайым төлер ме едің?

90. Отырыста немесе ортада өзінді ерекше ұстайсың ба?

91. Жұмыста болған сәтсіздікті ойлауға бейімсің бе?

92. Саған жылдам сөйлеген ұнай ма?

93. Ойда жоқта келген ойыңды бірден ашық дауыстап айтудан өзінді ұстайсың ба?

94. Жұмысты жай атқаруды қалайсың ба?

95. Жұмыста болған келіспеушілікті ойлайсың ба?

96. Адамдармен жай және асықпай сөйлеген ұнай ма?

97. Қателерің үшін уайымдайсың ба?

98. Ұзақ жұмысты жақсы орындауға қабілеттісің бе?

99. Өзіңнің мінезің туралы таныс емес адамнан сұрау саған оңай ма?

100. Адамдармен қарым-қатынаста өзінді сенімсіз сезінесің бе?

101. Жаңа өзің білмейтін жұмысқа тез ден қоясың ба?

102. Ұзақ, көп сөйлегеннен шаршайсың ба?

103. Асықпай жұмыс істеу оңай ма?

104. Саған әрдайым белсенділікті қажет ететін және көңіліңді бір жұмыстан екінші жұмысқа аударатын әр түрлі жұмыс ұнай ма? .

105. Өзіңмен-өзің ұзақ жалғыз болуды қалайсың ба?

Балл жинағының кілті

Әр адамның темпераменті, өзіне тән қасиеті берілген әдістегі сұрақ-жауап арқылы анықталады. Егер зерттеушінің жауабы кілтпен тура келсе, онда ол 1 деген ұпай алады. Әр темперамент қасиеті өзі белгілеген ұпаймен саналады.

Оқудағы белсенділік:

«Иә» деген жауап: 4, 8, 15, 22, 42, 50, 58, 64, 98.

«Жоқ» деген жауап: 27, 83, 103.

Адаммен қарым-қатынас белсенділігі:

«Иә» деген жауап: 11, 30, 57, 62, 67, 78, 86.

«Жоқ» деген жауап: 3, 34, 74, 90, 105.

Оқудағы ептілігі:

«Иә» деген жауап: 20, 25, 35, 38, 47, 66, 71, 101.

«Жоқ» деген жауап: 54, 59.

Адаммен қарым-қатынас ептілігі:

«Иә» деген жауап: 2, 4, 18, 26, 45, 68, 85, 94.

«Жоқ» деген жауап: 31, 81, 87, 93.

Жұмыс атқару қарқыны:

«Иә» деген жауап: 1, 13, 19, 33, 46, 49, 55, 57.

«Жоқ» деген жауап: 29, 43, 70, 99.

Адамдармен қарым-қатынас қарқыны:

«Иә» деген жауап: 24, 37, 39, 51, 72, 42.

«Жоқ» деген жауап: 5, 10, 18, 56, 96, 102.

Оқудағы эмоционалдығы:

«Иә» деген жауап: 14, 17, 28, 40, 60, 61, 69, 79, 88, 91, 95, 97.

«Жоқ» деген жауап: жоқ.

Адамдармен қарым-қатынас-жасаудағы эмоционалдығы:

«Иә» деген жауап: 6, 7, 21, 36, 41, 48, 53, 63, 75, 80, 84, 100.

«Жоқ» деген жауап: жоқ.

Тексеру бақылау сұрақтары:

«Иә» деген жауап: 32, 52, 89.

«Жоқ» деген жауап: 12, 23, 44, 65, 73, 82.

Басында тексеру сұрақтары жауаппен анықталады. Зерттелуші сұрақтарға шындықпен жауап берді ме? Егер бақылау сұрақтарынан үштен көбі кілтпен сәйкес келсе онда, зерттеуші өзін ерекше көрсетуге тырысқан. Егер шындықты көрсетпесе, онда сенуге болмайды. Ондай болса, ол туралы мәлімет жалған болады. Мұның жауабына сенуге болмайды. Егер зерттелушінің жауабының берілген кілтпен үшеуі тура келіп, қалғаны жоғарғы көрсеткіш көрсетсе, онда оған сенуге болады.

Темперамент қасиеттерін ашудағы балл жинағы

Темпераменттің жоғары дәрежелі қасиеті бар зерттелуші: 9 немесе одан да көп сан жинайды.

Аз көрсеткіші: 4 немесе одан да аз балл.

Орташа дәрежелі: 5 немесе 8 орташа балл. Осылай қорытынды шығарылады.

Адамның қай типке жататынын темперамент қасиетін анықтаудағы көрсеткіштерді салыстырып табу керек.

Сангвиник - барлық қасиеті орташа;

Холерик - белсенділігі жоғары (қарқыны орташа, кейде жоғары болады) ;

Флегматик - барлық касиеті төмен;

Меланхолик (белсенділік, батылдығы төмен, сезімі төмен, қарқыны кейде жоғары болады) .

Таза сангвиник, холерик, меланхолик және флегматикке адам тек өзінің даму деңгейінің көрсеткіші мен ұқсастықпен байланыстырады. Адам әрқашан темпера­мент типі аралас болып келеді. Зерттелушінің ер кезде 2 типін анықтайды. 1-типі жұмыс кезінде көрінсе, 2-сі адамдармен қарым-қатынас кезінде көрінеді.

Сөз тіркестерін есте сақта. Төмендегі сөз тіркестерін балаға оқып беріңіз

1. Күзде жаңбыр жауады.

2. Балалар ойнағанды ұнатады.

3. Бақшада алма және алмұрт өседі.

4. Аспанда ұшақ ұшады.

5. Бала әжесіне көмектеседі.

Баладан есте сақтай алған сөз тіркестерін қайталауын сұраңыз. Негізгісі - әрбір сөз тіркесіндегі ойды жеткізу. Сөзбе-сөз қайталау міндетті емес.

Мектеп жасына дейінгі балалардың еркіндігін бағалау

«Үлгі мен ереже» әдісі (А. Л. Венгер) . Берілген тапсырмаларды жан-жағына қарамай, өз бетінше орындай алуы зерттелінеді. Мұның қорытындысы алты жасар баланың көруін, ой пікірін деңгейлеп дамытады.

Бұл әдісті зерттеу үшін кітапшалар тапсырмасымен қажет. Ол кітапқа бала туралы және зерттеу мерзімі жазылады.

Балаларға кітапшалар таратылады: Сендердің барлығыңда осындай кітапша бар. Осы кітапшада нүктелер тұр. Осы нүктелерді қоссаңдар үшбұрыш шығады, мына мысалға көз аударыңдар деп, мысалды көрсетеді. Жанында тағы нүктелер бар, енді қараңдар нүктелер бірдей ме? (Нүктелер әр түрлі, енді екі бірдей жұлдыз секілді нүктелерді қосуға болмайды, тек әр түрлі нүктелерді қосасыңдар. Егер дұрыс істемесеңдер бізге айтыңдар, біз оны өшіргішпен өшіреміз) . Содан кейін балалар тапсырманы орындауға кіріседі. Ассистент пен психолог баланың жұмыстарына қарайды, егер бала дұрыс сызбай жатса өшіргішпен өшіреді. Ештеңе сызбаған балаларға түк істемегенше, дұрыс болмаса да сызу керектігін айтады.


Ұқсас жұмыстар
Бесік жырын жаттау
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту
Аманошвилидің негізгі идеясы ынтымақтастық педагогикасы
Қонақ деген кім
Дебаттың мақсаты
Рухани - адамгершілік тәрбие
Ақсақ құлан, Жошы хан
Аталар мен аналар
Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер
Тәрбиеден бастау алған бар арман
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz