Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балаңыз отбасында кімнің баласы

№1.Т.Әлиев атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталық

Ата - аналармен тренингсабақ

Тақырыбы: <<Бақытты отбасы...>>

Дайындаған: Педагог-психолог Б.Б.Дармагамбетова

2018/2019жыл

Ата - аналармен тренинг сабақ

Тақырыбы: <<Бақытты отбасы>>
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым - қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің <<Бақытты отбасы>> атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер!
Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
"Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда.. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

Топтағы ата-аналар өздерін таныстырулары керек. Онда: өздерінің аты-жөні, кімнің ата-анасы, отбасы мүшелері, өмірлік ұстанымдарын айтулары ұсынылады.
Ал, енді құрметті ата-аналар мен сіздерге мынандай сұрақ қойғым келіп тұр.
* Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз не? ( Жанұя, балам, жолдасым, достарым, туыстарым )
* Дұрыс айтасыздар!
"Сөйлемді аяқта" әдістемесі.
Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі....
Отбасы бұл....
Отбасым бақытты болу үшін....
Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі....
Мен қалар едім отбасымның....
Мен ата - анам бақытты болсын десем...>>

1. Отбасы туралы сұрақтар

1. Отбасы дегенді қалай түсінесің?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?
5. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба?
6. Сен қандай отбасын армандайсың?
7. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
8. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
9. Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?
10. Отбасының ұйытқысы кім?
11. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

2. Жаттығу
Ата - аналарға сұрақтар қою.
Есінізге түсіріңізші балаңыз өмірге келгенде алғашқы әсеріңіз? Не туралы ойладыңыз?
1.Енді балаңыз жүре бастағанда, біз бала үшін қорқамыз да, оған барма, шықпа, секірме дейміз. Сонымен аяғын байлаймыз.
2. Енді балаңыз жан-жағындағы дүниені тани бастайды, бәрін ұстап білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз. Сонымен қолын байлаймыз.
3. Баланың тілі шығады да, бәрін сұрай бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі. Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама, сөйлеме, айқайлама дейміз. Баланың аузын байлаймыз.
4. Көшеден әр-түрлі сөздер естіп, үйреніп келеді. Біз оған тыңдама, естіме дейміз. Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.
5. Теледидардан неше түрлі бағдарламаларды көреді де, біз оған қарама дейміз. Сонымен баланың көзін байлаймыз.
6. Баламыз даладан ұядан құлап түскен балапанды, тастанды мысықтың баласын үйге әкелген кезде біз оған қайдан әкелдің? Неге әкелдің? Алма, ұстама, деп баланың жүрегін байлаймыз.
Енді қараңыздаршы, осындай бала сіздерге ұнай ма?
Ата - аналарға сұрақтар қою.
- Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? /ыңғайсыз/
- Біріншіден нені босатқыңыз келеді?
Ата-аналарға
Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады.*Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.*

Бірде бір кісі кішкентай баласы тәтті жеуін койдыра алмай баласын бір ғалым кісіге алып келген екен.Ол ғалым кісі өте дана болғандықтан халық оған түрлі қиын мәселелерін шешуге ақыл сұрап келеді екен. Әлгі кісінің баласының жағдайын муұқият тыңдап алып екі аптадан келулерін өтінеді.Жаңағы кісі жарайды деп баласын екі аптадан кейін ғалым кайта алып келеді.Сонда ғалым кісі баланын басынан сипап енді тәтті жеме деп айткан екен. Содан бері кішкентай бала тәтті жеуін токтатыпты.таңқалған баланың әкесі ғалымға кайта келіп таңқалысын айтыпты.Сонда ғалым өзімнің екі апта бойы кант жемеуіме тура келді деген екен.Сондыктан айтарым балаға озіміз орындамайтын нәрсені айтпастан бұрын озіміз сол нәрселерден бас тартайык!Әкеси темеки шегіп,арағын ішіп оның денсаулыққа зиянын баласына айтқанмен балаға онын түк әсері болмасы сөзсіз.
Бүгінде кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. Баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса мектептегі ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды.
Баладан ата-аналарға жаднама
Маған тиісе бермеңіздер және маған ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер, онда мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура келеді.
Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді , барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар да, ауыздарыңызға да алмаңыздар. Бұл сіздермен өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады.
Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл осындай подходты қалаймын. Бұл менің өз орнымды анықтауыма көмектеседі.
МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар.
Мені өзімді кішкентай сезінуіме жол бермеңіздер. Мен әйтпесе <<жылауық>>, <<қыңыр>> болып ұтылам.
Менің әділдігімді қатты сынға ала бермеңіздер. Үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деп қорқып, оңай өтірікшіге айналуым мүмкін.
Өздеріңіз орындай алмайтын уәдені бермеңіздер - бұл сіздерге деген сеніміме нұқсан келтіреді.
Менің қорқыныштарым және қауіптенулерім сіздерде алаңдаушылық туғызбасын. Әйтпесе мен одан сайын қорқатын боламын. Нағыз ЕРЛІКТІҢ қандай болатынын көрсетіңіздер.
Есте ұстаңыз! Бала - біздің өміріміздің ең үлкен құндылығы. Оны түсінуге, оны тани білуге, оны сыйлай білуге тырысыңыз. Оның күнделікті мінез-құлық сызығында тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін ұстаныңыз.

<<Балаға айтуға болмайтын 10 сөз>>
Құрметті ата-аналар тақтаға назар аударып балаға айтуға болмайтын тыйым сөздермен таныс болыңыздар
Психолог мамандар баланың жасына қарамастан, оларға ауыр тиетін сөздер тізімін жариялады. Әлі тілі шықпаған баланың өзі сіздің жеткізу мәнеріңізге қарай оның мағынасын түсінеді екен.
1. Сенің қолыңнан түк келмейді - әкел, өзім жасаймын!
Мамандардың айтуынша, бұл баланы алдын ала сәтсіздікке байлайды. Ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Және алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады деп жаңа бастама алудан қорқады.
2. Ұста, тек тынышталшы!
Кей ата-ана бірнеше сағаттық <<берші, алып берші>> деген ыңылдауды көтере алмайды. Бірақ, ақыр соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата-ана өздері байқамастан, баланы ыңылдаумен сұрағанына қол жеткізуге, ал мамасының <<жоғына>> мән бермеуге жаман үйретеді.
3. Тағы да мұндайды байқасам - таяқ жейсің!
Қалыптасқан дағдыға сай, барлығы осы құр қоқан-лоққымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала босқа қорқақ болып өседі. Мұндай сөздер баланы ренжітіп, түсініспеушілік туғызады. Өз сәбиіңізді қорқытпаңыз. Бала белгілі жағдайда нені күтуге болатынын анық білу керек. Ал үлкендердің кенеттен кеюі еш нәтиже бермейді.
4. Мен саған дереу доғар дедім!
Баламен бұлай дөрекі сөйлесуге болмайды! Бұл сіздің балаңыз ғой! Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан <<доғарудың>> орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз өз жайына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да, бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.
5. Сен мынаны түсінуге тиіссің...
Көптеген бала бұл сөз бен оның қыңқылдақ жалғасына кертартпалық көрсетеді. Бала мұндай ақыл айтуды түсінбейді, сондықтан сізді тыңдамай, ойын басқаға ауыстырады. Ал бала сол сәтте беймаза, ренжулі не ашулы болса, сіздің сөздеріңіз тіпті қабылданбайды. Оның да адам екенін, белгілі бір уайымы, ойлап жүрген өз мәселелері бар екенін ұмытпаңыз, сондықтан сіздің ең дұрыс деген ақылыңызды да ол сол сәтте түсіне алмайды.
6. Балалар (қыздар) бұлай жасамайды!
Мұндайды жиі қайталайтын ата-ана балада белгілі бір стереотип қалыптастырады. Кейін ересек өмірінде есейген жігіт өз сезімін, іс-әрекетін лайықсыз деп ойлайды, ал қыздар өзін <<ерлерге арналған>> кәсіппен айналысамын не "ұқыпсызбын" деп, үнемі бір нәрсеге көңілі толмай, кінәлайды.
7. Бекерге уайым-қайғыға салынба!
Мүмкін балаңыз үшін бұл бекер нәрсе емес шығар! Өзіңіздің балалық шағыңызды есіңізге түсіріңіз! Иә, балаңыз машинасыз қалғаны үшін не шаршылардан жасалған үйшігі бұзылғаны үшін ашуланып, ренжуі мүмкін. Оның кішкентай әлемінде дәл машина мен үйшік ең маңызды нәрсе болар! Баланың мәселелеріне селқостығыңызды көрсете отырып, сіз оның сенімін жоғалтып ала аласыз және болашақта өз балаңыздың күрделі мәселелері туралы білмей қалуыңыз мүмкін.
8. Менің денсаулығымды ойлашы!
Аналар бұл сөзді балаларына жиі айтады. Бірақ айтыла берген сөздің қадірі кетіп, шынында жағдайыңыз нашарласа, бала сіздің сөзіңізді әдетінше қабылдамайды. Ол анасының бұл сөзін тек оның тентек болмауы үшін айтып отыр деп ойлайды.
9. Жоқ, біз мұны сатып алмаймыз - ақша жоқ (қымбат)!
Балаға бәрін қатар сатып алуға болмайтынын түсіндіру қиын. Бірақ сіздің мұндай сөзіңізден егер ата-анасында ақша болса, дүкенді толығымен сатып алуға болады деген мағына шығады! Бала бұл сөзді дәл солай түсінеді. Одан да <<мұндай ойыншық сенде бар>>, <<көп тәтті жеген зиян>> деу жақсырақ шығар. Иә, түсіндіру әрқашан қиын! Бірақ бала ата-анасының неліктен мұны сатып алып бермейтінін түсіну керек.
10. Жұрттың баласы...
...Құдай мені не үшін сонша жазғырды екен, салақ, ынжық, иттің баласы, оңбаған және т.б. Мұндай белгілерді балаларға тағуға болмайды! Бұл баланың өзін бағалауын түсіріп, расымен сол атауларға сәйкестене бастайды.
Бұл айтылған сөздерді берілген кеңес деп қабылдауыңызды сұраймыз. Біз сізді баланы олай тәрбиелеңіз, бұлай тәрбиелеңіз деп үйретіп жатқан жоқпыз тек қана кеңестер ұсынып отырмыз.
-аналарға аңыз айту
Ащы пияз>> қазіргі заман аңызы
Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік - компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.
Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.
Анам кіріп келіп:
- Неге жылап тұрсың? - деді.
- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім
- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

5-бөлім Сұрақ-жауап
Ендi құрметтi ата-аналар, қазiр сiздердерге дайындалған бiрнеше сұрақтар ұсынылады. Сiздердермен пікірлесіп ой-бөлісу-біздер үшін үлкен бақыт.

Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз?Игі істерін қалай мадақтайсыздар?
Балаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
Сіз үшін балаңыздың өтініш-тілектері қаншалықты маңызды?
Балаңыз мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе?
<<Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды, тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ>> дейтін ата-аналарға көзқарастарың қандай?
Білім сапасын көтеруде ата-ананың ролі бар ма
Сіздің балаңыз - озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай іс-әрекет қолданасыз?
Балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол <<Ән тыңдап отырмын>> деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген ұрыс па?
Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болады? Сіздің пікіріңіз?
Сіз бала тәрбиесінде қандай қағиданы ұстанасыз?
Балаңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?
Балаларыңыз игілікті іс істесе қалай мадақтайсыз?
Баласы мектептен келіп анасына <<Сізе маңызды бір нәрсе айтқым келеді>> дейді. <<Сенсіз де шаруам көп, басым ауырып тұр, мазамды алма>> деп жауап береді анасы. Сіз не деп жауап берер едіңіз?
Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: <<Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың>>,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Тәртібі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
ХХІ ғасырдың ата-аналары қандай?

6 - бөлім <<Өмір ағашы>> жаттығуы
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, <<Адамның бір қызығы - бала деген>> ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Біздің алдымызда тамыры тереңге жайылған үлкен ағаш ол сіздерсіздер, сіздердің алдарыңыздағы жапырақ және алма жемісі балаларыңыз, енді осы жапыраққа, алма жемісіне өзіңіздің балаңызға немесе отбасыңызға жылы тілектеріңізді жазасыз. Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

Қорытынды бөлім:
7 - бөлім <<10+5+1>> әдісі.
Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны - 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім...
Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде <<Бала>> сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені <<Бала - ата-ананың бауыр еті>>, ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар <<Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. <<Отбасы>> атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
<<Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді>>, деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегімен қорытындылаймыз. <<Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-Анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойында сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, Ата-Анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіс пеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.>>
Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы Бәріде сүйіспеншіліктен басталады дегендей, балаларыңыздан сүйіспеншіліктеріңізді аямаңыздар Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы Бәріде сүйіспеншіліктен басталады дегендей, балаларыңыздан сүйіспеншіліктеріңізді аямаңыздар

5.Ата-аналарға балалардың балабақшаға бейімделуі туралы кеңес беру.
- Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.
Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:
- Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,
- Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.
- Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).
- Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек.Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады.Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
- Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретіңіз туралы айттыңыз ба?
Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.
Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.
- жеңіл түрі - баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;
- орташа ауырлық бейімделу - 1 айдың ішінде;
- ауыр бейімделу - 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.
Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
- Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.
Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.
- Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.
- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.
Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.
- Балаға анық түсінік беру керек.
Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.
2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
- Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз
- Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Баланың <<социалдық көкжиегін>> кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
- Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата - ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді.Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай - ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
- Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні - ақ күн ұзағына қалдырмауды.Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 - 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін <<демалыс>> алуға болады.
- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
- Бала балабақшаға тек ауырмайкелуіқажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.
Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап - ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

І жедел тест
1. Балаңыздың ең сүйікті асы не?
А) Жарма ботқасы Ә) Сорпа Б) Дүкендегі дайын тағамдар В) Қуырылған картоп
2. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?
А) Дәрігер Ә) Әнші Б) Елбасы В) Сарбаз
3 Балабақшадағы тәрбиешілерінің есімдерін білесіз бе?

ІІ жедел тест
1. Балаңыз отбасында <<кімнің баласы?>>
А) Атасы мен әжесінің Ә) Әкесінің Б) Анасының В) Бәрінің
2. Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не?
А) Машина Ә) Қуыршақ Б) Құрастыру ойыншығы В) Доп
3. Балаңызды қалай еркелетесіз?

ІІІ жедел тест
1. Балаңыз неден қорқады?
А) Қараңғыдан Ә) Иттен Б) Жалғыз қалудан В) Қорықпайды
2. Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды?
А) Саяхатшы Дара Ә) Том және Джерри Б) Алдар көсе В) Білмеймін
3. Бала, отбасы, ата - ана тақырыбында бірнеше мақал айтып берсеңіз?

ІV жедел тест
1. Балаңыз күнделікті ұйқыға кетерде нені қалайды?
А) Ертегі Ә) Әлди әнін Б) Арқасын сипалағанды В) Ойыншығын құшақтағанды
2. Балаңыздың ұнатпайтын тағамы не?
А) Бұршақ сорпасы Ә) Қарақұмық ботқасы Б) Қырыққатпар сорпасы В) Сүт көже
3. Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңызды айтып беріңізші?

V жедел тест
1. Балаңыз қандай өнерге бейім?
А) Әнге Ә) Биге Б) Сурет салуға В) Мүсіндеуге
2. Балаңыз қандай ойын ойнағанды ұнатады?
А) Компьютерлік Ә) Тыныш ойындар Б) Қимылды ойындар В) Логикалық ойындар
3. Балаңыздың топта бірге ойнайтын жақын достарын атап бере аласыз ба?

VІ жедел тест
1. Балаңыз кімді идеал тұтады?
А) Әкесін Ә) Елбасын Б) Тәрбиешісін В) Мультфильм кейіпкерін
2. Балаңыз жаңа жыл ертеңгілігінде қандай кейіпкер болып киінді?
А) Аю Ә) Күлдіргіш Б) Ноян В) Ханзада
3. Балаңыздың бойындағы қандай мінезіне көңіліңіз толады және қандай
мінезінің өзгергенін қалар едіңіз?
Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет! Балаларыңыздың тәрбиесіне алаңдаулы көңілдеріңіз қуантарлық. Сонда да болса кейде жұмыстан шаршап немесе бірдеңеге ренжіп келгенде <<ашу - дұшпан, ақыл - дос>> екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға шақырамын

<<Ащы пияз>> қазіргі заман аңызы
Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік - компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.
Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.
Анам кіріп келіп:
- Неге жылап тұрсың? - деді.
- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім
- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.
Жүргізуші:тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата - аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым - қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.

5.<<Түйінді сөзді мен айтамын>> стратегиясы
<<Бала көңілін қалай табуға болады?>> деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.

Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады
8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: <<Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер>>,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала - ата - ана өмірінің жалғасы. <<Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін>> деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, <<Өзімді алып, баламды аман қалдыр!>> деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
<<Құлыным,байқасаңшы>>,- депті оған ...
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер
Сол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.
- Осы белгілер бойынша оқушыға,ата-анаға,мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады
7.Қорытынды
Бала дегеніміз - болашақ. Бaлаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата - ананың өнегелі тәрбиесінде.
Қорытынды:
- Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл біздің көз жасымыз, бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз болмасын десеңіз, бала тәрбиесіне келгенде ешқашанда <<кеш қалмаңыз!>>

Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, әрқайсысы өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеннің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-майрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы татулық пен бірліктің болуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Қарт үнсіз ғана жүз рет <<сүйіспеншілік>>, <<жүз рет>> <<кешірім>>, жүз рет <<бірлік>> деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
-Осы-ақ па?
- Иә,-деді ақсақал- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады-деді де сәл ойланып <<және шыдамдылық>> деген сөзді қосып қойды.
Барлық отбасыға айтарым босағасы берік,шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөлінуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екен.
Құрметті ата-аналар сіздердің де отбасыларыңызға татулық пен бірліктің болуы үшін жүз рет <<сүйіспеншілік>>, <<жүз рет>> <<кешірім>>, жүз рет <<бірлік>> және шыдамдылық тілеймін. Бүгінгі семинарымызға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айта отырып, сіздерге арналған естелік сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
Бақытты балалар қалай тәрбиеленеді?
Баланы тәрбиелеудің керегі жоқ, баланы түсіне білу керек! Бақытты балалардың қалай тәрбиеленетінін айтқымыз келеді.
1. Күлкі көмектеседі!
Қиын емес қой! Балаңызбен жиі қалжыңдасып тұрыңыз. Ертеңгі күні әлеуметтік жеңістерге ерте жететін болады. Бір жағынан, әке-шешесі баласымен ойнап, күлдіру арқылы оған шығармашылық қабілет сыйлап, жаңа дос табу мен қиындықтарға қарсы тұруды үйретеді. Сондықтан, күлдіруден тартына көрмеңіз, өз кезегінде балаңыз болашақта рақмет айтатын болады.
2. Жағымды көңіл-күйдің адамы болыңыз!
Балаға суық, қалай болса солай қарайтын ата-аналарға таңғалудың реті келмес. Алайда, одан шыққан бала агрессиялық мінез-құлықтың иесі болмасына кім кепіл? Әсіресе, 5 жасар баланың өрескел қылық көрсетуі тікелей сол ата-ананың ықпалынан болмақ. Бүгіннен бастап осы бір көзге көрінгісіз көңіл жібін үзуге тырысыңыз. Міне, сонда барып қана балаңыз жастық шақты жақсы өткізетін болады.
3.Аналар, ұлдарыңызға мейіріммен қараңыздар!
Ата-ана мен бала арасында қоян-қолтық қарым-қатынастың орын алғаны дұрыс. Әсіресе, ұл балалардың анасымен достығы... Үнемі анасына үлкен сенімде жүрген ұл балалар болашақта әрбір қиындықтан қиналмай өтетін болады. Оның үстіне, романтикалық кездің сәтті жалғастық табуы үйдегі ата-анаға да байланысты. "Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі" дегендей, ұл бала отбасында көрген модельді жалғастырғысы келеді.
4. Баланы баса берудің керегі жоқ
Көптеген балалар ата-аналарымен ашық әңгіме айта алмайды. Оған себеп, өз қатарластарының тарапынан көрсетілетін қысымдар. Жасөспірімдер өздеріне тұра алған күннің өзінде ата-ана жақтан қолдау көрсетілуін қалайды.
5. Балаларды түсінуге тырысыңыз
Баланы тәрбиелеу мен түсіну - екеуі екі бөлек дүние. Ата-аналардың басым бөлігі осы жерде жаза басып жатады. Және көмекке зәру бола тұра, ата-анаға жүгіне алмайтын балалар зардап шегеді. Мұндай жағдайда бала өзіне керектіні ала алмайды...
Кінәлі сөздер...:
Кінәлі сөздер... Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің. Неге сен басқа балалардай емессің? Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады. Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады: <<Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың>> - деп, үміт артуы керек. <<Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді>> - деп, сенім артуы керек. <<Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр >> - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек. <<Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама>>. <<Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер
<<Бақытты отбасы>> макеті

Ал енді құрметті ата-аналар!
Мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.
-Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз не?
(жанұя, балаларыңыз, достарыңыз, жолдасыңыз т.б)
-Дұрыс
Олай болса, бәріміз мына үлкен үйдің пішініне қарайық. Осы үйдің қабырғасы тең, керегесі кең, шаңырағы биік, шаттыққа толуы ең алдымен бұл үйдің іргетасының дұрыс қалануына байланысты дер едім. Сіздер келісесіздер ме?
-Иә
Іргетас дұрыс қалану үшін ең маңызды бөлшектерін қарастырайық. Ең бірінші тас салуымыз керек. Одан соң су мен цементті суға араластырамыз. Осылардың барлығын керекті мөлшерінде қосқан жағдайда ғана үйіміздің іргетасы мықты болмақ.
Ал енді осы мысалды бала тәрбиесімен ұштастырып көрейік
<<Тәрбие-тал бесіктен>> демекші, баланы дұрыс жасынан тәрбиелеу- ата-ананың борышы. Біз іргетас сияқтыбалаға жас кезінде жақсы тәрбие бере алсақ, ол сол тәрбиенің жемісін жейді. Дұрыс тәрбие бере алмасаң, түрлі жаман қылықтарға, түрлі қылмыстарға барып жатады. <<баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы-қайғысы, бақытсыздығы, азабы>>- деп бекер айтпаған дана халқымыз.
Олай болса, ТАС-өміріңіздегі ең басты, маңызды тіреулеріңіз-ол жанұяңыз, жолдасыңыз, балаларыңыз, достарыңыз екен. Соларға көп көңіл бөліңіз. ҚҰМ-жеке басқа керек нәрселеріңіз- үй киім-кешек, көлік, алтын т.б
ЦЕМЕНТ-күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек нәрселер.
Егер ең бірінші цементпен, құммен бәрін бітеп тастасақ, ешқандай ірі тастарға орын болмай қалары сөзсіз. Сондықтан, өмірлеріңіздегі ең басты тіреулеріңі- ол жанұяңыз, балаңыз, досыңыз. Балаңызға көп көіңл бөліп, достарыңызбен сырласыңыз демекпін. өміріңізді ұсақ-түйекке толтырып тастасаңыз, ірі нәрсеге нәрсеге орын болмай қалады. (үйдің пішінін құру)

Бақытты жанұяның моделін құру:

Сүйіспеншілік
Біз
бақытты
жанұямыз
Сыйластық Денсаулық

Мейірімділік Махаббат

Өзара түсінушілік Сенімділік

Татулық ауызбіршілік шынайылық

<<Ата-анаға көз қуаныш-

Ұқсас жұмыстар
Ұрпақтар сабақтастығы Амангелді ауданының 88 жылдығына орай, аудан тарихына шолу және көрнекті тұлға Бірмағамбет Қолдасбаевтің ұрпақтарымен кездесу кеші
Отбасы - шағын мемлекет
Балаңыздың парталас көршісі кім
Әке балаға сыншы
Жағдаяттық тапсырмалар
Ұлтты тәрбиелейтін де ата-ана
Баланың бас ұстазы- ата-анасы
Отбасы әліппесі
Бақытыңды балаңнан ізде
Мектеп басшысы
Пәндер