Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мишық қыртысының қабаттары

№2 сабақ
1.Тақырып:Ми. Мишық.
4. Тақырыптың негізгі мәселелері:
1.Мишық қыртысының цитоархитектоникасына кесте құрыңыз.
Мишық қыртысының қабаттары
Нейроцит түрлері
Сыртқы, молекулярлы қабат
Себет тәрізді-дендриттері алмұрттәрізді нейронға параллель орналасады
Жұлдыз пішіндес- нейрон денесінен, қысқа әрі жіңішке дендриттер мен бір аксон
Ортаңғы, ганглионарлы қабат
алмұртша нейроциттер
Ішкі, дәнді қабат
Қозу үрдісін тудырады.майда нейроциттерден және импульстерді тежеуші ірі жұлдызша нейроциттерден құралған.

2.Мишықтың афферентті және эфферентті жолдарын жазыңыз.

Орталыққа тепкіш (афферентті) жүйке толқындары мидың төменгі бөліктерінен мишық қыртысына мүк тәрізді және өрмелегіш жүйке талшықтары арқылы келеді. Мүк тәрізді жүйке талшықтары жүйке толқынын алмұртша нейроциттерге дәнше нейроциттер арқылы, ал өрмелегіш жүйке талшықтары жүйке импульстерін оларға тікелей жеткізеді.

3. Бас миының үлкен жартышар қыртысының қабаттары мен оларға тән нейроциттерді кестеге толтырыңыз. Эфферентті кортико-спиналды пирамидалық жолды құрайтындарды <<+>>белгісімен белгілеңіз.
Бас миының қыртысының қабаттары
Нейроцит түрлері
Пирамида жолын құрастыруға қатысуы
Молекулярлы
Жіпше тәрізді
Аксондары мидың бетіне параллель орналасқан тангенциальді нерв талшықтарын түзеді.
Сыртқы дәнді
Дөңгелек, жұлдыз пішіндес
Дендриттері жоғарғы молекулярлы қабатқа, ал аксондары мидың ақ затына өтеді
Пирамидальді
Ең қалың
Дендриті мидың молекулярлы қабатына өтеді
Ішкі дәнді
Дән, жұлдыз пішіндес
Горизонтальді талшық түзеді
Ганглионарлы
Ірі, пирамида тәрізді, базофильді заттары бар
Аксондары кортико-жұлын, кортико-нуклеарлы жолдарды құрап, қозғалтқыш ядролармен синапс түзеді
Полиморфты
Әртүрлі, көбінесе жіп тәрізді
Аксондары бас миының ақ затына өтіп эфферентті жолдарды түзеді

8. Бақылау
Сұрақтар
Ми сабауы құрылымының ерекшеліктері
Ми сабауынан бұл талшықтар бассүйек-ми жүйкелерінің құрамында шығып, ішкі мүшелер мен тамырлардың көп бөлігін жүйкелендіруге қатысады. Жұлынның төменгі сегменттерінен парасимпатикалық талшықтар сегізкөз өрімі арқылы өтіп кіші жамбас қуысында орналасқан мүшелерді жүйкелендіруге қатысады

2. Мишық қыртысы
Мишық қыртысының қабаттары
Сыртқы, молекулярлы қабат-бірқатар болып орналасады, аксондары төменгі дәнді қабаттан өтіп, мишықтың ақ затында орналасқан ядроларында аяқталады.Ортаңғы, ганглионарлы қабат. Ганглиозды нейрон болады, алмұртша нейроциттер
Ішкі, дәнді қабат- Қозу үрдісін тудырады. майда нейроциттерден және импульстерді тежеуші ірі жұлдызша нейроциттерден құралған.

3. Мишық қыртысындағы нейронаралық байланыстар
Мишық -дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық жүйке жүйесінің мүшесі -- мидың бір бөлігі. Мишық -- сыртқы қатпарлы сұр заттық мишық қыртысынан және ішкі ақзаттан тұрады. Мишықтың сүрзаты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді және дәнді нейроцит терден құралған. Мишықтың ақзаты -- мишықты мидың басқа бөліктерімен байланыстыратын өткізгіш жолдарды құрайтын миелинді жүйке талшықтарынан тұрады

4. Үлкен жарты шар қыртысының цито- және миелоахитектоникасы
Үлкен ми қыртысындағы мультиполярлы нейрондардың түрлері сан алуан. Бұлар пирамидалы, жұлдыз тәрізді, жіпше пішіндес, өрмекші тәріздес және горизонтальді болып келеді. пирамида тәріздес нейрондар үлкен ми қыртысының ең негізгі және ең көп кездесетін арнайы қызмет атқаратын нейрон тобы. Үлкен ми қыртысындағы пирамидалы нейрондар атқаратын қызметіне және мөлшеріне байланысты қыртыстың әрбір қабаттарында әр түрлі болып келеді. Оның ішінде майда немесе қыстырма нейрондардың аксоны мидың бір ғана жарты шарында немесе оң жақтағы жарты шарын сол жақтағы бөлігімен байланыстырып тұрады. Мұндай нейрондар ми қыртысының барлық қабаттарында кездеседі , әсіресе адамның үлкен ми қыртысында бұлар өте көп. Пирамидалы нейрондардан шыққан аксон пирамидалы жолдар түзіп, импульсті ми бағанасына , одан жұлынға өткізеді.

5. Үлкен жарты шар қыртысы ұйымының түрлері
Қазіргі нейрогистология үлкен жарты шарлар қыртысының алты қабатты құрылысын мәлімдейді. Қыртыстың келесі қабаттары ажыратылады: бірінші - зоналық құрылымды, жасушаларға бай емес; екінші - сыртқы дәнді қабат (дән тәрізді жасушалар басым); үшінші - пирамидалық жасушалар қабаты; төртінші - ішкі дәнді қабат (майда дән тәрізді жасушалар басым); бесінші қабат - ганглионарлы, онда үлкен пирамидалық жасушалар кездеседі; алтыншы - мультиформдық қабат, ол үшбұрышты және ұршық тәрізді пішіндегі жасушалардан құралған және көбінесе екі қабатшаға бөлінеді. Бірақ алты қабатты құрылыс қыртыстың барлық аймақтарында бірдей болмайды. Мысалы, А. Каперс, И. Н. Филимонов және К. Экономо зерттеулері көрсеткендей, алдыңғы орталық қатпарда дәнді қабат мүлдем жоқ. Керісінше, құс аяқшасының тепкіші атты саланың аймағында ішкі дәнді қабат үш жеке қабаттарға бөлінеді.

6. Үлкен жарты шар қыртысы және мишық нейрологиясы
Мишық - дененің тепе - теңдігін сақтау және қимылды үйлестіруші орталығы, пішіні шар тәріздес ми бөлігі. Оның сыртқы беті екі бүйірлік сайлармен үшке: ортаңғы - құртша және екі бүйірдегі мишық жарты шарларына бөлінеді.
Құртша ростральдік және каудальдік бөліктерден - тұратын орталық бөліктен тұрады. Мишық жартышарлары - төрт: төртбұрышты, қарапайым, ілмекше және парамедиальдік бөліктерге бөлінеді.

7. Гематоэнцефалды барьер- қан айналымы жүйесі мен орталық жүйке жүйесі арасындағы физиологиялық тосқауыл. Барлық омыртқалыларда болады. Негізгі қызметі - ми гомеостазын сақтау. Ол жүйке тінін қанда айналатын микроорганизмдерден, токсиндерден, ми тінін бөтен деп қабылдайтын иммундық жүйенің жасушалық және гуморальдық факторларынан қорғайды
Есептер
1.Препаратта II және IV қабаттары жақсы дамыған үлкен ми жарты шары қыртысының аймақтары көрсетілген. Берілген аймақты қандай қыртыс типіне жатқызуға болады? Қабаттары қалай деп аталады.
Үлкен ми қыртысы. Сыртқы дәнді қабат;ішкі дәнді қабат.
Мөлшері шамамен 120мкм пирамидалық клетка негізінен нейрит шығатын микросуреттет көрсетілген. Мидың қандай аймағына жататындығын көрсетіңіз,аксоны қандай өткізгіш жолдарына кіреді,жұлынның кайсы жерінде аяқталуы мүмкін?

Үш суретте де нейроциттер бейнеленген: бірінші суретте - пирамида пішінді, екіншісінде - алмұрт тәрізді, үшіншіде - нейроплазмадағы секрет гранулаларымен.Осы нейроциттер ОЖЖ-нің қайсы бөліміне жатады?
Ортаңғы,ганглионарлы қабатта алмұрт тәрізді нейроциттер, ал бас миының сыртқы дәнді қабатында пирамида тәріздес нейроциттер болады.
4.Мүк тәрізді және өрмелеуші талшықтармен аяқталатын ОЖЖ-нің бөлімі туралы ғылыми жобада айтылды.Бұл ОЖЖ-нің қайсы бөлімі?
Мүк тәрізді талшық, оливо талшықтардан, жұлын және көпірден мишық жолына, одан түйіршікті жасушалармен синапс құрып, молекулалық қабатта тармақталады.
З

Ұқсас жұмыстар
Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
Үлкен ми сыңарлары, Жүйке жүйесінің гигиенасы
Ми бөліктері
Материктер мен аралдар
Жорғалаушылар әлемі
Қатыспаған оқушылар саны
Мидың құрлысы, мишық. 8 сынып
Мұнай құрамы, қасиеті, өңдеу әдістері, өнімдері
Жүректің құрылысы
Компьютер құрылғылары
Пәндер